• Мое избранное
«Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 331-бабының 4-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдік пен кепілдемелерді беру қағидалары бекітілсін.
2. «Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы ___ ________
№ ___ қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру қағидаларын
1. Осы Қағидалар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беруіне талаптарды белгілейді.
2. Банктің банктік кепілдік пен кепілдемені беруі осы Қағидалардың, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, ішкі кредиттік саясат туралы қағидалардың және банктің директорлар кеңесі бекіткен операцияларды жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Банктің банктік кепілдік пен кепілдемені беруі мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
1) банкте «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия бар болу;
2) тұлға-борышкердің банктің көрсетілген мәліметтерді кредиттік бюроларға бұдан кейін беруімен, өзі туралы және берілген банктік кепілдік пен кепілдеме жөніндегі мәліметтерді кредиттік бюроның деректер базасына ұсынуына жазбаша келісімі бар болу.
4. Осы Қағидалардың мақсатында банктің банктік кепілдік немесе кепілдемені беруі, сондай-ақ банктік кепілдік пен кепілдеме бойынша міндеттемелерді орындау бойынша талаптарды қойғаны, оларды жазбаша түрде ресімдеуді көздейді.
5. Банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында мыналар болуы тиіс:
1) заңды тұлға-борышкердің атауы немесе банк банктік кепілдікті немесе кепілдемені тапсырмасы бойынша берген жеке тұлға-борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
2) борышкердің заңды тұлға-кредиторының атауы немесе банк банктік кепілдікті немесе кепілдемені пайдасына берген жеке тұлға-кредитордың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
3) банктік кепілдікті немесе кепілдемені берген банктің атауы;
4) банктік кепілдік немесе кепілдеме шартының нөмірі мен күні және банктік кепілдікті немесе кепілдемені беру қажеттілігі көзделген құжаттың(ардың) нөмірі мен күні;
5) егер өзгелері банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында белгіленбеген болса, банктік кепілдік немесе кепілдеме шарты бойынша төленуге жататын барынша жоғарғы ақша сомасы;
6) егер өзгелері банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында белгіленбеген болса, берілген банктік кепілдік немесе кепілдеме бойынша қамтамасыз ету әдістері;
7) банктік кепілдік немесе кепілдеме берілген мерзімі немесе егер өзгелері банктік кепілдік немесе кепілдеме шартында белгіленбеген болса, банктік кепілдік немесе кепілдемені берген банктің міндеттемесі ол басталғанда тоқтатылатын жағдай (оқиға) (банктік кепілдік немесе кепілдеменің қолданыс мерзімі);
8) берілген банктік кепілдік немесе кепілдеме бойынша банктің жауапкершілігі (төлемді жүзеге асыру) басталатын талаптар.
6. Міндеттемеге қатысатын тараптар құрамына байланысты банк борышкердің тапсырмасы және оның есебінен кепілгер алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін борышкердің кредиторының пайдасына банктік кепілдікті берген басқа банк-кепілгер пайдасына банктік қарсы кепілдікті (бұдан әрі - қарсы кепілдік) беруі мүмкін.
7. Банктің қарсы кепілдік шартында мыналар болуы тиіс:
1) заңды тұлға-борышкердің атауы немесе банк банктік қарсы кепілдікті тапсырмасы бойынша берген жеке тұлға-борышкердің тегі, аты, әкесінің аты,  (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
2) кепілгер-банк пайдасына банктік қарсы кепілдігін берген банктің атауы;
3) борышкердің тапсырмасы бойынша пайдасына банк банктік қарсы кепілдігін берген кепілгер-банктің атауы;
4) борышкердің заңды тұлға-кредиторының атауы немесе кепілгер-банк банктік кепілдікті пайдасына берген жеке тұлға-кредитордың тегі, аты, әкесінің аты,  (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
5) банктік қарсы кепілдік шартының нөмірі мен күні және банктік қарсы кепілдікті беру қажеттілігі көзделген құжаттың (ардың) нөмірі мен күні;
6) егер өзгелері банктік қарсы кепілдік шартында белгіленбеген болса, банктік қарсы кепілдік шарты бойынша төленуге жататын барынша жоғарғы ақша сомасы;
7) егер өзгелері банктік қарсы кепілдік шартында белгіленбеген болса, берілген банктік қарсы кепілдігі бойынша қамтамасыз ету әдістері;
8) банктік қарсы кепілдікті берудің мерзімі немесе егер өзгелері банктік қарсы кепілдік шартында белгіленбеген болса, банктік қарсы кепілдікті берген банктің міндеттемесі ол басталғанда тоқтатылатын жағдай (оқиға) (банктік қарсы кепілдіктің қолданыс мерзімі);
9) берілген банктік қарсы кепілдік бойынша банктің жауапкершілігі (төлемді жүзеге асыру) басталатын талаптар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

р/с

Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше



Банктерді қадағалау департаменті

2.

Н орматив тік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің жаңа редакцияда қабылдауын көздейді

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті

Бухалтерлік есеп Департаменті

Инспекциалау департаменті

Заң департаменті

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

-

6.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасының аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары туралы, Ұлттық Банктің жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі сараптама кеңесінде қарау нәтижелері туралы мәліметтер (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін)

«Қазақстан Қаржыгерлерінің Қауымдастығы» ЗТБ __.__.2016ж. № ___________ сараптамасы





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесінің___.___.2016ж. № __ хаттамасы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының __ . __ .2016ж. №__________ сараптамасы

7.

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Талап етпейді

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және көпшілік талқылауы нәтижелері туралы мәліметтер

Талап етпейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

Банктерді қадағалау департаменті
Директоры ___________ О. Кизатов