• Мое избранное
«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер cтандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер cтандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер cтандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Егемен Қазақстан» газетінде №123 (28601) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мына негіздер бойынша::
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;
2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының көрсетілмеуі);
         3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі, сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.»;
11- тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14-подъезд, 8 (7172) 74 03 64 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары Министрліктің www.mic.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.».
осы бұйрықпен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:  
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мына негіздер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;
3) біліктілік талаптарының көрсетілетін қызметті алушы қызметіне сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензия алуға уақытша тыйым салынуы. сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.»;
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14-подъезд, 8 (7172) 74 03 64 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары Министрліктің www.mic.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мына негіздер бойынша:
1) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, теле-, радиобағдарламалардың тілінің (тілдерінің), теле-, радиоарнаның хабар тарату торының, теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының, теле-, радиоарнаның бас редакторының (редакторының) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесінің көрсетілмеуі);
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
3) шетелдiк теле-, радиоарнаның материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмдi, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеудi, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпараттың, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидтi насихаттайтын ақпараттың қамтылуы;
4) дiнтану сараптамасы нәтижелерi бойынша терiс қорытындының болуы;
5) шетелдiк теле-, радиоарна өнiмдерiне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешiмiнің болуы, сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.»;
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14-подъезд, 8 (7172) 74 03 64 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары Министрліктің www.mic.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мына негіздер бойынша:
1) бұрын дәл сондай және дәл сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің есепке қойылғаны туралы бұрын берілген куәлік;
2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: меншік иесінің атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының, сондай-ақ заңды мекенжайының, меншік иесінің бизнес және жеке сәйкестендіру нөмірінің, мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттік атауының, тілінің (тілдерінің), болжамды шығу жиілігінің, негізгі тақырыптық бағытының, таралу аумағының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), редакцияның мекенжайының көрсетілмеуі);
3) мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қою үшін немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның төленуі;
4) меншік иесінің ауысына орай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қою кезінде өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі, сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.»;
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14-подъезд, 8 (7172) 74 03 64 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары Министрліктің www.mic.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.».
Осы бұйрықпен бекітілген «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.»;
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14-подъезд, 8 (7172) 74 03 64 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары Министрліктің www.mic.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, орналастырылған.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.».
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Д.В. Голобурда):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;  
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күніннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;  
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы 
тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________ К. Бишимбаев
«____»__________2016 жыл
 «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы « » ___________ № _____ бұйрығына анықтама-негiздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 1 6 -тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Осы нормативтiк құқықтық акті республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдерінiң қысқаруын көздемейді

7.

Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні м ү дделі мемлекеттік органдармен келісу туралы м ә лімет

Жоқ

8.

Жеке к ә сіпкерлік субъектілеріні ң м ү дделерін қ оз ғ айтын нормативтік құқ ы қ ты қ актілер жобаларыны ң б ұқ аралы қ а қ парат құ ралдарында , интернет - ресурстарды қ оса ал ғ анда , жариялау туралы м ә ліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің www. mi с .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)



Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің Заң департаменті