• Мое избранное
«Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
1. «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) қосымша пайдалануға арналған арналған оқулық – бірыңғай базалық оқулыққа көмекші оқу материалы ретінде пайдаланылатын қосымша оқу басылымы»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 5)-тармақшамен толықтырылсын:
«5) ЭҚ болуы»
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Автор, авторлық ұжым ҚР МЖБС-ға сәйкес уәкілетті орган білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат еткен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі құралдардың мазмұнын әрбір төрт жылда, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір алты жылда өңдейді.
7. «Оқулық» орталығы уәкілетті органмен келісілген барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама бойынша Тақырыптық жоспарды (бұдан әрі – тақырыптық жоспар) келесі жылға ағымдағы жылдың қарашасына дейін бекітеді».
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптамаға қабылдау «Оқулық» орталығы бекіткен сараптама өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады».
12-тармақтың:
бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Оқу әдебиетінің авторы, авторлық ұжымы, баспасы және әзірлеушілері уәкілетті органға немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) «Оқулық» орталығына келесі материалдарды жібереді:»  
2) тармақшасы алынып тасталсын.  
5) тармақшасының екінші бөлімі алынып тасталсын.  
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1. Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы жіберілген жағдайда әзірлеуші сараптамаға құжатттар мен материалдарды «Оқулық» орталығына және сараптамалық шешімді әзірлеушіге жеткізу қызметінің ақысын төлейді.»  
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік корпорация ұсынылған материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықтайды.
Мемлекеттік корпорация бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен материалдарды сараптама жасау үшін «Оқулық» орталығына жібереді».
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13 Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19 және 19-1-баптарына сәйкес сараптаманы өткізу үшін материалдарды қабылдаудан бас тартады».
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«15. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама өткізу ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ғылыми және әдістемелік аппараттың – білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарына, психология-педагогика ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
«Оқулық» орталығы бастауыш білім беру деңгейінің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне келесі қайта басып шығарылғанға дейін сынақалды және сынақтан кейінгі сараптама өткізеді.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін олардың электрондық нұсқалары сараптамадан өткізу кезінде «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында орналастырылады».
16,17 және 18 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:  
  «16.    
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі оқулықтарды Тізбеге қосу үшін:  
оң сараптамалық шешім алған жағдайда – «Пәндік комиссия мәжілісінде қарауға ұсынылады», ал сынаққа жолданатын оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады»;  
сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «өңдеуді қажет етеді», соның ішінде сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттері үшін;
теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды», сонымен бірге сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттеріне – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылмайды.
  2)       оң сараптамалық шешім алған жағдайда – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш,негізгі орта және жалпы орта,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінің оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдары үшін, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі, сондай-ақ басқа да қосымша оқу әдебиеттері үшін – «білім беру ұйымдарына Тізбеге енгізілмей пайдалануға ұсынылады»;
сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «Өңдеуді қажет етеді»;
теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылмайды».
17. Мемлекеттік корпорация авторға (авторлық ұжымға) немесе баспаға сараптама нәтижелерін туралы хабарлайды және береді.
  18. «Оқулық» орталығының сараптама қорытындысына сәйкес автор (авторлық ұжым) немесе баспа өңдеуді талап ететін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды өңдеуден кейін Мемлекеттік корпорацияға қайта сараптама өткізуге сараптамалық шешімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жібереді. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды қайта сараптамадан өткізуге байланысты барлық шығыстар (мемлекеттік тапсырыстан басқа) автор, авторлық ұжым немесе баспа есебінен өтеледі.       Екінші рет қайтарылған немесе білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмаған оқу басылымдары ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды».
26,27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:  
«26. Министрлік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, соның ішінде электронды жеткізгіштердегі құралдарды, сараптама және сынақ жүргізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық комиссияның құрамын бұйрықпен төрт жылға бекітеді.
Республикалық комиссияның құрамына отандық білім беруді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, педагогикалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді.
Уәкілетті орган пәндік комиссияларды құрады.
Пәндік комиссиялар құрамы бір жыл мерзімге бекітіледі. Әрбір пәндік комиссия құрамына жетекші, ғалымдар және пән мұғалімдерінен тұратын комиссияның төрт мүшесі кіреді.  
  Пәндік комиссиялар:        
1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сараптама, сынақ нәтижелерін қарастырады;
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарды қоғамдық бағалау қорытындыларын қарастырады.
3) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарға сараптамалық бағалау, саралау жүргізеді;  
4) мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, соның ішінде бірыңғай базалық оқулықтарды пайдалану бойынша Республикалық комиссия қарауына ұсынады»;  
27. Республикалық комиссия:
1) пәндік комиссиялар жұмысының қорытындыларын қарастырады;
1-1) сараптама, сынақ нәтижелерін және пәндік комиссиялардың ұсыныстарын есепке ала отырып, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, бірыңғай базалық оқулықтарды іріктейді;
  2)   пәндік комиссиялардың ұсыныстарын қарастыру негізінде қорытынды мәжілісте оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесінде қолдану бойынша келесі шешім қабылдайды:
«оқу процесінде пайдалануға ұсынылады»;
«оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды»;
«оқу процесінде бірыңғай базалық оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады»;
«оқу процесінде қосымша қолдануға арналған оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады»;
3) барлық білім беру деңгейіне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді».
28-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:  
«28. Республикалық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Отырыс Республикалық комиссия мүшелерінің жартысынан көп бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.»;
Республикалық комиссияның шешімі қайта қарастырылмайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімге шағым жасауға болады»;
31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:  
«. Оқу жылының басында бірыңғай базалық оқулықтардың электронды нұсқалары Министрліктің интернет-ресурсына орналастырылады».  
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.А.Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін осы бұйрықтың көшірмесін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) осы тіркелген бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.А. Пірімқұловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрықалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев