• Мое избранное
«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жобасына тұжырымдама жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жобасына тұжырымдама жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жобасына түжырымдама
1. Заң жобасының атауы
«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бүдан әрі - заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігіне негіздеме
Заң жобасы ҚР Президентінің №314 Жарлығымен 2016 жылғы 6 қыркүйекте бекітілген 2016-2021 жылдарға арналған заң шығарушылық жұмыстың Тұжырымдамалық жоспарын орындау аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылға арналған заң жобалық жүмыстарының Жоспары, 2002 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің 82 тармағы, ҚР Әділет Министрлігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 3-8-7/И-3478 хатының негізінде әзірленді.
Қоғамдық қатынасты талдау, құқықтық қолдану тәжірибесі және кәсіби қоғамдастықтар талдаған сұрақтар отандық медиа-саланың одан әрі дамуына жэне оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бүқаралық ақпарат құралдары, телерадиохабар тарату, байланыс және информатизация мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру өзектілігін көрсетті.
Бұкауалык ақпарат қуралдары мен телерадиохабар таратудыц мәселелері
1. Азаматтардың ацпаратца цолжеткізу цщыгын қоргау
1.1. БАҚ саласындағы қолданыстағы заңнама азаматтардың қүқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жалған ақпаратты әшкерелеуді жариялауға қатысты жетілдіруді қажет етеді. Бүгінгі таңда қүқық қолдану тәжірибесі бойынша, азамат аталған қүқығын көбінесе сот тәртібінде ғана пайдалана алады. Осылайша, сотқа дейінгі тәртіппен дауды шешу мүмкіндіктері қажетті деңгейде реттелмеген. Осымен, бір жағынан алып қарағанда, азаматтың шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді эшкерлеуді жариялау құқығы жасанды түрде шектеледі, екінші жағынан БАҚ сотқа дейін дауды шешуден шектеледі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Бүқаралық ақпарат қүралдары туралы» Заңының 19-тармағын дауды сотқа дейін шешуге басымдық бере отырып, қайта қарау үсынылады.
1.2. Мүмкіндігі шектеулі жандар қүқығын қорғау бойынша қабылданған жауапкершіліктер және мүгедектер қүқығы туралы Конвенцияны ратификациялаудан кейін қабылданған Қазақстан Республикасы орындауы тиіс қүқықтық шарттар қүралғаннан кейін олардың ақпаратқа қолжетімділігі мәселелері айрықша күшке ие болды.
«Телегазета» қызметі және/немесе мерзімді баспа басылымдардың электронды нұсқасын ¥лттық телерадиохабар тарату операторының жүйесінде беру Қазақстанда және Достастық елдерінде баламасы жоқ қызмет, абонент ақпаратты тікелей теледидар экранында, оқуға ыңгайлы форматта, мерзімді басылым шығатын күні күнделікті жаңарган жаңалықтармен қамтамасыз етіледі. Бүл түргын үйі шегінен шыга алмайтын және керең-мылқау мүгедектерге жақсы ақпарат ісөзі болып табылады. Журналистік қызметтің аталған түрін заңнамалық тұргыда «Телегазета» түсінігін бекіту ұсынылады.
2. Кәмелетке толмаган жасөспірімдердіц цұцыгын цоргау
2.1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында мемлекеттік органдар, жеке және заңды түлгалар кәмелет жасына толмаган жасөспірімдер мен балалардың адамгершілік және рухани дамуына кері ықпал ететін баланың денсаулыгына зиянын тигізетін теріс ақпараттардан, насихат пен үгіт-насихаттан, әлеуметтік ортаның әсерінен қоргауға мемлекеттік кепілдік береді.
Осы тұргыда, қазіргі күні БАҚ-та кәмелетке толмаган жасөспірімдерге қатысты заңға қарсы деректерді, жәбір көрген балалар туралы толыққанды ақпараттар мен бейнелерді корсету жиілеп кетті.
