• Мое избранное
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Хатиев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішіндегі мерзімде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішіндегі мерзімде оны Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация
министрі Д. Абаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Қ. Бишімбаев
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы «___» _________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі- Заң) әзірленген және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы - ақпараттық жүйелер арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - Жүйе) ішкі порталында тіркеу - Жүйенің ішкі порталында рұқсат рәсімдері мен хабарлама тәртібін лицензиялау процесстерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының рұқсат беруі;
3) Жүйенің сыртқы порталында тіркеу – Жүйенің сыртқы порталында рұқсат рәсімдері мен хабарлама тәртібін лицензиялау процесін жүзеге асыруға қатысуға субъектіге, оның лауазымдық тұлғаларына және мүдделі тұлғаларға кіруге рұқсат беру;  
4) Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын жүйенің сыртқы порталында тіркеуден және авторланудан өткен жеке немесе заңды тұлға не олардың өкілдері;
5) Жүйенің сыртқы порталының авторландырылмаған пайдаланушысы– авторланудан өтпеген жүйенің сыртқы порталының ақпараттық ресурстарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға не олардың өкілдері;
6) қағаз тасығышта берілетін рұқсаттар – қағаз тасығышта немесе дәлме-дәл есептің нөмірленген бланкісінде шығарылған рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне ресімделген рұқсаттар;  
7) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;
8) өтініш – беруге, қайта ресімдеуге, әрекетті ұзартуға, әрекетті тоқтатуға,тоқтата тұруға, әрекетті қайта бастауға, телнұсқаны алуға, рұқсаттар және (немесе) рұқсатқа қосымшадағы қатені түзетуге рұқсат ету органына өтініш берушімен берілген электрондық немесе қағаз нысандағы құжат;
9) өтініш беруші – лицензиялаудан, рұқсаттар рәсімдерінен өту немесе хабарлама жіберушілер үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген заңды немесе жеке тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілеттілігі, екінші санаттағы рұқсаттар иеленушісі, лицензия алушысы;
10) Мемлекеттік корпорация - бірыңғай провайдер «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметті, жылжымалы мүлік кепілдерін тіркеуді, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жеке және заңды тұлғаларды тіркеуді, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық тексеруін, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын
11) рұқсат құжаттар тізілімі – бірінші және екінші санаттың рұқсаттары туралы мәліметтерді, олардың осы құжаттармен әрекеттерінің мәртебесі мен тарихын қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бөлігі;
12) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;
13) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің ішкі порталы (бұдан әрі - Жүйенің ішкі порталы ) – мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы субъектілерді жүргізуші тізілімдердің рұқсат беру органдары және мемлекеттік органдар тарапынан лицензиялау, рұқсаттар және хабарламалар тәртіптері процестерін қамтамасыз ететін рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы;
14) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталы (бұдан әрі – Жүйенің сыртқы порталы) – лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама беру тәртібі бөлігіндегі қызметтерге жеке және заңды тұлғаларға Интернет желісі арқылы бірыңғай қолжеткізу нүктесін ұсынатын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы;  
15) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;  
16) рұқсаттардың электрондық нысаны (электрондық құжат нысанындағы рұқсат, электрондық рұқсат) – рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдаланумен ресімделетін және алынатын электрондық құжат нысанындағы рұқсат, қағаз тасығыштағы мәні бірдей рұқсаттар;
17) сәйкестендіру нөмірі – электрондық құжатқа осы жүйеде қалыптастырылған жүйемен тағайындалатын нөмір;
18) тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
19) тарихи деректерді айырбастау – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің рұқсат беру органмен жүргізу мүмкіндігінің уақытша немесе тұрақты болмауы кезеңіңде рұқсат беруші уәкілетті органның басшысының электрондық –цифрлық қолтаңбасымен электрондық форматтағы рұқсатын растау процесі (матрицалық кодты беру);
