• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Тергеу судьясының өкілеттілігі. Журнал "Заң" № 9, 2017 ж.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тергеу судьясының өкілеттілігі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік дағдарысқа қарсы біртұтас болып күресуде баламасы жоқ, дәлелі тұжырымды, ұстанымы кесімді 5 халықтық бағыттан тұратын ұлттық жоспары -тәуелсіздіктің аз ғана жылында көптеген мемлекеттер жете алмаған биік белестерді еңсерген Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосылу үшін жасаған ғасырлық межесі. 
Ұлт жоспарына қатысты мемлекет басшысы: «Бұл 100 қадам жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап болмақ, сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену жоспарына айналады. Ал реформаларды жүзеге асыру – алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат- міндет болып табылады», – деген еді. 
Ендеше, осы мақсат-мүдде үрдісінде Заң да азаматтық қоғамдағы басты құндылықтарды қалыптастырушы бірден бір абсалютті маңызды сипатқа ие күш болуы тиіс. Сот жүйесін жетілдіру, полицияның қоғамның сеніміне ие болатындай дәрежеде жұмыс жасауына қол жеткізу, елдің әділ заңға деген сенімін арттыру қазіргі таңдағы бірінші кезектегі мәселелердің біріне айналды. Мұның ең басты мақсаты әлеуметтік әділетсіздіктерге жол бермеу екендігін айтып өткім келеді. 
Қазіргі таңда сот төрелігін атқарудың бес сатылы жүйесінен (бірінші аппелляциялық, кассациялық, қадағалау) үш сатылы (бірінші, аппелляциялық, кассациялық) жүйеге көшірілу жұмыстары жүзеге асу үстінде. Бұл - өте дұрыс бағыт. Тараптар бұдан былай бас-аяғы жоқ ұзақ соттаса бере алмайды. Әр іс созбалаңға салынбай, дер уақытында шешілетін болды. 
2015 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енген жаңа қылмыстық-процестік кодексте де жаңалық көп. Кодекске алғаш рет енгізіліп отырған тергеу судьясы қылмыстық сот өндірісінің сапасын жақсартуға айтарлықтай көмегін тигізіп, азаматтарымыз бен қоғамымыздың және мемлекетіміздің мүддесін сотта қорғау жүйесін халықаралық қалыпқа жақындата түсті деуге болады. 
Заң қабылданар тұста бұл лауазымның қандай міндеттер атқаратыны, оларға қандай жауапкершілік жүктелетіні, мақсаты не екені жан-жақты талқыланғанымен, алғашқы қадамды бастау кез келген сотқа оңай түспегені анық. Себебі, жаңа істі ақ парақтан бастау үлкен жауапкершілікті талап етеді. 
Тергеу судьясы қылмыстық іздестіру органдарының лауазымды тұлғалары мен прокуратура тарапынан салғырт қараушылыққа тосқауыл қою мақсатында енгізілді. 
Тергеу судьясы – қылмыстық іске байланысты әділ сот төрелігінің жүзеге асуының тағы бір кепілдігі. Жаңа қылмыстық процестік кодекстің мақсаты – әділ сот төрелігі, үкім, қаулы, басқа да сот шешімдерінің заңды әрі басты құжат болуын қамтамасыз ету. Осы ретте қылмыстық істі қараудағы сатылылықты қатаң сақтау саясаты жалғасын тауып отыр. Тағы бір ерекше айтарлығы, қылмыстық процесте айыптаудан қорғау функциясы жаңа әрі терең мазмұнмен жаңартылып отыр. Алғаш рет барлық сотқа дейінгі және сот кезіндегі қылмыстық іс үрдістеріне қорғаушы адвокаттың міндетті түрде қатысуы айқындалды.
Осылайша, қылмыстық істің деңгейі жоғарылаған сайын адвокаттың оған қатысуының қажеттілігі мен маңыздылығы арта түседі. Қорғаушы адвокат өзінің еншісіне тиіп отырған құқықтарды жауап алушылар, тергеушілер, олардың әкімдік жетекшілері, процесуалдық прокурор, прокуратура басшысы мен тергеу судьясымен тең дәрежеде қолданады.   
Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья iстi қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады. Судья қаралатын мәселелер бойынша басқа судьялардың пікірімен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы. Ол конвертке желімделіп, қылмыстық іске қосылады. Конвертті ашуға және судьяның ерекше пікірімен танысуға істі қараған кезде тек Жоғары сотқа ғана рұқсат етіледі. 