Осыған байланысты, жасөспірімдерге қатысты қылмыс деректерін жария ету мен олар туралы толыққанды ақпараттар мен суреттерді БАҚ-та көрсетуді реттеу мен шектеу қою туралы өзгерістер қарастыру үсынылады.
Бұдан басқа, байланыс операторлары оқу орындарында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге бейімделген ғаламторды қамтамасыз ететін норманы қарастыру керек.
3. БАҚ-ца артылатын жүктемені жецілдету
3.1 Жаңа технологияларды енгізе отырып, отандық медиа-саланы жетілдіру қажеттілігі мәселелері бойынша қогамдық талқы БАҚ қүқықтық және онымен байланысты экономикалық жүктемені жеңілдету мәселелерімен тікелей сабақтасады. Бірінші кезекте ақпараттық қауіпсіздік түргысынан азын-аулақ бүзушылықтарга әкімшілік жаза көлемі мен формасын өзгерту. Бүларга шығыс деректері және міндетті данасы бойынша тиражды конфискациялау түрімен шара қолданылатын жэне БАҚ қызметін үш айға тоқтататын заңнама талаптарын бұзушылықтарды жатқызуга болады. Осыған байланысты, азын-аулақ бұзушылықтар бойынша жауапкершілік шараларын қайта қарастыру үсынылады.
3.2. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мерзімді баспа басылымдардың иелері заңнамамен белгіленген мерзімде өкілетті органның мекенжайына өнімнің тегін электронды жэне қагаз нұсқасын жеткізуі тиіс. Бұл ретте өкілетті орган одан әрі мониторинг жүргізу мақсатында электронды нұсқасын сақтайды. Мерзімді баспа басылымдардың жүктемесін жеңілдету мақсатында, әрекеттегі талаптардан уэкілетті органға газет және журналдардың тек қана электронды нүсқасын жеткізу бойынша міндеттерін алып тастау үсынылады.  
4. Отандъщ телевизия жэне жарнама нарыгыныц дамуы
4.1. Телерадиохабар тарату мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада ұлттық телерадиохабар таратудың мүддесін қорғау бойынша норма қарастырылған, оған 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап отандық теле-, радиоарналардың апталық телерадиохабар таратуда отандық теле-, радиобағдарламалар және қазақстандық авторлардың музыкалық шығармалары немесе орындаушылар 40% кем болмауы керек, ал 2018 жылғы 1 қаңтардан - 50% кем емес.
Алайда, құқық қолдану тәжірибесі отандық теле-, радиобағдарламалардағы тарату көлеміндегі музыкалық шығармаларды есепке алу бірыңғай емес екенін көрсетеді, сондай-ақ кейбір шығармалар бойынша авторлық бойынша сұрақтар туындайды. Бүл заңнаманың талаптарын сақтау бойынша өкілетті органның бақылау жүргузуіне, сонымен қатар отандық телеарналарда телевизиялық кестені қүру кезінде кедергілер туғызады. Аталған норманы нақтылау мақсатында қайта қарастырып, кемшіліктерді жойып және де жаңа нақты өлшем параметрлерін енгізу ұсынылады. Бүл ретте аталған норманың көлемі жэне принциптері қарастырылмайды.
4.2 Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында БАҚ қызметінің, бірінші кезекте телеарналардың экономикалық түрақтылығы өзекті мәселелердің біріне айналып, негізгі табыс көзі жарнама уақытын сату болып табылады. 2015 жылы мемлекет шетелдік телеарналарда ретрансляциялау кезінде жарнамаға тыйым салу арқылы отандық жарнама нарығын қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдады. Аталған шара жарнамалық қаржының Қазақстанда таралатын шетелдік телеарналарға бағытталуын шектеді. Осы орайда жарнамаланатын тауарлар мен қызметтердің тізімін кеңейту қажеттілігі туындауда (қосалқы қызмет түрлері, теле-сауда және т.б). Сонымен бірге бүл нормада мерзімдік шектеулер қарастырылады.