20) тарихи деректерді қалпына келтіру – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін рұқсат беру органымен жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен рұқсат беру құжаттарының тізілімін толықтыру процесі;
21) хабарлама – қызмет немесе әрекетті жүзеге асырудың басталуы не тоқтатылуы туралы хабарландыратын нысандағы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілу бойынша өтініш берушімен құрастырылған құжат;
22) хабарлама беруші субъект - қызметтің не әрекеттердің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабрламаны жүзеге асырушы жеке не заңды тұлға;  
23) хабарлама беруші субъектілердің тізілімі - қызметтің не белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама беруші субъектілер туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бөлігі;  
24) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;  
25) электрондық құжатты ұсыну нысаны - электрондық құжаттың толық жаңғыртылған түрі мен ақпаратын және матрицалық кодынан тұратын Portable Document Format (бұдан әрі - PDF) форматындағы файл;  
26) электрондық құжаттың матрицалық коды (бұдан әрі - матрицалық код ) – оны техникалық құралдармен есептеу мүмкіндігін ұсынатын, құжатты ұсыну нысанына түсірілетін eXtensible Markup Language (бұдан әрі – XML) форматындағы электрондық құжат туралы графикалық ақпарат;  
27) электрондық құжаттың форматы – оның негізінде электрондық құжат қалыптасқан электрондық хабарламаның мазмұнды бөлігінің құрылымы;
28) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;;
29) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі - жеке кабинеті) – «электрондық үкімет» веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
30) электрондық форматқа ауыстыру –қағаз тасығышта бұрын берілген рұқсаттар XML форматында тарихи деректерді қалпына келтіру немесе конверсиялау процесі;  
31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
32) eXtensible Markup Language форматы – белгілеудің кеңейтілген тілі;
3. Лицензиялау, рұқсаттар рәсімдері мен хабарламалардың процестерін автоматтандыру мынадай мақсатта жүзеге асырылады:
1) рұқсаттар алу, хабарламалар беру рәсімдерін жеңілдету;
2) әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік органдарың келісуші құрылымдарының, құрылымдық бөлімшелердің ішкі өзара іс-қимылын регламенттеу, лицензиялау, рұқсаттар рәсімдерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органның ведомствоға бағыныстағы ұйымдарының сандарын қысқарту;  
3) Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;  
4) Бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар мен хабарламалар туралы мәліметтерді жүйелендіру;  
4. Жүйенің функционалды міндеттері мынадай процестерді автоматтандыру болып табылады:
1) Лицензиялау, рұқсаттар рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау;
2) Рұқсат құжаттар тізілімін қалыптастыру;
3) Хабарлама беруші субъектілер тізілімін қалыптастыру;
5. Лицензиялау, рұқсаттар рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау процесі мынадай операциялардан тұрады:
1) Электрондық түрде өтініштерді беру;
2) Қағаз тасығышта түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;
3) Өтініштерді қарау;
4) Өтініштерді қарау нәтижелерін өтініш берушілерге ұсыну;
6. Рұқсат құжаттар тізілімін қалыптастыру процесі мынадай операциялардан тұрады:
1) рұқсат құжаттар тізіліміне өтініштерді қараудың дұрыс нәтижесін автоматты енгізу;
2) Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсат құжаттар тізіліміне енгізу;
3) тарихи деректерді конверсиялау;
4) рұқсат беру немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, жою, ұзарту, қайта жаңарту және қолданысын тоқтату;
7. Хабарлама беруші субъектілер тізілімін қалыптастыру процесі мынадай опрерациялардан тұрады:  
1) хабарламалар беру;
2) хабарлама беруші субъектілер тізіліміне хабарламалар беру және енгізудің дұрыс нәтижелерін автоматты енгізу;
3) рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің хабарлау тәртібін жүзеге асыратын органмен енгізу мүмкіндігінің уақытша немесе тұрақты болмауы кезеңінде тарихи деректермен хабарлама берушілер субъектілері тізілімін толықтыру;
4) рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен субъектіні шығару, хабарлама беруші субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта жаңарту;
8. ЭЦҚ пайдаланумен электрондық формада рұқсат рәсімдері не хабарламаларды лицензиялау аясында өтініштерді беру қызметтері Жүйенің сыртқы порталы арқылы жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік органдармен электрондық түрдегі рұқсат рәсімдері мен хабарлама тәртібін лицензиялау процестерін жүзеге асыру Жүйенің ішкі порталы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік органның жеке ақпараттық жүйесі бар болған кезде көрсетілген процестер осы жүйеде Жүйемен оның ықпалдасуы талабымен жүйеде жүзеге асырылады.
10. Барлық электрондық құжаттар жүйеде XML форматында қалыптастырылады.
11. Қағида рұқсат рәсімдері және хабарлама тәртібінің лицензиялау процестерін автоматтандыру бөлігіндегі Жүйе қызметінің толық құрамынан тұрады. Жүйенің қызметін кеңейту осы Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде болады.
2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі.
12. Рұқсаттар рәсімі мен хабарлама тәртібін лицензиялау процестерін автоматтандыру аясында Жүйеде электрондық құжаттардың мынадай түрлері қалыптасады:  
1) Өтініш;
2) Хабарлама;
3) Өтініштерді қарау процесінде өтініш берушілерге жіберілетін хабарлама;  
4) Өтініштерді қарау процесінде қосымша мәліметтерді беру сұрау салуына өтініш берушілердің жауабы;
5) Рұқсат беру;  
6) Өтінішті қарауда және бірінші және екінші санатты рұқсаттарды берудегі дәлелденген бас тарту;  
7) Рұқсат беруге келісуге уәкілетті болған мемлекеттік органмен сұрау салулар;  
8) Мемлекеттік органдардың жауаптары – келісулері;  
9) Рұқсаттарды иеленушілерге немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу процесінде хабарлама беруші субъектілерге жолданатын хабарламалар;  
13. қалыптастырылған Жүйемен әр электрондық құжатқа осы Қағидаға қосымшаға сәйкес түрленген Жүйемен сәйкестендіру нөмірі беріледі;  
14. Жүйеде электрондық құжаттарды беру нысандарының жүктелуі мен шығарылу мүмкіндігі бар;  
15. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылмаған пайдаланушыларына мынадай функцияларды пайдалану мүмкіндігі беріледі:  
1) ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;  
2) рұқсаттарды алу және хабарламаларды жүзеге асыру талаптары туралы ақпаратты қарау;  
16. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларына жеке кабинет арқылы мынадай әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі:  
1) ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;
2) рұқсаттарды алу және және хабарламаларды жүзеге асыру талаптары туралы ақпаратты қарау;  
3) рұқсат алуға электрондық өтініш беру;  
4) электрондық форматқа қағаз нысанында рұқсатты ауыстыруға өтінішін беру;  
5) қайта ресімдеуге, ұзартуға, тоқтатуға, әрекетті қайта бастауға, рұқсат беру телнұсқасын алуға, мемлекеттік қызметтер стандартымен қарастырылған рұқсат беру мәліметтерін немесе рұқсатқа қосымшаны түзетуге, рұқсаттарды конверсиялау және қалпына келтіруге өтініштерді беру;  
6) өтініш берушімен берілген өтініштерді қарау мәртебесін көру;  
7) өтініш берушімен берілген өтінішті қарау барысында жолданған мемлекеттік органнан электрондық хабарламаларды қарау (тестілеуге келу, өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, лицензиялық немесе рұқсат алымы және өзге де мәліметтер қажеттілігі туралы);
8) өтініштерді қарау процесінде рұқсат беру органының сұрау салуына жауапты электрондық нысанда жолдау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат алымы және өзге де әрекеттер төлемі туралы түбіртектерді жолдау);  
9) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы лицензиялық және рұқсат алымдарын төлеу (электрондық өтініш беру процесінде);
10) өтініштерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру органымен берілген электрондық құжаттарды қарау;
11) қызметтің басталуы туралы хабарлама беру;  
12) қызметтің (әрекеттің ) тоқтатылуы туралы, деректердің өзгеруі туралы хабарлама беру;  
13) рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу барысында жолданған мемлекеттік органнан электрондық хабарламаларды қарау (әрекеттің тоқтатылуы (жойылуы), рұқсаттар әрекеттерін қайта бастау туралы, хабарлама беруші субъектілер тізілімінен субъектіні шығару туралы, субъект қызметін тоқтату, қайта бастау туралы);  
17. Жүйенің ішкі порталына қолжетімділік алу үшін мемлекеттік орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға және Операторға рұқсат рәсімдері мен хабарлама тәртібін лицензиялауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар туралы ақпаратты береді. Оператор берілген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Жүйенің ішкі порталымен мемлекеттік органдардың пайдаланушылары жұмысын қамтамасыз ету үшін есептік жазбаны жасайды.
