• Мое избранное

Отправить по почте

«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-бабының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13263 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған келесі өзгерістер енгізілсін:
2. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
Министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің «___» ________
№_______ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы
28 қаңтардағы № 107
бұйрығымен бекітілген
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
3) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;  
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің интернет-ресурсы;
6) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;
7) Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы.»
2. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілері:
1) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы;
2) «Электрондық үкіметтің» шлюзі;
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
6) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
7) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
8) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;  
10) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14) сыртқы сауда кеден статистикасының деректеріне қолжетімділікті статистикалау, талдау және ұйымдастыру;  
15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16) акциздік өнімдердің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17) интеграциялық деректер қоймасы;  
18) «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені;  
19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;  
20) «АХАЖ» ақпараттық жүйесі;
21) «Жылжитын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі.
22) автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) «e-learning» электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24) «Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
25) «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі;
26) ақпараттық жүйе «Салық әкімшілігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы»;
27) «Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
28) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
29) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жуйесі;
30) «ҚР Қаржы мині МКК Web-порталы» ақпараттық жүйесі;
31) «Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
32) «Электрондық шот фактуралары» ақпараттық жүйесі;
33) «Жедел басқару орталығы» ақпараттық жүйесі;
34) Интеграцияланған кедендік тарифі» ақпараттық жүйесі.