4.3. Отандық телеарналар берілетін жарнама көлеміне қатысты халықтың көптеген өтініштерін назарға ала отырып, «прайм-тайм» уақытындағы жарнама санына және көлеміне қойылатын талаптарды күштейтуді, сондай-ақ кейбір тауарлар мен қызмет түрлерін мақсатты аудиториясы мен тәуліктегі уақытына қарай шектеу үсынылады.
5. БАҚ-тардыц жаца түрлерін цщыцтыц реттеу
5.1. Әрекеттегі отандық заңнамаға сәйкес, интернет-ресурс БАҚ-қа жатады,ал интернет-ресурста орналастырылған ақпарат, БАҚ-тың өнімі болып табылады. Заңдағы көзқарасқа сәйкес, бүл анықтамаға интернет-ресурстың пайдаланушыларының коментарийлері, сондай-ақ әлеуметтік желі пайдаланушыларының парақшалары кіреді.
Пікірлерді (көзқарастарды және нанымдарды) ашық білдіру түлғаның құқығына қатысты болуына байланысты, мүндай қүқық, тек түлғасы анықталған субьектте, яғни, нақты аты мен тегі белгілі болған субъектте.
Интернет-ресурстарда осындай эрекеттерді жасау мүмкіндігі, соның ішінде, ақпараттың пайдаланушылар тарапынан орналастырылуы, ресурсты қолдану ережесінде ескертіледі (пайдаланушылық келісім). Мұндай пайдаланушылық келісімдер заңнаманың ережелеріне негізделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 15-бабы 1 және 2- тармақтарына сәйкес азамат құқықтарды жэне міндеттерді өзінің атынан (тегі, аты, әкесінің аты) алады және жүзеге асырады. Одан басқа, осы баптың 7- тармағымен бекітілген ережеге сэйкес, басқа тұлғаның атынан құқықтар мен міндеттерді алуға рұқсат етілмейді. Сонымен бірге, Азаматтық заңнамамен лақап атқа құқық бекітілген.
Интернет-ресурстар меншік иелерінің жэне пайдаланушыларының қызметін реттеу үшін, пайдаланушылар тарапынан өздерінің атынан немесе лақап атынан ақпаратты орналастыру мүмкіндігін бір мағынада түсіндіретін ережені нақтылау үсынылады.
5.2 Жаңа технологиялардың, бұқаралық ақпаратты Интернет арқылы тарату формаларының пайда болуы және белсенді дамуы мәнмәтінінде түрлі Интернет ресурстардағы ақпарат таратушылардың («блогерлердің») қызметін заңнамалық реттеуді қажет етеді. Қолданыстағы заңнамадағы «интернет-ресурс» түсінігін «блогерлерге» қатысты қолдану үсынылады.
Сонымен қатар аталған мәселелер блогында өкілетті органда интернет- ресурстарды жүйелік басылым ретінде есепке қоюмен байланысты қүқықтық қайшылықтарды алып тастауды қажет етеді. Өз еркімен есепке қойылғаннан кейін интернет-ресурс БАҚ ретінде толық қүқықтық субъектілік алатындай заңнамалық түрғыда принципті толықтай бекіту ұсынылады.
5.3 Отандық телевизияны модернизациялау жэне жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңына «ІР-TV интернет тарату» түсінігін енгізу ұсынылады. Бүл еліміздің телетарату саласында инновациялық дамуға жасалған жаңа қадам болып табылады, Қазақстанда Интернета пайдалану саласының кеңеюіне эсер етеді және қазақстандық Интернет-ресурстарды пайдаланушылардың, сондай-ақ ҚР аумағында және одан тыс отандық цифрлік эфир және спутниктік хабар тарату көрсетілімдерінің санын арттырады.
