• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16,18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28,29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжат; № 22-I, 140,143-құжат; №22-II, 144,145-құжат; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 156,158-құжат; №22-VІ, 159-құжат; №22-VІІ, 161-құжат; №23-І, 169-құжат; 2016 ж. №1, 4-құжат; №8-ІІ, 72-құжат):
1) 133-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақысыз негізде алынған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған иесіз электр желілерінің құнын азайтуға құқығы бар.»;
2) 397-баптың 2-тармағына мынадай мазмұндағы 4 абзацпен толықтырылсын:
«Егер энергия беруші ұйым өз балансына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз болып танылған электр желілерін қабылдаса, онда бұндай желілердің құны бұндай желілер бойынша мүлік салығының құны «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бап 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада ескерілгенге дейін салық базасына қосылмайды.».
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; №22-І, 140,141,143-құжат; №22-ІІ, 161-құжат; №23-І, 166,169-құжат; №23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №8-ІІ, 67-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 301-1, 301-2, 301-3, 301-4 және 301-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«301-1-бап. Күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бұзу
301-2-бап. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын, жөндеулерді келісу мерзімдері мен тәртібін бұзу
301-3-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу
301-4-бап. Энергетикалық сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптарды бұзу және (немесе) ақпаратты талаптарда көрсетілген мерзімде бермеу
301-5-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу
301-6 бап. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген талаптарға энергия беруші ұйымдардың сәйкес келмеуі»;
2) 172-баптың 3-тармағында «энергия беруші» деген сөздерден кейін «,сарапшы» деген сөзбен толықтырылсын, содай-ақ «толық ұсынбауы –» деген сөздерден кейін «шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне – жүз,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:  
«Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетушi персоналдың өмiрiне қауiп төндіретін жай-күйге әкеп соққан, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, аварияларға, 1,2 дәрежесіндегі бас тартуға алып келген қоршаған ортаны ластау, өрт, жазатайым оқиғалар, адам өлімі және (немесе) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соққан энергия өндіру - тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 301-1, 301-2, 301-3, 301-4 және 301-5-баптармен толықтырылсын:
«301-1 бап. Күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бұзу
Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының белгіленген нормаларын бұзуы –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.  
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір күзгі-қысқы кезеңнің ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
301-2-бап. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын, жөндеулерді келісу мерзімдері мен тәртібін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзуы –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың жүйелік оператормен келісілген, энергия тұтынушыларды шектеу және (немесе) одан ажырату қаупіне әкеп соққан электр станцияларының, шағын станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеу мерзімдерін бұзуы –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүйелік оператордың электр станцияларының, шағын станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеуді келісу тәртібін бұзуы –  
заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-3-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу
1. Электр және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруден және (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-4-бап. Энергетикалық сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптарды бұзу және (немесе) ақпаратты талаптарда көрсетілген мерзімде бермеу
1. Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оны жүргізуге қойылатын талаптарды бұзуы және (немесе) ақпаратты талаптарда көрсетілген мерзімде бермеуі –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-5-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық немесе толық бермеуі –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы –  
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-6 бап. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген талаптарға энергия беруші ұйымдардың сәйкес келмеуі  
1. Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген талаптарына энергия беруші ұйымдардың сәйкес келмейтіні–
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз, орташа кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салады.
2. Жылдың ішінде әкімшілік жазаға тартудан кейін қайта жасалған осы бабының бірінші бөлігінде көзделген әрекеті, сол сияқты әкімшілік жауапкершілігіне тартуға алып кеткен осы бабының бірінші бөлігімен көзделген бұзуы алып тастамау, –
осы бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жазаға тарту кезден кәсіпкерлік субъектілеріне электр энергиясын беру қызметі іске асырудың нәтижесінде алынған табыстан (түсім) жүз пайыз көлемінде айыппұл салады.»;
5) 305-баптың бірінші бөлігінде «базарларды» деген сөзден кейін «ғимараттар мен имараттарды» сөздерімен толықтырылсын және «соғу,» деген сөзден кейін «тұрмыстық қатты қалдықтарды тастау,» сөздерімен толықтырылсын;
6) 690-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-3, 301-4, 301-5 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда), 301-6, 302, 303 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
7) 729-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде) 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 300 (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде) 301-1 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-5 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 301-6, 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; №21-ІІ, 131-құжат; №22-ІІ, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VІ, 159-құжат; №8-І, 60-құжат.):
1) 3-бапта
8) тармақшаның 6-бөлігінде «және (немесе) тарату» сөздері алып тасталсын;
13) тармақшада «және тарату» деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «және (немесе) бөлу» деген сөздер алып тасталсын;
3) 5-баптың 1-тармағында:
5-1) тармақшада «тиесiлi мүлiктi» деген сөздерден кейін ««Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада «құқығын» деген сөзден кейін ««Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 7-баптың 16) тармақшасында «беру,» деген сөзден кейін «сондай-ақ электр энергиясын беру бойынша қызмет атқаратын және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 1, 2-тармақтарында көрсетілген осындай қызмет түрін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерімен электр желілерін беру» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
«17-3) өз балансына және (немесе) сенімгерлік басқаруға электр желілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ электр желілерін мемлекеттік заңды тұлғалардан және органдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде энергия беруші ұйымдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін қарастыруға;»;
6) 18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде «5-тармағында» деген сөзден кейін «және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында» деген сөздермен толықтырылсын, сондай-ақ «он екі айда» деген сөздер «бес жылда» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 18-4-бапта:
2-1-тармақтың 3) тармақшасында «және бөлу» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақта «, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында электр энергиясын» деген сөздер алып тасталсын;
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., №8-ІІ, 70-құжат.):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:  
«1) авариялық бронь – технологиялық процесі толық тоқтатылған персонал мен қоршаған орта үшін кәсіпорынның қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін электр энергиясының ең төменгі шығыны (ең аз электр қуаты);»;
9) тармақшада «жылу энергиясын» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылу тасымалдағышын» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы – тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін шарттар негізінде жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың өзара қарым-қатынастар жүйесі;»;
27) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:  
«Бұл ретте өңірлік деңгейдегі электр желілері болып табылатын және олар бойынша тек жеке өзі тұтыну үшін ғана электр энергиясын беру үшін пайдаланылатын, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері ұлттық электр желісіне жатпайды.»;
31) тармақшада «тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай» деген сөздер алып тасталсын және «реттеу –» деген сөзден кейін «жасасқан шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша көтерме сауда нарығы субъектілеріне және жүйелік операторға көрсетілетін,» деген сөздермен толықтырылсын;
35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  
«35) электр энергиясын беру – электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты іс-қимылдар;»;
44) тармақшада «энергия өндіруші,» деген сөздерден кейін «энергия беруші,» деген сөздермен толықтырылсын;  
48) тармақшада «беруді» деген сөзден кейін «беру бойынша көрсетілетін қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
30-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30-1) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 30-3) тармақшамен толықтырылсын:  
«30-3) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
48) тармақшада «, энергиямен жабдықтаушы» деген сөздер алып тасталсын;
70-22) тармақшада «міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және» деген сөздер алып тасталсын;
70-23), 70-24), 70-25), 70-26), 70-27), және 70-28) тармақшылары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 70-29) тармақшамен толықтырылсын:
«70-29) электр энергетикасы саласындағы жедел-жөндеу персоналының республикалық салалық жарыстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 6-бапта:
8-тармақта «рұқсаты» деген сөз «кіру рұқсаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:  
«2) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебiн жүргiзедi»;
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін берілген құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер қажет болған жағдайда, ескертулерсіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін, берілген Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көлемі мазмұны сәйкес болмаған жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
8) электр станцияларының және электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізеді.»;
11-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4) 6-1-баптың 6-тармағындағы соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні берген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.»;
5) 7-баптың 1) тармақшасында «тәулік зоналары бойынша және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
6) 9-баптың 2-1-тармағында «мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан кейін және» деген сөздер алып тасталсын;
7) 12-1-баптың 2-тармағында «жеті» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 13-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасасқан электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.»;
9) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:  
«13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
1. Электр энергиясын беру қызметін іске асыратын электр желілерінің мүлік иесі, электр желілеріне тікелей қосылған өз электр желілерін Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған тәртіппен энергия беруші ұйымға өткізуді (сатуға), тегін немесе сенімді басқаруға беруді іске асыруға құқылы.
Электр желілерінің мүлік иесі электр желілеріне қосылмаған энергия беруші ұйымға осындай электр желілерді беруге құқығы жоқ.
2. Шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың жедел басқару құқығындағы электр желілері электр желілеріне қосылған энергия беруші ұйымдарға тегін немесе сенімді басқаруға беріледі.
3. Электр энергиясын беру қызметін іске асыратын электр желілерінің мүлік иесі:
1) оларды жұмыс жағдайында сақтауға және осы баптың 1 тармағына сәйкес ұйымның қарамағына толық берілгенше олардың сақталуын және тұтастығын қамтамасыз етуге;
2) өз электр желілеріне қосылған тұтынушыларға заңнамамен анықталған жағдайлардан басқа электр энергиясын беруді тоқтататын әрекеттер жасамауға;
3) өз электр желілеріне қосылған тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтататын және де өз электр желілерінің бұзылуына, демонтажына, бүлінуіне, жоюлуына, әдейі зақым (бұзылуына) келтіруіне әкелетін әрекеттер жасамауға міндетті.
4. Егер электр желілерінің мүлік иесі өз меншік құқығында жатқан электр желілерін (электр желілері тікелей қосылған) өңірлік электр желілік компанияға тегін немесе сенімді басқаруға беруге ниет білдірсе, онда өңірлік электр желілік компания осындай аударымға қарсы тұруға құқығы жоқ.
5. Осы баптың 1 және 4 тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік оператор үшін қолданылмайды.
6. Электр энергиясын беруде қатысатындар электр энергиясын беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс және олардың құрамында:
1) диспетчерлік технологиялық бақылау болуы;  
2) мамандандырылған өндіру ғимараты, жөндеу және өндірістік база технологиялық қондырғылар және механизмдер болуы (өз елігінде);
3) оқытылған және аттестатталған толық жиналған персоналдық қызметтер, электр желілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, қондырғылар, механизмдер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік; жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, аспаптар мен құрылғылармен қамтамасыз етілген;
4) қосалқы қызмет көрсету үшін жүйелік оператор келісімдер болуы;
5) коммерциялық есепке алуға арналған автоматтандырылған жүйелердің, телекоммунакация жүйелерінің, қамтамассыз етілген жүйесін оңтайландыру, жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда құрылғанфы болуы қажет;
6) тұтынушыға электр энергиясын беру туралы және (немесе) техникалық қосу арналған, тіркелген телефон номері, веб-сайттың болуы қажет.
Электр энергиясын беру қызметіне қойылатын электр энергиясын беруде қатысатындардың талаптарға сәйкестігін растайтын және осы баптың 1 тармағында көрсетілген құжаттар мен олардың нормативтердің тізімі өкілетті органмен қойылған тәртіппен анықталады.
7. Жаңадан құрылатын электр энергисын беруде қатысатындар осы баптың 6-тармағында көрсетілген электр энергиясын беру қызметіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
8. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңың 119-2-бабында реттелген жағдайлар туындағаннан бастап бір жылдан кем емес мерзімде энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы заңнамаға сәйкес электр энергиясын беру бойынша қызмет тарифін қайта қарауды қамтамасыз етеді.»;  
10) 15-2-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімдерде жүзеге асырады.»;
11) 18-бапта:
1-тармақтың екінші абзацында «тәулік аймақтары бойынша және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын және «тұтынатын энергияның» деген сөздер «тұтынатын электр энергиясының» деген сөзмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда нарығында энергиямен жабдықтау үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша:
1) электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын;
2) электр энергиясын тұрмыстық емес тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын;
3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын жасасады.»;
12) 21-баптың 1-тармағында «туындаған кезде» деген сөздерден кейін «энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйыммен энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық брондары бойынша тиісті актілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 22-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
14) 25-бапты келесі мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсетуші энергия беруші ұйымдар талаптарына сай болуы тиіс:
1) осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген электр энергиясын жеткізу қызметіне қойылатын талаптар 2018 жылғы 1 қаңтардан кеш емес қарағанда;
2) осы Заңның 13-2-бабының 6-тармағында 2), 3)-тармақшасында көрсетілген электр энергиясын жеткізу қызметіне қойылатын талаптар кеш емес 2020 жылғы 1 қаңтардан қарағанда 1;
3) аталған электр энергиясын жеткізу қызметіне осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4), 5) тармақшаларында қойылатын талаптар кемінде 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы қарағанда.
7. Жергілікті билік орындаушылар кеш емес 2019 жылдың 1 қаңтарынан қарағанда осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес, шаруашылық жүргiзу немесе қоғамдық тұлғалардың жедел басқару құқығындағы электр желілерін беруді қамтамасыз етеді.».
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94,96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; №22-ІІ, 145, 148-құжат, №22-VI, 159-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжат; №8-І, 62-құжат):
1) 83-баптың 2-тармағында «119-1,» сандарынан кейін «119-2,» сандарымен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 119-2-баппен толықтырылсын:
«119-2-бап. Электр желілерін ақысыз негізде беру
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз болып танылған электр желілері жергілікті атқарушы органдармен желілеріне олар тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға ақысыз негізде беріледі.».
2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі ПАСПОРТЫ
АСТАНА, 2016 жыл
1. Жалпы ақпарат:
1.1. Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
1.2. Заң жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  
1.3. Заң жобасының мақсаты: қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендету, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайту, энергетикалық бақылаумен қадағалауды механизмдерін жетілдіру.
1.4. Құқықтық реттеу нысанасы: электр энергетикасы саласындағы қоғамдық қатынастар, электр энергетикасы саласындағы субъектілердің жауапкерлігін арттыру.
1.5. Заңнама саласы: Энергетика.  
1.6. Заң жобасының түрі: негізгі
 

