• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Туризм министрлігі арасындағы өзара топтық туристік сапарларын жеңілдету жөніндегі КЕЛІСІМ жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Туризм министрлігі арасындағы өзара топтық туристік сапарларын жеңілдету жөніндегі КЕЛІСІМ жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Туризм министрлігі арасындағы өзара топтық туристік сапарларын жеңілдету жөніндегі КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – «Қазақстан тарапы» деп аталатын) және Иран Ислам Республикасы туризм министрлігі (бұдан әрі «Ирандық тарапы» деп аталады) өзара топтық туристік сапарларды жеңілдету мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы келісім Тараптар мемлекеттері азаматтарының өзара топтық туристік сапарлары саласындағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негізін құрайды.
2-бап
Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық өздері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша әрбір Тарап мемлекеттерінің халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын сақтаған кезде және тиісті міндеттемелерін орындауына нұқсан келтірместен, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап
Осы Келісімге сәйкес ынтымақтастық жөніндегі өз құзыреті шеңберіндегі жұмысты үйлестіруге жауапты Тараптар мемлекеттерінің органдары (бұдан әрі – Үйлестіру органдары) мыналар:
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
Иран Ислам Республикасынан – Иран Ислам Республикасы Туризм министрлігі болып табылады.
4-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін жарамды жол жүру құжаттары мыналар:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік;
Иран Ислам Республикасының азаматтары үшін – Иран Ислам Республикасы азаматының паспорты;
Иран Ислам Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік болып табылады.
5-бап
Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Иран тарапын Қазақстан Республикасының аумағында қазақстандық туристік операторлары (бұдан әрі – «қазақстандық туристік операторлар» деп аталатын) қазақстандық туристік топтарды Иран Ислам Республикасының аумағына жіберуге және Қазақстан Республикасының аумағында иран туристік топтарын қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Иран тарапы Иран Ислам Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан тарапын Иран Ислам Республикасының аумағында ирандық туристік компаниялары (бұдан әрі – «ирандық туристік компаниялар» деп аталатын) ирандық туристік топтарды Қазақстан Республикасының аумағына жіберуге және Иран Ислам Республикасының аумағында қазақстан туристік топтарын қабылдайтыны туралы хабарлайды.  
Тараптар қазақстандық туристік операторлар мен ирандық туристік компанияларының тізімдерімен (бұдан әрі «Тізім» деп аталатын) дипломатиялық арналар арқылы тұрақты түрде алмасады және Тараптарға ұсынады. Тізімге енгізілетін мәліметтер: атауы, орналасқан жері, заңды мекенжайы, лицензия нөмірі, байланыс телефоны, факс, электрондық поштасы, қазақстандық туристік операторлар мен иран туристік компаниялардың байланыс тұлғасы туралы ақпараты. Егер Тараптардың бірінің Тізімде өзгерістер туындаса, Тізім өзгерістермен екінші Тарапқа бір апта мерзімде дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі. Қазақстандық туристік операторлар мен ирандық туристік компаниялары одан әрі ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қою мақсатында Тізімге енгізілген серіктестерді іздеуді жүзеге асырады.
6-бап
Туристік топ бір Тарап мемлекетінің азаматтарынан кұрылып, құрамында кемінде 5 адамнан, бірақ қазақстандық туристік топтарға қазақстандық туристік операторлары және ирандық туристік топтарға ирандық туристік компаниялары басшысын қоса алғанда 50 адамнан аспайтын топ бола алады.  
7-бап
Топтық туристік визаны ресімдеу мақсатында, Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшілігіне қазақстандық туристік операторлардың өкілдері мен жауапты қызметкерлері туралы ақпаратты, өз кезегінде Ирандық тарап Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне ирандық туристік компанияларының өкілдері және жауапты қызметкерлері туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.
Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының елшілігі мен консулдық мекемелері, топтық туристік визаны ресімдеу мәселелері бойынша қолайлы жағдай жасайды және құжаттарды қазақстандық туристік операторлар мен иран туристік компаниялардың өкілдерінен және жауапты қызметкерлерінен ғана қабылдайды.
Бір реттік топтық туристік визаны ресімдеу үшін ұсынылған құжаттар, ол бойынша туристік топ екінші тарап мемлекетінің аумағы бойынша жүріп-тұратын туристік маршрутты сипаттауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8-бап
Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында осы Келісімнің қолданысын толықтай толық немесе ішінара тоқтата алады.
Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру және қайта жаңғырту туралы шешім екінші Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша дереу жіберіледі.
9-бап
Қазақстандық және ирандық туристік топтары (бұдан әрі – туристік топтар) Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының шекараларын топтық тәртіпте кесіп өтеді.  
Қазақстандық туристік операторлар мен ирандық туристік компаниялары әрбір туристік топқа туристтік сапарды үйлестіру үшін өз қызметкерін бекітеді.
Қазақстандық туристік операторлар мен ирандық туристік компаниялары туристік топтарға барлық жүру бағыты бойынша гид ұсынады.
Қазақстандық туристік операторлар мен ирандық туристік компаниялары уақытша болу және кету проблемалары туындаған жағдайда, Тарап мемлекеттерінің тиісті құзыретті органдарымен шешім табу үшін өзара белсенді іс-қимыл жасайды.  
Бір Тарап мемлекетінің туристік топтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген кезде сол мемлекеттің заңдарын сақтауы тиіс. Тарап мемлекеттерінің аумағында уақытша болу кезеңі визаны қолдану мерзімімен айқындалады.
Төтенше жағдай немесе өзге де еңсерілмейтін күш туындаған жағдайда қазақстандық туристік операторлар мен иран туристік компаниялары тиісті туристік топтардың өз Тарапының мемлекеттеріне  баруға жәрдемдесу бойынша Тараптардың заңнамасына сәйкес толық шаралар қабылдайды.
10-бап
Қазақстандық туристік операторлар мен иран туристік компаниялары топтық туристік сапарларды ұйымдастырғаны үшін, Қазақстан Республикасына/нан немесе Иран Ислам Республикасына/нан ұйымдастырылған келудi және кетудi қоса алғанда, сондай-ақ қабылдаушы елдің заңнамасының сақталуына жауапты болады.
11-бап
Тараптар осы Келісімді түсіндірумен және қолданумен байланысты даулы мәселелерді дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жүргізу жолымен шешетін болады.  
12-бап
Тараптар жазбаша хабарлама арқылы келiскен жағдайда, осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Енгізілген толықтырулар мен өзгерістер осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
13-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
Осы Келісім өзінің қолданысын 3 (үш) ай ішінде хабарламаны алған күнінен бастап тоқтатады. Осы Келісімнің қолданысының тоқтатылуы ынтымақтастық туралы бұдан бұрын қол қойылған келісімшарттардың орындалуына әсер етпейді.
  201_жылғы «__________________», ___________қаласында, әрқайсысы қазақ, парсы, орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі үшін
_____________________________


Иран Ислам Республикасы
Туризм министрлігі үшін
______________________________