• Мое избранное
«Діни қызмет саласындағы ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Діни қызмет саласындағы ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Діни қызмет саласындағы ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  16-бабы 17) тармақшасына және қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен олардың біліктілігіне қойылатын талаптарды айқындау кезінде бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Діни қызмет саласындағы ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырланған қағаз және электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуін;
4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы тармақпен қарастырылған іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрі А. Мұхамедиұлы
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы «___» ________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Діни қызмет саласындағы ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1-тарау. Басшылар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің басшысы  
1. Лауазымдық міндеттері:  
қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;
ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды;
жоспарлар әзірлеуді басқарады, оларды орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіреді;
діни қызмет саласындағы әдістемелік құралдарды әзірлеуді, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және алынған нәтижелерді жұмыс тәжірибесіне енгізеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациядан өткізу, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;
ұйым басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімше басшылары мен мамандарының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
ұйым қызметкерлерін көтермелеу, материалды көмек көрсету, тәртіптік жазаға тарту мәселелерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша шешеді;
шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мүліктік және өзге мүдделерді қорғайды және ұсынады;
құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
оған ұйым Жарғысымен және ұйым қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да норматитвтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.  
2. Білуге тиіс:  
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Конституция);
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (бұдан әрі – Бюджет кодексі);
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі – Салық кодексі);
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (бұдан әрі – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»), 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (бұдан әрі – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»), 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы») Қазақстан Республикасының заңдарын;
ұйымның өндірістік – шаруашылық және қаржылық – экономикалық қызметін реттейтін өзге де Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:  
білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білімҢ
басшы лауазымдарда еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе мемлекеттік органдардағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.  
2-параграф. Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
4. Лауазымдық міндеттері:  
ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен басқа бөлімшелер басшыларымен өзара қарым-қатынаста өз міндеттерін жүзеге асырады;
жоспарлар әзірлеуге қатысады, оларды орындау бойынша жұмысты бақылайды;
діни қызмет саласындағы әдістемелік құралдарды әзірлеуді, ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
зерттеулер мен өңдеулердi орындауды ұйымдастырады, ғылым саласындағы тиісті қызмет түрлерін жетілдіруді қамтамасыз етеді;
сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің тиімді әрекет етуі бойынша жұмысты ұйымдастырады;
өзінің құзыреті шегінде әкімшілік және шаруашылық мәселелерді шешеді;
оған бағынышты құрылымдардың кадрларын тиімді орналастыру мен пайдалануды, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, сондай-ақ, ішкі еңбек тәртіп ережесін және ұйым жұмысының тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру, сондай-ақ, аттестация өткізу шараларын ұйымдастырады;