Заң жобасының түрі

Саны

Сипаттамасы

Дербес

1

2

Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді

5

  1. «Салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексі.

  2. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Кодексі .

  3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Қазақстан Республикасының Заңы.

  4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Қазақстан Республикасының Заңы .

  5. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы .

Өзгерістер енгізеді

4

  1. «Салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексі.

  2. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Кодексі.

  3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Қазақстан Республикасының Заңы.

  4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Қазақстан Республикасының Заңы.

Толықтырулар енгізеді

4

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Кодексі.

  2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Қазақстан Республикасының Заңы.

  3. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Қазақстан Республикасының Заңы.

  4. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы.

Басқа заңның күшін жоюға қояды

-

-







1. 7. Заң жобасының қолданысы

Заң жобасының қолданысы

Сипаттамасы

уақыт бойынша:

Алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

кеңістікте:

Қазақстан Республиканың барлық аумағында қолданылады

тұлғалар бойынша (нысаналы топ):

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар .









1.8. Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі:











Аралас салалар

Сәйкестігін сипаттау

Заңнаманың аралас салалары

Электр энергетикасы туралы заңнама

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнама

Азаматтық заңнама

Қаржылық заңнама

Экономиканың аралас салалары

Электр энергиясын өндіру, беру және тарату.











1.9. Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициенті:



Нормалар

Қолданыстағы редакция (болған кезде)

Ұсынылатын редакция

Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім)

Nжаңа (жаңа ақпараты бар нормалардың саны)

С алыстырма кестені қараңыз

С алыстырма кестені қараңыз

28

Nжалпы (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының барлық баптарының сомасы

71

Кақп. (нормалардың ақпараттылық коэффициенті) (сандық сипаттамасы)

Формулаға сәйкес Кақп.= Nжаңа/ Nжалпы, нормалардың ақпараттылық коэффициенті 32/89=0,36 құрайды

0, 39

Тұжырым (сапалық сипаттама)

Заң жобасы нормалардың ақпараттылығының 0,39 тең жеткілікті коэффициентіне ие. Заң жобасымен өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіруге, энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетуге, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтуға, энергетикалық бақылаумен қадағалауды механизмдерін жетілдіруге бағытталған түзетулерді қабылдау ұсынылады.











1.10. Заң жобасы нормаларының белгісіздік коэффициенті:







Нормалар

Қолданыстағы редакция

(болған кезде)

Ұсынылатын редакция

Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім)

Nдис.(коррупциогенді нормалар, сондай-ақ реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны)

-

-

-

Nанық тұж. (анық емес тұжырымдалған нормалардың саны)

-

-

-

Nтерм. (терминдер мен анықтамалары бар нормалардың саны)

-

-

-

Nсілт. (басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелері бар нормалардың саны немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормалардың жоқтығы)

-

-

-

Nөзге (әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар нормалардың саны)

-

-

-

Nжалпы (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны)

-

-

-

Kбелг. (нормалар белгісіздігінің коэффициенті) (сандық сипаттамасы)

-

-

-

Тұжырым (сапалық сипаттамасы)

-

Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі:
 

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Заң жобасының мақсаты

Сәйкестікті сипаттау

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарында

51-қадам. ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады.

Заң жобасы бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қойған міндеттерді іске асыруға, энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетуге, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтуға, энергетикалық бақылаумен қадағалауды механизмдерін жетілдіруге бағытталған.

Энергия беруш і ұйымдар қызметіне талаптар енгізу ұсынылады. Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне технологиялық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығын азайтады, сондай-ақ электр энергетикасы саласында әкімшілік құқық бұзушылық санкция өлшемдерін халық қауіпсіздігінің дәрежесіне сәйкес болуын және жасалған бұзулардың салдарын қатайтуға бағытталған өзгерістер ұсынылып отыр

3. Әлеуметтік-экономикалық салдар:
 

Заң жобасының стратегиялық мақсаты: Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын әзірленген Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі жобасының ережелеріне сәйкес келтіру .

Міндеттер

Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелер

Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелерге жеткізуге арналған қажетті іс-қимылдар мен ресурстар

Нәтижелер бойынша тәуекелдер мен жорамалдар

1) өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру

2) Республиканың электрмен жабдықтау жүйесіндегі технологиялық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығын арттырғаны үшін энергия беруші ұйымдардың жауапкершілігін арттыру

Электр энергиясы шығындарының азаюы орта және шағын бизнестің бәсекеге қабілеттігін артуға әкеледі, өз кезегінде ол түпкі өнімнің бағасына жақсы әсер етеді.

Технологиялық бұзушылықтар үшін, өндірісте жазатайым оқиғалардың болуы үшін әкімшілік жауапкершілікті арттыру, олардың санын азайтуы керек, ол өз кезегінде электр энергиясымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендету, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайту.

1) 1) Бірнеше Энергия беруші ұйымдар арқылы электр энергиясын беру кезіндегі соңғы тұтынушылар үшін осындай касакдтыболдырмау есебінен әр түрлі тарифті бірдейлендіруге әкелетін энергия беруші ұйымдарды біріктіру жолымен тарифтердің әр түрлілігі мәселесі шешіледі.



2) жазатайым о0иғалар , технологиялық бұзушылықтар болуының тәуекелділігін айтарлықтай төмендететуге мүмкіндік беретін жасалынған құқықбұзйшылықтар зардаптарын және қоғамдық қауіп дәрежесімен сәйкес электр энергетикасы саласындағы әкімшілік құқық бұзышылықтар санкциялары аумағын сәйес келтіру.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдау

Тәуекелдер жоқ











-

Тұжырымдар: Заң жобасының қабылдануы теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды , өйткені болжанып отырған өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама сын жетілдіруге бағытталған , бұл тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігіне жәрдемдеседі.

Дереккөздер: Мемлекет басшысы Н . Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспары

4. Пайдалар мен шығындарды талдау:
 

Талдау деңгейі

Пайда лар

Шығы ндар

Мақсатты топ : халық , кәсіпкерліктер , мемлекет

Ө ңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады

Жоқ





















5. Қаржыландыру көзі :















Қол жеткізу қаражаты

Болжамды сома

Республикалық бюджет

Заң жобасын іске асыру бюджет қаражаттарын бөлуді талап етпейді

Жергілікті бюджет

-

Ұлттық қор

-

Басқа көздер

-

















6. Қорытынды:
 

1) Реттеу қандай проблеманы шешуге бағытталды?

Заң жобасы электр энергиясын пайдаланушылардың кең тобының құқығын қорғауға, энергиялық ұйымдардың көрсететін қызметінің сапасын және халықтың тұрмысын арттыруға бағытталған.

2) Заңнамада көзделген іс-қимылдардың жоқтығы неге әкеп соқтырады және тәуекелдер қандай?





Энергия беруші ұйымдардың санының артуы және нәтижесінде тарифтің әртүрлілігі, оның үлкеюі, тұтынушылады электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі.

Республиканың электрмен жабдықтау жүйесіндегі технологиялық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығын арттырады.

Жобаның қабылдануы тәуекелге әкеп соқпайды.

3) Осы салада реттеу тиімді ме? Егер ол тиімсіз болса, онда неліктен?

Тиімді .

4) Алға қойылған мақсатқа жету үшін қандай құралдарды пайдаланылуы мүмкін?



Энергия беруші ұйымдар қызметіне талаптар енгізу ұсынылады.Құқық қолдану практикасы.

5) Алға қойылған мақсаттарға жетудің қандай баламалы нұсқалары бар және неліктен таңдалмаған?





Заңнамалық реттеудің ағымдағы жағдайын ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің баламалы нұсқалары жоқ.

6) Шығынды реттеуді енгізуден болған осындай реттеумен байланысты пайда асып түсе ме?

Жобаның қабылдануы шығындарға әкеп соқпайды.

7) Нормативтік құқықтық акті нің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығынын қалайша төмендету және/немесе көбейту көзделеді?



Нормативтік құқықтық акті қолданысқа енгізу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындары көзделмейді.

8) Түрлі әлеуметтік топтар (мақсатты топ) арасында шығын мен пайданы бөлудің ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?



Жобаның қабылдануы шығындарға әкеп соқпайды

9) Өткізу үшін қандай органдар мен ұйымдар жауапты болады, тиімділікті бағалау қалайша және қандай мерзімде жүзеге асырылатын болады?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар.

Тиiмдiлiктi бағалау тұрақты жүзеге асырылатын болады.

Қорытынды тұжырым:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді. Заң жобасын қабылдау энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендету, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайту, қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.



Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

Қ.А. Бозымбаев



_______________________________________

























Қабылданғалы отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы іс-әрекетінің ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарларының болжамдары
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) тұтынушыларды энергиямен қабылдаудың сапасын арттыру қажеттілігімен және Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам (51-ші қадам) – Ұлт жоспарының шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырысын орындау мақсатында әзірленуде.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының Салық және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстеріне, содай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгеріс енгізуді қарастыруда.
Заң жобасын іске асыру теріс құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салаларға әкеп соқтырмайды.
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқтырмайды.
Министр Қ. Бозымбаев
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша
 

р / с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулардың редакциясы

Негіздеме

1

2

3

4

6

Салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV

133-бап 2-тармақ жаңа 8) тармақша

133-бап. Салық салынатын табысты азайту

2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты

8) жоқ

133-бап. Салық салынатын табысты азайту

2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақысыз негізде алынған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған иесіз электр желілерінің құнын азайтуға құқығы бар.

Аталған норма энергия беруші ұйымдарды олады корпоративтік табыс салығынан басатылуына байланысты өз балансына иесіз электр желілерін алуға ынталандырады.

397-бап

2-тармақ

4-жаңа жол

397-бап. Салық базасы

2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

Егер «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

397-бап. Салық базасы

2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

Егер «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

Егер энергия беруші ұйым өз балансына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз болып танылған электр желілерін қабылдаса, онда бұндай желілердің құны бұндай желілер бойынша мүлік салығының құны «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бап 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада ескерілгенге дейін салық базасына қосылмайды.

Аталған норма энергия беруші ұйымдарды олады мүлік салығынан басатылуына байланысты өз балансына иесіз электр желілерін алуға ынталандырады.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Кодексі

172-бап

3-тармақ

172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу

3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу

3. Энергия өндіруші, энергия беруші, сараптама ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

ша ғын кәсіпкерлік субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындау мақсатында технологиялық бұзулар мен жазатайым оқиғалар санын азайту мақсатында әкімшілік айыппұлды арттыру қарастырылған.

Әкімшілік айыппұлды арттыру энергетикалық ұйымдардың қайта бүзу жасаулар санын төмендетуге бағытталған.

Сонымен қатар, жазаны ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің градациясы қарастырылған.

«Рұқсат беретiн рәсiмдерді азайту туралы» ҚР Заң жобасына сәйкес энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредитацияны алып тастау қарастырылған, мемлекеттік бақылауды қатайту қарастыру қажет.

300-бап

300-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу

Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетушi персоналдың өмiрiне қауiп төндіретін жай-күйге әкеп соққан, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соққан энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу –

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

300-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу

Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетушi персоналдың өмiрiне қауiп төндіретін жай-күйге әкеп соққан, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, аварияларға, 1,2 дәрежесіндегі бас тартуға алып келген қоршаған ортаны ластау, өрт, жазатайым оқиғалар, адам өлімі және (немесе) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соққан энергия өндіру – тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу –

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Редакцияны дұрыстау

301-1 жаңа бап

301-1-бап. ж оқ



301-1 бап. Күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бұзу

Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының белгіленген нормаларын бұзуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір күзгі-қысқы кезеңнің ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.

Өткен жылыту мерзімде (қараша-қаңтар) тек ірі энергия өндіруші ұйымдар (34 ұйым) Қазақстан Республикасының энергия көздерінде 125 рет пайдалану отын қоры бұзылды.

КҚМ әр түрлі себептермен отын қорының жеткіліксіздігі (жабдықтау уақытылы болмауы, келісім шарт міндеттері және т.б.) байқалу тәуекелі жоғары, ал ол жылу және электр энергиясын тұтынушыларға жабдықтау төмендеуге алып келуі мүмкін.

301-2 жаңа бап

301-2-бап. ж оқ

301-2-бап. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын, жөндеулерді келісу мерзімдері мен тәртібін бұзу

1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың жүйелік оператормен келісілген, энергия тұтынушыларды шектеу және (немесе) одан ажырату қаупіне әкеп соққан электр станцияларының, шағын станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеу мерзімдерін бұзуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жүйелік оператордың электр станцияларының, шағын станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеуді келісу тәртібін бұзуы –

заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазіргі таңда энергетикалық ұйымдармен технологиялық бұзулар туралы ақпаратты беру уақытысы және электр станциялардың, электр және жылу желілері жабдықтарды, ғимараттар мен имараттар жөндеу келісімі Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы заңнамасы бұзылады, ал ол жүйелік оператор мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органы жөндеу және технологиялық бұзулар кезінде аймақтарда уақытылы қуаттарды қайта тарату

301-3 жаңа бап

301-3-бап. ж оқ

301-3-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу

1. Электр және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Электр және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруден және (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы тапсырмасына орай Қазақстан 30 дамыған елдер қатарына қосылу бойынша, «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту және кәсіпкерлік қызметін жақсарту, ҚР Энергетика министрлігі ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді атап айтқанда электр желілеріне қосылу бойынша. Электр желілеріне қосылудың басты құжаты техникалық шарт болып табылады, оның ішінде барлық қажетті ақпарат жазылады. Қосылуыдың бағасы осы техникалық шартта жазылған шарттарға сәйкес болады. Көптеген энергия таратушы ұйымдар монополиялы болып табылады, мемлекет тарапынан бақылаудың болмауы өзінің беделімен қандай шарттарды қоюына алып келеді. Осыған орай кәсіпкерлерге көптеген тосқауылдар қойылып жатыр. «Электр желілеріне қосылу» индикаторы бойынша сауалнама жүргізу арқылы бағаланатынын ескере отыра, энергия таратушы ұйымдармен бұлжытпай талаптарды орындау ды қамтамасыз етілуі тиіс.

301-4 жаңа бап

301-4-бап. ж оқ

301-4-бап. Энергетикалық сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптарды бұзу және (немесе) ақпаратты талаптарда көрсетілген мерзімде бермеу

1. Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оны жүргізуге қойылатын талаптарды бұзуы және (немесе) ақпаратты талаптарда көрсетілген мерзімде бермеуі –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Пікір заңнаманы энергетикалық сараптама тиісті талаптар саны кем дегенде 30 %-ын құрайды. Қалғандары түрлі бұзылуынан (толық емес ақпарат, энергия жабдықтың техникалық сипаттамаларының болмауы және жобаға қарағанда техникалық сипаттамаларының сәйкес келмеуі, жабдықтардың нақты жай-күйін бағалау болмауына, бар билік пен сәйкестігін техникалық көрсеткіштерін бағалау болмауы т.б.) дейін жүргізіледі.

Ұсынылған энергетикалық сараптама қызметтердің сапасының төмендігі, адам денсаулығы үшін түрлі салаларында жұмысына күтпеген толқуларды тәуекелдерді арттырады , сондай-ақ инвестициялық ағымдардың , бизнес пен тұтынушыларға теріс әсер етуі мүмкін жұмысының сенімділігі төмендетеді.

Қазіргі уақытта энергетикалық қызметтер сараптама қамтамасыз ету үшін рұқсат алу үшін қоспағанда көзделген «Лицензиялау рәсімдерін қысқарту туралы» Заң жоба Осыған байланысты, біз шұғыл қажет қызмет көрсетті сапасын бақылау іс-шараларының күшейту санаймыз.

301-5 жаңа бап

301-5-бап. ж оқ

301-5-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу

1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық немесе толық бермеуі –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Энергия ұйымдар жиі технологиялық бұзушылықтар мен жабдықтарды үйлестіру жөндеу, ғимараттар мен тергеу теріс салдарларға әкелуі мүмкін электр станцияларын, электр энергетикасы саласындағы Қазақстан заңнамасымен реттеледі электр және жылу желілерінің, құрылымдарының туралы ақпаратты ұсыну мерзімін бұзған жүйелік оператор және мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының уақтылы жауап емес, және жөндеу процесінде немесе бұзу барысында аймақтағы биліктің қайта бөлу арқылы бақылайды.

Жаңа бап

301-6

301-6 бап . жоқ

301-6 бап. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген талаптарға энергия беруші ұйымдардың сәйкес келмеуі

1. Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген талаптарына энергия беруші ұйымдардың сәйкес келмейтіні–

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз, орташа кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салады.

