• Мое избранное
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 525 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 525 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 525 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 525 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі нде № 11783 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бөлім. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама – дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, олардың биоэквиваленттігін айқындау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеуге табыс етілген тіркеу дерекнамасының құжаттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды зерделеу арқылы олардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау;
2) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті іске асыратын жеке тұлға, құқыққа қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілікке ие (жеке тұлғалар үшін) сатып алу туралы шартты жасауға үміттенетін заңды тұлға (егер өзгесі олар үшін Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерден басқа), консорциум;
3) әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғасы – шешімдерді және (немесе) осы әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге әсер ете алатын кез-келген жеке немесе заңды тұлға, соның ішінде жазбаша түрде жасалған келісім күшінде, сондай-ақ осы әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы бар кез-келген жеке немесе заңды тұлға;  
4) біртекті тауарлар, қызметтер – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, қызметтер, бұл оларға бір функцияларды орындауға және бірін-бірі ауыстыруға мүмкіндік береді;
5) конкурстық комиссия – осы Қағидалармен көзделген конкурс тәсілімен сатып алуды орындауға сатып алуды ұйымдастырушы құратын коллегиалдық орган;
6) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;
7) қызмет – ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан Республикасында тіркеуге негіз болған тіркеу дерекнамасының, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау арқылы жүргізіледі;
9) өнім беруші – сатып алу туралы жасасқан шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретіндегі жеке немесе заңды тұлға, консорциум;  
10) сатып алу – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезінде және  
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес іске асырылатын тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Рсепубликасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде тауарларды және қызметтерді сатып алу;
- өкілдік шығындарына байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алудан;
басқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен және Қағидалармен белгіленген тәртіпте іске асырылатын тапсырыс берушінің сараптаманы іске асыруға қажетті, сондай-ақ онымен технологиялық тұрғыдан байланысты тауарлар мен қызметтерді сатып алуы және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау.
11) сатып алу туралы шарт – Тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;  
12) сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі – сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) туралы жүйеленген деректер;  
13) тауар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, заттық құқықтар, құрал-жабдықтар (бөлек, кешенді немесе жүйелі қолданылатын аппараттар, приборлар мен құрал-жабдықтар);
14) ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қолдану саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымы немесе оның филиалы;
15) үздік техникалық сипаттамалар – өзінің сипаттамасы бойынша ұйымдастырушымен (тапсырыс берушімен) берілген техникалық және сапалы сипаттамалардан асып түсетін ұйымдастырушыға (тапсырыс берушіге) қажетті сатып алынатын тауарлар (қызметтер) сипаттамасы көрсетілген техникалық сипаттамалар.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5, 3-6, 3-7, 3-8-тармақтармен толықтырылсын:  
«3-1. Егер басқасын Қағидалар анықтамаған болса, сатып алу процедурасын іске асыру үдерісінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы, немесе іскерлік айналым дәстүрімен терминдер мен анықтамалар пайдаланылады.
3-2. Тауарлар және қызметтерді сатып алу келесі қағидаларға негізделеді:
1) сатып алу үдерісінің ашықтығы мен айқындығы;  
2) сатып алуға пайдаланылатын ақшаны тиімді жұмсау;  
3) сапалы тауарларды және қызметтерді сатып алу;  
4) барлық әлеуетті өнім берушілерге сатып алу үдерісіне қатысуға тең мүмкіндік беру;  
5) әлеуетті өнім берушілер арасында адам бәсекелестік;  
6) қабылданатын шешімдер үшін бақылау және жауапкершілік;  
7) сатып алу үдерісіне делдалдардың қатысуын азайту.
3-3. Сатып алу үдерісіне:
1) сатып алу жоспар(лар)ын әзірлеу және бекіту;
2) өнім берушіні таңдау;
3) сатып алу туралы шартты жасау және орындау кіреді.
Ұйымдаструшы (тапсырыс беруші) бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлғаның шешімінің негізінде кез-келген сатыда сатып алуды іске асырудан бас тартуға құқылы.
3-4. Сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырылады және төмендегі деректерден тұрады:  
- біліктілік талаптары және/немесе конкурстық құжаттамалар бойынша күмәнді ақпаратты ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
- бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша екішні орын алған әлеуетті өнім берушіден басқа конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген сатып алудың жеңімпаздары болып табылған сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;
- бір көзден алу тәсілімен конкурс тәсілімен жүргізілген сатып алу бойынша шартпен белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім беруші;  
- сатып алу туралы жасасқан шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған өнім берушілер;
- сатып алу туралы шартты орындамаған немесе тиісті орындамаған фактіні белгілеген соттың заңды күшіне енген шешімі (қаулысы) болған жағдайда.
Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне әлеуетті өнім берушілерді (өнім берушілерді) қосу бойынша ақпаратты жинауға және ұсынуға жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді.
3-5. Әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) осы Қағидалардың 3-4 тармағында көрсетілген фактілерді анықтаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне қосуға жатады.
Әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне 18 (он сегіз) ай мерзімге қосылады.
Әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне қайта қосылған жағдайда, сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болу мерзімі 3 (үш) жылға белгіленеді.
3-6. Әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінен осы Қағидалардың 3-5 тармағымен белгіленген мерзімі аяқталған күннен бастап бір күннен кешіктірмей сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінен жазбаны алып тастау арқылы алынады.
3-7. Сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі, оған өзгерістер мен толықтырулар, сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде интернет-ресурсқа орналастырылады және мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ақы алусыз қолжетімді болады.
3-8. Әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алуға егер:  
1) әлеуетті өнім беруші немесе оның субмердігері (бірлесіп орындаушысы) Сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне кіретін болса;
2) консорциумға кіретін заңды тұлға Сенімсіз өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне кіретін болса қатыса алмайды.
Әлеуетті өнім беруші және әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғасы бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау»;
5, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тармақ. 5. Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) даму жоспары негізінде жылдық сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Сатып алуды іске асыруға бөлінген сомалар сатып алудың жылдық жоспарында қосылған құн салығын ескерусіз көрсетіледі.
7-тармақ. Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) сатып алу жылдық жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны интернет-ресурста орналастырады.
Сатып алудың жылдық жоспарына ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
8-тармақ. Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) сатып алу жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды айына бір реттен жиі емес енгізуге құқылы.
Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды интернет-ресурста орналастырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын
бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:  
«9-1-тармақ. Сатып алу тәсілін ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Қағидалардың негізінде өз бетімен таңдалады.»;
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлім. Біліктілік талаптары және техникалық сипаттамалары бойынша өнім берушіні іріктеу жөніндегі конкурс тәсілімен сатып алу»;
19, 20, 35 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Конкурстық құжаттамада сатып алудың атауы, мөрленген конверттердің берілген ақырғы күні мен уақыты, конверттерді ашу күні мен уақыты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, қысқаша сипаттамасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемі мен болжамды жеткізілу мерзімі көрсетіледі.
Конкурстық құжаттамада:
1) біртекті болып табылмайтын тауарлар және қызметтер лотқа;
2) біртекті тауарлар және қызметтер жеткізу (көрсету) орны бойынша;
3) біртекті тауарлар және қызметтердің түрлері біртекті түрлер және (немесе) оларды жеткізу (көрсету) орны бойынша бөлуге жатады.
Тауарды жеткізудің бестен кем емес орны болған жағдайда лотта тауарды жеткізудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.
Сатып алуды ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) сатып алуды іске асырған кезде күрделі техникалық сипаттамалары және спецификациялары бар және бірнеше өзара байланысты компоненттерден тұратын тауарларды және қызметтерді бір лотта сатып алуды қарастыруға құқылы.
Конкурстық құжаттама осы Қағидалардың 35-тармағы 2) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар тізбесінен тұрады.
20. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілер арасында іріктеуді жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтініш берген ақырғы күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын:
1) ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) интернет-ресурсында осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысанда конкурс өткізу туралы хабарландыруды және осы Қағидаларға сәйкес құрастырылған және ұйымдастырушымен (тапсырыс берушімен) бекітілген конкурстық құжаттаманы орналастырады;
2) интернет-ресурста, сондай-ақ ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті журналында конкурстық құжаттаманы алған адам туралы орналасу орны, пошталық мекенжайы және электронды поштасы, сондай-ақ басқа да мәліметтер туралы деректерді көрсете отырып, конкурстық құжаттаманы беру фактісін хронологиялық тәртіпте тіркеуді қамтамасыз етеді.
35. Біліктілік талаптарға және техникалық сипаттамалар талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға (тапсырыс берушіге) конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) заңды тұлғалар үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасына және (немесе) жеке тұлғалар үшін осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;  
2) әлеуетті өнім беруші оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
лицензияның және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
заңды тұлға заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Егер заңды тұлға қызметін заңмен белгіленген тәртіпте бекітілген Типтік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, осы Қағидаларға 9-1 қосымшаға сәйкес (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктің әрқайсысынан беріледі);
