• Мое избранное
«Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7234 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң, күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануы үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң, күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялануы үшін көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне (С.С. Сарсенов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
«Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрық жобасына анықтама
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес «Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Бүгінгі таңда, радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің жылдық ставкалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 514-бабы, 1 және 2-тармақтарында анықталған.
Осыған байланысты, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының нормасы (бұдан әрі – Заң) және сәйкесінше Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінің нормаларына сәйкес келмейді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленуде, мұнда Заңның 9-бабы, 2-тармағының 10-тармақшасын «радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту» алып тастау қарастырылған.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді.
Нормативтік құқықтық акт жобасы белгіленген тәртіппен заң департаментімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келісілген.
«Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы «___»___________ № ___ бұйрығына анықтама-негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

«Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығы



4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоқ



6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің www.mic.gov.kz ресми сайтында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылған

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер





8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ



10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Жоқ

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер





12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер





Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі Заң департаментінің
директоры С. Жукенов