• Мое избранное
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының ұсынылатын білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау, cонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметтерінің деңгейін, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыруды бағалау үшін өткізіледі.
Қызмет деңгейін бағалау құзырлы орган бекіткен білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес іске асырылады.
Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің (бұдан әрі – бастамашыл өтініш) негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде бес жылда бір рет өткізеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік аттестация келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
1) білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауының білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес іске асырылуы;
2) білім беру мекемелерінің бастамашылық жүгінуі және өзіндік бағалау материалдарын уәкілетті органдарға жолдау;
3) уәкілетті орган тарапынан білім беру ұйымының өзіндік бағалау материалдарын талдау;  
4) мемлекеттік аттестаттау жүргізу;
5) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сейкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылдауы;  
6) уәкілетті органға білім беру ұйымының құрылтайшымен келісілген қызметті жақсарту бағдарламасын ұсыну.»;  
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мектепке дейінгі жалпы білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу нысаналары болып табылады:  
1) бақылау және басқару сапасы;
2) оқыту және тәрбиелеу сапасы;
3) тәрбиелеу нәтижелері;
4) тәрбиеленушілердің өмір әрекетін ұйымдастыру сапасы;
5) ресурстар;
6) көтермелеу және қамқорлық көрсету;
7) ата-аналар мен жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу сапасы.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу нысаналары болып табылады:  
1) бақылау және басқару сапасы;
2) оқыту сапасы;
3) оқушылардың нәтижелері;
4) ресурстар;
5) көтермелеу және қамқорлық көрсету;
6) ата-аналар мен жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу сапасы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын сондай-ақ мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері:
1) жалпы сипаттама;
2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме;
5) оқу-тәрбие жұмысы;
6) оқу-материалдық активтер;
7) оқу және ғылыми зертханалар;
8) ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы не ғылыми қызмет;
11) кәсіптік практика болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік аттестаттау жүргізгенде ақпараттар жинаудың негізгі әдістері:
1) білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін қарау;
2) оқу сабақтарына қатысу және талдау;
3) білім беру ұйымдарының құжаттарын зерделеу;
4) білім беру ұйымдарының әкімшілік – басшылық персоналы қызметтерін зерделеу;
5) сыртқы және ішкі бағалау нәтижелері бойынша білім алушылардың жетістіктерін сараптау;
6) тәрбиеленушілер және білім алушылар ата-аналарымен, қызметкерлермен, педагогтар және оларға теңестірілген тұлғалармен, білім алушылармен анкеталау және сұхбат жүргізу;  
7) білім алушылардың білімін кешенді тестілеу, білім және біліктілік дағдыларының кесінділері, бақылаудың басқа да түрлері арқылы бағалау болып табылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде біртұтас тәсіл мен сапаны жақсартуды қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және олардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің бағдарламалары және әдістемелік ұсынымдарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді, олардың мәтіні тиісті уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкілетті орган төмендегі өкілдерді енгізе алады:
1) тиісті уәкілетті органның;
2) егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда, қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың;
3) мемлекеттік аттестаттауға жататын білім мекемесінің бейіндік әрекеті бойынша білікті маман болып табылатын білім беру мекемесі мен олардың қауымдастықтары  
4) білім саласындағы тестілеу бойынша уәкілетті органдар;
5) бағдарлы бағытттағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар
6) автономды білім ұйымдарынан басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасы.»;  
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, білім дағдыны және іскерлікті бақылау жоғары сыныптар мен курстардағы білім алушылармен өткізіледі (бірінші сыныптар және курстардан басқа).»;
26-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып жатқан білім ұйымдары үшін білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау келесідей айқындалады:
«uzdik» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 89 % – 100 % құраса, барлық тест пәндерінен «5» және «4» бағаларының үлесі 50 % және одан жоғары болғанда;
