• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат, 95; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016ж., № 1, 2-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне 2016 жылғы 30 сәуірде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарастыруды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, өзектендіру және жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;»;
2) 31-бап алып тасталсын;
3) 32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Экологиялық таза өнім стандарттары, экологиялық таза өнім белгісінің нысаны мен оған қойылатын техникалық талаптарды «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгілейді»;
4) 34-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану»;
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану стандарттау саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 132-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалар жүзеге асырады.»;
6) 220-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де зертханаларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын айқындауды қамтамасыз етуге;».
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат, 146-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-V, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне 2016 жылғы 30 сәуірде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 415-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарына сәйкес келмейтін өнімді көтерме немесе бөлшек саудаға, нарықтарға шығару;
2) 419-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналысқа шығару, қолдану, іске асыру;».
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-бап; 2016ж., № 1, 4-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне 2016 жылғы 30 сәуірде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):):
170-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) стандарттау бойынша құжаттарды әзірлеу және қолдану.».
4. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, ст. 123; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарастыруды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, өзектендіру және жою бойынша ұсыныстар дайындауды;».
5. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж. № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы заңы):  
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарастыруды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, өзектендіру және жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;».
6. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №4, 102-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2004 ж., №6, 41-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., №3-4, 11-құжат; №7, 32-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №8, 63-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №21, 122-құжат; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау және сертификат беру тәртібін әзірлейді;».
7. «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) заңды тұлғаның метрологиялық қызметі – бас метролог басшылығымен өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын, және әкімшілік бағынушылыққа тәуелсіз, функционалдық әдістемелік белгісі бойынша біріккен, заңды тұлғаның қызметкердің/бөлімшелердің жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«2-1) заттың (материалдың) құрамы немесе қасиетінің стандартты үлгісі (стандартты үлгі) – уәкілетті орган белгілеген тәртіпте стандартты үлгі ретінде бекітілген, аттестаттау нәтижесінде белгіленген және метрологиялық бақылап тексерілуі бар болған, бір немесе бірнеше белгілі қасиеттерге қатысты жеткілікті біркелкі және тұрақты болған материал (зат);
2-2) калибрлеу әдістемесі – шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және үрдістерін белгілейтін құжат;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) метрологиялық бақылап тексеру – шама бірліктерінің эталондарын салғастыру, өлшем құралдарын калибрлеу, салыстырып тексеру және /немесе шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу жолымен өлшем нәтижелерін сәйкес өлшеуіш, мемлекеттік немесе халықаралық эталондарымен байланысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қасиеті;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«5-1) метрологиялық сараптама – сараптамаға ұшырайтын нысанға қатысты метрологиялық талаптарды белгілеу және қадағалау дұрыстығын талдау және бағалау;
5-2) метрологиялық талаптар – өлшем нәтижелеріне және дәлдігінің көрсеткіштеріне әсер етуші өлшеу сипаттамаларына (параметрлеріне), шама бірліктерінің эталондарына, стандартты үлгілеріне, өлшем құралдарына, сондай-ақ осы сипаттамалар (параметрлер) қамтамасыз етілуі қажет шарттарына болған талаптар;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: