• Мое избранное
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:  
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №11000 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кешенді жұмыс – жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және зерттеу жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету.»;
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«Әлеуетті жеткізушіге осы тармақта көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.»
25-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны міндетті түрде көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды көрсете отырып, сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі.
Үкіметтік емес стандарт болмаған жағдайда ұлттық стандартты немесе мемлекетаралық стандартты көрсетуге жол беріледі;»
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде (мұндай шартты орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу) осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге (жер қойнауын пайдаланушының мердігеріне және/немесе оның уәкілетті тұлғасына) қоятын міндетті талабы;»;
23) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде:
әлеуетті жеткізуші қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін орындаған ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен;
әлеуетті жеткізуші он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаған сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығындағы және (немесе) белгілі бір саладағы ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен расталған тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін, біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріледі.  
Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылуы тиіс.
Он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына құжаттар жұмыс тәжірибесінің кез келген жылына ұсынылуы мүмкін.
Бұл ретте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді.».
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«29. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге жүгінуге оны жүйеде орналастыру арқылы жол беріледі, бірақ ол конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірілмеуі тиіс. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, түсіндіруді жүйеде орналастырады.»;
30-тармақтың бесенші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық құжаттамаға жекелеген лоттарды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі ұзартылмайды.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген мерзімде және нысанда жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді (бұдан әрі - Конкурстық өтінім) ұсынады. Конкурстық өтінім және конкурстық өтінімге құжаттамасы жүйеде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады және жеткізушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Құжаттар конкурстық құжаттама тілінен басқа тілде ұсынылған жағдайларда, әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімге осындай құжаттардың нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасының сканерден өткізілген көшірмесін қоса береді.
Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімді не конкурстық өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды конкурстық өтінімдер қабылданғанға дейін және (немесе) конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынуға жол берілмейді.
Конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну рәсімі басталғанға дейін сатып алынатын ТЖҚ бағасы мен тарифтері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді тапсырыс берушінің талап етуіне, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімде көрсетуіне жол берілмейді.
Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері құжаттамалардың түпнұсқаларымен түрлі-түсті форматта ұсынылады
Құжаттардың сканерленген көшірмелері, оның ішінде, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар берген құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік тілге аудармалар әлеуетті жеткізушінің қолымен және (немесе) мөрімен күәландыруы күәландыруы тиіс.  
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы құралдарымен алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерленген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.
Техникалық ерекшелікте және осы Қағидалардың 40-тармағында көзделмеген және мемлекеттік ақпараттық жүйенің құралдары арқылы алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерленіп алынған қосымша құжаттарды ұсынуды қоспағанда немесе әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуды қоспағанда, көшірмеден және (немесе) телнұсқадан сканерленіп алынған құжатты әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылданбауы тиіс.»;
40-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған оның қолданылу мерзімі көрсетілген ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінім (әрбір лотқа);»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) төлем қабілеттілігін растайтын мынадай құжаттар:
банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың сканерден өткізілген көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін берілуге тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы, мұндай әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін ретінде танылуы үшін негіздеме болып табылмайды;
үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының анықтамасының сканерден өткізілген көшірмесі;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір саладағы тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар:
әлеуетті жеткізуші қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін орындаған ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен;
әлеуетті жеткізуші он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаған сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығындағы және (немесе) белгілі бір саладағы ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен расталған құжаттар;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) сатып алынатын тауарларды өндіруші тапсырыс берушіге берген, әлеуетті жеткізушінің тауарларды конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және санда (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде) жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарын орындау мүмкіндігі бар екендігін растайтын хаттың сканерленген көшірмесі;»;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде).»;
екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті адамы қол қойған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің санын қамтитын және әлеуетті жеткізушінің мөрімен бектілген сканерленген құжат көшірмесі.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуетті жеткізуші ашық конкурс тәсілімен сатып алудың бірнеше лотына қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 40-тармағының 1), 3), 4), 6) - 9), 11) - 13), 15), 16-тармақшаларында көзделген құжаттар ашық конкурс тәсілімен сатып алудың әрбір лоты үшін жеке ұсынылады.»;
56-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткен, жағдайлар туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) конкурстық құжаттамаға жекелеген лоттарды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ақпаратты орналастыру. Бұл тармақшаның шарттары тапсырыс беруші алып тастаған лотқа қатысуға конкурстық өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге қатысты болады.»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша жеке конкурстық өтінімдерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.»;
64-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның жүйеде орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік үш жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмеге сұрау салуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салуды тіркеген сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде оған жауап береді және түсіндірмені жүйеде орналастырады.»;
65-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) конкурстық құжаттаманы және (немесе) оған қоса берілетін құжаттаманы нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тіліне аудармасыз ұсынса;»;
9) тармақша алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12)осы шарт негізінде аталған база иелерінің үшінші адамдарына қол жеткізуге рұқсат берілетін ақпараттық базаларда қамтылған мәліметтерге сәйкес әлеуетті жеткізуші, оның құрылтайшылары, акционерлер немесе құрылтайшының қатысушылары немесе әлеуетті жеткізушінің жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге де адамдар сыбайлас жемқорлық немесе өзге де құқыққа қарсы қызметке араласса;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) конкурстық құжаттамада көрсетілген әрбір лот бойынша пайыздармен (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттеме кем болса.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлегімен толықтырылсын:
«Рұқсат беру хаттамасында тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болған себептерді түсіндіре отырып, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамау негіздемесін көрсетеді.»;
69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші жүйеде қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, жүйеде тапсырыс берушінің ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген адамы оны конкурстық өтінімдерді ашу күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүйеде және барлық пайдаланушыларға, оның ішінде тізілімде тіркелмеген пайдаланушыларға қолжетімді тізілімнің ашық бөлігінде орналастырады.».
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Егер өтінімдері ашық конкурстың шарттарына сәйкес келмейді деп кері қайтарылмаған барлық жеткізушілер ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші жаңа ашық конкус өткізеді немесе бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүргізеді, бұл ретте бір көзден сатып алу талаптары ашық конкурс шарттарына сәйкес болуға тиіс.»;
96-тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді, лизинг қызметтерін;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу, алып тастау, орналастыру, тасымалдау және кәдеге жарату;»;
25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«25) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарларды қазақстандық өндірушіде немесе оның ресми өкілінде  жергілікті қамтудың үлесі кемінде 65 (алпыс бес) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алу үшін);
26) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарларды қазақстандық өндірушіде немесе оның ресми өкілінде  жергілікті қамтудың үлесі кемінде 50 (елу) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алуды қоспағанда);»;
34) және 35) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34) тауарлар моноқалалардың аумағында өндірілген, ал жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жерігілікті кадрлар орындаған, ондағы тапсырыс берушінің кәсіпорны жалғыз қала құраушы кәсіпорын болып табылатын жағдайда, заңды тұлға, олардың филиалдары, дара кәсіпкер ретінде тіркелген қазақстандық ТЖҚ өндірушілерінен ТЖҚ-ны;
35) жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖҚ-ны;»;
мынадай мазмұндағы 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
«36) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жасалған оффтейк-шарттар мен технологиялық келлісіндер шеңберінде өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлығымен биктілген;
37) барлық жіберілген әлеуетті жеткізушілер ашық конкурс қорытындысы бойынша ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасудан, электрондық сатып алу жүйесі арқылы сатып алудан, баға ұсыныстарына сұрау салудан жалтарған кездеқолданылады;»;
100-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 127- тармақтың бесінші бөлегімен толықтырылсын:
«Барлық жеткізушілер ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған кезде тапсырыс беруші баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жаңа сатып алу немесе бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүргізеді, бұл ретте бір көзден сатып алу талаптары баға ұсыныстарын сұрату арқылы өткізілген сатып алу шарттарына сәйкес болуға тиіс.»;
148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер өтінімдері электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алудың шарттарына сәйкес келмейді деп бас тартылмаған барлық жеткізушілер сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс беруші электрондық сатып алу жүйесі арқылы жаңа сатып алуды немесе бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүргізеді, бұл ретте бір көзден сатып алу талаптары баға ұсыныстарын сұрату арқылы өткізілген сатып алу шарттарына сәйкес болуға тиіс.»;
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«157. Егер әлеуетті жеткізуші өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаса, тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.»
158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«158. ТЖҚ жеткізуші ТЖҚ сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз ету сомасынан шартта көзделген айыппұл санкцияларының сомасын ұстап қалуға құқылы.  
Шартты орындауды қамтамасыз етудің қалған сомасы шартта көзделген ТЖҚ жеткізу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарылады.»;
162-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тапсырыс беруші мен жеткізушінің төлем және таурды жеткізу, жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бөлігінде шарт бойынша міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершілігі. Бұл ретте тапсырыс берушінің жауапкершілігі әлеуетті жеткізушінің жауапкершілігінен кем болмауға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 6),7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) көмірсутегі шикізатына келісімшарттар бойынша өндірушісі болып табылған егер өнім өндірушімен өзге аз мерзім келісіпмесе, шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік сандық алпыс күннен кем емес жеткізу мерзім туралы талап қамтылуы тиіс;
7) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы шарт жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін, оның ішінде тауардың әрбір партиясы, жекелеген жұмыстар (қызметтер) кезеңі үшін тауар жеткізілген, жұмыстарды (қызметтерді) қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде төленгені туралы талапты қамтуға тиіс.
Шарт бойынша төлем мерзімі тараптардың келісуі бойынша ұлғайтылады мүмкін;
8) конкурстық құжаттамада көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді қамтиды.»;
166-тармақта:
«4) мердігердің қамқорлығымен тауарларды жеткізуге және жұмыстарды орындауға ұзақ мерзімді шарттар бағасын ұғайту бөлігінде.  
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шарт жасасу күніне белгілеген шетел валютасы бағамының 10 пайыздан астам көлемде өзгерген жағдайда ұзақ мерзімді шарттарының бағаларын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Төлем индексациясын тапсырыс беруші ұзақ мерзімді шартта формула мен шетел валютасын көрсете отырып, ескертуі тиіс:
𝑺1=𝑺2×(100−𝐶𝑇1)/(100−𝐶𝑇2)×𝑅2/𝑅1
мұндағы:
S1 – тауардың теңгемен көрсетіліп, өзгертілген құны;
S2 – тауардың теңгемен көрсетілген бастапқы құны;
R2 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарламаны жеткізушіге жіберген күнге белгілеген ресми бағамы (шетел валютасының атауын көрсету);
R1 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шарт жасасу күніне белгілеген ресми бағамы (шетел валютасының атауын көрсету).
CT1 – шарт жасасу сәтінде берілген CT-KZ нысанындағы сертификатта көрсетілген қазақстандық қамту пайызы;
CT2 – валюта бағамы өзгергеннен кейін берілген CT-KZ нысанындағы сертификатта көрсетілген қазақстандық қамту пайызы.
Валюта бағамы қайта өзгерген кезде шартты индексациялау есебі бастапқы индексацияланған соманы ескере отырып, жүзеге асырылады;  
6) тамрақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қағидалардың 162-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, елеулі болып табылмайтын талаптар бөлігінде;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға қатысты;»;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшаларымен толықтырылсын:
«9) лизингтік төлемдер мөлшерінің, сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне, шарт сомасының индексациясына байланысты қаржылық лизинг шартының сомасын өзгерту бөлігінде;
10) жеткізілетін ТЖҚ көлемі өзгермеген кезде тааптардың келісуі бойынша шарт сомасының азайтылуы бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 172-1 тармақмен толықтырылсын:
«172-1. шарт бойынша міндеттемені орындау талабы құқығын беруге (талапты басқаға беруге), сондай-ақ қаржы міндеттемелерін және (немесе) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде құқық мұрагерлігі тәртібімен құқықтар мен міндеттердің ауысуын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелерді үшінші тұлғалардың орындауына жол берілмейді;»;
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 1,2 қосымшалар
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ж . Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және Коммуникациялар
Министрі______________ Д. Абаев
2016 жылғы «___» _________  

