• Мое избранное
«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 359-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін және тәуекел дәрежесінің критерийлерінқолдану қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалар, тек төмендегі мынадай:  
ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;  
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 миллион еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем еместі құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын салық төлеушілердің тікелей өнім берушілеріне қатысты қолданылады.
Бұл ретте, критерийлерді пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша алынған, осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы нөлге тең.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚазақстанРеспубликасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кестесі
 

Р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

1.

14-тармақ

14. ҚҚС асып түсуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілер бойынша осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты қолданылады. Бұл ретте, критерийлерді пайдалана отырып бағалаудың нәтижелері бойынша алынған оңайлатылған тәртіппен қайтаруды қолдануға құқығы бар салық төлеушілер бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы нөлге тең.

14. Осы Қағидалар, тек төмендегі мынадай:

ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 миллион еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем еместі құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын салық төлеушілердің тікелей өнім берушілеріне қатысты қолданылады.

Бұл ретте, критерийлерді пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша алынған, осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы нөлге тең.

Ұсынылып отырған өзгеріс Қазақстанның аумағында ірі инвестициялық жобаларды, инвестициялық қызметті көтермелеуді қолдау үшін және елдің экономикасына капиталды тартуға қолайлы ахуалды құру үшін енгізіліп отыр.

Қазақстан Республикасының
Қаржы Вице-министрі А. Теңгебаев
«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Б.Ә. Сағынтаевта өткізілген кеңесте берілген 2016 жылғы 26 шілдедегі № 20-5/И-346 тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстанның аумағында ірі инвестициялық жобаларды қолдау, инвестициялық қызметті көтермелеу және ынталандыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Көрсетілген жобаны қабылдауда теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдағы қаржылық шығындар

Көрсетілген жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудағы нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжамдағы тиімділігі

Ағымдағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстанның экономикасын дамытуға қосымша инвестициялар тарту

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысы;

«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 214 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба заңнаманы кейіннен оған сәйкес келтіруді болжамайды

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Қосымша сараптама жүргізілген жоқ

9 .

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат ету

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ https://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған

12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта) баспасөз-релизін (баспасөз релизінің атауы, күні) орналастыру туралы ақпарат

Талап етілмейді

13.

Реттеуіш ықпал етуге (бар болған кезде) талдау жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат

Талап етілмейді

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоба халықаралық шарт болып табылмайды

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
2016 жылғы « »