«zhaqsy» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 75 % – 88 % құраса, барлық тест пәндерінен «5» және «4» бағаларының үлесі 30 % – 50 % болғанда;
«ortasha» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 60 % – 74 % құраса, барлық тест пәндерінен «5» және «4» бағаларының үлесі 30 % аз болғанда;
«nashar» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 60 % төмен болғанда.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Төраға мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу объектілерінің барлығы бойынша бақылау нәтижелерін жинақтайды және аттестаттау комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қорытынды осы Ереженің 7 тармағында белгіленген зерделеу объектілерінің мәліметтерінен тұрады, сонымен қатар, келесі бөлімдер кіреді: шығармашылық іс әрекет (өнер білім ұйымдары үшін); мамандықтарды аттестаттау (кәсіп); сауалнама қорытындылары; ескертулер мен кемшіліктер (әрі қарай – бұзушылықтар); ұсыныстар мен қорытындылар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «uzdik», «zhaqsy», «ortasha», «nashar» болып бағаланады.
Білім беру ұйымдарының қорытындысы әрбір өлшем бойынша бағалаудан және білім ұйымының күшті және әлсіз жақтарын көрсетуден, сонымен қатар, 7 тармақта белгіленген бағыттарды жақсарту бойынша ұсыныстардан тұрады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Қорытындыға мынадай дәлелдеме құжаттар қоса беріледі:
1) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары және мамандықтары (кәсіптері) бойынша білім алушылар туралы мәліметтер;
2) білім беру ұйымының педагогикалық, профессор-оқытушылар құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;
3) білім мен іскерлікті бақылау нәтижелері;
4) мамандықтар (дайындау бағыттары) бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша анықтамалар.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«33. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына толық, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелеріне арналған:
- мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша «uzdik» қызмет бағасын алған білім мекемелерінің қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес деп саналады. Осы білім мекемелері қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі туралы тұжырымның қолданылуы екі нормативтік мерзімге ұзартылады.
- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша қызметті бағалаудың «zhaqsy» бағасын алған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес деп есептеледі. Осы білім беру ұйымдары қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының қолданысы біржарым нормативтік мерзімге ұзартылады;
- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша қызметті бағалаудың «ortasha» бағасынан төмен баға алған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес емес деп есептеледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін:
- мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру қызметінің бағасы және білім алушылардың білімі мен іскерлігінің бағасы «uzdik» багаланса, білім беру ұйымының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылады. Аталған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы қорытындысының қолданысы екі нормативті мерзімге ұзартылады;
- мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру қызметінің бағасы және білім алушылардың білім мен іскерлігінің бағасы «zhaqsy» дан төмен болмаған жағдайда, білім беру ұйымының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылады. Аталған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысының қолданысы біржарым нормативті мерзімге ұзартылады ;
- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымының қызметін бағалауы және білім алушылардың білімі мен біліктілігін бағалауы орта «ortasha» бағадан төмен емес баға алған білім беру ұйымының қызметі, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың талаптарына сәйкес болып есептеледі;
- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымының қызметін бағалауы немесе білім алушылардың білімі мен біліктілігін бағалауларының бірі, орта «ortasha» бағадан төмен баға алған білім беру ұйымының қызметі, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:  
«34-1. Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша «uzdik»-тен төмен баға алған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары құзырлы орган ұсынымдарын ескере отырып қызметтерін жақсартуға бағытталған бағдарламалар жасайды.
Жақсарту бағдарламасының жүзеге асуына білім беру ұйымының құрылтайшысы мониторинг жүргізеді.
Жақсарту бағдарламасының жүзеге асуына бақылау жүргізуді құзырлы орган жүзеге асырады.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы бөлігімен толықтырылсын:  
«Білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттау нәтижесінің қорытындылары туралы ата-ананың жұртшылығына хабардар жасайды.».
Қазақстар Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 

