• Мое избранное
«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген, кеденд органдарымен алатын кедендік алымдардың ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
 

Кедендік төлемдердің атауы

Ставка теңгеде

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 24000 тенге;

тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 10000 теңге

Кедендік алып жүру үшін к едендік алымдар

50 км. дейінгі қашықтыққа 4000 теңге,

50-ден 100 км. дейінгі қашықтықта 6000 теңге,

100-ден 200 км. дейінгі қашықтықта 10000 теңге,

200-ден 400 км. дейінгі қашықтықта 51000 теңге,

400-ден 600 км. дейінгі қашықтықта 71000 теңге,

600-ден 800 км. дейінгі қашықтықта 114000 теңге,

800-ден 1000 км. дейінгі қашықтықта 155000 теңге,

1000-ден 1500 км. дейінгі қашықтықта 210000 теңге,

1500-ден 2000 км. дейінгі қашықтықта 298000 теңге,

2000-ден 2500 км. дейінгі қашықтықта 352000 теңге

Алдын ала шешім үшін төлем

28000 теңге



___________________________
«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕСІ

р/с

Құрылым дық элемент

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

Негіздеме

Тапсырмадан басқа:

1) түзету мағнасын;

2) әр енгізген түзетулерге нақты негіздеме көрсету қажет.

1

Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының тақырыбы

Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы

Мемлекеттік кірістер органдары  алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысының 2 тармағының 1-тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайта ұйымдастырылды

2

Қаулыға қосымша

Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары

Кедендік төлемдердің атауы

Евромен ставкасы

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар                                               

тауар декларациясының негізгі парағы үшін 60 евро;

тауар декларациясының әрбір қосымша парағы үшін 25 евро

 

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар                                               

50 км дейінгі қашықтықта 11 евро,

50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 16 евро,

100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 26 евро,

200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 128 евро,

400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 178 евро,

600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 283 евро,

800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 385 евро,

1000-ден 1500 км дейінгі қашықтықта 523 евро,

1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 743 евро,

2000-ден 2500 км дейінгі қашықтықта 878 евро.

Алдын ала шешім үшін төлем

70 евро

Мемлекеттік кірістер  органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары

Кедендік төлемдердің атауы

Ставка теңгеде

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар                                               

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 24000 тенге;

тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 10000 теңге

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар                                               

50 км. дейінгі қашықтыққа 4000 теңге,

50-ден 100 км. дейінгі қашықтықта 6000 теңге,

100-ден 200 км. дейінгі қашықтықта 10000 теңге,

200-ден 400 км. дейінгі қашықтықта 51000 теңге,

400-ден 600 км. дейінгі қашықтықта 71000 теңге,

600-ден 800 км. дейінгі қашықтықта 114000 теңге,

800-ден 1000 км. дейінгі қашықтықта 155000 теңге,

1000-ден 1500 км. дейінгі қашықтықта 210000 теңге,

1500-ден 2000 км. дейінгі қашықтықта 298000 теңге,

2000-ден 2500 км. дейінгі қашықтықта 352000 теңге

Алдын ала шешім үшін төлем

28000 теңге

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «30» сәуірдегі № 32-р өкімімен бекітілген Кедендік әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі іс-шараларының 33- тармағын іске мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне барлық кедендік алымдардың ставкаларын ұлттық валютаға байланысты етіп аудару бөлігінде «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгеріс енгізу  қажет.

Осыған байланысты, қолданыстағы барлық кедендік алымдардың ставкалары, ұлттық валютаға аударылды.  

Қазақстан Республикасының
Қаржы Вице-министрі А. Теңгебаев
«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «30» сәуірдегі № 32-р өкімімен бекітілген Кедендік әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі іс-шараларының 33 тармағын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне барлық кедендік алымдардың ставкаларын ұлттық валютаға байланысты етіп аудару бөлігінде «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгеріс енгізу қажет.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қыржылық шығындар

Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды болжамайды

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту мақсатында, қолданыстағы кедендік алымдардың ставкалары, ең төмен есептiк көрсеткiшке байланысты ету жолымен  ұлттық валютаға аударылды  

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Кейін заңнаманы жобаға сәйкес келтіру  талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қосымша сараптама жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Кедендік алымдар ставкасының есебі қоса беріледі

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат беріледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат 

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz.  интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық акті интернет-порталында 2016 жылғы 28 қазанында орналастырылған.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
2016 жылғы «__» ___________