• Мое избранное
«Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы» өкім жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы» өкім жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес:
1. Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы «»
№
өкімімен бекітілге
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Ақмола облысының әкімі;
Алматы облысының әкімі;
Астана қаласының әкімі;
Алматы қаласының әкімі;
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары;
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемқала құрылысы кадастр» РМК) бас директоры;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша);
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік коғамының вице-президенті (келісім бойынша);
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы « »
№
өкімімен бекітілген
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) агломерацияларды дамыту моделін қалыптастыру мәселелерді қарау;
2) республикалық және өңірлік нарықтарда агломерацияларды экономикалық позициялау;
3) агломерациялардың әсер ету аймағына кіретін шекаралар мен елді мекендерді (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) айқындау;
4) жерлерге түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервтеу арқылы ерекше қала құрылысы реттеуін белгілеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистралдық инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл және «азық-түлік» белдеулері және басқалары);
5) озық инновациялық және технологиялық шешiмдердi қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы);
6) кластерлік дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру, құрылысқа жеке капиталды тарту, және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану;
7) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, агломерациялардың инфрақұрылымын дамуын үйлестіру;
8) әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын арттыру мақсатында агломерациялардың кәсіпкерлік ахуалын және имиджін жақсарту;
9) агломерацияларды қалыптастыру кезінде Астана және Алматы қалаларының бәсекелестік басымдықтарын тиімді пайдалану;
10) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және оларға іргелес облыстардың әкімдіктері арасындағы меморандумдардың мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеу болыптабылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
«Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 19-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген шараларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін болады

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен шығындарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге сәйкестендіру үшін

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер



Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www. economy .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

(Көлемі ____ Кбайт)

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www. economy .gov.kz интернет-порталында орналастырылған

(Көлемі ____ Кбайт)

13.

Реттегіш ықпалға талдау жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат (болған жағдайда)

Талап етілмейді

14

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев