• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттар бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы ___ _________
№ __________ бұйрығымен бекітілген
Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттар
 

р/с №

Лауазымдардың атауы

Бірліктердің саны

Басқарушы персонал

1.

Басшы

1 бірл.

2.

Басшының орынбасары

2 бірл. кем емес

3.

Бас бухгалтер

1 бірл.

4.

Аға жаттықтырушы (немесе аға жаттықтырушы-оқытушы)

ОРДО, ОДО қоспағанда, ДСҰ әрбір дамытып жатқан спорт түрінен 1 бірл.

ОРДО, ОДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы) 1 бірл.

5.

Спорт бөлімінің басшысы

БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ 1 бірл.

Негізгі персонал

6.

Дәрігер

БЖСМ, БЖДДК 1 бірл.

3 бірл. кем емес (БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ үшін)

7.

Медициналық бике

БЖСМ, БЖДДК 1 бірл.

Дәрігер санына байланысты: дәрігердің 1 бірл. медициналық бикенің 1 бірл. (БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ үшін)

8.

Диетикалық бике

БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ 1 бірл.

9.

Педагог-психолог

(немесе психолог)

1 бірл.

10.

Жаттықтырушы

(немесе жаттықтырушы-оқытушы)

Жаттықтырушы-оқытушы құрамының штаттық бірліктерінің саны спорт түрлері бойынша топтарды жинақтаудан және тарификациялық-біліктілік кестеден шыға отырып, белгіленеді

11.

Әдіскер

Әрбір спорт түрі бойынша бөлімшіге 1 бірл.

Бір ғана спорт түрін дамытып жатқан ДСҰ 2 бірл.

12.

Жаттықтырушы-массаж жасаушы

Әрбір спорт түрі бойынша бөлімшіге 1 бірл.

Бір ғана спорт түрін дамытып жатқан ДСҰ 2 бірл.

Әкімшілік персонал

13.

Бухгалтер

2 бірл. кем емес

14.

Экономист

2 бірл. кем емес

15.

Заңгер

1 бірл.

16.

Аудармашы

1 бірл.

17.

Бағдарламашы

1 бірл.

18.

Инспектор

1 бірл.

19.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

1 бірл.

20.

Мұрағатшы

1 бірл.

21.

Референт (немесе хатшы,

немесе іс жүргізуші)

1 бірл.

Өз меншігінде спорттық базасы бар ДСҰ арналған қосымша штаттық бірліктер:  
 

р/с №

Лауазымдардың атауы

Бірліктердің саны

1.

Әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары

1 бірл.

2.

Бөлімнің басшысы

қажеттілке қарай

3.

Филиалдың басшысы

1 бірл. (филиал болған жағдайда)

4.

Филиал басшысының орынбасары

1 бірл. (филиал болған жағдайда)

5.

Бас бухгалтердің орынбасары

1 бірл.

6.

Бас инженер

1 бірл.

7.

Асхана басшысы (меңгеруші)

1 бірл. (асхана болған жағдайда)

8.

Бассейннің басшысы (меңгеруші)

1 бірл. (бассейн болған жағдайда)

9.

Жылқы шаруашылығының басшысы (меңгеруші)

1 бірл. (жылқы шаруашылығы болған жағдайда)

10.

Кітапхана басшысы (меңгеруші)

1 бірл. (кітапхана болған жағдайда)

11.

Спорт ғимаратының басшысы (меңгеруші)

Әрбір жеке тұрған ғимаратқа 1 бірл.

12.

Кір жуатын бөлме басшысы (меңгеруші)

1 бірл. (кір жуатын бөлме болған жағдайда)

13

Қойма басшысы (меңгеруші)

1 бірл. (қойма болған жағдайда)

14.

Механик

1 бірл.

15.

Техник

Әрбір жеке тұрған ғимаратқа 2 бірл. кем емес

16.

Инженер

1 бірл.

17.

Кітапханашы

1 бірл. (кітапхана болған жағдайда)

18.

Энергетик

1 бірл. (спорттық база болған жағдайда)

19.

Әкімші

Әрбір жеке тұрған жатақхана немесе қонақ үйі ғимаратына 1 бірл.

20.

Кезекші әкімші

Әрбір жеке тұрған жатақхана немесе қонақ үйі ғимаратына 3 бірл. кем емес

21.

Кассир

Халыққа ақылы қызметтерді көрсететін спорттық объекті болған жағдайда бір кассаға 1 бірл.

22.

Комендант

Әрбір жеке тұрған ғимаратқа 1 бірл.

23.

Күзетші

Әрбір жеке тұрған ғимаратқа 3 бірл.

24.

Дыбыстық техника жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі механик

1 бірл. (дыбыстық техника жабдығы болған жағдайда)

25.

Фото және бейне аппаратурасының, көшіргіш-көбейткіш машинаның, байланыс жүйесінің, компьютер құрылғысына қызмет көрсету жөніндегі компьютерлік техника (бағдарлама) операторы

1 бірл. (тиісті жабдық болған жағдайда)

Жұмыстың ерекшелігі бар ДСҰ арналған қосымша штаттық бірліктер:  
 

р/с №

Лауазымдардың атауы

Бірліктердің саны

1.

Ұшу қызметінің басшысы

Авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ

1 бірл.

2.

Парашют қызметінің аға нұсқаушысы

Авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ

1 бірл.

3.

Жаттықтырушы-майлаушы

Шаңғы спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

4.

Техник-кеме жүргізуші

Желкен спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

5.

Хореограф

Хореографиялық дайындық бойынша спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

6.

Аккомпаниатор

Музыкалық дайындығы бойынша спорт түрлерді дамытып жатқан ДСШҰ 1 бірл.

7.

Зоотехник

Ат спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

8.

Қару-жарақ шебері

Қару-жарақ пайдалынатын спорт түрлерін және биатлонды дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

9.

Ветеринарлық дәрігер

Ат спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

10.

Қару-жасаушы

Қару-жарақ пайдалынатын спорт түрлерін және биатлонды дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

11.

Ұста

Ат спорты түрлерін дамытып жатқан ДСҰ 1 бірл.