18. Ішкі портал Жүйесі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне өз өкілеттігі шегінінде мынадай функцияларды ұсынады:  
1) рұқсаттар және хабарламалар саласында уәкілетті органмен белгіленген қолжетімділік құқықтарына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі мәліметтерін іздеу және қарау;  
2) қағаз тасығышта түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;  
3) өтініштерді тіркеу және қарау;
4) өтініштерді іздеу және қарау;
5) өтініштерді қарау барысында қалыптасатын құжаттарды іздеу және қарау (қосымша мәліметтерді, дәлелденген бас тартуларды беру сұрау салуына өтініш берушілердің хабарламалары, жауаптары, мемлекеттік органмен сұрау салулар, мемлекеттік органнан жауаптар - келісулер);  
6) жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсат беру құжаттар тізіліміне енгізу;
7) конверсиялаусыз рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін рұқсат беру органымен жүргізу мүмкіндігінің уақытша немесе тұрақты болмауы кезеңінде тарихи деректерді қалпына келтіру;  
8) шешімді беру, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, жою, ұзарту, қайта бастау, қолданысын тоқтату және шешімнен немесе шешімге қосымшадан айыру (қайтарып алу);
9) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің хабарлама тәртібін жүзеге асыратын органмен жүргізу мүмкіндігінің уақытша немесе тұрақты болмауы кезеңінде тарихи деректермен хабарлама беруші субъектілер тізілімін толықтыру;  
10) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен субъектіні шығару, хабарлама беруші субъектінің қызметін жаңғырту;
19. Жүйенің сыртқы және ішкі порталы тәулік бойы режимде қолжетімді, жұмыстан тыс уақытта өндірілетін техникалық үзілістерді қоспағанда;
20. Лицензиялауды, рұқсат беру және хабарлама бақылауын автоматтандыру қызметін жүзеге асыру үшін, мемлекеттік органдармен Жүйеде қызметті тоқтата тұру, жаңғырту, қысқарту (жою, шығару) туралы электрондық хабарлама қалыптасады.  
1-параграф. Жүйеде электрондық өтініштерді қабылдау
21. Электрондық өтінішті беру беру өтініштің және оның ЭЦҚ куәлігінің электрондық нысанын толтыру жолымен Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысымен жүзеге асырылады;  
22. Электрондық өтініш берушіге сәйкестендіру нөмірін беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру кезеңінде жүргізіледі.  
23. Электрондық өтініш беру барысында Жүйе мынадай автоматтандырылған тексерулерді жүзеге асырады:  
1) Өтініш берушінің (өтініш берушінің өкілінің) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында, ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесінде бар болуын тексеру;  
2) Өтініштің электрондық нысанының форматты -логикалық бақылауын жүзеге асыру (алаңдардың міндеттілігі, алаңдардың форматына өлшемі бойынша шектеу);  
3) Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өтініштің электрондық нысанында өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;  
4) Мемлекеттік электрондық тізілімде өтініш беру кезінде міндетті мәліметтердің рұқсаттары мен хабарламалары бар болуын тексеру;  
24. Осы Қағиданың 23-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің жағымсыз нәтижесі кезінде, Жүйе электрондық өтінішті жіберу мүмкін болмау себептері туралы хабарлаған ақпараттық хабарлама пайдаланушыға қорытындымен электрондық өтінішті беруге мүмкіндік бермейді.  
25. Автоматтандырылған тексерулер және электрондық өтінішті берушінің ЭЦҚ куәлігі ойдағыдай өткеннен кейін, өтініш берушінің жеке кабинетіне рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған оның электрондық өтінішінің тіркелгендігі туралы хабарлама келіп түседі,  
26. Жүйе мемлекеттік органның жұмыс кестесіне байланыссыз тәулік бойы режимде электорндық өтініштерді беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, электрондық өтініш оның жұмыс уақытында мемлекеттік органмен оны қабылдау кезеңінен берілген болып есептеледі, өтініш беруші ақпараттық хабарламамен бұл туралы хабарланатын болады. Электрондық өтінішті тіркеу бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органмен жүргізіледі.
2- параграф. Жүйеде хабарламаларды қабылдау
27. Хабарламаны беру хабарламаның және оның ЭЦҚ куәлігінің электрондық нысанын толтыру жолымен Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысымен жүзеге асырылады.  
28. Хабарламаға сәйкестендіру нөмірін беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру кезеңінде жүргізіледі.  
29. Автоматтандырылған тексерулер және пайдаланушының ЭЦҚ хабарламасының куәландыруы ойдағыдай өткеннен кейін, хабарлама рұқсат беру органына келіп түседі.
30. Хабарламаны беру Жүйеде тәулік бойы жүзеге асырылады.  
3-параграф. Қағаз нысанындағы өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу
31. Жүйенің ішкі порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын рұқсаттар рәсімдерін лицензиялау процестері үшін, қағаз нысанындағы ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу мемлекеттік органның кеңсесімен жүргізіледі.  
32. Жүйенің ішкі порталы арқылы мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен Жүйеге енгізілетін өтініш өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырылмайды. Осындай жағдайда өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйемен қалыптастырылмайды. Өтінішке сәйкестендіру нөмірін беру өтінішті тіркеу кезеңінде Жүйемен жүзеге асырылады.  
33. «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына қағаз нысанда өтініш берген жағдайда өтініш жөніндегі мәліметтерді Жүйеге енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.  
34. Жүйеге берілетін өтініш мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушінің жазбаша келісімімен «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылады.  
Өтінішке сәйкестендіру нөмірін беру құжатты қабылдағанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің сұрау салуы жөніндегі Жүйемен жүзеге асырылады.  
35. «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына қағаз нысанда өтініш беру жағдайында, өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйеде қалыптастырылмайды.  
36. Жеке ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын рұқсаттар рәсімдерін лицензиялау процестері үшін, қағаз нысанындағы мемлекеттік органға ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу көрсетілген ақпараттық жүйенің Жүйемен ықпалдасуы жағдайы кезінде мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының куәландырылған ЭЦҚ мәліметтерін қабылдау жолымен жүргізіледі.  
37. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен өтініш бойынша мәліметтерді қабылдаған жағдайда, өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйеде қалыптастырылмайды.  
4- параграф. Рұқсат беру органдарымен Жүйедегі өтінішті қарау
38. Жүйе Жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде рұқсат рәсімдерін лицензиялауды жүзеге асыру барысында өтініштерді мемлекеттік органдармен қарау процестерінің үлгілік операцияларын ұсынады.
39. Кіріс өтініштерін тіркеу және оларды жұмысқа тапсыру мынадай операциялардан тұрады:
1) Осы Қағидаға қосымшаға сәйкес сәйкестендіру нөмірін автоматты берумен өтінішті тіркеу;  
2) Осы Қағидаға қосымшаға сәйкес сәйкестендіру нөмірін автоматты берумен шешімді беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салуларды тіркеу;
Егер өтінішті қабылдау және өтінішті қарау нәтижелерін беруді әр түрлі рұқсат беру органдары жүзеге асырған жағдайда , кіріс өтінішті тіркеуді өтінішті қабылдаған рұқсат беру органы жүргізеді.  
Көрсетілген міндеттер мемлекеттік органның кеңсесімен жүзеге асырылады.
40. Құжатты жіберу мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасына құжаттамлық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен кіріс құжатын тапсыруды білдіреді. Кіріс құжатын жіберу қосымша функцияларды қоспайды және дәйекті түрде жүзеге асырылады.  
41. Қосымша мәліметтерді беруге өтініш берушінің сұрау салуы мынадай операциялардан тұрады:  
1) қосымша мәліметтерді беруге өтініш берушінің сұрау салуының жобасын қалыптастыру мемлекеттік қызмет стандарттарымен көзделген жағдайларда орындаушымен бастамаланады;
2) қосымша мәліметтерді беруге өтініш берушінің сұрау салуының бастамалануы кезінде орындаушы хабарлама жобасын қалыптастырады;
3) хабарлама жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;
4) келісу процесі қатысушысымен хабарлама жобасын келісудің дұрыс нәтижесі болған кезде жоба автоматты түрде келесі қатысушыға жіберіледі. Келісу процесі қатысушысымен хабарлама жобасын келісудің теріс нәтижесі болған кезде, жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;
5) хабарлама рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының ) ЭЦҚ куәландырылады.  
6) егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген болса, хабарламаға қол қойылғаннан кейін, ол өтініш берушіге жеке кабинетте қолжетімді болады;
7) егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, басшымен Жүйеде хабарламаға қол қойылғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарып алады және жүйеден тыс (пошта бойынша, қолына) өтініш берушіге жолдайды;  
8) жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде берілген өтініштер үшін, қосымша мәліметтердің сұрау салуына жауапты беру ЭЦҚ хабарламаны куәландырумен электрондық түрде өтініш берушімен жүзеге асырылады. Сұрау салуға электрондық жауап орындаушыға тікелей келіп түседі;
9) қағаз нысанында ұсынылған өтініштер үшін өтініш берушіге жауап Жүйеден тыс беріледі. Өтініш берушіге жауап туралы мәліметтерді Жүйеге енгізу орындаушымен жүргізіледі.
Орындаушы белгіленген мерзімде өтініш берушіге жауапты бермеген жағдайда , өтініш бойынша шешім қабылдайды.
42. Қорытындыны , қосымша мәліметтерді беру туралы және шешім жобасын келісу туралы өтініштерді келісуші мемлекеттік органға жіберу мынадай операциялардан тұрады:
1) Рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жобасын қалыптастыру Заңның 25-бабымен белгіленген тәртіпте орындаушымен бастамаланады;
2) Сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;
3) Сұрау салу жобасын келісудің дұрыс нәтижесі болған кезде жоба автоматты түрде келісу рәсімінің келесі қатысушыға жіберіледі; сұрау салу жобасын келісудің теріс нәтижесі болған кезде жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;
4) сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының ) ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін тіркеу үшін келісуші органның кеңсесіне келіп түседі;  
5) сұрау салу келісуші органда төмендемелі тізбек бойынша жауапты орындаушыға дәйекті түрде жолданады;  
6) келісуші органның жауапты орындаушысы сұрау салу бойынша шешім жобасын қалыптастырады (сараптамалық қорытынды, деректердің сұрау салуына жауап, келісу бойынша шешім);
7) сұрау салу бойынша шешім жобасы дәйекті түрде келісу рәсімінен өтеді;
8) сұрау салу бойынша шешім келісуші орган басшысымен ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін автоматты түрде рұқсат беру органының орындаушысына жіберіледі;
9) мемлекеттік қызмет стандарттарымен көзделген жағдайларда орындаушы қосымша мәліметтерді өтініш берушіден сұрау салу кезінде немесе келісуші органға сұрау салуды жіберу кезінде өтінішті қарау мерзмін тоқтатуды бастамалай алады;  
10) келісуші органда деректерге сұрау салу себебімен т оқтатылған кезде өтініш берушіге міндетті түрде тоқтатудың басталуы кезеңіне және өтінішті қарау мерзімін қайта қарау кезеңіне рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылған хабарламасы жіберіледі;
43. Рұқсат ету органына келу қажеттігі туралы, өтінішті тоқтату, қарау мерзімін жаңарту және ұзарту туралы, қосымша мәліметтерді беру қажеттілігі туралы хабарламалардың өтініштерін қарау барысында өтініш берушіге жолдама мынадай операциялардан тұрады:  
1) Хабарлама жобасын орындаушы қалыптастырады және дәйекті түрде рұқсат беру органында келісуден өтеді;
2) Егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген жағдайда, рұқсат беру органының басшысымен хабарламаға қол қойылғаннан кейін, ол автоматты түрде Жүйенің сыртқы порталында өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, рұқсат беру органының басшысымен Жүйеде хабарлама ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарады және жүйеден тыс өтініш берушіге жібереді.
44. Өтініш бойынша шешім қабылдау (рұқсат беру, оған қосымша, дәлелденген бас тарту немесе хабарламаны беру) мынадай операциялардан тұрады:
1) өтініш бойынша шешім жобасын орындаушы қалыптастырады;
2) шешім жобасы дәйекті түрде рұқсат беру органында келісуге жатады. Келісу процесінің қатысушысымен шешім жобасын келісу кезінде, ол келесі қатысушыға ауысады;
3) келісу процесінің қатысушысымен шешім жобасын жетілдіруге кері қайтару кезінде, жоба орындаушыға жетілдіруге қайтарылады;
4) егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген жағдайда, рұқсат беру органының басшысымен шешімге қол қойылғаннан кейін, ол автоматты түрде өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, рұқсат беру органының басшысымен Жүйеде шешім ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарады және жүйеден тыс өтініш берушіге жібереді.
45. Өтінішті қарау мерзімін ұзарту мынадай операциялардан тұрады:
1) Мемлекеттік қызмет стандарттарымен көзделген жағдайларда өтінішті қарау мерзімін ұзартуды бастамалау;