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Султанов
2016 жылғы «___» _________  

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
Министрі______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы  «___» _________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
«__»_________№____
және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы «__»_________
№____бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінім (ашық конкурстың атауы)
1. Әлеуетті жеткізушінің атауы;
2. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес әлеуетті жеткізушінің орналасқан жері;
3. Әлеуетті жеткізушінің ашылған конкурстық өтінімінің мазмұны туралы ақпарат:
 

ЛОТ №

ӨСЖ коды

ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы

1

2

3













Конкурстық өтінімнің мазмұны туралы мәліметтер:
1) құрылтай құжаттардың (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыру құжаттардың (жеке тұлғалар үшін) сканерден өткізілген көшірмелері;
2) құжаттардың (лицензия, патент, куәлік) сканерден өткізілген көшірмелері және/немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу мен өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету құқығын растайтын құжаттардың болу қажеттілігінің жоқтығы туралы хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;
3) егер сатып алудың нысанасы стандарттың немесе Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңнамасына сәйкес адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуіне міндетті түрде сертификаттауға жататын болса, сертификаттардың сканерден өткізілген көшірмелері;
4) төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар;
5) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық және өзге де сипаттамалары бар техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
6) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін);
7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы міндеттемелері (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);
8) әлеуетті жеткізуші мердігерлерінің осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар немесе әлеуетті жеткізушінің мердігерлерді тарту ниетінің жоқ екендігін растайтын кепілдемелік хатының сканерден өткізілген көшірмесі (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);
9) осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында тармақшасында көрсетілген, өткізілетін ашық конкурсқа қатысуын шектейтін негіздемелердің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушінің кепілхаттары;
10) әлеуетті жеткізушіде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті тізілімнің (сертификатталған тізілімдердің) болуын растайтын құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
11) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және/немесе белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар: осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем емес шарт сомасына әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардан кепілхаттардың/оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
12) әлеуетті жеткізушінің шарт жобасының елеулі талаптарымен келісетіндігін растайтын кепілхат;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандар бойынша жергілікті қамту бойынша есептілікті тапсыру туралы талаптарды және есептерде көрсетілген ақпараттың мазмұнына, есептіліктерді ұсыну мерзімін бұзғандығына және әлеуетті жеткізушілердің жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындамауына жауапкершілікті сақтау туралы кепілхаты;
14) сатып алынатын тауарларды өндіруші тапсырыс берушіге берген, әлеуетті жеткізушінің тауарларды конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және санда (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде) жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарын орындау мүмкіндігі бар екендігін растайтын хаттың сканерленген көшірмесі;
15) шартты бағаны есептеуге арналған құжаттар (болған кезде);
16) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған кезде);
17) конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі.
4. Қолдары.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
«__»_________№____
және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы «__»_________
№____бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндег
операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қызметкерлердің болуы және саны туралы мәліметтер
 

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және білімі туралы басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Еңбек шартының №

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

8

















 Қол қою мен мөр______________
Ұсыну күні мен уақыты
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «___» _________ № ______ және Қазақстан республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы «___» _________ № ______ бірлескен бұйрығының жобасына салыстырмалы кесте
 

Нормативтік-құқықтық актінің құрылымы

Қолданыстағы редакция

Өзгерістер мен толықтырулардың ұсынылатын редакция сы



Негіздеме

3-тармақтың 2) тармақшасы











2) әлеуетті жеткізушінің аффилиирленген адамы – шешімдерді айқындау және (немесе) осы әлеуетті жеткізуші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне әсер етуге құқылы кез келген жеке немесе заңды адам, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуетті жеткізуші осындай құқыққа ие кез келген жеке немесе заңды адам .

