• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қайта құру және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қайта ұйымдастырылсын.  
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қоғамға қатысты тиісті салаларға басшылық жасау бойынша уәкілетті орган;
2) Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы қызметті, сондай-ақ шетелде, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып белгіленсін.  
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) тапсыру актісін бекітсін;
3) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қосымша берілген өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы «__»________________
№ ____ қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын.
2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2013 ж., № 55, 769-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде:
6-бағанда:
реттік нөмірі 211-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ»;
7-бағанда:
реттік нөмірі 211-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорация, БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ».  
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 243 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
6-бағанда:
реттік нөмірі 156-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«БҒМ, ХБО, ЖОО-лар (келісім бойынша)»;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:
аббревиатураның 14-абзацы: «БПАҰО – Болон процесінің және академиялық ұтқырлық орталығы» алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 Қаулысы

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi.

Реттік нөмірі

34-жол

  1. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

алынып тасталсын

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі.

6-баған,

реттік нөмірі 211-жол

БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК

«БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

 

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі.

7-баған,

реттік нөмірі 211-жол

Мемлекеттік корпорация, БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК

Мемлекеттік корпорация, БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

 

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 243 қаулысы

4.

6-баған,

реттік нөмірі 156-жол

БҒМ, БПАҰО, ЖОО-лар (келісім бойынша)

БҒМ, ХБО, ЖОО-лар (келісім бойынша)

 

5.

Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:

14-абзац

«БПАҰО – Болон процесінің және академиялық ұтқырлық орталығы»

алынып тасталсын

 

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова
2016 жылғы «____»____________
«Қайта құру және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына біріктіру арқылы «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар ға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді



5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

edu . gov . kz интернет-ресурс ында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)



Талап етілмейді

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)



Жоқ

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
2016 жылғы «___»___________
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Қайта құру және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына біріктіру арқылы «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қайта ұйымдастыру туралы»  
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
 

Алған күні

Мемлекеттік органдар , басшылар

Кіммен дербес келісілген (ТАӘ)

Келісу нәтижелері ( қолы , күні )

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі











Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі













Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі











Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі







«Қайта құру және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына біріктіру арқылы «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
  

р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі

және күні

Парақ саны





1.

ҚР Үкіметі каулысының жобасы (Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің өкімдері)

2.

Жобаға түсіндірме жазба



3.

Жіберілім көрсеткіші



4.

Қорытындылар, анықтамалар, мемлекеттік органдардың ескертулері







5.

ҚР Үкіметі каулысының қол қойылған көшірмесі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері)



6.

Мемлекеттік орган басшысының

міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі

7.

8.









9.









  Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ___________ құжат келіп түсті, оларда ____________ парақ
  Қолы __________ күні ___