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5446 болып енгізілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес салық төлеушінің берешегінің жоқтығы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (бары) туралы мәліметтер;
Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарларды жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер және (немесе) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарларды жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
Осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер бірлесіп орындаушыларға орындауға беретін алайда қызметтердің жиынтығында үштен екі бөлігі көлемінен (құнынан) көп емес қызмет түрлері.
Егер әлеуетті өнім беруші қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды қарастырған жағдайда, әлеуетті өнім беруші тартылған бірлесіп орындаушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын сатып алуды ұйымдастырушыға (тапсырыс берушіге) ұсынады.
3) ұсынылатын тауарлардың атауын, орналасу орнын, шығарылу жылын, болса моделін көрсете отырып, сондай-ақ тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң, мерзімдердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, қызметтердi көрсету көлемдерiн, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығындарға, тауарды беру, қызмет көрсету талаптарына сапасына кепiлдiк беруді көрсете отырып, техникалық спецификациясын;
4) банктік кепілдік немесе сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде осы Қағидалардың 42-тармағында белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету;
5) әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің – жеке тұлғаның өтінімінде де тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның қалыптасуынсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс (сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық қабілеттілігінің болуын растау үшін).
40-тармақ. Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы мыналарды хабарлайды:
1) рұқсат беру туралы хаттама көшірмесін ұсыну немесе жолдау;
2) қол қойылған хаттама мәтінін ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) интернет-ресурсында орналастыру.
мынадай мазмұндағы 56-1, 56-2 және 56-3-тармақпен толықтырылсын:
«56-1. Конкурс тәсілімен сатып алу келесі жағдайларда өтпеді деп танылады:
1) ұсынылған өтінімдердің жоқтығы;  
2) екіден кем өтінімдерді ұсыну;
3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді;
5) конкурсқа қатысушының бір ғана бас тартылған конкурстық баға ұсынысы қалды.
56-2. Егер конкурс тәлісімен сатып алу өтпеді деп танылса, ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):
1) конкурс тәлісімен сатып алуды қайта жүргізу туралы;
2) конкурс құжаттамасын өзгерту және конкурс тәлісімен сатып алуды қайта жүргізу туралы;
3) бір көзден тәсілімен сатып алуды іске асыру туралы келесі шешімдердің бірін қабылдайды.
56-3. Конкурс тәсілімен өтпеген сатып алу бойынша тапсырыс беруші бір көзден тәсілімен сатып алуды келесі жағдайларда іске асырады:  
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің жоқтығы. Бұл ретте біз көзден тәсілімен сатып алуға конкурсқа шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші белгілейді;
2) конкурсқа қатысуға екіден кем өтінімді ұсыну. Бұл ретте бір көзден тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспауы тиіс;
3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе. Бұл ретте бір көзден тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту осы Қағидаларға 3-8 тармақтың талаптарын бұзған тұлғадан басқа барынша төмен бағамен конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі;
4) егер конкурсқа қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілсе. Бұл ретте бір көзден тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту оның өтінімімен көзделген шартта конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі және сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан артпауы тиіс.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу»;
57-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге сатып алуды жүзеге асыру туралы жазбаша сұраным жолдайды. Сұранымда төмендегі мәліметтер болуы тиіс:
сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін сатып алу нысаны болып табылатын тауардың саны, көрсетілетін қызметтің көлемі туралы;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысанда сатып алатын тауарлардың, қызметтердің техникалық сипаттамалары;
тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны;
тауарды жеткізу, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі туралы.
Қазақстан Республикасының рұқсат және хабарлама туралы заңнамасына сәйкес жеткізу (көрсету) рұқсатты немесе жолдаманы алуды қажет ететін тауарлар мен қызметтерді сатып алудан басқа әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратпайды.
Бұл жағдайда әлеуетті өнім беруші құқыққа қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілікгін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалдық куәландырылған құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, және өткізуге құқығын растайтын лицензиялар, және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 57-1 және 57-2-тармақпен толықтырылсын:
«57-1. Егер осы Қағидалардың 57-тармағы 5-тармақшасымен көзделген негіздемелер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартудан кейін әлеуетті өнім берушінің екіден кем баға ұсынысы қалса, онда мұндай сатып алу өтпеген деп танылады және сатып алуды ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) келесі шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды іске асыру;
2) бір көзден тәсілімен сатып алуды іске асыру.
57-2. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәлісімен сатып алу нәтижелері бойынша жеңімпаз болып анықталған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде ұйымдастырушыға (тапсырыс берушіге) қол қойылған сатып алу туралы шартты ұсынбаса, ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):
1) осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті тапсырыс берушімен сатып алу туралы шарт жасасуға, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін барынша төмен бағалары бар әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуға;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәлісімен қайта сатып алуды іске асыруға;
3) бір көзден тәсілімен сатып алуды іске асыруға құқылы.
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Бір көзден сатып алу»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Бір көзден тәсілімен сатып алу осы Қағидалардың 58-1 және 58-2 тармақтарымен көзделген жағдайларда іске асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 58-1 және 58-2-тармақпен толықтырылсын:
«58-1. Өтпеген сатып алу бойынша бір көзден тәсілімен сатып алуға шақыртуды жіберу арқылы іске асырылады, егер:
1) конкурс тәсілімен сатып алу осы Қағидалармен көзделген жағдайларда өтпеген деп танылды.
2) осы Қағидалармен көзделген жағдайларда, сондай-ақ осы Қағидалардың 57-2-тармағы 3-тармақшада көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылды.
58-2. Сатып алу туралы шартты тікелей жасау бір көзден тәсілімен сатып алу келесі жағдайларда іске асырылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстар, қызметтерді сатып алу;
2) растайтын құжаттар болған жағдайда шұғыл қалпына келтіруді талап ететін коммуникациялар, механизмдер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер және материалдар сынған, істен шыққан жағдайда тауарларды және қызметтерді сатып алу;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелде сатып алынатын өндіріс үшін негізгі және (немесе) қосалқы болып табылатын тауарларды сатып алу;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және (немесе) ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын жобаларды жүзеге асыру шеңберінде іске асырылатын тауарларды, қызметтерді сатып алу;
5) тесттік акрредитация желісін қоса, халықаралық акрредитацияға және (немесе) сертификацияға дайындақ бойынша қызметтерді сатып алу;
6) егер қандай да бір өнім берушіден тауарларды және қызметтерді сатып алған ұйымдастырушыда (тапсырыс берушіде) қолда бар тауарларды, жабдықтарды, технологияны, қызметтерді үйлестіру, жиынтықтау, стандарттау немесе үйлесуін қамтамасыз ету мақсатында сол өнім берушіден басқа сатып алуды қажеттігі пайда болған кезде тауарларды және қызметтерді сатып алу;
7) шетелде сатып алынған тауарларды алу кезінде кедендік ресімдеу /брокерлер қызметтері/;
8) еншілес ұйымдарды қоса, стратегиялық серкітестерден, сондай-ақ оларды ресми дилерлерінен (дистрибьюторларынан) тауарларды, қызметтерді сатып алу;
9) тапсырыс берушінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін білім беру, ғылыми және/немесе медициналық ұйымдардан, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарынан, кітапханалардан тауарларды, қызметтерді сатып алу;
10) сатып алынатын тауарлар, қызметтерге қатысты ерекше құқығы бар тұлғалардан зияткерлік жеке меншік объектісі болып табылатын тауарларды, қызметтерді сатып алу;
11) қосылған құн салығын ескерусіз, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалпы жылдық сомаға тауарларды, қызметтерді сатып алу;  
12) ақпаратты, мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда орналастыру бойынша қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты ұсыну бойынша қызметтерді сатып алу;
Сатып алу туралы шартты тікелей жасау бір көзден тәсілімен сатып алу Қағидалардың 3-2-тармақтың 2 және 3 тармақшаларымен көзделген қағидаларды сақтаумен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес іске асырылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өнім беруші ұсынған нысанда сатып алу туралы шартты жасауға жол беріледі.»;
«Қағидалар нормаларын қолданусыз сатып алу» 7-тарау алынып тасталсын;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Шартты жасасу және орындау»;
мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:
«74-1. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында соңғысы конкурс тәсілімен сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату нәтижелерін шығару және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі тауарларды, қызметтерді сатып алу туралы шарттың әрекетін созуға құқылы.
Бұл ретте мұндай сатып алу сатып алу мерзімі кезеңінде қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті мұндай тауарларды, қызметтерді сатып алу көлемінен асатын көлемінде іске асырылады.»;
Осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларғасәйкес 9-1, 14 және 15 қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Респуюликасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму Министрі Т. Дүйсенова
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік
тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен
сапасын бағалау кезінде сараптаманы
жүзеге асыру үшін тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып алу
қағидаларына 9-1-қосымша
Нысан
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банктің атауы ________________________________
Банк реквизиттері ___________________________________
Банк (атауы) ________________ жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен бекітілген (осы Банкте қызмет көрсетілетін заңды тұлғаның толық атауын, тел., мекенжайын көрсету) Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам уақыт созылған банк алдындағы мерзімі өткен берешектің оқтығын растайды.
Күні _____________
Қолы __________
МО
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік
тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен
сапасын бағалау кезінде сараптаманы
жүзеге асыру үшін тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу қағидаларына 14-қосымша
Нысан
Сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі

р/с

Өнім беруші (толық атауы)

Өнім берушіні сенімсіз деп тану үшін негіздеме

Өнім берушінің орналасқан орны туралы деректер

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сенімсіздік фактісін белгілеу күні



Құрылтайшылар, және акционерлер, консорциум қатысушылары, бірінші басшы туралы ақпарат

Б С Н/ ЖС Н

Өнім берушіні тізбеге қосқан күн

1

2

3

4

5

6

7

8

1















Дәрілік заттарды, медициналық
 мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік
 тіркеу және олардың қауіпсіздігі
 мен сапасын бағалау кезінде
 сараптаманы жүзеге асыру үшін
 тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді
 сатып алу қағидаларына 15-қосымша
Нысан
Сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру үшін деректер нысаны
 

р/с

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) атауы, немесе тегі, аты, әкесінің аты

Өнім берушінің сенімсіз деп тануға негіздеме

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) орналасқан орны немесе тұратын орны (елі, пошта индексі, елді мекен, кеңсе, үй, пәтер мекенжайы), сондай-ақ телефоны, электрондық пошта мекенжайы турыл деректер

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі және/немесе заңды тұлға үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сенімсіздік фактісін белгілеу күні

Құрылтайшылар, және акционерлер, консорциум қатысушылары, бірінші басшы туралы ақпарат

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Т.А.Ә., сатып алу бөлімі басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның қолы _______________
Осы нысанды толтырған тұлғаның Т.А.Ә. және лауазымы  __________________
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 15-қосымшасын жасау бойынша басшылық
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 3-бағанында 3-4 көрсетілген негіздеменің бірі көрсетіледі;
6-бағанында әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сенімсіздік фактісін анықтау күні көрсетіледі;  
7-бағанында заңды тұлғаның – құрылтайшының Т.А.Ә. (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы, бірінші басшының Т.А.Ә., лауазымы, консорциум үшін – консорциум қатысушылары, консорциум атынан сөз сөйлеуге құзыретті бірінші басшының Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі.
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 525 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына түсіндірме жазба
Аталған бұйрықтың әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болып табылады.
Аталған бұйрық сатып алу процесін жетілдіру, 2016 жылы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен, заңға тәуелді актілермен және сатып алуды жүзеге асыру және ең үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіру («ЮНСИТРАЛ» сатып алу туралы үлгілік заң, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт) процестерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен күшіне енген бірегейлендіру және барынша үйлестіру арқылы сатып алу үшін негіздердің нақты ара жігін ажырату мақсатында әзірленді және мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
Бірінші, сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын енгізу, атап айтқанда:
1) сатып алу процесінің ашықтығы мен шынайылығы;
2) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны ұтымды жұмсау;
3) сапалы тауарлар мен қызметтерді сатып алу;
4) барлық әлеуетті өнім берушілерге сатып алу процесіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;  
5) әлеуеттік өнім берушілер арасында жосықты бәсекелестік;
6) бақылау және қабылданатын шешімге жауапкершілік;
7) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын азайту.
Екіншісі, сатып алуға сенімсіз өнім берушілердің қатысуына жол бермеу бойынша тиімді етіктерді енгізу, атап айтқанда сенімсіз әлеуеттік өнім берушілердің (өнім берушілердің) сатып алуға қатысуын шектеу үшін сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) туралы жүйелендірілген мәліметтерді құру арқылы сатып алуға қатысушылардың жауапкершіліктерін арттыру.
Үшінші, конкурс және бағалық ұсынымдарды сұрату тәсілімен сатып алуды айқындау және тану салдарларын нақтылау.
Төртінші, бір көзден сатып алу тәсілін жүзеге асыруға рұқсат берілетін жағдайлардың толық тізбесін, сондай-ақ бір көзден сатып алу тәсіліне қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні айқындау тәртібін айқындау арқылы сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын болдырмау.
Бесінші, жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) іс-қимыл тәртібін айқындау.
Алтыншы, «нормаларды қолданбай сатып алу» ұғымын алып тастау арқылы ең үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіру.
Сондай-ақ, бұйрық жобасы сатып алу процесін жетілдіруге бағытталған құқық қолданылатын практика нәтижелері бойынша түзетулерді қамтиды.