алып тасталсын

Қағидалардың қолданыстағы редакциясында аффилиирленуге қатысты ереже жоқ. Осыған байланысты Қағидаларда пайдаланбайтын терминді нақтылауды талап етпейді..

3-тармақтың 9) тармақшасын













9) кешенді жұмыс – қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға ғана таралатын және жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және зерттеу жұмыстарын толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету;



9) кешенді жұмыс – жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және зерттеу жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету;





Теңіз кен орындарын игерудің және жайластырудың ерекшелігін ескере отырып, көмірсутегі шикізаты саласындағы жер қойнауын пайдаланушылар да күрделі техникалық жұмыстарды орындау үшін кешенді жұмыстарды EPC/EPCM (engineering-procurement-construction) деп аталатын келісімшарттарды жасай отырып, сатып алулары қажет, бұл жұмыстардың орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді және жобаны сапалы әрі мерзімінде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте қазіргі заманғы технологиялар қолданылып, техникалық-экономикалық негіздемені дайындаудан бастап объектіні салып, іске қосуға дейін құрылыс жобасын іске асырудың барлық кезеңдерінде жауаптылық пен тәуекелдер алуға қабілетті ірі мердігерлерді тартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұл норманы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты ету ұсынылады, оның ішінде көмірсутегі шикізаты саласындағы қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкілетті адамдарына:

8 -тармақтың үшінші бөлігі





Жоқ

Әлеуетті жеткізушіге осы тармақта көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Көрсетілген толықтыру көбіне тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушілерге қосымша талаптар белгілеуіне байланысты енгізіледі, ол осы арқылы жеткізушінің сатып алуға қатысуы үшін жасанды кедергі қояды. Сонымен қатар тапсырыс берушінің өз бетінше талаптарды белгілеуі әлеуетті жеткізушінің біліктілігін растамады және ол көбіне елеусіз сипатта болады. Осыған орай жазылған өзгерістерді енгізу қажет.

25-тармақтың 4) тармақшасы

4) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды көрсете отырып, сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;

4) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны міндетті түрде көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды көрсете отырып, сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі .

Үкіметтік емес стандарт болмаған жағдайда ұлттық стандартты немесе мемлекетаралық стандартты көрсетуге жол беріледі ;



«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңыны 21-2-бабының5-тармақшасына сәйкес үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуді республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Бизнестің өзі үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуін ынталандыру қажет.

25-тармақтың 20) тармақшасы

20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге (мердігерге) қоятын міндетті талабы (әлеуетті жеткізуші мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);



20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде (мұндай шартты орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу) осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге ( мердігеріге ) қоятын міндетті талабы;



Редакцияны нақтылау

25-тармақтың 23) тармақшасының төртінші абзацы

Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін, әлеуетті жеткізуші тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем түспейтін шарт сомасына жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсетіп жүрген ұйымдардың атынан кепілдеме хаттардың немесе оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелерімен расталған, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріледі. Бұл ретте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді.



Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде:

әлеуетті жеткізуші қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін орындаған ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен;

әлеуетті жеткізуші он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаған сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығындағы және (немесе) белгілі бір саладағы ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен расталған тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін, біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріледі.

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылуы тиіс.

Он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына құжаттар жұмыс тәжірибесінің кез келген жылына ұсынылуы мүмкін .

Бұл ретте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді.



Қолданыстағы редакцияда жұмыстардың қауіпті (аса қауіпті) түрлерін сатып алу кезінде жұмыс тәжірибесі кемінде 14 000 АЕК сомасындағы актімен расталуы қажет.

Жұмыстардың қауіпті (аса қауіпті) түрлерін сатып алу кезінде сатып алынатын жұмыстардың жылдық көлемі кемінде 14 000 АЕК болуы және акті де кемінде 14 000 АЕК сомасына сәйкес ұсынылуы тиіс, осы тармаққа нақтылау енгізу ұсынылады.

29-тармақ

29. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге жүгінуге оны жүйеде орналастыру арқылы жол беріледі, бірақ ол конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірілмеуі тиіс. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, түсіндіруді тізілімде орналастырады.



29. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге жүгінуге оны жүйеде орналастыру арқылы жол беріледі, бірақ ол конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірілмеуі тиіс. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, түсіндіруді тізілімде орналастырады .;

Көрсетілген өзгерістер жеткізушінің сұрауына жауап дайындау үшін тапсырыс берушіге қажетті ақылға қонымды мерзімді ұсыну мақсатында енгізіледі.













30-тармақтың бесінші бөлігі

Осы тармаққа сәйкес тапсырыс берушінің ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты ашық конкурс тәсілімен сатып алудың нысанасы болып табылатын, осы ТЖҚ-ның кейбір лоттарын алып тастау осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерге өзгерістер енгізу деп саналмайды.



Конкурстық құжаттамаға жекелеген лоттарды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі ұзартылмайды.



Қағидалардың 30-тармағының бесінші абзацының редакциясын өзгерту. Көрсетілген өзгеріс ашық конкурсты өткізу мерзімін қысқарту мақсатында енгізіледі.

Қағидалардың қолданыстағы редакциясы тапсырыс берушіге тұтастай сатып алудан бас тартуға және сатып алуды жаңадан жариялауға мәжбүрлей отырып, КҚ өзгеріс енгізу арқылы лоттарды алып тастауға мүмкіндік береді. Осы норманы алып тастау КҚ өзгерістер енгізу арқылы жекелеген лоттарды бұдан әрі алып тастау мүмкіндігін ұсынады .

38-тармақ

38. Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген мерзімде және нысанда жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді (бұдан әрі - Конкурстық өтінім) ұсынады. Конкурстық өтінім және конкурстық өтінімге құжаттамасы жүйеде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

Құжаттар конкурстық құжаттама тілінен басқа тілде ұсынылған жағдайларда, әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімге осындай құжаттардың нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасының сканерден өткізілген көшірмесін қоса береді.

Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімді не конкурстық өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды конкурстық өтінімдер қабылданғанға дейін және (немесе) конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынуға жол берілмейді.

Конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну рәсімі басталғанға дейін сатып алынатын ТЖҚ бағасы мен тарифтері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді тапсырыс берушінің талап етуіне, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімде көрсетуіне жол берілмейді.

Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерімен бірге әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне әлеуетті жеткізушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және жүйеде орналастырылады.

Құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері құжаттамалардың түпнұсқаларымен түрлі-түсті форматта ұсынылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйенің құралдары арқылы алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерленіп алынған құжаттарды ұсынуды қоспағанда немесе әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуды қоспағанда, көшірмеден және (немесе) телнұсқадан сканерленіп алынған құжатты әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылданбауы тиіс.



38. Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген мерзімде және нысанда жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді (бұдан әрі - Конкурстық өтінім) ұсынады. Конкурстық өтінім және конкурстық өтінімге құжаттамасы жүйеде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады және жеткізушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

Құжаттар конкурстық құжаттама тілінен басқа тілде ұсынылған жағдайларда, әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімге осындай құжаттардың нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасының сканерден өткізілген көшірмесін қоса береді.

Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімді не конкурстық өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды конкурстық өтінімдер қабылданғанға дейін және (немесе) конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынуға жол берілмейді.

Конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну рәсімі басталғанға дейін сатып алынатын ТЖҚ бағасы мен тарифтері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді тапсырыс берушінің талап етуіне, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімде көрсетуіне жол берілмейді.

Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері құжаттамалардың түпнұсқаларымен түрлі-түсті форматта ұсынылады

Құжаттардың сканерленген көшірмелері, оның ішінде, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар берген құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік тілге аудармалар әлеуетті жеткізушінің қолымен және (немесе) мөрімен күәландыруы тиіс.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы құралдарымен алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерленген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.

Техникалық ерекшелікте және осы Қағидалардың 40-тармағында көзделмеген және мемлекеттік ақпараттық жүйенің құралдары арқылы алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерленіп алынған қосымша құжаттарды ұсынуды қоспағанда немесе әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуды қоспағанда, көшірмеден және (немесе) телнұсқадан сканерленіп алынған құжатты әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде бастаруы тиіс.



Редакцияны нақтылау мақсатында.

«Тізілім» МАЖ қолданыстағы функионалы конкурстық құжаттың әр құжатына ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік бермейді..

Осыған байланысты сканерленген құжаттардың түпнұсқасын, кейіннен жеткізушінің ЭЦҚ жасалған конкурстық өтінімге қолын қоя отырып, жеткізушінің уәкілетті органының қолымен және мөрімен бекіткен орынды.

Қағидалардың қолданыстағы редакциясында әлеуетті жеткізуші ұсынатын барлық құжаттама құжаттардың түпнұсқасы түрлі-түсті форматында сканерленуі тиіс екені көзделген.

Тәжірибе жүзінде әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші сұрамаған қосымша құжаттарды ұсынады.

Алайда, талап етілмеген құжат қара-ақ түсті көшірмеден сканерленген түріндегі конкурстық өтінім бас тартуға жатады, өйткені кокурстық өтінімді ресімдейді Қағидаларының талаптары бұзылған болып есептеледі.



40-тармақтың 1) тармақшасы

1) әлеуетті жеткізушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған қолданылу мерзімі көрсетілген ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінім (әрбір лотқа);



1) әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған оның қолданылу мерзімі көрсетілген ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінім (әрбір лотқа);



Аталған өтінім, конкурстық өтінімнің құрамына кіреді.

Осыған байланысты,жеткізушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрімен бекітілген сканерленген құжаттардың түрлі-түсті форматтағы түпнұсқасын бекіткен орынды. ЭЦҚ-мен жүйедегі толықтай жасалған конкурстық өтінімге қол қояйылады



40-тармақтың 5) тармақшасы

5) төлем қабілеттілігін растайтын мынадай құжаттар:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 30 шiлдедегi № 274 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қыркүйекте № 1972 тіркелді) бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң және ипотекалық ұйымдардың Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған Есепшоттары толық көрсетiлген бухгалтерлiк есептiң үлгi есепшот жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың сканерден өткізілген көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін берілуге тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы, мұндай әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін ретінде танылуы үшін негіздеме болып табылмайды;

әлеуетті жеткізуші қол қойған және заңды адамның мөрімен бекітілген соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың сканерден өткізілген көшірмесі.

Бухгалтерлік балансы жоқ болған жағдайда, шағын бизнес субъектілері соңғы қаржы жылы үшін оңайлатылған декларацияның сканерден өткізілген көшірмесін ұсынады.

Егер конкурстық өтінімдерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда әлеуетті жеткізушіге әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және заңды адамның мөрімен бекітілген соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың сканерден өткізілген көшірмесін ұсынуға жол беріледі.

Бухгалтерлік балансы жоқ болған жағдайда, шағын бизнес субъектілері соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін оңайлатылған декларацияның сканерден өткізілген көшірмесін ұсынады;

үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының анықтамасының сканерден өткізілген көшірмесі;

ҚҚС бойынша төлеушіні есепке қою туралы құжаттың сканерден өткізілген көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші ҚҚС төлеушісі болып табылса) немесе конкурстық өтінімді ұсыну күніне әлеуетті жеткізуші ҚҚС төлеушісі болмағанын растайтын кепіл хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;



5) төлем қабілеттілігін растайтын мынадай құжаттар:

банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың сканерден өткізілген көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін берілуге тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы, мұндай әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін ретінде танылуы үшін негіздеме болып табылмайды;

үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының анықтамасының сканерден өткізілген көшірмесі ;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі №274 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың Бас бухгалтерлік кітабын жасау үшін шоттарды егжей-тегжейлей отырып, бухгалтерлік есептер шоттарының үлгілік жоспары осы уақытта күшін жойды.

Осыған байланысты НҚА өзектендірудің үздіксіз процесін ескере отырып, белгілі бір құқықтық актілерге сілтемелерді алып тастау ұсынылады.

40-тармақтың 5) тармақшасының 2, 3, 4, 6 абзацтары, Қағидаларда жеткізушінің ұсынылған бухгалтерлік теңгерім бойынша төлем қабілетін айқындаудың тетігі жоқ және осы уақытта бұл құжат тек ақпараттық сипатта ғана, бұл құжатты әлеуетті жеткізушілер беретін құжаттар тізбесінен алып тастау ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алуларға ұқсас осы құжат та конкурстық өтінім құрамына ұсынылған құжаттар тізбесінен алып тасталды.

ҚҚС бойынша төлеушіні есепке қою туралы мәлімет жеткізушіні таңдаудың елеулі шарты болып табылмайды және шарт жасасу кезеңінде ғана керек.

Осыған байланысты, ұсынылатын құжаттар мен мәліміттер тізбесін қысқарту және оны қажетті ең төмен деңгейге түсіру мақсатында көрсетілген абзац алып тасталады.

40-тармақтың 12) тармақшасы

12) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар: осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялардың болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті жеткізуші тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем емес шарт сомасына әлеуетті жеткізуші жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен ұйымдардан ұсыныс хаттардың немесе оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамадағы тиісті талап болған жағдайда);

12) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір саладағы тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар:

әлеуетті жеткізуші қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін орындаған ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен;

әлеуетті жеткізуші он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін шарт сомасына жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаған сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығындағы және (немесе) белгілі бір саладағы ұйымдардан орындалған жұмысты қабылдап-тапсырылғанын растайтын тиісті актілердің (шот-фактураларды) сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, ұсыным хаттардың немесе оң пікірлерінің сканерленген көшірмелерімен расталған құжаттар;

Редакциялық түзету нақты және мағынасы әртүрлі түсіндіруге жатпайтын және нақты түсінікке сәйкес келтіру мақсатында ұсынылады.



40-тармақтың 14) тармақшасы

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандар бойынша жергілікті қамту бойынша есептілікті өткізу туралы талаптарды және есептерде көрсетілген ақпараттың мазмұнына, есептіліктерді ұсыну мерзімін бұзғандығы және әлеуетті жеткізушілердің жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындамауына жауапкершілікті сақтау туралы кепілхаты.

14) сатып алынатын тауарларды өндіруші тапсырыс берушіге берген, әлеуетті жеткізушінің тауарларды конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және сапада қантитын (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде) жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарын орындау мүмкіндігі бар екендігін растайтын хаттың сканерленген көшірмесі.



ЖҚ бойынша есептілікті тапсыру туралы талапты сақтау туралы кепілхат ұсыну қажеттілігі жоқ, өйткені жеткізушімен жасалатын шартта ЖҚ бойынша міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылықты көздейтін ережені қамтиды.

Көрсетілген өзгеріс конкурстық өтінім құжаттарының қажетті тізбесін конкурстық құжаттама көздейтін талаптарында бар нормалармен сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.



40-тармақтың 15) тармақшасы

Жоқ

15) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде).

Көрсетілген өзгеріс конкурстық өтінім құжаттарының қажетті тізбесін конкурстық құжаттама талаптарында қамититын нормалармен сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.



