• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықта:
38-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«38. Зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары Кодекстің 230 (екінші бөлігі ) (егер осы бұзушылықты нотариус жасаса), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672 баптарында көзделген iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Осы Кодекстің 460 бабымен көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы «____»_________ №______Әділет министрінің бұйрығына анықтама - негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 694, 695 баптарына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру мақсатында



4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

« Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы » Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығы

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ережелерінің 17-тармақ талаптарының есебімен олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып мемлекетттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Қарастырылмады

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің сайтында жарияланды

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Тіркеу қызметі және заң
қызметін ұйымдастыру
департаментінің директоры В. Калимова