2. Жылдың ішінде әкімшілік жазаға тартудан кейін қайта жасалған осы бабының бірінші бөлігінде көзделген әрекеті, сол сияқты әкімшілік жауапкершілігіне тартуға алып кеткен осы бабының бірінші бөлігімен көзделген бұзуы алып тастамау, –

Осы бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жазаға тарту кезден кәсіпкерлік субъектілеріне электр энергиясын беру қызметі іске асырудың нәтижесінде алынған табыстан (түсім) жүз пайыз көлемінде айыппұл салады.

Электр энергиясын беру бойынша қызметіне талап қойылынатын бекітілген талаптардың сәйкес келмейтіні бөлігінде электр энергетикасы заңнамасын бұзу үшін әкімшілік жауапкершілігін енгізу.

305-бап

305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу

Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi алаңшаларын, тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу

Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi алаңшаларын, тұрақтарын жайластыру, базарларды, ғимараттар мен имараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдар соғу, қатты қалдықтарды тастау, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындау мақсатында тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету.



690-бап

1-тармақ

690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар

1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар

1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 ( бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-3, 301-4, 301-5 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда), 301-6, 302, 303 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Әкімшілік істерді қарау құзыретін энергетикалық қадағалау мен бақылау органымен ЖАО арасын бөлу.

729-бап

1-тармақ

729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде) 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 300 (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде) 301-1 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-5 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 301-6, 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

«Электр энергетикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдар: қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 Заңы

3-бап

8) тармақша

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:

жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;

көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;

көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:

жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;

көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;

көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;

«Электр энергиясы туралы» ҚР Заңында жаңа редакцияда «тарату» ұғымын сіңіретін «электр энергиясын беру» ұғымының өзгеруіне байланысты.

3-бап

13) тармақша

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

13) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

13) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;

«Электр энергиясы туралы» ҚР Заңында жаңа редакцияда «тарату» ұғымын сіңіретін «электр энергиясын беру» ұғымының өзгеруіне байланысты.

4-бап 1-тармақ 3) тармақша

4-бап. Табиғи монополиялар аясы

1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):

3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнiндегi;

4-бап. Табиғи монополиялар аясы

1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):

3) электр энергиясын беру жөнiндегi;

«Электр энергиясы туралы» ҚР Заңында жаңа редакцияда «тарату» ұғымын сіңіретін «электр энергиясын беру» ұғымының өзгеруіне байланысты.

5 -баптың

1-тармағы

5-1) тармақша

5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін шектеу

1. Табиғи монополия субъектiсiне

5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);

5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін шектеу

1. Табиғи монополия субъектiсiне

5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);

«Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілетін өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында (13-1-бап).

5 -баптың

1-тармағы

6) тармақша

5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін шектеу

1. Табиғи монополия субъектiсiне

6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;

5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін шектеу

1. Табиғи монополия субъектiсiне

6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда басқаға беруге;

«Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілетін өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында (13-1-бап).

7 -баптың

16) тармақшасы

7-бап. Табиғи монополиялар субъектісінің міндеттері

16) мүлікті мемлекет меншігіне беру жағдайларын қоспағанда, өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлікті тендер нысанындағы сауда-саттықта иеліктен айыруға;

7-бап. Табиғи монополиялар субъектісінің міндеттері

16) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ электр энергиясын беру бойынша қызмет атқаратын және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 1, 2-тармақтарында көрсетілген осындай қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ табиғи монополиялар субъектілерімен электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлікті тендер нысанындағы сауда-саттықта иеліктен айыруға;

«Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілетін өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында (13-1-бап).

14-бап

1-тармақ

17-3) жаңа тармақша

14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

1. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде

17-3) жоқ

14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

1. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде

17-3) өз балансына және (немесе) сенімгерлік басқаруға электр желілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ электр желілерін мемлекеттік заңды тұлғалардан және органдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде энергия беруші ұйымдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін қарастыруға;

Құзіретті органды меншік иесінен электр желілерін қабылдаған энергия беруші ұйымдардың, олардың зиандылығын болдырмау мақсатында тарифтің шектi деңгейiн қарастыру құзіретін беру.

18 -бап

3-тармақ

18-бап. Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын бекіту тәртібі

3. Табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын бекітуді және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айда бір реттен жиі жүргізілмейді.

.... бұдан әрі мәтін бойынша

18-бап. Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын бекіту тәртібі

3. Табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын бекітуді және осы баптың 5-тармағында және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бес жылда бір реттен жиі жүргізілмейді.

.... бұдан әрі мәтін бойынша

«Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілетін өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында (13-1-бап).













«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңының 3-бабы 22) және 30) тармақшаларына сәйкескелтіру.

18-4-бап

2-1-тармақ

3) тармақша

18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері

2-1. Табиғи монополия субъектiсi:

3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;

18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері

2-1. Табиғи монополия субъектiсi:

3) электр энергиясын беру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;

«Электр энергиясы туралы» ҚР Заңында жаңа редакцияда «тарату» ұғымын сіңіретін «электр энергиясын беру» ұғымының өзгеруіне байланысты.

18-4-бап

9-тармақ

18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері

9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын , орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері

9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

18-4-баптың 2-1 тармағында «Стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады» деген қаралған. Бұл нормаға сәйкес энергия беруші ұйымдар шығындарды жабу үшін электр энергияны тікелей электр энергияны өндірушіден (станция) сатып алуға тиіс. Бұл норма сатып алу тізбегінде бітістірушіні алып тастау мақсатында енгізілген (ЭӨҰ-ЭЖҰ-ӨЭК).

« Э лектр энергетик асы туралы » Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Заңы

1-бап

1) тармақша

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1) авариялық бронь – электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1) авариялық бронь технологиялық процесі толық тоқтатылған персонал мен қоршаған орта үшін кәсіпорынның қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін электр энергиясының ең төменгі шығыны (ең аз электр қуаты);

Авариялық бронь анықтамасын нақтылау үшін.

1-бап

9) тармақша

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

9) жылу энергиясын беру – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау және тарату жөнінде көрсететін қызметі;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

9) жылу энергиясын беру – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын және (немесе) жылу тасымалдағышын тасымалдау және тарату жөнінде көрсететін қызметі;

Берілген жылу энергиясы көлемі есептерін Қазақстан Республикасында, ТМД-ның өзге де мемлекеттерінде қабылданғандарымен сәйкестендіру мақсатында редакциялау.

1-бап

10) тармақша

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы – тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін шарттар негізінде жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың өзара қарым-қатынастар жүйесі ;

Айқындаушы редакция.

1 бап

27) тармақша

1 бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

27) ұлттық электр желісі шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі;

1 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

27) ұлттық электр желісі шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі.

Бұл ретте өңірлік деңгейдегі электр желілері болып табылатын және олар бойынша тек жеке өзі тұтыну үшін ғана электр энергиясын беру үшін пайдаланылатын, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері ұлттық электр желісіне жатпайды;

Заңның нормасын әртүрлі түсіндіруді болдырмау және нақтылау мақсатында.

Қазіргі таңда аймақтық электр желілік компаниялардың иелігінде және пайдалануында кернеуі 220кВ 1200 км жоғары электр беру желілері бар.

Кернеу санатына қарамастан бұл электр желілері өңірдің тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауға арналған және ұлттық электр желілеріне жатпайды.

Сондай-ақ, өнеркәсіп кәсіпорындарында да кернеуі 220 кВ және одан жоғары желілер бар. Бұл электр беру желілері тұйыққа тірелген болып табылады, өнеркәсіп кәсіпорындарын генерациялаушы көздерімен біріктіреді және «KEGOC» АҚ-мы мен басқа да энергия беруші ұйымдардың электр беру желілерімен байланысты емес.

Бұдан бөлек, нақтылау екі облыстың (аймақтың) аумағында қызмет көрсететін өңірлік электр желілік компаниялардың болуы үшін қажет.

1-бап

3 1 ) тармақша

1 бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

31) электр қуатын реттеу – электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;

1 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

31) электр қуатын реттеу – жасасқан шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша көтерме сауда нарығы субъектілеріне және жүйелік операторға көрсетілетін, электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;

Айқындаушы редакция.

Аталған қызметті көрсету кезінде электр станцияларда айналмалы қор қолданылады, сонымен бірге станциялардың жабдықтың жұмыс режимін өзгертуге байланысты қосымша шығындары бар.

1-бап

35 ) тармақша

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

35) электр энергиясын беру – энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететiн қызметi;

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

35) электр энергиясын беру – электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты іс-қимылдар;

Айқындаушы редакция.

1-бап

44 ) тармақша

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;

Энергия беруші ұйымдар көтерме сауда субъектісі ретінде теңгерімдеуші нарыққа қатысуына байланысты Заңнамадағы кемшілікті жою .

1-бап

48 ) тармақша

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;

1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметті шарттар негізінде көрсететін ұйым;

Айқындаушы редакция.

5-бап

30-1 ) тармақша

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

30-1) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларды күзету қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

30-1) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді ;

Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидалары 30-3) тармақшаға ауысты, себебі олар түрлі салаға жатады (электр және жылу энергетикасы).

5-бап

30-3 ) жаңа тармақша

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

30-3) жоқ ;



5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

30-3) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді ;

Жылу желілерін электр желілерінен бөлу мақсатында жаңа редакция енгізіледі (30-1) тармақшасынан көшірілді).

5-бап

48) тармақша

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

48) энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр және жылу энергиясы шығыс нормаларын сақтау талаптарын орнату қажеттілігі жоқ.

5-бап

70-22 ) тармақша

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

70-22 ) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

70-22 ) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;

Кәсіпкерлік к одексінің 85 - бабына сәйкес міндетті ведомстволық нысандарын әзірлеу және бекіту Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзіреті болып табылады .

5-бап

70-23) – 70-28) тармақшалар

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

70-23) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;

70-24) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;

70-25) шекті тарифтерді бекітеді;

70-26) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;

70-27) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерінің және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

70-28) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

70-23) алып тасталсын;







70-24) алып тасталсын;





70-25) алып тасталсын;



70-26) алып тасталсын;





70-27) алып тасталсын;

















70-28) алып тасталсын;

(2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

2019 жылғы 1 қаңтарда электр қуатының нарығын енгізуге байланысты.

5-бап

жаңа 70-23) және 70-24) тармақшалар

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

70-29) жоқ



5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

70-29) электр энергетикасы саласындағы жедел-жөндеу персоналының республикалық салалық жарыстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

Норма Қазақстан аумағында жарыстардың өткізілу тәртібін және және халықаралық сайыстарға қатысу ретін анықтау үшін енгізіліп отыр. Желілік компаниялардағы жедел-жөндеу персоналының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, олардың кәсіби қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және озық тәжірибені таратуға бағытталған жыл сайынғы республикалық салалық жарыстардың өткізілмей қалу қаупімен байланысты болып отыр.

6-бап

8-тармақ

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, бұл мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылады.

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті кіру рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, бұл мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылады.

Редакциялық түзету.

6-бап

10-тармақ

2) тармақша

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

2) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне, iрi энергетикалық жабдықтың бүлінуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы iрi технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебiн жүргiзедi;

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

2) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебiн жүргiзедi;

Айқындаушы редакция.

6-бап

10-тармақ

7), 8) және 9) тармақшалар

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган

7) жоқ













































8) жоқ









9) жоқ

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган

7) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін берілген құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер қажет болған жағдайда, ескертулерсіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін, берілген Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көлемі мазмұны сәйкес болмаған жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

8) электр станцияларының және электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізеді.»;

9) осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағымен көзделген талаптардың энергия беруші ұйымдармен сақтауын мемлекеттік бақылау жүзеге асыру, және орындау үшін міндетті анықталған бұзулар жою туралы ұйғарымдар енгізеді.











Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның функциясы болғандықтан 6 баптың 11 тармағынан көшірілді (11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:... құқылы)























Электр энергиясын беру бойынша қызметіне талап қойылынатын бекітілген талаптар энергия беруші ұйымдардың сәйкестігі тексеру жүргізу бойынша бақылау және энергетикалық қадағалу мен бақылау бойынша органның өкілеттіктер.

6-бап

11-тармақ

4) тармақша

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

4) алып тасталсын.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган міндеттеріне (осы Заңның 6-бабы 10-тармағына) берілді.

6-1 бап

6-тармақ

6-1-бап. Жекелеген тексерулер мен мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

6. Тексеруді тағайындау және тексеру нәтижелері туралы актілер, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оны жүргізу мерзімін ұзарту, тексеруге қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарламалар уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалады.

Көрсетілген актілер мен хабарламалар, сондай-ақ тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабардар ету тексерілетін субъектіге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тексеруді тағайындаған басшысының цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не өзге де тәсілмен жіберіледі. Тексеруді тағайындау туралы акт жіберілген күннен кейінгі жұмыс күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

6-1-бап. Жекелеген тексерулер мен мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

6. Тексеруді тағайындау және тексеру нәтижелері туралы актілер, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оны жүргізу мерзімін ұзарту, тексеруге қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарламалар уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалады.

Көрсетілген актілер мен хабарламалар, сондай-ақ тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабардар ету тексерілетін субъектіге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тексеруді тағайындаған басшысының цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не өзге де тәсілмен жіберіледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні берген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

Тексеруді жүргізудің нақтылы күнін белгілеу.

7-бап

1) тармақша

7-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті

1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;

7-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті

1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;

2009 жылдан бастап тұтынушылар тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын төлеуде. Монополияға қарсы орган жүргізген талдау тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтерді қолдану кезеңінде күткен күндізгі уақытта және максималды жүктеме сағаттарында түтыну төмендеуі болмағанын көрсетті.

9-бап

2-1-тармақ

9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу

2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан кейін және электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу 2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан рұқсат беру алыным тасталды.



12-1-бап

2-тармақ

12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі

2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.

Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.

....бұдан әрі мәтіні бойынша....

12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі

2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.

Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде үш жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.

....бұдан әрі мәтіні бойынша....

«Электр энергетикасы туралы»ҚР Заңының сәйкес аталған норма – шекті тариф 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

13-баптың

6-тармағы

13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар

6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан нақты уақыт режимiнде теңгерiмдеушi тетiкке (нарыққа) қатысуға мiндеттi.

13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар

6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасасқан электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.

Тұжырымды нақтылау

Жаңа 13-1-бап

13-1-бап. жоқ

13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

1. Электр энергиясын беру қызметін іске асыратын электр желілерінің мүлік иесі, электр желілеріне тікелей қосылған өз электр желілерін Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған тәртіппен энергия беруші ұйымға өткізуді (сатуға), тегін немесе сенімді басқаруға беруді іске асыруға құқылы.

Электр желілерінің мүлік иесі электр желілеріне қосылмаған энергия беруші ұйымға осындай электр желілерді беруге құқығы жоқ.

2. Шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың жедел басқару құқығындағы электр желілері электр желілеріне қосылған энергия беруші ұйымдарға тегін немесе сенімді басқаруға беріледі.