40-тармақтың екінші және отыз үшінші бөлегі

Осы тармақтың талаптарына сәйкес конкурстық өтінімге қоса берілетін мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар берген құжаттарды сканерден өткізу құжаттардың түпнұсқаларынан жасалуы керек.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің құралдары арқылы алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесінен сканерден өткізілген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.





Алып тасталсын

Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген ақпарат қайталанады

42-тармақтың 2) тармақшасы

2) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба қойған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны туралы мәліметтер.



2) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер дің қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті адамы қол қойған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны н қамтитын және әлеуетті жеткізушінің мөрімен бектілген сканерленген құжат көшірмесі .



Ұсынылған құжаттың форматын айқындау үшін.

«Тізілім» МАЖ қолданыстағы функионалы конкурстық құжаттың әр конкурстың өтінішіне ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты жеткізушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрімен бекітілген сканерленген құжаттардың түрлі-түсті форматтағы түпнұсқасын бекіткен орынды. ЭЦҚ-мен жүйедегі толықтай жасалған конкурстық өтінімге қол қояйылады.



47-тармақ

47. Әлеуетті жеткізуші ашық конкурс тәсілімен сатып алудың бірнеше лотына қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 40-тармағының 1) , 3) , 4) , 6) - 9) , 11) - 14) тармақшаларында көзделген құжаттар ашық конкурс тәсілімен сатып алудың әрбір лоты үшін жеке ұсынылады.



Әлеуетті жеткізуші ашық конкурс тәсілімен сатып алудың бірнеше лотына қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 40-тармағының 1), 3), 4), 6) - 9), 11) - 13), 15), 16-тармақшаларында көзделген құжаттар ашық конкурс тәсілімен сатып алудың әрбір лоты үшін жеке ұсынылады.



Қағидалардың 40-тармағына енгізілген өзгерістерге орай редакцияны нақтылау.

56-тармақтың 5) тармақшасы

5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткен, жағдайлар туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткен, жағдайлар туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады;

Редакцияны нақтылау

56-тармақтың 6) тармақшасы

Жоқ

6) конкурстық құжаттамаға жекелеген лоттарды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ақпаратты орналастыру. Осы тармақшаның шарттары тапсырыс беруші алып тастаған лотқа қатысуға конкурстық өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге қатысты болады»;



Қағидалардың 30-тармағына енгізілген өзгерістерге орай редакцияны нақтылау.

62-тармақ

62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша жеке конкурстық өтінімдерді ашқан күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша жеке конкурстық өтінімдерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.



Көрсетілген өзгеріс әлеуетті жеткізушіні конкурсқа қатысуға жіберу және жіберу хаттамасына қол қою туралы шешім қабылдау мерзімін көздейтін нормаларды тапсырыс берушінің сұрау салу мерзімін реттейтін нормалармен сәйкес келтіру мақсатында енгізу үшін ұсынылады.



64-тармақтың 1) тармақшасы

1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның жүйеде орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмеге сұрау салуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салуды тіркеген сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде оған жауап береді және түсіндірмені жүйеде орналастырады;

1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның тізілімде орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік үш жұмыс күн і нен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмеге сұрау салуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салуды тіркеген сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде оған жауап береді және түсіндірмені тізілімде орналастырады.



Көрсетілген өзгеріс әлеуетті жеткізушіні конкурсқа қатысуға жіберу және жіберу хаттамасына қол қою туралы шешім қабылдау мерзімін көздейтін нормаларды тапсырыс берушінің сұрау салу мерзімін реттейтін нормалармен сәйкес келтіру мақсатында енгізу үшін ұсынылады.



65-тармақтың 7) тармақшасы

7) Қазақстан Республикасының резиденттері еместері конкурстық құжаттаманы және (немесе) оған қоса берілетін құжаттаманы нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тіліне аудармасыз ұсынса;



7) конкурстық құжаттаманы және (немесе) оған қоса берілетін құжаттаманы нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тіліне аудармасыз ұсынса;







Көрсетілген өзгерістерді енгізу конкурстық өтінімдердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі теңнұқсалығын сақтау мақсатында қажет.

65-тармақтың 9) тармақшасы

9) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып ресімделген шағын бизнес субъектілеріне арналған бухгалтерлік баланс, жеңілдетілген декларация ұсынылса;



Алып тасталсын

Қағидалардың 40-тармағына енгізілген өзгерістерге орай редакцияны нақтылау.

65-тармақтың 12) тармақшасы

12) шарт негізінде база иелерінің үшінші адамларына қол жеткізуге рұқсат берілетін ақпараттық базаларда қамтылған мәліметтерге сәйкес әлеуетті жеткізуші, оның құрылтайшылары, акционерлер немесе құрылтайшының қатысушылары немесе әлеуетті жеткізушінің жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге де адамлар сыбайлас жемқорлық немесе өзге де құқыққа қарсы қызметке араласса.

12) осы шарт негізінде аталған база иелерінің үшінші адамдарына қол жеткізуге рұқсат берілетін ақпараттық базаларда қамтылған мәліметтерге сәйкес әлеуетті жеткізуші, оның құрылтайшылары, акционерлер немесе құрылтайшының қатысушылары немесе әлеуетті жеткізушінің жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге де адамдар сыбайлас жемқорлық немесе өзге де құқыққа қарсы қызметке араласса;

Редакцияны нақтылау

65-тармақтың 13) тармақшасы

Жоқ

13) конкурстық құжаттамада көрсетілген әрбір лот бойынша пайыздармен (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттеме кем болса.



Көрсетілген өзгеріс тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада ТЖҚ бойынша жергілікті қамту талабын көздеуіне, ал жеткізушілер көбіне көрсетілген талаптарды сақталмауын, ал жеткізушілерден аталған көрсетілген негіз бойынша бас тарту тетігінің болмауына орай енгізіледі.



65-тармақтың үшінші бөлігі

Жоқ

Рұқсат беру хаттамасында тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болған себептерді түсіндіре отырып, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамау негіздемесін көрсетеді.

Аталған норма жеткізушілерге олардың конкурстық өтінімін қабылдамау себебі туралы назарға жеткізу мақсатында ұсынылады.

69-тармақтың бірінші бөлігі

69. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші жүйеде қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, жүйеде тапсырыс берушінің ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген адамы оны конкурстық өтінімдерді ашу күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүйеде және барлық пайдаланушыларға, оның ішінде тізілімде тіркелмеген пайдаланушыларға қолжетімді тізілімнің ашық бөлігінде орналастырады.

69. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші жүйеде қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, жүйеде тапсырыс берушінің ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген адамы оны конкурстық өтінімдерді ашу күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүйеде және барлық пайдаланушыларға, оның ішінде тізілімде тіркелмеген пайдаланушыларға қолжетімді тізілімнің ашық бөлігінде орналастырады.

Көрсетілген өзгеріс әлеуетті жеткізушіні конкурсқа қатысуға жіберу және жіберу хаттамасына қол қою туралы шешім қабылдау мерзімін көздейтін нормаларды тапсырыс берушінің сұрау салу мерзімін реттейтін нормалармен сәйкес келтіру мақсатында енгізу үшін ұсынылады.



94-тармақ

94. Егер өтінімдері ашық конкурстың шарттарына сәйкес келмейді деп кері қайтарылмаған барлық жеткізушілер сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидалардың 31 , 32 , 33-тармақтарында көрсетілген хабардар ету тәсілдерін қолдана отырып, жаңа ашық конкурсты өткізеді.





94. Егер өтінімдері ашық конкурстың шарттарына сәйкес келмейді деп кері қайтарылмаған барлық жеткізушілер ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші жаңа ашық конкус өткізеді немесе бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүргізеді, бұл ретте бір көзден сатып алу талаптары ашық конкурс шарттарына сәйкес болуға тиіс.



Көрсетілген өзгеріс жеткізуші шарт жасасудан жалтарған жағдайда бір сөзден сатып алу жүргізу мерзімін қысқарту мақсатында енгізіледі. Осыған байланысты мұндай конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс берушіге жүргізілген конкурс шартында бір көзден сатып алу жүргізуге немесе жаңа ашық конкурс өткізуге мүмкіндік беру ұсынылады.

96-тармақтың 16) тармақшасы

16) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді;

16) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді, лизинг қызметтерін;



Лигинг қызметтері, екінші деңгейдегі банктерді қоса алғанда, қаржы құжаттарының өте үлкен ауқымын пысықтауды талап етеді, аталған банктердің қызметі лизингке көбіне қымбат бағалы импорттық тауарлар сатып алуына орай валюта нарығындағы жағдайға қарай реттеліп, өзгереді.



96-тармақтың 22) тармақшасы

22) өндірістік қуаттары қалдықтардың олардың пайда болу көзінен ең аз орын ауыстыруын қамтамасыз ететін жеткізушіден шаруашылық қызмет процесінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеу, жою және орналастыру жұмыстарын;

22) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу, алып тастау, орналастыру, тасымалдау және кәдеге жарату;



ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қалдықтар жақын орналасқан полигондарда кәдеге жаратылуы, яғни тасымалдау ең төмен қамтамасыз етілу тиіс. Олай болса, конкурстық рәсімдерді өткізу орынсыз, кәдеге жарату бойынша қызметтерді сатып алу жақын орналасқан полигонда жүзеге асырылуы тиіс.

96-тармақтың 25) тармақшасы

25) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кемінде 65 (алпыс бес) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алу үшін);

25) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарларды қазақстандық өндірушіде немесе оның ресми өкілінде жергілікті қамтудың үлесі кемінде 65 (алпыс бес) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алу үшін);

Көрсетілген өзгеріс ТЖҚ отандық өндіруші болып табылмайтын тұлғалардан сатып алу фактісін болдырмау, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізіледі.



96-тармақтың 26) тармақшасы

26) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кемінде 50 (елу) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алуды қоспағанда);





26) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарларды қазақстандық өндірушіде немесе оның ресми өкілінде жергілікті қамтудың үлесі кемінде 50 (елу) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алуды қоспағанда);



Көрсетілген өзгеріс ТЖҚ отандық өндіруші болып табылмайтын тұлғалардан сатып алу фактісін болдырмау, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізіледі.



96-тармақтың 34) тармақшасы

34) моноқалаларда тіркелген жалғыз қала қалыптастырушы кәсіпорын тапсырыс берушінің кәсіпорны болып табылатын қазақстандық ТЖҚ өндірушілерінен ТЖҚ-ны;

34) тауарлар моноқалалардың аумағында өндірілген, ал жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жерігілікті кадрлар орындаған, ондағы тапсырыс берушінің кәсіпорны жалғыз қала құраушы кәсіпорын болып табылатын жағдайда, заңды тұлға, олардың филиалдары, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген қазақстандық ТЖҚ өндірушілерінен ТЖҚ-ны;



Көрсетілген өзгеріс кәсіпорны қала құраушы болып табылатын тапсырыс берушінің аталған моноқаланың шегінен тыс шығарылған ТЖҚ жеткізушіден бір көзден сатып алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу фактісін болдырмау мақсатында енгізіледі.



96-тармақтың 35) тармақшасы

35) жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖҚ-ны сатып алу кезінде қолданылады.

35) жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖҚ-ны;



ТЖҚ конкурстық рәсімді өткізбей сатып алу, олардың жылдық көлемі 100 АЕК – 212 000 теңгеден аспалуы тиіс.

Валюта бағамының өзгеруіне және нарықта ТЖҚ құнының ұлғайуына байланысты осы норманы 200 АЕК – 424 200 теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынамыз.

Норма жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процесін оңтайландыру мақсатында енгізіледі.

96-тармақтың 36) тармақшасы

Жоқ



36) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жасалған оффтейк-шарттар мен технологиялық келлісіндер шеңберінде өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы 874 жарлығымен биктілген;



Қазақстан республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы №1159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының «Перспективалық және бәсекеге қабілетті өнімді игеруге жәрдемдесу» 206-тармағын және «Ірі кәсіпорындар төңірегінде жанама өндірістерді құру мақсатында тапсырыс берушілер мен өндірушілер арасында келісімшарттар жасасуға жәрдем көрсету» деген 293-тармағтын іске асыру



96-тармақтың 37) тармақшасы

Жоқ

37) барлық жіберілген әлеуетті жеткізушілер ашық конкурс қорытындысы бойынша ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасудан, электрондық сатып алу жүйесі арқылы сатып алудан, баға ұсыныстарына сұрау салудан жалтарған кездеқолданылады.



Қағидалардың 30-тармағына енгізілген өзгерістерге орай редакцияны нақтылау.





100-тармақтың төртінші бөлігі

Сатып алу туралы шарт бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.

Алып тасталсын

Бір көзден сатып алу қорытындысы бойынша шарт жасасу үшін шектеу мерзімін алып тастауды ұсынамыз.

Бір көзден сатып алуды жүргізу кезінде шарт тапсырыс берушінің бастамасы бойынша және ол белгілеген мерзімде жасалады.

127-тармақтың бесінші бөлігі

Жоқ .

Барлық жеткізушілер шарт жасасудан жалтарған кезде тапсырыс беруші баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жаңа сатып алу немесе бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүргізеді, бұл ретте бір көзден сатып алу талаптары баға ұсыныстарын сұрату арқылы өткізілген сатып алу шарттарына сәйкес болуға тиіс.



Көрсетілген өзгеріс баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу өткізу мерзімін азайту қысқарту мақсатында енгізіледі.

Мәселен, барлық әлеуетті жеткізушілер шарт жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші бағалық ұсыныстарға сұрау салу және бір көзден сатып алу тәсілімен, бастапқы сатып алу шарттарын сақтай отырып, жаңа сатып алу жүргізуге құқылы.



148-тармақ

148. Егер өтінімдері электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алудың шарттарына сәйкес келмейді деп бас тартылмаған барлық жеткізушілер сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс беруші осы Қағидалардың 31 , 32 , 33-тармақтарында көрсетілген хабардар ету тәсілдерін қолдана отырып, электрондық сатып алу жүйесі арқылы жаңа сатып алуды өткізеді.

148. Егер өтінімдері электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алудың шарттарына сәйкес келмейді деп бас тартылмаған барлық жеткізушілер сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс беруші электрондық сатып алу жүйесі арқылы жаңа сатып алуды немесе бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүргізеді, бұл ретте бір көзден сатып алу талаптары баға ұсыныстарын сұрату арқылы өткізілген сатып алу шарттарына сәйкес болуға тиіс.



Көрсетілген өзгеріс электронды жүйе арқылы сатып алу кәсілімен өткізу мерзімін қасқыру мақсатында енгізіледі.

Мәселен, барлық әлеуетті жеткізушілер шарт жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші электрондық сатып алу арқылы және бір көзден сатып алу тәсілімен, бастапқы сатып алу шарттарын сақтай отырып, жаңа сатып алу жүргізуге құқылы.



157-тармақ

Егер әлеуетті жеткізуші өзімен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаса не тиісті түрде орындамаса, тапсырыс беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.



157. Егер әлеуетті жеткізуші өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаса, тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.



Қағидалардың 158-тармағына енгізілген өзгерістерге орай редакцияны нақтылау.

158-тармақ

158. Осы Қағидалардың 157-тармағында көзделген жағдай орын алған кезде, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің сомасы тапсырыс берушінің кірісіне жатқызылады.





158. ТЖҚ жеткізуші ТЖҚ сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз ету сомасынан шартта көзделген айыппұл санкцияларының сомасын ұстап қалады.

Шартты орындауды қамтамасыз етудің қалған сомасы шартта көзделген ТЖҚ жеткізу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарылады.



Көрсетілген өзгеріс жеткізушінің шарттық міндеттемелер бөлігін нақты орындағаны үшін оған төленеді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады. Бұл ретте қалу көлеммін міндеттемелердің орындалмаған ұстап жағдайтын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.



162-тармақ 5 ) тармақшасы

5) конкурстық құжаттамада көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді қамтиды.

5) тапсырыс беруші мен жеткізушінің төлем және таурды жеткізу, жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бөлігінде шарт бойынша міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершілігі. Бұл ретте тапсырыс берушінің жауапкершілігі әлеуетті жеткізушінің жауапкершілігінен кем болмауға тиіс;



Көрсетілген өзгеріс екі тарапқа да олардың шарт міндеттемелерін орындамағандары үшін жауапкершілік белгілеу мақсатында ұсынылады. Бұл ретте тапсырыс беруші жеткізушіге тұрақсыздық айыбын немесе өзге де айыппұл санкцияларын өз айыппұлдарынан аспайтын немесе соған тең көлемде белгілеуге міндеттенеді.

Тәжірібе жүзінде шарт жобасында жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін толық жауаптылығы сипатталатын жағдай жиі кездеседі, бұл ретте тапсырыс берушінің жауапкершілігі сипатталмайды.

Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушының сатып алуы шеңберінде жасалатын шарт жобасында тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілігін көздей ұсынылады.

Бұл ретте төлем төлеу және жеткізу бөлігіндегі жеткізуші мен тапсырыс берушінің жауапкершілігі тең болуға тиіс.

162-тармақ 6 ) тармақшасы

Жоқ

6) көмірсутегі шикізатына келісімшарттар бойынша өндірушісі болып табылған егер өнім өндірушімен өзге аз мерзім келісіпмесе, шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік сандық алпыс күннен кем емес жеткізу мерзім туралы талап қамтылуы тиіс;



Норма өндірушілер үшін тауарларды жеткізу мерзімін реттеу мақсатында енгізіледі, өйткені тәжереби жүзінде конкурстық құжаттамада жеткізудің тығыз мерзімі көзделеді, оның шеңберінде жергілікті өндірушілер жеткізуді жүзеге асыра алмайды, себебі тауарды дайындау үшін қосымша мерзім қажет.



162-тармақ 7 ) тармақшасы

Жоқ

7) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы шарт жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін, оның ішінде тауардың әрбір партиясы, жекелеген жұмыстар (қызметтер) кезеңі үшін тауар жеткізілген, жұмыстарды (қызметтерді) қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде төленгені туралы талапты қамтуға тиіс .

Шарт бойынша төлем мерзімі тараптардың келісуі бойынша ұлғайтылады мүмкін;



Норма жеткізушінің төлем төлеу мерзімін реттеу мақсатында енгізіледі, өйткені тәжірибиде көрсетіп отырғандай жер қойнауын пайдаланушылар төлем бойынша 360 күннен 900 күнге дейін болатын шарт қояды, бұл өндірушілердің жұмысына кері әсер етеді.

162-тармақ 8 ) тармақшасы

Жоқ

8) конкурстық құжаттамада көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді қамтиды.



Редакцияны нақтылау.



166-тармақтың 4) тармақшасы

4) тиісті кезеңге айқындалған инфляция деңгейіне сүйене отырып, бір қаржы жылынан астам кезеңге жасалған ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт бағасын тараптар келісімі бойынша жыл сайын өзгерту бөлігінде;

4) мердігердің қамқорлығымен тауарларды жеткізуге және жұмыстарды орындауға ұзақ мерзімді шарттар бағасын ағайту бөлігінде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шарт жасасу күніне белгілеген шетел валютасы бағамының 10 пайыздан астам көлемде өзгерген жағдайда ұзақ мерзімді шарттарының бағаларын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Төлем индексациясын тапсырыс беруші ұзақ мерзімді шартта формула мен шетел валютасын көрсете отырып, ескертуі тиіс:

𝑺1= 𝑺 2×(100− 𝐶𝑇 1)/(100− 𝐶𝑇 2)× 𝑅 2/ 𝑅 1

мұндағы:

S1 – тауардың теңгемен көрсетіліп, өзгертілген құны;

S2 – тауардың теңгемен көрсетілген бастапқы құны;

R2 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарламаны жеткізушіге жіберген күнге белгілеген ресми бағамы (шетел валютасының атауын көрсету);

R1 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шарт жасасу күніне белгілеген ресми бағамы (шетел валютасының атауын көрсету).

CT1 – шарт жасасу сәтінде берілген CT-KZ нысанындағы сертификатта көрсетілген қазақстандық қамту пайызы;

CT2 – валюта бағамы өзгергеннен кейін берілген CT-KZ нысанындағы сертификатта көрсетілген қазақстандық қамту пайызы.

Валюта бағамы қайта өзгерген кезде шартты индексациялау есебі бастапқы индексацияланған соманы ескере отырып, жүзеге асырылады;



Қазақстан Республикасы азаматтық кодесі 282-бабының 3-тариағы.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келіскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.

Сатып алу процесі ұйымдастырылатын Қағидаларда жасалып қойған шарттардың талаптарын өзгертуді одан әрі негіздеуге пайдалану үшін теңге бағасының девальвациясын ескерілмеген. Қағидаларға ТЖҚ сатып алу туралы шарт тараптарына инфляция деңгейі мен баға бегілеуге әсер ететін өзге де валюталық қатерлерді негізге ала отырып бағаны өзгертуге (мөлшерлеме, есеп т.б.) мүмкіндік беретін норманы қосу ұсынылады.

Тәжірибе жүзінде, осы тармақ тараптармен келісім-шартта көрсетілген шетелдік валютаның бағамы 10%-дан астам өзгертүл себепті жеткізушінің өз міндеттемелерін толық орындай алмауына әсер етуі мүмкін болған жағдайда ғана пайдаланылатын болады. Осы тармақты қосу екі тарап үшін де пайдалы болады, тапсырыс беруші Жеткізуші тарапынан жарақтарды жеткізу мерзімінің бұзылатынына алаңдамай өз қызметін жоспарлай алады, ал Жеткізуші айырбас бағамының айтарлықтай өзгерген жағдайда келісім-шарт сомасы қайта қаралатындықтан ұзақ мерзімді келісім-шартты сенімді болып жасасады



166-тармақтың 6) тармақшасы

6) маңызды болып табылмайтын талаптар бөлігінде;

6) Қағидалардың 162-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, елеулі болып табылмайтын талаптар бөлігінде;



Қағидалардың 162-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына енгізілген толықтыруларға орай редакцияны нақтылау.

166-тармақтың 8) тармақшасы

8) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға қатысты.

8) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға қатысты;



166-тармақтың 9) тармақшасы

Жоқ

9) лизингтік төлемдер мөлшерінің, сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне, шарт сомасының индексациясына байланысты қаржылық лизинг шартының сомасын өзгерту бөлігінде;



Ұсынылған толықтыру шарт тараптарына жеткізілетін ТЖҚ бағасын азайтуға мүмкіндік беру үшін енгізіледі.

Тапсырыс беруші бөлген сомаға тең бағаны ұсынған және шартты орындау процесінде бұл бағаны азайту жағына қарай өзгертуге келіскен жалғыз сатып алушы сатып алудың жеңімпазы болып жататын жағдай жиі кездеседі.



166-тармақтың 10) тармақшасы

Жоқ

10) жеткізілетін ТЖҚ көлемі өзгермеген кезде тааптардың келісуі бойынша шарт сомасының азайтылуы бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.



Қағидалардың қолданыстағы ережелерінде шарт жасасу бағасын өзгертудүшін негізі ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының төмендегені ескерілмеген.

Қағидаларға қаржылық лизинг қызметтерін сатып алу туралы шарт тараптарына инфляция деңгейі мен баға бегілеуге әсер ететін өзге де валюталық қатерлерді негізге ала отырып бағаны өзгертуге (мөлшерлеме,есеп т.б.) мүмкіндік беретін норманы қосу ұсынылады.



172-1-тармақ

Жоқ

172-1. Шарт бойынша міндеттемені орындау талабы құқығын беруге (талапты басқаға беруге), сондай-ақ қаржы міндеттемелерін және (немесе) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде құқық мұрагерлігі тәртібімен құқықтар мен міндеттердің ауысуын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелерді үшінші тұлғалардың орындауына жол берілмейді;



Практика көрсетіп отырғандай, жеткізушімен шарт жасалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушылар (тапсырыс берушілер) міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруды, яғни шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді бір жеткізушіден екінші жеткізушіге беру арқылы шарттағы әлеуетті жеткізушінің атауын өзгертуді әдетке айналдырған.





Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді

сатып алу қағидаларына

1-қосымша

нысан

Ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінім (ашық конкурстың атауы)

1. Әлеуетті жеткізушінің атауы;

2. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес әлеуетті жеткізушінің орналасқан жері;

3. Әлеуетті жеткізушінің ашылған конкурстық өтінімінің мазмұны туралы ақпарат:

ЛОТ №

ӨСЖ коды

ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы

1

2

3















Конкурстық өтінімнің мазмұны туралы мәліметтер:

1) құрылтай құжаттардың (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыру құжаттардың (жеке тұлғалар үшін) сканерден өткізілген көшірмелері;

2) құжаттардың (лицензия, патент, куәлік) сканерден өткізілген көшірмелері және/немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу мен өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету құқығын растайтын құжаттардың болу қажеттілігінің жоқтығы туралы хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;

3) егер сатып алудың нысанасы стандарттың немесе Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңнамасына сәйкес адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуіне міндетті түрде сертификаттауға жататын болса, сертификаттардың сканерден өткізілген көшірмелері;

4) төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар;

5) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық және өзге де сипаттамалары бар техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);

6) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін);

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы міндеттемелері (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);

8) әлеуетті жеткізуші мердігерлерінің осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар немесе әлеуетті жеткізушінің мердігерлерді тарту ниетінің жоқ екендігін растайтын кепілдемелік хатының сканерден өткізілген көшірмесі (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);

9) осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында, 11-тармағының 1) 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өткізілетін ашық конкурсқа қатысуын шектейтін негіздемелердің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушінің кепілхаттары;

10) осы Қағидалардың 11-тармағының 3) және 5) тармақшаларында және 12-тармағында көрсетілген өткізілетін ашық конкурсқа қатысуын шектейтін негіздемелердің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушінің кепілхаттары;

11) әлеуетті жеткізушіде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті тізілімнің (сертификатталған тізілімдердің) болуын растайтын құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);

12) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және/немесе белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар: осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем емес шарт сомасына әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардан кепілхаттардың/оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);

13) әлеуетті жеткізушінің шарт жобасының елеулі талаптарымен келісетіндігін растайтын кепілхат;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандар бойынша жергілікті қамту бойынша есептілікті тапсыру туралы талаптарды және есептерде көрсетілген ақпараттың мазмұнына, есептіліктерді ұсыну мерзімін бұзғандығына және әлеуетті жеткізушілердің жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындамауына жауапкершілікті сақтау туралы кепілхаты.

4. Қолдары.



Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді

сатып алу қағидаларына

1-қосымша

нысан

Ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға конкурстық өтінім (ашық конкурстың атауы)

1. Әлеуетті жеткізушінің атауы;

2. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес әлеуетті жеткізушінің орналасқан жері;

3. Әлеуетті жеткізушінің ашылған конкурстық өтінімінің мазмұны туралы ақпарат:

ЛОТ №

ӨСЖ коды

ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы

1

2

3















Конкурстық өтінімнің мазмұны туралы мәліметтер:

1) құрылтай құжаттардың (заңды тұлғалар үшін), жеке басын куәландыру құжаттардың (жеке тұлғалар үшін) сканерден өткізілген көшірмелері;

2) құжаттардың (лицензия, патент, куәлік) сканерден өткізілген көшірмелері және/немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу мен өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету құқығын растайтын құжаттардың болу қажеттілігінің жоқтығы туралы хаттың сканерден өткізілген көшірмесі;

3) егер сатып алудың нысанасы стандарттың немесе Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңнамасына сәйкес адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуіне міндетті түрде сертификаттауға жататын болса, сертификаттардың сканерден өткізілген көшірмелері;

4) төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар;

5) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық және өзге де сипаттамалары бар техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);

6) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін);

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы міндеттемелері (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);

8) әлеуетті жеткізуші мердігерлерінің осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар немесе әлеуетті жеткізушінің мердігерлерді тарту ниетінің жоқ екендігін растайтын кепілдемелік хатының сканерден өткізілген көшірмесі (мердігерлік жұмыстарды сатып алған жағдайда);

9) осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, өткізілетін ашық конкурсқа қатысуын шектейтін негіздемелердің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушінің кепілхаттары;

10) әлеуетті жеткізушіде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті тізілімнің (сертификатталған тізілімдердің) болуын растайтын құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);

11) әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және/немесе белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар: осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын жүкқұжаттардың, тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем емес шарт сомасына әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардан кепілхаттардың/оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелері (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);

12) әлеуетті жеткізушінің шарт жобасының елеулі талаптарымен келісетіндігін растайтын кепілхат;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандар бойынша жергілікті қамту бойынша есептілікті тапсыру туралы талаптарды және есептерде көрсетілген ақпараттың мазмұнына, есептіліктерді ұсыну мерзімін бұзғандығына және әлеуетті жеткізушілердің жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындамауына жауапкершілікті сақтау туралы кепілхаты;

14) сатып алынатын тауарларды өндірушімен берілген, әлеуетті жеткізушінің тауарларды конкурстық құжаттамада белгіленген көлемде және санда (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде) жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарын орындау мүмкіндігі бар екендігін растайтын хаттың сканерленген көшірмесі;

15) шартты бағаны есептеуге арналған құжаттар (болған кезде);

16) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған кезде);

17) конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі.

4. Қолдары.



Қағидаларға бұрын енгізілген өзгерістерге байланысты редакциялық түзету.

Қағидалардың 40-тармағына енгізілген өзгерістерге орай редакцияны нақтылау.



Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді


сатып алу қағидаларына


2-қосымша



Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді

сатып алу қағидаларына

2-қосымша





нысан





Қызметкерлердің болуы және саны туралы мәліметтер



Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және білімі туралы басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Еңбек шартының №

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

8



















Электрондық цифрлық қолтаңбасы ______________

Ұсыну күні мен уақыты



Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу кезінде тауарларды,

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді

сатып алу қағидаларына

2-қосымша





нысан





Қызметкерлердің болуы және саны туралы мәліметтер



Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және білімі туралы басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Еңбек шартының №

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

8



















Қол қою және мөр ______________

Ұсыну күні мен уақыты

«Тізілім» МАЖ қолданыстағы функионалы конкурстық өтінішімнің әр құжатына ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік бермейді..

Осыған байланысты сканерленген құжаттардың түпнұсқасын, жеткізушінің ЭЦҚ жасалған конкурстық өтінімге қолын қоя отырып, жеткізушінің уәкілетті органының қолымен және мөрімен бекіткен орынды.

Бірінші вице-министр А. Рау