р/с



Нормативтік құқықтық актінің құрылымы

Қолданыстағы

редакция

Ұсынылатын

редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

2-тармақ

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының ұсынылатын білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау, cонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметтерінің деңгейін, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыруды бағалау үшін өткізіледі.

Қ ы змет деңгейін бағалау құз ы рл ы орган бекіткен білім беру ұй ы мдар ы н бағалау өлшемшарттар ы на сәйкес іске ас ы р ы лад ы .

Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің (бұдан әрі – бастамашыл өтініш) негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы (бұдан әрі – ББҒДМБ)

5-бөлік. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар. Орта білім.

3-тармақтың 10-бөлігі «Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу схемасына сәйкес білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады.».

4-тармақтың бірінші бөлігі

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде бес жылда бір рет өткізеді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375 ( бұдан әрі ҚР КК )

137-бабы 3-тармағы 8)- тармақшасы « тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген ».

5-тармақ

Мемлекеттік аттестаттау мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1) уәкілетті органның мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін күнтізбелік жылға бекітуі;

2) тиісті уәкілетті органның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарын (білім беру сапасын ішкі бағалау) талдауды жүзеге асыруы, аттестаттау комиссиясын қалыптастыру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырым жасау;

3) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы.

Мемлекеттік аттестация келесі негізгі кезеңдерден тұрад ы:

  1. білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауының білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес іске асырылуы;

  2. білім беру мекемелерінің бастамашылық жүгінуі және өзіндік бағалау материалдарын уәкілетті органдарға жолдау;

  3. уәкілетті орган тарапынан білім беру ұйымының өзіндік бағалау материалдарын талдау;

  4. мемлекеттік аттестаттау жүргізу;

  5. уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сейкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылдауы;

  6. уәкілетті органға білім беру ұйымының құрылтайшымен келісілген қызметті жақсарту бағдарламасын ұсыну.

ББҒДМБ

5-бөлік. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар. Орта білім.

5-тармақтың 9-бөлігі «Мектептің өзін-өзі бағалау рәсімі жетілдірілетін болады.».

7-тармақ

Білім беру ұйымын, сондай-ақ мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері:

1) жалпы сипаттама;

2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;

3) білім алушылардың контингенті;

4) оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме;

5) оқу-тәрбие жұмысы;

6) оқу-материалдық активтер;

7) оқу және ғылыми зертханалар;

8) ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры;

9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;

10) ғылыми-зерттеу жұмысы не ғылыми қызмет;

11) кәсіптік практика болып табылады.

Мектепке дейінгі жалпы білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу нысаналары болып табылады:

  1. бақылау және басқару сапасы;

  2. оқыту және тәрбиелеу сапасы;

  3. тәрбиелеу нәтижелері;

  4. тәрбиеленушілердің өмір әрекетін ұйымдастыру сапасы;

  5. ресурстар;

  6. көтермелеу және қамқорлық көрсету;

  7. ата-аналар мен жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу сапасы.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу нысаналары болып табылады:

  1. бақылау және басқару сапасы;

  2. оқыту сапасы;

  3. оқушылардың нәтижелері;

  4. ресурстар;

  5. көтермелеу және қамқорлық көрсету;

  6. ата-аналар мен жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу сапасы.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын сондай-ақ мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері:

  1. жалпы сипаттама;

  2. кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;

  3. білім алушылардың контингенті;

  4. оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме;

  5. оқу-тәрбие жұмысы;

  6. оқу-материалдық активтер;

  7. оқу және ғылыми зертханалар;

  8. ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры;

  9. білім алушылардың білім сапасын бағалау;

  10. ғылыми-зерттеу жұмысы не ғылыми қызмет;

  11. кәсіптік практика болып табылады.

« Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы



8-тармақ

Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде ақпарат жинаудың негізгі әдістері:

1) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін шолып қарау;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар талаптарының сақталуын тексеру мақсатында білім беру ұйымдарының құжаттамасын зерделеу;

3) оқу процесінің көрсеткіштерін талдау;

4) оқу жетістіктерін бағалаудың, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін талдау;

5) білім алушыларды, педагогтар мен оларға теңестірілген адамдарды, қызметкерлерді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын сауалнамадан өткізу;

6) оқу сабақтарына қатысу;

7) білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесу;

8) білім алушылардың білім сапасын кешенді тестілеу және білім кесінділерін бақылаудың басқа да түрлерін өткізу арқылы бағалау болып табылады.

Мемлекеттік аттестаттау жүргізгенде ақпараттар жинаудың негізгі әдістері:

  1. білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін қарау;

  2. оқу сабақтарына қатысу және талдау;

  3. білім беру ұйымдарының құжаттарын зерделеу;

  4. білім беру ұйымдарының әкімшілік – басшылық персоналы қызметтерін зерделеу;

  5. сыртқы және ішкі бағалау нәтижелері бойынша білім алушылардың жетістіктерін сараптау;

  6. тәрбиеленушілер және білім алушылар ата-аналарымен, қызметкерлермен, педагогтар және оларға теңестірілген тұлғалармен, білім алушылармен анкеталау және сұхбат жүргізу;

  7. білім алушылардың білімін кешенді тестілеу, білім және біліктілік дағдыларының кесінділері, бақылаудың басқа да түрлері арқылы бағалау болып табылады.

ҚР КК

151-бабы 2-тармағы

« Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеру жүргiзу кезiнде егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге құқылы емес ».

10-тармақ

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде біртұтас тәсіл мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және олардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің бағдарламалары және әдістемелік ұсынымдарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді, олардың мәтіні тиісті уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде біртұтас тәсіл мен сапаны жақсартуды қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және олардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің бағдарламалары және әдістемелік ұсынымдарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді, олардың мәтіні тиісті уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

« Білім туралы »

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы

5-бабы 21-2) -тармағы «разрабатывает и утверждает критерии оценки организаций образования».

15-тармақ

Аттестаттау комиссиясының құрамына:

1) тиісті уәкілетті органның;

2) егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда, қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың;

3) мемлекеттік аттестатталуға тиіс білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша білікті мамандар болып табылатын білім беру ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының);

4) білім беру саласындағы уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымының;

5) бейінді бағыттар бойынша кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың өкілдері кіреді;

6) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады.

Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкілетті орган төмендегі өкілдерді енгізе алады:

  1. тиісті уәкілетті органның;

  2. егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда, қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың;

  3. мемлекеттік аттестаттауға жататын білім мекемесінің бейіндік әрекеті бойынша білікті маман болып табылатын білім беру мекемесі мен олардың қауымдастықтары

  4. білім саласындағы тестілеу бойынша уәкілетті органдар;

  5. бағдарлы бағытттағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар

  6. автономды білім ұйымдарынан басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасы.

ҚР КК

154-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы « Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар .».

20-тармақтың екінші бөлігі

Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, білімді, дағдыны және іскерлікті бақылау жоғарғы сыныптар мен курстардағы білім алушылармен өткізіледі.

Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, білім дағдыны және іскерлікті бақылау жоғары сыныптар мен курстардағы білім алушылармен өткізіледі (бірінші сыныптар және курстардан басқа).

Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

51 -тармақ « Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың базалық (міндетті) деңгейді меңгеруін және оқу жүктемесінің көлемін білім саласындағы уәкілетті орган бақылайды. ».

26-тармақтың үшінші бөлігі

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 23-тармағында келтірілген бағалау шәкілі бойынша «қанағаттанарлық» бағасынан төмен емес деп айқындаса білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.



Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып жатқан білім ұйымдары үшін білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау келесідей айқындалады:

«uzdik» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 89 % – 100 % құраса, барлық тест пәндерінен «5» және «4» бағаларының үлесі 50 % және одан жоғары болғанда;

«zhaqsy» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 75 % – 88 % құраса, барлық тест пәндерінен «5» және «4» бағаларының үлесі 30 % – 50 % болғанда;

«ortasha» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 60 % – 74 % құраса, барлық тест пәндерінен «5» және «4» бағаларының үлесі 30 % аз болғанда;

«nashar» – барлық тест пәндерінен оң бағалардың үлесі 60 % төмен болғанда.

ББҒДМБ

5-бөлік. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар. Орта білім.

5-тармақтың 6-бөлігі «Мектептерді аттестаттау ұсынылатын қызмет сапасының деңгейі бойынша орта білім беру ұйымдарын саралау жүйесін енгізу негізінде өткізілетін болады. Мектептер үлгілі, жақсы, жақсартуды талап ететін және төмен деген төрт деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады.».

28-тармақ

Төраға мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу объектілерінің барлығы бойынша бақылау нәтижелерін жинақтайды және аттестаттау комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды.

Қорытынды осы Ереженің 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден құралады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); мамандықтарды (кәсіптерді) аттестаттау; сауалнама нәтижесі; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.

Төраға мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу объектілерінің барлығы бойынша бақылау нәтижелерін жинақтайды және аттестаттау комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қорытынды осы Ереженің 7 тармағында белгіленген зерделеу объектілерінің мәліметтерінен тұрады, сонымен қатар, келесі бөлімдер кіреді: шығармашылық іс әрекет (өнер білім ұйымдары үшін); мамандықтарды аттестаттау (кәсіп); сауалнама қорытындылары; ескертулер мен кемшіліктер (әрі қарай – бұзушылықтар); ұсыныстар мен қорытындылар.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «uzdik», «zhaqsy», «ortasha», «nashar» болып бағаланады.

Білім беру ұйымдарының қорытындысы әрбір өлшем бойынша бағалаудан және білім ұйымының күшті және әлсіз жақтарын көрсетуден, сонымен қатар, 7 тармақта белгіленген бағыттарды жақсарту бойынша ұсыныстардан тұрады.

ББҒДМБ

5-бөлік. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар. Орта білім.