ДСҰ – оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары;
БЖДДК – балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары;  
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 
22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процессі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 10012 болып тіркелді) сәйкес ДСҰ-ға БЖСМ, ОРДО, ОДО, ЖШСМ, БЖДДК, спорттық клубтар, кәсіби спорттық клубтар жатады.  
2. Осы Үлгілі штаттарда лауазымдардың атаулары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген Мәдениет, мәдениет және өнер саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін қызметі салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 13179 болып тіркелді) сәйкес келтірілді.  
3. ДСҰ бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда қосымша мынадай штат бірліктері белгіленеді:  
1) қызмет үй-жайларын тазалаушы (өз меншігінде ғимараты болған жағдайда 
әр жиналатын алаңының 250 шаршы метріне лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен 1 бірл., бірақ бір ұйымға кемінде бір штаттық бірліктен белгіленеді);
2) аула сыпырушы (1 бірл.), демалыс күндерде жұмыс істейтін ДСҰ қосымша 1 бірлік енгізіледі;  
3) электрик (өз меншігінде ғимарат болған жағдайда әрбір 500 жарықтандыру және электрлік нүктелерге 1 бірл. белгіленеді);
4) адам санынан байланысты әрбір 60 спортшы-оқушыға бір штаттық бірлік есебінен аспазшы және ас үй жұмысшылары (асхана болған жағдайда);  
6) жылы беру жөніндегі оператор (ғимаратта автономдық жылу болған жағдайда): пешпен жылыту болған жағдайда (1 бірл.); қатты отын түрлері қолданылатын қазандық болған жағдайда (тәулік бойы жұмыс режимінде әрбір қазандыққа 3 бірл.); сұйық отын түрін қолданатын қазандық болған жағдайда (тәулік бойы жұмыс режимінде қазандыққа 4 бірл.);
8) кір жуу машинасының операторы немесе кір жуатын бөлменің жұмыскері (кір жуатын бөлме болған жағдайда 1 бірл.);
9) сантехник (жеке база болған жағдайда): әрбір ғимаратқа 1 бірл.;  
11) спорт жөніндегі менеджер (немесе маркетинг жөніндегі маман);  
12) сервисмен, техникалық спорт түрлерінен механика (әрбір дамытып жатқан спорт түрлеріне 1 бірл.).  
4. ДСҰ қажет болғанда спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін келесі лауазымлардың штаттық бірліктері қосымша белгіленеді (бөлінген қаражат аясында):  
1) ат спорты, саятшы құстармен аңға шығу түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін: жылқышы, ат бағушы, ветеринарлық зертханашы, саятшы құстармен жаңа бастап жүрген спортшы-аңшыларды оқытуға арналған нұсқаушы;  
2) желкен спорты дамытып жатқан ДСҰ үшін: матрос-құтқарушы, дәнекерші, ағаш ұстасы, электромонтер;
3) теңгерімінде бассейні бар ДСҰ үшін: бассейннің оператор-хлорлаушы, жүзуден нұсқаушы, бассейннің инженер-механигі;  
4) есу спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін: спорттық жабдықтау жөніндегі нұсқаушы, нұсқаушы-құтқарушы;  
5) авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін: инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы, нұсқаушы-ұшқыш, парашютттік-десанттық дайындық нұсқаушысы, парашютттік-десанттық дайындық қоймасының меңгерушісі, ұшақ және қозғалтқыш жөніндегі техник, авиациялық жабдықтау жөніндегі техник, радиоэлектрондық жабдықтау жөніндегі техник, жанаржағармай жөніндегі техник, аэродром технигі, аэродром жұмысшысы;
6) мүгедектер арасындағы спортты дамытып жатқан ДСҰ үшін: сурдоаудармашы, мүгедектердің арбалары жөніндегі механик, көз көрмейтің, естімейтің, тірек-қимыл аппараты зақымдалған және интеллектуалдық мүмкіндіктері шектелген спортшыларға арналған спортшы-нұсқаушы;  
7) Мұз спорт сарайы, сырғанау мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, көпфункционалдық спорт кешені, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ипподром, шаңғы-биатлон стадионы (биатлон стадионның ату орны, шаңғы және биатлон трассасы, асхана, спорттық жатақхана, қазандық, электр кіші станция, сорғы станциясы, жасанды қар жасауға арналған су қорымен жасанды көл): бас инженер-энергетик, еңбек және қауіпсіздік жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі инженер, бақылау-өлшеуіш құралдар мен автоматика жөніндегі инженер, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инспектор, жаппай сырғанау жөніндегі нұсқаушы, жаттықтыру залының нұсқаушысы, атпен серуендеу жөніндегі нұсқаушы, тоңазатқыш құрылғыларын және мұз аренасын пайдалану жөніндегі қызмет технигі, тоңазатқыш құрылғыларының машинисі, желдеткіш жүйесін жөндеу және пайдалану жөніндегі слесарь, мұз жинау машинасының жүргізуші, электр құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электрик, жалға беру пунктің бақылаушысы, спорт мүкәммалын жөндеу жөніндегі слесарь (қайраушы), жазық спорт ғимараттардын жөндеу жөніндегі слесарь, газэлектрдәнекерлеуші, бейнебақылау инспекторы, аға әкімші, бөлме тазалаушы, арнайы техника механигі (жол талғымайтын мото, қарда жүргіш авто, ретрак), ату орнының технигі, шаңғы-биатлондық жолдарды дайындау жөніндегі техник, жасанды қар жасау жүйесінің технигі, сорғы техник-операторы, кіші станцияларға қызмет көрсету жөніндегі техник-электрик, санитариялық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі техник, ағаш ұстасы, ақпараттық технологиялар менеджері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шаруашылық бөлім, техникалық бөлім, өндірістік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер, жылыту техникасы, климат техникасы, көлік жөніндегі инженер, су дайындау, велотрекке қызмет көрсету жөніндегі механик, кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы, кастелянша (қонақ үй, фитнес орталық, бассейн болған жағдайда,), қызметтер және бөлімдер басшылары, спорт жөніндегі нұсқаушы, ресурстарды есепке алу жөніндегі техник, әлсіз ток желілері және телевизия, көлік жөніндегі механик, компьютерлік желі, су дайындау, жылу сумен жабдықтау, желдеткіш, энергетика, автоматтандыру жүйелері, байланыс жөніндегі шебер, слесарь-сантехник (әрбір кешенге).  
 «Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы ____ ________ № ___ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы

40) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы

40) тармақшасын
іске асыру мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Көзделмейді

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етілмейді

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Мәдениет

және спорт министрлігінің интернет- ресурстарына орналастырды

8-1

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Талап етілмейді

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
Заң қызметі департаментінің
директоры М. Жақсыбаев