3. Электр энергиясын беру қызметін іске асыратын электр желілерінің мүлік иесі:

1) оларды жұмыс жағдайында сақтауға және осы баптың 1 тармағына сәйкес ұйымның қарамағына толық берілгенше олардың сақталуын және тұтастығын қамтамасыз етуге;

2) өз электр желілеріне қосылған тұтынушыларға заңнамамен анықталған жағдайлардан басқа электр энергиясын беруді тоқтататын әрекеттер жасамауға;

3) өз электр желілеріне қосылған тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтататын және де өз электр желілерінің бұзылуына, демонтажына, бүлінуіне, жоюлуына, әдейі зақым (бұзылуына) келтіруіне әкелетін әрекеттер жасамауға міндетті.

4. Егер электр желілерінің мүлік иесі өз меншік құқығында жатқан электр желілерін (электр желілері тікелей қосылған) өңірлік электр желілік компанияға тегін немесе сенімді басқаруға беруге ниет білдірсе, онда өңірлік электр желілік компания осындай аударымға қарсы тұруға құқығы жоқ.

5. Осы баптың 1 және 4 тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік оператор үшін қолданылмайды.

6. Электр энергиясын беруде қатысатындар электр энергиясын беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс және олардың құрамында:

1) диспетчерлік технологиялық бақылау болуы;

2) мамандандырылған өндіру ғимараты, жөндеу және өндірістік база технологиялық қондырғылар және механизмдер болуы (өз елігінде);

3) оқытылған және аттестатталған толық жиналған персоналдық қызметтер, электр желілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, қондырғылар, механизмдер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік; жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, аспаптар мен құрылғылармен қамтамасыз етілген;

4) қосалқы қызмет көрсету үшін жүйелік оператор келісімдер болуы;

5) коммерциялық есепке алуға арналған автоматтандырылған жүйелердің, телекоммунакация жүйелерінің, қамтамассыз етілген жүйесін оңтайландыру, жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда құрылғанфы болуы қажет;

6) тұтынушыға электр энергиясын беру туралы және (немесе) техникалық қосу арналған, тіркелген телефон номері, веб-сайттың болуы қажет.

Электр энергиясын беру қызметіне қойылатын электр энергиясын беруде қатысатындардың талаптарға сәйкестігін растайтын және осы баптың 1 тармағында көрсетілген құжаттар мен олардың нормативтердің тізімі өкілетті органмен қойылған тәртіппен анықталады.

7. Жаңадан құрылатын электр энергисын беруде қатысатындар осы бапты ң 6-тармағында көрсетілген электр энергиясын беру қызметіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.

8. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңың 119-2-бабында реттелген жағдайлар туындағаннан бастап бір жылдан кем емес мерзімде энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы заңнамаға сәйкес электр энергиясын беру бойынша қызмет тарифін қайта қарауды қамтамасыз етеді.

Аталған бап энергия беруші ұйымдарды ірілендіру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 51-ші қадамын іске асырудың негізгі механизмдерін реттейді.

15-2-бап

3-тармақ

15-2 -бап . Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау.

3.Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіретін ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттау жүргізуге өтінім алғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет жүзеге асырады.

15-2 -бап . Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау.

3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімдерде жүзеге асырады .

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына жылына бірнеше рет аттестаттау жүзеге асыру қажет болған жағдайда (мысалы, станцияның иелік қуаты өзгерген жағдайда) мүмкіндік болуы үшін.

Өтінімді алғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей аттестаттау өткізу туралы талапты алып тастау қажет, себебі аттестаттау жүргізу мерзімдері Қазақстаннның энергия жүйесіндегі схемалық-режимдік жағдайға және көршілес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты.

18 -бап

1-тармақ

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар

1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтайтын ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік аймақтары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.

.....бұдан әрі мәтін бойынша

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар

1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтайтын ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тұтынатын электр энергиясының көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.

.....бұдан әрі мәтін бойынша



2009 жылдан бастап тұтынушылар тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын төлеуде. Монополияға қарсы орган жүргізген талдау тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтерді қолдану кезеңінде күткен күндізгі уақытта және максималды жүктеме сағаттарында түтыну төмендеуі болмағанын көрсетті.

18-бап жаңа 1-1-тармақ

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар

1-1. жоқ

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар

1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда нарығында энергиямен жабдықтау үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша:

1) электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын;

2) электр энергиясын тұрмыстық емес тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын;

3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын жасасады.

Нарық субъектілерінің тәжірбиесін ескере отырып энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен жұмыс жасау ыңғайлылығы үшін.

21-бапт

1-тармақ

21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау

1. Жүйелiк авария туындаған кезде тұтынушыларды энергиямен жабдықтау электрмен үздiксiз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.

21 бабының 1-тармағын келесі редакцияда жазылсын:

1. Жүйелiк авария туындаған кезде энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйыммен энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық брондары бойынша тиісті актілері бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау электрмен үздiксiз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.

Анықтаушы редакция.

22-бап

2-тармақ

22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету

2. Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.

22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету

2. алып тасталсын

Аталған құзірет меморганның міндетінде «Электр энергетикасы туралы» Заңның 5-тармағының 30-1) және 30-3) тармақшаларында қаралған.

25-бап

жаңа 6-тармақ

25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

6. жоқ

25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

6. Электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсетуші энергия беруші ұйымдар талаптарына сай болуы тиіс:

1) осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген электр энергиясын жеткізу қызметіне қойылатын талаптар 2018 жылғы 1 қаңтардан кеш емес қарағанда;

2) осы Заңның 13-2-бабының 6-тармағында 2), 3)-тармақшасында көрсетілген электр энергиясын жеткізу қызметіне қойылатын талаптар кеш емес 2020 жылғы 1 қаңтардан қарағанда 1;

3) аталған электр энергиясын жеткізу қызметіне осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4), 5) тармақшаларында қойылатын талаптар кемінде 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы қарағанда.

7. Жергілікті билік орындаушылар кеш емес 2019 жылдың 1 қаңтарынан қарағанда осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес, шаруашылық жүргiзу немесе қоғамдық тұлғалардың жедел басқару құқығындағы электр желілерін беруді қамтамасыз етеді.



«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы

83-бап

2-тармақ

83-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздерінің тізбесі

2. Осы Заңның 119-1, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.

83-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздерінің тізбесі

2. Осы Заңның 119-1, 119-2, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін ақысыз негізде беруге байланысты ақысыз мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару тізімін толықтыру.

Жаңа 119-2-бап

119-2-бап. жоқ

119-2-бап. Электр желілерін ақысыз негізде беру

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз болып танылған электр желілерін жергілікті атқарушы органдар желілеріне олар тікелей қосылған, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке лицензиясы бар энергия беруші ұйымдарға ақысыз негізде беріледі.

Электр желілерінің тиімді, қауіпсіз жүмыс істеуін және дамуын және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында энергия беруші ұйымдарға иесіз желілер ақысыз беріледі. Энергия беруші ұйымдар табиғи монополия субъектісі болғандықтан мүлікті қабылдауға байланысты барлық шығындар тұтынушы төлейтін тарифке қосылады. Бұл ретте аталған активтерді сатып алу бойынша шығындар тарифті өсіреді.