5-тармақтың 6-бөлігі «Мектептерді аттестаттау ұсынылатын қызмет сапасының деңгейі бойынша орта білім беру ұйымдарын саралау жүйесін енгізу негізінде өткізілетін болады. Мектептер үлгілі, жақсы, жақсартуды талап ететін және төмен деген төрт деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады.».

30-тармақ

Қорытындыға мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері;

2) білім беру ұйымының құрылымы;

3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары және мамандықтары (кәсіптері) бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;

4) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық және қызмет көрсететін құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;

5) білім мен іскерлікті бақылау нәтижелері;

6) мамандықтар (дайындау бағыттары) бөлінісінде аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.

Қорытындыға мынадай дәлелдеме құжаттар қоса беріледі:

  1. білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары және мамандықтары (кәсіптері) бойынша білім алушылар туралы мәліметтер;

  2. білім беру ұйымының педагогикалық, профессор-оқытушылар құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;

  3. білім мен іскерлікті бақылау нәтижелері;

  4. мамандықтар (дайындау бағыттары) бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша анықтамалар.

ҚР КК

154-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы « Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тіркеу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге құқығы бар. ».

33-тармақ

Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына толық, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелеріне арналған:

- мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша «uzdik» қызмет бағасын алған білім мекемелерінің қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес деп саналады. Осы білім мекемелері қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі туралы тұжырымның қолданылуы екі нормативтік мерзімге ұзартылады.

- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша қызметті бағалаудың «zhaqsy» бағасын алған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес деп есептеледі. Осы білім беру ұйымдары қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының қолданысы біржарым нормативтік мерзімге ұзартылады;

- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша қызметті бағалаудың «ortasha» бағасынан төмен баға алған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес емес деп есептеледі.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін:

- мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру қызметінің бағасы және білім алушылардың білімі мен іскерлігінің бағасы «uzdik» багаланса, білім беру ұйымының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылады. Аталған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы қорытындысының қолданысы екі нормативті мерзімге ұзартылады;

- мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру қызметінің бағасы және білім алушылардың білім мен іскерлігінің бағасы «zhaqsy» дан төмен болмаған жағдайда, білім беру ұйымының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылады. Аталған білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысының қолданысы біржарым нормативті мерзімге ұзартылады ;

- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымының қызметін бағалауы және білім алушылардың білімі мен біліктілігін бағалауы орта «ortasha» бағадан төмен емес баға алған білім беру ұйымының қызметі, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың талаптарына сәйкес болып есептеледі;

- мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымының қызметін бағалауы немесе білім алушылардың білімі мен біліктілігін бағалауларының бірі, орта «ortasha» бағадан төмен баға алған білім беру ұйымының қызметі, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.

ББҒДМБ

5-бөлік. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар. Орта білім.

5-тармақтың 7-бөлігі «.».

«Орта білім беру ұйымдарын оқыту сапасы мен нәтижелілікті арттыруға ынталандыру мақсатында табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі пысықталатын болады.».

34-1-тармақ

Қолданыстағы редакцияда жоқ

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша «uzdik»-тен төмен баға алған м ектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары құзырлы орган ұсынымдарын ескере отырып қызметтерін жақсартуға бағытталған бағдарламалар жасайды.

Жақсарту бағдарламасының жүзеге асуына білім беру ұйымының құрылтайшысы мониторинг жүргізеді.

Жақсарту бағдарламасының жүзеге асуына бақылау жүргізуді құзырлы орган жүзеге асырады.

ҚР КК

153 -бабы

« Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шараларды қолдануға мiндеттi. ».

37-тармақтың екінші бөлігі

Әрекеттегі мәтінде жоқ

Білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттау нәтижесінің қорытындылары туралы ата-ананың жұртшылығына хабардар жасайды .

« Білім туралы »

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы

49-бабы 1-тарма қ 3-тармақшасы

« Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға құқығы бар. ».

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес келтіру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеліп соқтырмайды



4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

М ектеп және мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкестігін анықтау барысында білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын қолдану

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және / немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

  1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 қаулысы

  2. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 265 қаулысы

  1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 635 қаулысы

  2. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 290 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік ұйымның (веб-сайт, интранет-портал немесе басқа ақпарат жүйесінде) интернет-ресурсына орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысында байт санының көрсетілуімен шыққан файл атауы)

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсын-да орналастырылған

12.

Мемлекеттік ұйымның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасының баспасөз хабарламасын (баспасөз хабарламасының атауы, күні) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасының әлеуметтік мәні жоқ



13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
2016 жылғы «___»___________