Тергеу судьясының оған заңмен қарастырылған міндеттерін дұрыс орындалуынан сотқа дейінгі кезеңде әрбір адамның сот қорғанысына құқықтың және құқықтықтың нығайтуына ықпал жасайды. 
Қылмыстық-процестік кодекстің 55-бабында тергеу судьясының сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары барысында кездесетін кемшіліктерді жою үшін бірнеше өкілеттік берілген. Ендігі жерде күзетпен ұстау, үй қамақта ұстау, лауазымнан уақытша шеттету, жақындауға тыйым салу, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау тергеу судьясының құзыретіне берілген. Сондай-ақ, күзетпен ұсталынатын адамды сот психиатриялық және /немесе/ сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталынған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау секілді міндет те тергеу судьясына жүктелген. Тергеу судьясы өз ө кілеттілігін осы Кодекстің тиісті баптарына сай және осы баптың ережелері бойынша жүзеге асырады. 
Тергеу судьясы өз өкілеттігіне жататын сұрақтарын сот отырысын өткізбей, жеке дара да қарайды. Заңды және дәлелді шешім шығару үшін мағыналы жағдайларды зерттеу туындаса, тергеу судьясы тиісті тұлғалармен прокурордың қатысуымен өткізілетін сот отырысын тағайындайды. Осы Кодекстің 55 баптың бірінші бөлімнің 1)-3), 5),6) тармақтары және екінші бөлімнің 2)-4) тармақтарында көзделген сұрақтар бойынша сот отырысының өткізілуі міндет. Сот отырысын өткізу кезінде хаттама толтырылады. 
Тергеу судьясы: 
- сотқа дейінгі іс жүргізуде қаралып жатқан іске қосымша мәліметтер алуға; 
- барлық іс-құжаттарымен сотқа дейінгі іс жүргізуде қарауы және зерделеуі; 
- сот отырысына шақырылған тұлғалардан іс бойынша сот отырысына шақырып, олардан іске керекті мәліметтер алуға құқылы. 
Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес сот қарауындағы істі негізінен қарауда, тергеу әрекетін жүргізу және тергеуге жіберу жөнінде нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс өндірісінің жүзеге асыратын тұлгалардың, қадағалаушы прокурордың, сонымен бірге істі негізінен қарайтын соттың орнына шешім қабылдап, іс- әрекеттер жасау жөніндегі мәселелерді алдын- ала шешпеуі тиіс. 
Сондай-ақ, тергеу судьясы ауыр және аса ауыр қылмыстардан бөлек істер бойынша кепілзаттың көлемін анықтай алады. Ал кепілзат жасалған бойда тергеу оқшаулағышының басшысы күдікті азаматты босатуы шарт. Алайда адам өлімі, ұйымдасқан қылмыс және лаңкестікке қатысы бар азаматтардың кепілзаты қабылданбайды. Тоқтала кететін жайт, тергеу судьясы бірінші сатыдағы сот судьяларының жиналысында осы сот судьяларының қатарынан сайланады. 
Тергеу судьясы, ол кәдімгі соттың судьясы. Бірақ, ол көп судьялардың ішінен тергеу барысында, яғни, қылмыстық іс қозғалғаннан бастап, сотқа түскенге дейінгі аралықта сот бақылауын жүргізіп отыратын судья. Оған бүгінгі судьялардың ішінен тәжірибесі мол, кәсіби деңгейі жоғары, тергеу амалдарын жетік меңгерген мамандар тобы таңдалады. Яғни, тергеу судьясы тергеушінің, прокурордың және басқа да сотқа дейінгі жүргізілген тергеудегі азаматтардың әрекеттеріне арыз - шағым бере алады . Сотқа барғанда кейбіреулер өздерінің берген жауаптарынан бас тартып, кейбірі тергеу барысында зорлық-зомбылық көрсетілгенін көлденең тартады. Жалпы, тергеу процесі дұрыс жүрмеді деген әртүрлі себептердің кесірінен істің қаралуы баяулай түседі. Осыларды мейілінше азайтып, сотқа барғанда істің таза болуын қамтамасыз ету мақсатында осы мәртебелі судья енгізіліп отыр. Тараптардың мүддесін шешіп беруге жұмыс істейтін бұл судья қылмыстық іс сотқа өткеннен кейін бақылауын жоймайды.  
М.Бекмагамбетова, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы