• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:  
1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):  
1) 13-бапта:  
1-тармақтың 18-8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.».
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 37-бапта:
1-тармақтың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 39-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3) 105-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiтудi көлік, коммуникация кешенінде басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган жүзеге асырады.»;
4) 119-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»;
5) 125- баптың 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.»;
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):
1) 16-бапта:
7) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
9) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;
2) 17-бапта:
29) тармақшаның отызыншы, отыз тоғызыншы – қырқыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Парниктік газдардың шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын бекітеді;
парниктік газдардың шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары квотасының белгіленген санының резервін және көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқартуға бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекітеді;»;
30) тармақшаның он төртінші он бесінші абзацы абзацтармен толықтырылсын:
«озонды бұзатын заттар және олардың өнімдерін құрайтын Еуразиялық экономикалық одақ өнімдері болып табылатын мемлекеттік аумақтың бір Тарапынан мемлекеттік аумақтың басқа Тарапына әкелу және (немесе) әкету (рұқсат беру құжат) қорытынды беру тәртiбi  
Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағына әкелуге (рұқсат беру құжат) қорытынды беру және қауіпті шығындарды Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағынан әкету тәртiбi;»;
3) 94-12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 150-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкiлеттi орган;»;
5) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Жануарлар санын реттеу тәртібін Қазақстан Республикасының өсiмiн молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бекітіледі.»
4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):  
1) 6-баптың 23) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-8) тармақшамен толықтырылсын:
«29-8) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау;»;
5. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):  
3. 228-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақтылы ұсынбау,  
«3 Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органға есептілікті не «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы не анық емес құжаттарды ұсынуы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады..»;