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсiндiрме жазба
2015 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы энергия беруші ұйымдарды ірілендіру мәселесін пысықтауды тапсырды. Аталған тапсырма Елбасының бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының 51-қадамында (Өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру) көрсетілген.
1. Тұтынушылар үшін бір облыстың ішінде электр энергияға әртүрлі тарифтердің болуы маңызды мәселе болып табылады, оның басты себебі – энергия беруші ұйымдар саның көп болуы (160 шақты), оның 44-ы Қарағанды облысында орналасқан. Бұл тек бір облыс ішінде ғана емес, сонымен бірге көршілес көшелерде де әртүрлі тарифтердің пайда болуына алып келеді. Мұның барлығы бір өңірдің ішінде шағын және орта бизнеске әркелкі шарттар тудырып отыр.  
Аталған мәселені энергия беруші ұйымдарды ірілендіру жолымен шешу қажет, бұл электр энергияны бірнеше энергия беруші ұйымдар арқылы берген кезде түпкілікті тұтынушыларға тарифтердің каскадтық ұлғаюын жою есебінен әртүрлі тарифтердің теңестірілуіне алып келуі тиіс.  
Сондай-ақ бүгінгі таңда иесі жоқ электр желілерінің мәселесі өткір күйінде тұр. Иесі жоқ электр желілерінің проблемасы электр энергиясын тұтынушылар үшінде, осы желілер қосылған АЭК-тер үшін де ортақ болып табылады. Басты проблема иесі жоқ электр желілеріндегі электр энергиясының шығындары үшін жауап беретін, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін субъектіні айқындауға сайып келеді. Бұдан басқа, иесі жоқ электр желілері электрмен жабдықтау сапасының төмендеу себептерінің бірі – авариялардың, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың туындау көзі болып табылады. Бұл ретте бұл желілердің тозуы 70 %-дан асатынын атап өту қажет.
Жаңадан салынған шағын станциялар мен желілерді ЭБҰ балансына беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың (РМК, КМК) балансындағы электр желілерін күтіп-ұстау мен пайдалану мәселесі де проблемалы мәселеге жатады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні электр желілерінің тозуы шамамен 70 % құрайды, бұның орын алу себептерінің бірі Заң деңгейінде энергия беруші ұйымдар қызметіне талаптардың болмау, ол өз кезегінде сәйкес техникалық жабдықтанбаған және білікті мамандар жоқ энергия беруші ұйымдардың санының өсуіне әкеледі. Салдары ретінде тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі.  
2. Еліміздің қарқынды дамып жатқан энергетика саласының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу әкімшілік заңнама мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін тудырып отыр. Заң жобасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) технологиялық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалардың туындау тәуекелін елеулі азайтуға, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық санкция мөлшерін қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және жасалған құқық бұзушылықтар салдарларының ауырлығына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер ұсынылып отыр. Осыған орай, Заң жобасы электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ орнатылған энергия тұтыну режимін бұзу; әзірлік паспортын алу қағидаларын және мерзімін бұзу; электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында, газбен қамту жүйесі объектілерінде жұмыс өндірісін бұзу сияқты бұзушылықтар үшін айыппұл санкцияларының артуын қарастырады.
Тексерілетін субъектілермен белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның электр энергетикасы саласындағы заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы нұсқамасын орындамау, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қоры нормасын сақтауына мемлекет тарапынан шынайы бақылау тетіктерінің болмау жағдайлары электр энергетика саласында бақылау қызметінің нақтылы проблемаларының бірі болып табылады. Еліміздің тұтынушыларының мәлімделген көлемінен тыс электр қуатын тұтыну жағдайлары да маңызды проблема болып табылады.  
Санатталған тұтынушылардың сенімді электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында авариялық бронь ұғымын, сондай-ақ электр тұтыну санаттылығын айқындау мәселелерін ретке келтіру бөлігінде «Электр энергетикасы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу қажет.  
Заң жобасының мақсаты мыналар болып табылады:
1. Мына:
- иесі жоқ электр желілерін қабылдаған кезде энергия беруші ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату;
- энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйым салуды алып тастау;
- желілерді кеңейткен кезде электр энергиясын беру тарифтерінің щекті деңгейлерін қайта қару мүмкіндігін енгізу;
- жаңадан салынған шағын станциялар мен желілерді және мемлекеттік кәсіпорындардың балансындағы электр желілерін беру;
- энергия беруші ұйымдардың қызмсетіне қойылатын талаптарды Заң деңгейінде біртіндеп енгізу жолымен ӨЭК-ті ірілендіру.
2. Электр энергиясын беру және тарату жөнінде қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны, желілерді бұзғаны, желілер мен шағын станцияларды техникалық тұрғыдан тиісінше күтіп-ұстамағаны үшін энергия беруші ұйымдарға қатысты әкімшілік жауапкершілікті, тексерілетін субъектілердің белгіленген заңнама нормаларын талаптарын, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органының электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамаларын орындамаған үшін энергетика компанияларының әкімшілік жауапкершілігін енгізу.
3. Қолданыстағы заңнамаға өзге де өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына АНЫҚТАМА ПАРАҒЫ
 

1.

Заңжобаның қозғаушысы (органның толық атауы).

Қазақстан Республикасының Үкіметі.

2.

Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қандарындағы № 22 бұйрық.

3.

Заңжобаның бас комитеті .



4.

Заңжобаның Қазақстан Республикасы Парламентінде тіркеу күні.



5.

Қазақстан Республикасы Парламенті тұрақты комитетінің Заңжоба туралы тұжырымдары.



6.

Заңжобаның ғылыми сараптамасы.

Өткізілді:

  1. Ғылыми-құқықтық сараптама – «Құқықтық аналитика институты» ЖШС;

  2. Экономикалық сараптама – «Экономикалық зерттеу институты» АҚ

  3. Лингвистикалық сараптама – «ҚР Заңнама институты» МБ.

Ғылыми сараптаманың ескертулерін қабылдауы мен қабылдамауы.

Барлық ескертулер қабылданды

Ғылыми сараптаманың тұжырымдарын қабылдамау себептердің негіздеулері.

Қабылданбаған ескертулер жоқ

7.

Аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сараптама тұжырымдары.

  • «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • «Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың Қазақстандық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі;

  • «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциациясы ;

  • «KAZWATER» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • «Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілердің және кәсіпкерлердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • «Қазақстандық автокәсіпкерлік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сараптаманың ескертулерін қабылдауы мен қабылдамауы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясының ескертулерінің жартысы қабылданды, ал қабылданбаған ескертулер бойынша қабылдамау себептері жазбаша жіберілген.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сараптаманың тұжырымдарын қабылдамау себептердің негіздеулері.

Қабылдамау себептерінің негіздері:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР ЭМ 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 12-05/9400 шығ. хатымен;

2. «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне ҚР ЭМ 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 12-05/7387 шығ. хатымен;

3. Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясына ҚР ЭМ 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 12-05/5792 шығ. хатымен жіберілді.

7-1

Реттеушілік әсерді талдаудың орындалуының қорытындысы туралы ақпарат (бар жағдайда).

Протокол № 27 Межведомственной комиссии по вопросам регулирования предпринимательской деятельности от 18 февраля 2016 года

Протокол Межведомственной комиссии по вопросам регулирования предпринимательской деятельности

8.

Заңжобаның жүзеге асыру жүрісінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.



9.

Заңжоба баяндамасымен шығуды кімге тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министірі Қ. Бозымбаевқа.

10.

Альтернативтік жобалардың бары.

Жоқ.

11.

Заңжобаның Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші оқылымында қаралу күні және оның қорытындысы



12.

Заңжобаны екінші оқылымында әзірленуге мен жетілдіруге тапсырылған бас комитеті (комиссия), басқа орган.



13.

Заңжобаны халық талқылауға шығару мен мерзімі.

2016 жылғы 15 ақпанында ҚР Энергетика министрлігінің интернет-ресурсунда орналасқан.

Ашық НҚА порталында.

14.

Комитеттің заңжобаның қорытындысы (екінші оқылымына дейін).



15.

Заңжобаның Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші оқылымында қаралу күні және оның қорытындысы.



16.

Заңның күшіне енетін уақыты.

2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

17.

Басқа талаптар.