6. Журналистік цызметті регламенттеу
6.1. Бүгінгі таңда БАҚ саласындағы қолданыстағы заңнама ресми және мемлекеттік органдардың хабарламаларын таратуды реттейді. Алайда квазимемлекеттік сектор мекемелерінің және басқа да мекемелердің ақпараттық хабарламалары заңнамада көрсетілмеген. Бүл ретте «Ақпаратқа қолжеткізу туралы» заңға сәйкес жоғарыда көрсетілген мекемелер ақпаратты таратушы болып саналады және оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Сондай- ақ қолданыстағы заңнама БАҚ барлық меншік түріне жататаын мекемелерден ауызша және жазбаша сүранымдар ақпарат алуындағы қоғамдық қатынастарды реттемейді. «Ақпараттық хабарлама» және «міндетті хабарлама» үғымдарын енгізіп, сондай-ақ БАҚ-тың ауызша жэне жазбаша сүранымдарына ақпарат үсыну процесстеріне қойылатын талаптарды заңнамалық тұрғыда бекіту үсынылады.
Аталған өзгертулер шеңберінде сондай-ақ сүранымды міндетті түрде бас редактордың қол қоюы талаптарын алып тастау үсынылады.
Бүдан белек, журналистердің шынайы ақпаратқа жүгініп, ақпаратты тексеруі міндеттеледі. Тұлғаның жеке өмірі мен жеке басына қатысты ақпаратты алу үшін, журналист міндетті түрде түлғадан жазбаша рұқсат алуы тиіс.
6.2. Мемлекеттік органдардың ашықтығының алдағы дамуын қамтамасыз ету және БАҚ-пен жүмысқа және мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеуге жауапты мемлекеттік органдардағы және квазимемлекеттік сектордағы лауазымды түлғалардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында олардың мәртебесін бекіту және қүзыреттілігін анықтау ұсынылады.
6.3. Деректерді тасымалдауда цифрлік технологиялардың дамуы және онымен бірге конвергентті журналистиканың дамуы, сондай-ақ БАҚ немесе аумақтық шеңбермен шектелмей журналист қызметінің мүмкіндігі артуы, сондай- ақ «фрилансерлер» - шетелдік БАҚ үшін Қазақстан аумағында журналистік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы азаматтары арасынан журналистер қызметін реттеу мәселелері өзектілігі артуда. Бүл отандық журналистиканың дамуына жаңа қарқын алып келеді және оның халықаралық медиа кеңістікке енуіне үлесін қосады.
7. Қүцыц цолдану тәжірибесін жетілдіру
7.1. БАҚ саласындағы бақылау бойынша өкілетті орган мен оның аумақтардағы органдары арасындағы құзыреттілігіне шектеу қою.
7.2. Бүгінгі танда шығыс деректердің орналасуына талаптар қойылмайды. Басылым иелері шығыс деректерді өнімнің әр түрлі беттерінде орналастырады. Бүдан басқа, заңнамада қандай тираж туралы сөз қозғалғаны туралы айтылмайды: бір реттік, апталық, айлық, бұл БАҚ-ты және тұтынушыларды, мониторинг жүргізетін ведомствоны да жаңылысуға алып келеді.
7.3. Заңнамалық талаптарды бір мәнде түсіндіру мақсатында және мониторингті жүргізуде өкілетті орган мен БАҚ арасындағы даулы жағдайларды жою үшін ҚР «Телерадиохабарлар тарату туралы» жэне «Жарнама туралы» заңдарына бірқатар өзгерістер енгізу қажет.
Жекелеп алганда анықтауды қажет ететін мәселелер:
- жарнамага қатысты «теле-, радиобағдарлама» түсінігі;
- хабар тарату операторларына шетелдік телеарналар контентіне «жарнама кесінділерін» орналастыруга рүқсат етілген бе немесе жоқ па (бір жагынан операторлар шетелдік арналардың мазмүнын өзгертпей ретрансляциялау қажет, ал екінші жағынан заңга қайшы ақпараттың таратылуына жол бермеу керек);
- отандық өнім көлемі бойынша норма (отандық багдарламалардың саны және олардың уақыт бойынша көлемі);
- «қосымша ақпарат» ұғымы;