• Мое избранное

Отправить по почте

«Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына жэне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бүйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-қүқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлкеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік қүқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық қүқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кэсіпорнына жіберілуін;
4) осы бүйрықтың Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бүйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (А.С. Батанов) жүктелсін.  
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы « »__________
№___бұйрығымен бекітілді
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістеме (бүдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме Қазақстан Республикасының халқы бойынша деректерді қалыптастыру және жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) пайдалануына арналған.
Халықтың статистикалық тіркелімінің (бұдан эрі - ХСТ) жұмыс істеуі келесі міндеттердің шешілуін көздейді:
1) қосымша сұрақнамалық пікіртерімдерді жүргізбей-ақ, Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы экімшілік дереккөздерден деректерді жүйелі түрде алу жэне жүктеу;
2) ХСТ деректерін өңдеу, тұлға, отбасы, үй шаруашылығы сияқты статистикалық бірліктерді қалыптастыру;
3) демографиялық статистика саласындағы эртүрлі аспектілі зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін ХСТ деректерін талдау;
4) ХСТ негізінде деректерді түзету жэне тарату.
3. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі үғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Халықтың статистикалық тіркелімі туралы жалпы мәліметтер
4. ХСТ ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының халқы туралы әлеуметтік-демографиялық деректерді жинау, сақтау жэне айқындаудың орталықтандырылған жүйесін білдіреді. Жүйе статистикалық бірліктер мен ахуалдар бойынша деректерді үсыну қажеттілігін ескере отырып қүрылған.
5. ХСТ-ға мәліметтердің түсуі жүйелі түрде, қүбылыстың пайда болуына қарай және белгілі уақыт аралығында кезеңділікпен әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінен жүргізіледі.
6. ХСТ үшін ақпараттарды алудың негізгі дереккөздері әкімшілік дереккөздерден түсетін экімшілік деректер болып табылады. ХСТ үшін ақпарат алудың қосымша дереккөзі ретінде Қазақстан Республикасының аумағында санақ өткізу кезінде түрақты немесе уақытша тұратын адамдар туралы мәліметтерді қамтитын «Халық санағы» дерекқоры пайдаланылады.
7. ХСТ-да үйғарынды ақпаратты қалыптастыру модулі көзделген. ХСТ-дан ақпарат стандарттық есептер және жеке сүраулар бойынша қал ыптастырыл ады.
3-тарау. Халықтың статистикалық тіркелімінің құрылымы
8. ХСТ-ға мәліметтерді жинау түрақты түрде экімшілік дереккөздерден жүзеге асырылады. Әкімшілік дереккөздерден деректер «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес түседі. Әкімшілік деректер анықтамалықтарға сәйкес тексеріледі, содан кейін осы Әдістемеге 1-қосымшаға сэйкес статистикалық бірліктер қал ыптастыры лады.
9. ХСТ жүмыс істеуінің механизмі әкімшілік дереккөздердегі тиісті ақпараттың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының әрбір түрғынына қатысты белгілі бір ақпарат жазбаларын түрақты алуға мүмкіндік береді.
10. ХСТ-да деректерді сақтайтын екі қор пайдаланылады:
1) оперативті деректер қоры - OLTP (Online Transaction Processing);
2) деректер қоймасы - OLAP (Online Analytical Processing).
OLTP қоры әкімшілік дереккөздерден нақты уақыт тэртібінде түсетін мәліметтерді қамтиды және деректерді іздеуді, сұрыптауды, алғашқы өңдеуді, сондай-ақ ХСТ-дағы енгізілген деректердің дүрыстығын бақылауды жэне олардың форматтық-логикалық бақылауларға сәйкестігін жүргізуге мүмкіндік береді.
OLAP қоры статистикалық бірліктердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ серпінді есептерді қүру үшін кесінді қалыптастырады. Кесінділерді қалыптастыру негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша үйғарынды мәліметтерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін экімшілік және статистикалық бірлік түрлері бойынша жүргізіледі.
4-тарау. «Тұлға» статистикалық бірлігі
11. Әр түрлі әкімшілік дереккөздерден ХСТ-ға эрбір түлға бойынша мәлімет түседі. Алынған деректер негізінде статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыратын «Тұлға» статистикалық бірлігі қалыптастырылады.
Осы Әдістемеге 2-қосымшада ХСТ-да «Түлғаны» сипаттайтын атрибуттар келтірілген.
5-тарау. «Отбасы» статистикалық бірлігі
12. ХСТ-да «Отбасы» мағынасында бірігіп тұратын және бір-бірімен тіркелген неке шеңберінде немесе ата-ана жэне бала туыстықпен байланысқан екі немесе одан да көп тұлғалардан түратын топ. Отбасы ретінде баласыз, немесе 1 балалы немесе одан көп балалы жүбайлар немесе бір не одан да көп балалы ата-ананың біреуін айтамыз.
ХСТ-да отбасылардың келесі типтері қалыптастырылады:
1) Қарапайым отбасы - баласыз немесе бір және одан да көп балалы жүбайлардан тұратын отбасы.
2) Толық емес отбасы - бір немесе одан да көп баласы бар бір ата-анадан тұратын отбасы.
Осы Әдістемеге 3-қосымшада «Отбасы» статистикалық бірлігін қүрудың сызбасы келтірілген.
6-тарау. «Үй шаруашылығы» статистикалық бірлігі
13. ХСТ-да «үй шаруашылығы» мағынасында бірігіп түратын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан түратын экономикалық субъект түсініледі. «Үй шаруашылығы» түсінігі дербес адамдар немесе адамдар тобы өздерін тағам мен мен тіршілік үшін барлық қажеттілікпен қамсыздандыратын түрмыстық салтқа негізделеді.
ХСТ-да үй шаруашылықтарының келесі типтері қүрылады:
1) жеке үй шаруашылықтары;
2) институционалдық үй шаруашылықтары.
Түрғын үй бірлігінде түратын барлық адамдар сол бір шаруашылықтың мүшелері болып саналады, бір үй шаруашылығы бір түрғын үй бірлігін алады. Түрғын үй бірліктерінің алатын орын саны олардың үй шаруашылықтары алатын орын санына тең, ал түрғын үй бірлігінің орналасқан орны үй шаруашылығының орналасқан жеріне сәйкес келеді.
7-тарау. Халықтың статистикалық тіркелімі мен «е-Статистика» компоненттері арасындағы байланыс
14. ХСТ мен «е-Статистика» компоненттері арасындағы байланыс келесі сэйкестендіргіштер бойынша жүзеге асырылады:
тұлғалар бойынша жеке сәйкестендіру номерлері (бұдан эрі - ЖСН) бойынша;
отбасылар - отбасының коды бойынша;
үй шаруашылығы бойынша түрғылықты мекенжай мәліметтері бойынша сэйкестендірі лед і:
1) экімшілік дереккөздерден алынатын мәліметтер интеграциялық компонент арқылы ХСТ-қа келіп түседі (байланыс жеке түлғаның ЖСН-і арқылы жүзеге асырылады);
2) жұмыспен қамтылуы, жүмыссыздық пен басқа да әлеуметтік төлемдер бойынша мәліметтердің түсуі (байланыс ЖСН және Бизнес сәйкестендіру номері (бүдан әрі - БСН арқылы);
3) Тіркелім жүйелерінен мәліметтердің түсуі (байланыс ЖСН, БСН арқылы).
Халықтың статистикалық
тіркелімін жүргізу бойынша
әдістемеге 1-қосымша
Статистикалық бірліктерді қалыптастыру
Халықтың статистикалық
тіркелімін жүргізу бойынша
әдістемеге 2-қосымша
ХСТ-де «Тұлғаны» си патта йтын атрибуттар
 

Атрибуттар тізбесі

1 .

жсн

2.

Тегі

3.

Аты

4.

Әкесінің аты

5.

Жынысы

6.

¥лты

7.

Азаматтығы

8.

Туған күні

9.

Қайтыс болған күні

10.

Өмірлік статусының коды

11.

Отбасылық жағдайы

12.

Отбасының ID



Мекенжай мәліметтері:

13.

Елі

Облысы

Ауданы

Округі

14.

Елді мекен

15.

Көше атауы

16.

Үй нөмірі Корпустың нөмірі

17.

Пәтердің нөмірі

18.

МТК

19.

Үйдің/ Пәтердің коды

20.

Байланыс деректері



Уақытша мекенжайға тіркелу мәліметтері:

21.

Елі

Об лысы

Ауданы

Округі

22.

Елді мекен

23.

Коше атауы

24.

Үй нөмірі Корпустың нөмірі

25.

Пәтердің нөмірі

26.

МТК

27.

Үйдің/ Пәтердің коды

 



Туған жері:

28.

Елі

29.

Облысы

30.

Ауданы

31.

Округі

32.

Елді мекен



Жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер:

33.

Жұмыспен қамтылу жағдайы

34.

Жұмыс істейтін кэсіпорынның БСН -і (Кәсіпорынның атауы)

35.

ЖСН (жеке кәсіпкердің)



Білімі туралы мәліметтер:

36.

Білім деңгейі

Халықтың статистикалық
тіркелімін жүргізу бойынша
әдістемеге 3-қосымша
«Отбасы» статистикалық бірлігін құру сызбасы
«Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы “__”_______№__бұйрығына анықтама-негіздеме

р/н №

Мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі Статистика комитеті

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уэждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

Әдістеме Қазақстан Республикасының халқы бойынша деректерді қалыптастыру лоне жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің пайдалануына арналған. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 лшлғы 19 наурыздағы Заңының 12- бабының 5) тармақшасына, сондай- ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министр інің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес

3.

Қазақстан Республиасының Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу лоне олардың күшін жою қағидаларының 51 -тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған

Жоқ



нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер



4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік қүқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www . stat . sov . kz Интернет-ресурсында орналастырылған

7.

«Қүқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18- бабының 8-тармағына (бұдан эрі - Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік қүқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік эсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды үсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер



10.

Қазақстан Республикасының ¥лттық кэсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мэліметтер



11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мэліметтер

Жоқ

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер



Заң басқармасының
басшысы Б. Қабылова