2) Өтінімді қарауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсетумен рұқсат беру органының басшысының куәландырылған ЭЦҚ хабарламасы өтініш берушіге жіберіледі;
46. Өтініш берушінің өтінішті қайтарып алуы мынадай операциялардан тұрады:  
1) Егер өтінішті қарау процесі әлі аяқталмаған болса, өтініш беруші өтінішті қайтарып алу процесін бастамалай алады;
2) Өтініш берушімен өтінішті қайтарып алу фактісін белгілеу Жүйеде өтініш бойынша орындаушымен жүргізіледі, сонымен бірге өтінішті бұдан әрі қарау тоқтатылады;
3) Егер өтініш Жүйенің ішкі порталында құрылатын болса, өтінішті кері шақырту орындаушымен Өтініш берушінің өтініші бойынша осы өтінішті Жүйеде тіркеп жүргізіледі.
47. Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің мынадай операциялары Жүйенің ішкі порталы арқылы автоматтандырылмайды:
1) рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне сараптамалық қорытындыға өтінішті жіберу;
2) рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беруге сұрау салуды жіберу.
48. Өтінішті қарау барысында қалыптасатын құжаттарды ЭЦҚ куәландыру рұқсат беру органының басшысымен (уәкілетті тұлғасымен) жүзеге асырылады. Өтініштерді қарау процесінің басқа барлық операциялары ЭЦҚ қолданусыз Жүйеде жүзеге асырылады.
49. Өтініштерді қарау барысында алқалы әрекет (комиссия отырысы, тестілеу, дауыс беру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органдарға жатпайтын ұйымдармен жүргізілетін әрекеттер жүйеден тыс автоматтандырылмайды және жүзеге асыруға жатпайды.  
5-параграф. Өтініштерді қарау процесінде Жүйемен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы
50. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру аясында қалыптасатын барлық өтініштер, хабарламалар, өтініштер бойынша шешімдер Жүйеде тіркеуге жатады. Егер көрсетілген құжаттар мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде қалыптасқан жағдайда, олар рұқсат беру органының жауапты қызметкерімен қол қойылғаннан кейін Жүйеге міндетті беруге жатады. Сонымен бірге, құжатқа қол қойғанға және тапсырғанға дейін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі құжаттың сәйкестендіру нөмірін беру үшін Жүйеге сұрау салуды жүзеге асырады.
51. Барлық өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін Жүйесімен процедураларын жүзеге асыру барысында электронды түрде лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңманасына сәйкес анықталады.
6-параграф. Рұқсат беру құжаттарының тізіліміне берілген рұқсат туралы мәліметтерді енгізу
52. Рұқсат беру рәсімдері үшін, оның аясында өтінішті қарау және тіркеу процестерін автоматтандыру әр түрлі себептермен мүмкін болмайды және мақсатқа сай болып табылмайды. Жүйе Заңның 15-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қараудың дұрыс нәтижелерін рұқсат беру құжаттары тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды қарастырады.  
53. Рұқсат беру құжаттары тізіліміне енгізу кезінде өтініштерді қараудың дұрыс нәтижелері туралы мәлімет рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ куәландырылады.
7-параграф. Жүйенің сыртқы порталынан өтініштерді беруді тоқтата тұру, тоқтату
54. Порталда өтінішті электронды түрде беруді тоқтата тұру, тоқтату Порталдағы автоматтандырылған рұқсат беру құжаттарға (бірінші және екінші санаттағы) өзгерістер енгізу және сәйкес келтіруді талап ететін нормативті-құқықтық актілердің күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылады.  
55. Өтініштерді электронды түрде портал арқылы беруді регламенттейтін қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер болмаған жағдайда, өтінішті электронды түрде беру де тоқтатылуға жатады.
8-параграф. Жүйенің ішкі порталында берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату
56. Берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
57. Берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату Жүйенің ішкі порталында орындаушымен рұқсаттың және хабарламаның қолданысын тоқтату фактісі тіркеліп, рұқсат құжатты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электронды тізілімімен алып тастау жолымен жүргізіледі.
Рұқсаттар және хабарламалардың
мемлекеттік ақпараттық жүйесінің
жұмыс істеу Қағидаларына қосымша
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
Барлық сәйкестендіру нөмірлері құжат түріне, хабарлама тәртібін жүзеге асыратын рұқсат беру органы немесе органға қарамастан бірдей құрылымға ие. Нөмір 15-разрядтық фасеттік құрылымның мынадай түрін білдіреді:
ССККТТТНННННННН, онда:
 

СС

КК

ТТТ

НННННННН

Мемлекеттің қос таңбалы (альфа-2) коды

алгоритмге сәйкес есептелген екі бақылау цифры

Құжат түрінің үш нышанды коды, түрін белгілеу үшін латын әліпбиінің 24 әрпі пайдаланылады «I» және «O» әріптерін қоспағанда барлығы)

Көрсетілген түрдің құжатының сегіз таңбалы цифрлық рет саны

Үлгі: «KZ03АВС00000001» (баспа кезінде оқу үшін ыңғайлы болу үшін нөмірді екі топқа бөлуге болады, мысалы, «KZ03 АВС 0000 0001», алайда енгізу және өңдеу кезінде аралықтар ескерілмейді ).
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің 2016 жылғы « » № бұйрығына анықтама–негіздеме
 

р / н

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган



Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйеніп нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлектетік органның құзыреті)

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және неге байланысты акт қабылданған)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту туралы ұсыныстар әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп тану туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт кірістердің қысқаруын немесе республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғаюын көздей ме?

Қарастырылмаған

7.

Мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді келісу туралы мәлімет



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, интернет-ресурстарды қоса бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің www.mi c .gov.kz ресми сайтында және интранет-порталда орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс ( жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін )

  1. «Қазақстан Республикасы автобустық тасымалдаушылар және автобекеттер одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі.

  2. «Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  3. «Қазақстандық техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылардың қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  4. «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  5. «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі.

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникация министрлігі
Заң департаментінің директоры С. Жукенов