• Мое избранное

Отправить по почте

«Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 тіркелген «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы « » __________
№ ____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 306 бұйрығымен
бекітілген
Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және Кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары
1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және:
1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін аккредиттелген сараптама ұйымдары мен мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама комиссияларын құру;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша жергілікті (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының сараптама топтарын құру;
4) шығындарды сараптама жүргізу құнына қоса отырып, шарт негізінде арнайы мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдар) тарту үшін:
құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама және (немесе) қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге штаттан тыс аттестатталған сарапшы ретінде қатысу;
мемлекеттік немесе аккредиттелген сарпатама ұйымдарына жобаның тиісті бөлімдеріне (бөліктеріне) не сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) сарапшыларына консультант ретінде консультациялық қызметтер көрсету тәртібін белгілейді.
1) аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) жобалау саласындағы сарапшы - жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған не шарт негізінде сараптама ұйымы штаттан тыс сарапшы ретінде тартылған жеке тұлға;
3) консультант - құрылыс объектілерін жобалау және/немесе аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы маман:
құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу барысында сарапшыларға;
қала құрылысы жобаларына кешенді құрылысы сараптамасын жүргізу барысында сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) не консультациялық көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;
4) қала құрылысының кешенді сараптамасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы құратын сараптама комиссиялары, сондай-ақ мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама топтары жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары) қала құрылысы жобаларының міндетті сараптамасы;
5) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы - ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы.
7) хатшы - сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына кіретін, қаралатын жоба бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге жауап беретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс (жергілікті атқарушы орган) істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының маманы.
3. Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан немесе оларды әзірлеген мамандандырылған институттар мен ұйымдардың өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына қосуға, сондай-ақ жобалар сараптамасына өзге нысанда қатысу үшін тартуға болмайды.
2. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру тәртібі
4. Аккредиттелген және мемлекеттік сараптама ұйымдары мына:
2) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар немесе құрылыс учаскесінің (алаңдарының, трассаларының, аумақтарының) ерекше жағдайлары бар техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілердің;
3) аталған объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және құрылыс жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген өзге де объектілердің құрылысы жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерін және жобалау-сметалық құжаттамаларын) қарау қажет болған жағдайда алқалық шешім қабылдау үшін сараптама комиссияларын құрайды.
5. Аккредиттелген сараптама ұйымдары Сараптама ұйымдары палатасының мүшелеріне қабылданған сәттен бастап құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізеді.
6. Сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына аккредиттелген сараптама және мемлекеттік сараптама ұйымдарының штаттағы аттестатталған сарапшылары, сондай-ақ кешенді ведомстводан тыс сараптамаға қатысу үшін шарт негізінде тартылатын штаттан тыс аттестатталған сарапшылар не консультанттар енгізіледі. Қажет болған жағдайда осындай комиссияның жұмыс отырысына қатысуға қаралып отырған жобаның мүдделі салалық мемлекеттік органдарының өкілдері, тапсырыс берушілер мен әзірлеушілердің уәкілетті өкілдері шақырылады.
Қажет болған жағдайда сараптама комиссиясының (сараптама тобының) жұмысына консультанттар тартылуы не мамандандырылған институттар мен ұйымдардың, шетелдіктерді қоса алғанда, консультациялық қызметтері қолданылуы мүмкін.
3. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру тәртібі
7. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобалардың кешенді қала құрылысы сараптамасын (бұдан әрі - кешенді қала құрылысы сараптамасы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) және жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама комиссиялары (сараптама топтары) жүргізеді.
8. Ведомствоның сараптама комиссиясы мынадай қала құрылысы жобалары:
1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары;
4) жалпымемлекеттік маңызы бар өзге де қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.
9. Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары мынадай қала құрылысы жобалары:
1) облыстар, аудандар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;
2) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі елді мекендердің бас жоспарлары;
3) халқының есептік саны бес мың тұрғыннан асатын елді мекендердің бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.
10. Кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ведомство (жергілікті атқарушы орган) әрбір қала құрылысы жобасының сараптамасына жеке сараптама комиссиясын (сараптама тобын) құрады және сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамынан хатшыны белгілейді.
11. Төраға (басшы), төрағаның орынбасары (басшының орынбасары), мемлекеттік сараптама ұйымы (оның аумақтық бөлімшелері) немесе штаттағы аттестатталған сарапшылар, оның ішінде аккредиттелген сараптама ұйымдары сарапшыларының арасынан жобалардың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) мүшелері болып табылады. 
Тиісті қызметтер көрсететін консультанттар сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына кірмейді.
Ведомствоның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) төрағасы (басшысы) болып табылады. Төраға (басшы) болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды.
Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) мүшелерiнiң жалпы саны тақ сан болып табылады және кемiнде тоғыз адамды құрайды.
Сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына енгізу мүмкін болмаған жағдайда немесе қаралып отырған жобаның арнайы бөлімдері (бөліктері) бойынша қажетті аттестатталған сарапшылар болмаған кезде осы комиссияны (топты) құрған мемлекеттік орган шарт негізінде тиісті профилі мен біліктілік деңгейіне қарап сырттағы мамандарды немесе мамандандырылған интитуттар мен ұйымдардың (оның ішінде шетелдік) өкілдерін сарапшы өкілдігісіз консультант ретінде тарту туралы шешім қабылдайды.
12. Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және сараптама комиссиясы (сараптама тобы) жиынтық сараптама қорытындысын берген күннен бастап өз қызметін тоқтатады. 
Сараптама комиссиясының (сараптама тобының) жұмысын консультанттардың қызметтері сүйемелдеген жағдайда консультативтік көмек ұзақтығы тиісті шартпен белгіленеді және консультация жиынтық сараптама қорытындысын ресімдеуді бастау мерзімінен кешіктірілмей аяқталады.
13. Қажет болған жағдайда сараптама комиссиясының (сараптама тобының) жұмыс отырысына қатысуға мүдделі салалық мемлекеттік органдар өкілдері, атқарушы органдардың және орталық атқару органдарының аумақтық бөлімшелерінің мамандары, қаралып отырған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісінің уәкілетті өкілдері шақырылады. Көрсетілген жұмыс отырысына қатысуға сараптама комиссиясының (сараптама тобының) консультанттары да шақырылуы мүмкін.
4. Жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасына және кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі
14. Бірегей объектілердің құрылыс жобалары бойынша, сондай-ақ тар көлемді мамандандырылған білім мен тәжірибені талап ететін (шоғырландырылған) инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде кешенді ведомстводан тыс сараптаманы;
сараптама комиссиясымен (сараптама тобымен) қаралып отырған айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерiнің жобалары болған кезде аумақтардың қала құрылысын жоспарлау кешенді қала құрылысы сараптамасын жүзеге асыратын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының немесе жобалау (жобалау-іздестіру, жобалау-жоспарлау) ұйымдарының мамандары аттестатталған сарапшыларға немесе сарапшы комиссияларына (сараптама топтарына) консультант ретінде тартылады. 
15. Консультанттарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдар мамандарын) тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде тартылады.
Тиісті шарттарды жасасу кезінде тартылатын институттар мен ұйымдардың мәртебесін, сондай-ақ тиісті қызметке олардың мамандарының біліктілігі мен өкілдігін растайтын құқық белгілейтін құжаттарының болуы қажетті шарты болып табылады.
16. Құрылыс жобалары бойынша аккредиттелген немесе мемлекеттік сараптама ұйымдары, сондай-ақ қала құрылысы жобалары бойынша сараптама комиссиясы (сараптама топтары) орындайтын жобаларға кешенді ведомстводан тыс немесе кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге аттестталған сарапшыларға немесе сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) көмекке консультанттар ретінде сырттан (оның ішінде шетелдік) мамандарды тартуға көрсетілген мамандарда олардың кәсіби білімі мен біліктілігін, не тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған институттардағы және ұйымдардағы практикалық қызметін растайтын құжаттары болған кезде жол беріледі.