• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 491 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді 
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17- 18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 10.08.2016 ж., № 152 (28880):
1) 105-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдіктері аппараттарының құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.»;
2) 112-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдіктерінің аппараттары заңнамалық актілерде, ережелерде немесе осы органдардың мәртебесiн айқындайтын өзге де актілерде белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.»;
3) 192-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару деңгейлерi бойынша бөлiнедi:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
2) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) меншік;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншігі (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі) болып бөлінеді.»;
4) 202-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік мекемелердің – аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі) жедел басқару құқығын іске асыруы ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы және Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамалық актісімен айқындалады.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19, 100, 106-құжаттар; № 20, 113, 117-құжаттар; № 21, 121, 124, 130, 132-құжаттар; № 22, 140, 143, 144-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 62-құжат):
1) мазмұнында:
9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет»;
мынадай мазмұндағы 9-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«9-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында бюджетке түсетін түсімдерді бөлу»;
52-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке түсетін түсімдер»;
мынадай мазмұндағы 52-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«52-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне түсетін түсімдер»;
56-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстары»;
мынадай мазмұндағы 56-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«56-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстары»;
73-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу»;
мынадай мазмұндағы 73-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«73-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу»;
78-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессияларында қарау»;
79-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары, шешімдері»;
109-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті нақтылау»;
мынадай мазмұндағы 109-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«109-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау»;
мынадай мазмұндағы 120-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«120-3-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау»;
131-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«131-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну»;
мынадай мазмұндағы 131-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«131-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну»;
132- баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: