• Мое избранное
«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Балық аулау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайыздан және сүзгіш аулау құралдарында бес пайыздан аспайтын көлемде, рұқсатта көрсетілмеген және (немесе) белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем балық түрлері мен басқа да су жануарларының кездейсоқ аулануына жол беріледі.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) балық аулау құқығын беретін рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының параметрлері көрсетілген осы Балық аулау қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жапсырмалары жоқ балық аулау құралдарымен;»;
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балық аулау қағидаларына
1-қосымша»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 521 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы « » № бұйрығына
қосымша
Балық аулау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
 

Облыс ________________________________________________________________________

Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы__________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның аты, жөні, тегі (бар болған жағдайда)

немесе заңды тұлғаның атауы)

Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі ______________________________

А улау құралының атауы ____________________________ ( __________________________ )

параметрлері

Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.
 «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы « » _______________ № __________ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

р / с



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесi

М емлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Жануарлар дүниесін, қорғау өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 9 бабы, 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Жобаның мақсаты « Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 521 бұйрығының күшін жою және жапсырманың нысанын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген Балық аулау қағидаларына жеке қосымша ретінде қосу бөлігінде жануарлар дүниесін, қорғау өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкестендіру

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актіні және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ



6.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі болуы

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қажет етілмейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан

8-1 .

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Қажет етілмейді

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).

1) «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы;

2) «Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

3) «Қазақстанның Фермерлер Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі;

4) «Жасыл Орман» Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Жеңісов