• Мое избранное
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11176 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны нөмірленген, тігілген, мөрмен бекітілген түрінде екі данада Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына ұсынылады.
Министрлік оң нәтиже болған кезде шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын тиісті ілеспе хатпен бір данасын қайтарады.
Министрлік теріс нәтиже болған кезде бас тарту туралы хатпен шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнының екі данасын да қайтарады.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші-төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаулы қабылданғаннан кейін, облыс әкімдігі оны екі жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
  Қаулы интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін, Министрлік екі жұмыс күні ішінде оның одан бұрын келісілген шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.     
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі 
____________ Б. Сұлтанов 
2016 жылғы «___» _________


«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» _________
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы «___» __________ № ___ бұйрығына анықтама-негіздеме



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 ақпандағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41-тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Бұйрық жобасымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың, онын ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау мәселелері бойынша қолданыстағы бұйрықтағы келісу тәртібіне өзгеріс енгізіледі

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

« Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 4-1/167 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11176 болып тіркелген)

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актіге қатысты республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі көшірмесінің болуы

Қажет етілмейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктерімен келісілген

8.

Ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Қажет етілмейді

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).



Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Жеңісов