• Мое избранное

Отправить по почте

«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
«Стандарттау туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Осы Заң стандарттау саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, принциптері мен жұмыс істеу жүйесін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі түсініктер
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  
1)әскери стандарт - белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған стандарт;
2) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану немесе тұтыну, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
3) дайындаушы – өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;  
4) өнімнің каталогтық парағы – нақты өнім туралы: оның атауы, дайындаушы, талаптарына сәйкес өнім дайындалатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжат, сондай-ақ осы өнімнің негізгі тұтынушылық сипаттамалары туралы мәліметті алуға мүмкіндік беретін, деректемелердің бірыңғай жинағын құрайтын құжат;
5) халықаралық стандарт – халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткізе алатын құжат;
6) мемлекетаралық стандарт – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі - өңірлік стандарттау ұйымы қабылдаған өңірлік стандарт;  
7) уәкілетті орган- стандарттау саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) халықаралық стандарттау ұйымы – оған мүшелік кез келген елдің тиісті ұлттық органына ашық болатын стандарттау органы;  
9) Ұлттық стандарттау органы – Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын мемлекеттік заңды тұлға;
10) ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшi – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн стандарттау жөніндегі құжат;  
11) ұлттық стандарттау жүйесі – стандарттау саласында қызметті жүзеге асыру процесіндегі субъектілердің және олардың қатынастарының жиынтығы;
12) үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы қабылдаған, тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарттау жөніндегі құжат;
13) стандарттау жөнiндегi құжат – стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;  
14) ұлттық стандарт – уәкілетті орган бекіткен, тұтынушылардың қалың көпшiлiгi қол жеткізе алатын стандарттау жөніндегі құжат;  
15) стандарттау объектілері – стандарттауға жататын немесе стандартталған өнім, жұмыс, көрсететін қызмет және оларға байланысты процестер;
16) негізге алынатын ұлттық стандарт – қолданылу саласы кең немесе белгілі бір стандарттау саласы үшін жалпы ережелерді құрайтын ұлттық стандарт;  
17) ресми басылым – Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының базасында жарияланған, ұлттық стандарттау белгісі түсірілген, стандарттау жөніндегі құжат (үкіметтік емес стандарттан, ұйым стандартынан, консорциум стандартынан, өзін өзі реттейтін ұйым стандарттарынан басқа) мәтінінің баспа немесе электронды басылымы;
18) ресми тарату – осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың тиісті сұрау салу негізінде ресми басылымды тарату, ұсыну не іске асыру;
19) алдын ала ұлттық стандарт – қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және қолданушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолдану үшін пайдаланылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжат;
20) өнім – материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;
21) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
22) жобалық стандарттау жөніндегі техникалық комитет – осы Заңда белгіленген стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нысаналы міндеттерді шешу үшін уақытша негізде Ұлттық стандарттау органы құратын стандарттау жөніндегі техникалық комитет;
23) өңiрлiк стандарт – стандарттаужөнiндегi өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;
24) өңiрлiк стандарттау ұйымы–қызметiнеқатысу бiр ғана өңiрдiң: географиялық немесе экономикалық өңірдің тиiстi ұлттық стандарттау органдары үшін ашық болатын стандарттау жөнiндегi ұйым;
25) стандарттау жөніндегі ұсынымдар – Ұлттық стандарттау органы қабылдайтын стандарттау жөніндегі нормативтік құжат;
26) ұйым стандарты – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды, жеке тұлға қабылдайтын стандарттау жөніндегі құжат;
27) стандарттау – шынайы бар және әлеуетті міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте пайдалану үшін ережелерді белгілеу арқылы стандарттау объекілерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға және стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
28) стандарт – көпмәрте пайдалану мақсатында өнімнің сипаттамаларын, жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, құрастыру, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету процестерін жүзеге асыру ережелері мен олардың сипаттамаларын, зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістерін, үлгілерді іріктеу ережелерін, терминологияға, символикаға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгілерге және оларды дұрыс түсіруге ережелеріне қойылатын талаптарды белгiлейтiн құжат;
29) стандарттар жөніндегі құжаттарды өзектендіру – стандарттау жөніндегі құжаттардың даналарына белгіленген тәртіппен қабылданған өзгерістерді, толықтыруларды және (немесе) қолданылу мерзімі, шектеу, ауыстыру немесе жою туралы ақпаратты енгізу жолымен осы құжаттарды өзекті жағдайда ұстау процесі;  
30) консорциум стандарты - консорциум қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
31) өзін-өзі реттеуші ұйымның стандарты – өзін-өзі реттеуші ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) бірыңғай және міндетті қағидаттарды, олардың тауарлары (жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері) мен қызмет түрінің сипаттамаларын бірнеше рет пайдалану талаптарын белгілейтін құжат.
32) сілтемелік стандарттау жөніндегі құжат – нормативтік құқықтық актіде сілтеме берілген ұлттық стандарт (алдын ала ұлттық стандарттан басқа) және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіші;
33) өнімді каталогтау жүйесі - өнімніңсипаттамалары мен оларды дайындаушылар туралы ұйымдастыру-техникалық ақпарат жүйесі;
34) ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жиынтығы;
35) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - экономика салаларында стандарттау саласында қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын жеке және заңды тұлғалардың (жеке заңды тұлға құрылмай) ынтымақтастық нысаны;
36) стандарттау жөніндегі техникалық сарапшы - стандарттау саласындағы қызметке қатысатын, стандарттау объектісіне қатысты арнайы білімі бар және осы Заңда белгіленген сипаттамаларға сәйкес келетін жеке тұлға;
37) апелляциялық комиссия – ұлттық стандарттау жүйесі саласында дауларды сотқа дейін ретке келтіру үшін уәкілетті орган құратын алқалық орган;
38) көрсетілетін қызмет–жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінен материалдық пайда алынбайтын қызмет;
39) стандарттау саласындағы қызмет – стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, қабылдау, тіркеу, есепке алу, жариялау, қолдану, енгізу және мониторинг жасау;
40) консорциум –белгілі бір ортақ міндеттерді шешу үшін құрылған, жеке заңды тұлғаны құрмай,жеке не заңды тұлғалардың ерікті уақытша бірлестігі;  
41) шет мемлекеттерінің стандарттау субъектілері – стандарттау саласында өз елінің мүддесін көрсетуге уәкілетті мемлекеттік органдар, жеке не заңды тұлғалар;
42) ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімі – ұлттық, алдын ала ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсыныстарды, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, стандарттау жөніндегі жобалық техникалық комитеттерді есепке алудың электронды жүйесі;
44) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің базалық ұйымы – базасында стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылған және жұмыс істейтін ұйым;