• Мое избранное
«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдама жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдама жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы
«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).  
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасын әзірлеу заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарымен көзделген (2017 жылдың 2-жарты жылдығы).  
Статистика дәстүрлі түрдедемократиялық процестер мен қоғамдағы ілгерілеу үшін маңызды негіз қалайтын экономикалық және әлеуметтік-саяси процестерді мемлекеттік басқарудың маңызды институттарының бірі ретінде қаралады.  
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуын сипаттайтын мәліметтерді жинау, жүйелендіру және талдаудың әр алуан функцияларын орындай отырып, ол әрқашанәртүрлі тектегі құрылымдардың, ұйымдардың және халықтың басқарушылық, ғылыми-зерттеу және қолданбалы тәжірибелік мұқтаждықтарына арналған факторлардың басты жеткізушісі ролін атқарды.  
Қазақстан тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болғаннан кейінмемлекеттік статистика мәселелерін реттейтін жаңа заңнамалық акт құру қажеттілігі туындағандығы толық сөзсіз болды.
Осылайша, жаңа заңдар статистикалық және статистикалық емес қызметтің шекарасын айқын белгіледі, статистика сапасын арттырды, әкімшілік дереккөздердің деректерін пайдалану арқылы респонденттерге түсетін салмақты азайтты,мемлекеттік аппараттың пайдаланушыларды толық әрі деректі ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмысын жақсартты, мемлекеттік орган қызметкерлерінің тиісті саладағы заңнама нормаларын сақтауы үшін жеке жауапкершілігін арттырды.
Осылайша, 2011 жылы Еуростаттың Еуропа статистика жүйесі комитетінің отырысында 2005 жылы қабылданған Еуропа статистика нормаларының кодексі өзектендірілгенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған сапаны қамтамасыз етудің стандартты ұлттық негізгі қағидаттары қабылданды. Қағидаттар сапаны қамтамасыз етудің ұлттық негізгі қағидаттар бойынша сарапшылар тобымен әзірленді. Одан басқа 2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мақұлдаған, мемлекет пен қоғамның статистикалық ақпаратқа деген сенімін қамтамасыз ету үшін әлемдік статистика қызметтері ұстануы тиіс жалпы тәсілдерді декларациялайтын ресми статистиканың негізгі қағидаттары қайта қарастырылды.  
Осыған байланысты статистикалық процестер мен өнімдердің сапасын институционалдық деңгейде қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын өзектілендіру қажет.  
2016 жылғы 29 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда, Еуропа статистиктерінің конференциясында (бұдан әрі ЕСК) 11 елді, оның ішінде Қазақстанды қамтитын Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін БҰҰДШ желісі бойынша қаржыландырылатын жоба аясында әзірленген ұсынымдар ретінде бекіту үшін ЕСК пленарлық сессиясында ұсынылған Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму шоттары жобасы аясында әзірленген Ресми статистика туралы үлгілік заң қарастырылғанын атап өткен жөн.  
Статистика туралы үлгілік заң Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің экономикалық қатынастарын құқықтық реттеуді жақындастыру және үйлестіру мақсатында қабылданып, осы елдердің статистика туралы заңдарында және әлемдік статистика тәжірибесінде бар барлық оң нормаларды қамтыған.  
Осыған байланысты заң жобасы шеңберінде Статистика туралы үлгілік заңда бекітілген статистикалық қызметтің негізгі қағидаттарын енгізу ұсынылады.  
Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде «ҚАЗСТАТ: Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдар кезеңіне Ұлттық статистика жүйесін нығайту» жобасы шеңберінде алынған халықаралық сарапшылардың ұсынымдары пайдаланылды.  
Осыдан басқа, пайдаланушылар мен респонденттер үшін ресми статистиканың жаңа тұжырымдамасын ілгері жылжытуда қажеттілік пен респонденттер мен пайдаланушылардың ресми статистика деректеріне деген сенімін одан әрі күшейтуде қажеттілік әлі де бар.  
Аталғанға байланысты, заң жобасы келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:  
1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және Заңның осы 8-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланатыны бекітілген. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабымен жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын деректер бекітілген.  
Сәйкестендірілген алғашқы статистикалық деректерді алу, әртүрлі бөліністе (аумақ бойынша, экономикалық қызмет түрлері бойынша, өлшемділігі бойынша және т.б.) ресми статистикалық ақпарат қалыптастыру үшін оларды одан әрі өңдеу мақсатында мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын сәйкестендіру деректерін қоса алғанда статистика органдарынан алғашқы статистикалық деректерді алу жөнінде құзыретті бекіту ұсынылады.  
2. Заңның 5-бабында мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері: мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы; статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік; сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану; ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі болып табылады.  
Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып статистикалық қазметті атқару.
Тәжірибеде мемлекеттік статистиканың негізгі принциптеріне сүйене отырып Комитеттің статистикалық деректерді қайта есептеуге және қайта қарастыруға, соның ішінде ресми статистикалық ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету мақсатында құқығы бар.  
Мәселен, ОСРД 3.166 тармағының ережесіне сәйкес «анықтық параметрі деректерді жасаушы ведомствоның тәжірибесі мен рәсімдерінің айқындығын көрсететін төрт тәжірибелік қағидатты қамтиды. Олардың үшеуі әкімшілік тәжірибе мен рәсімдерге жатады; төртіншісі деректерді нақтылаумен және әдіснаманың өзгерістерімен байланысты».
ОСРД 3.185 тармағының ережесіне сәйкес «нақтылаулар статистикалық әдіснаманың кез келген аспектілерімен: негіздер мен тұжырымдамалар, анықтамалар мен жіктелімдер; бухгалтерлік есепке алу нормалары; бастапқы деректер (алғашқы статистикалық деректер); бағалау мәндерін алу рәсімдерімен байланысты түзетулер мен басқа да өзгерістерді қосу үшін енгізіледі. Деректерді қайта қарастыруға қатысты саясат деп осы аспектілердің кез келгені немесе олардың жиынтығында, шарттарға қарай аталуы мүмкін.»  
Үлгілік заңда да «ресми жарияланған статистикада анықталған қателіктер, түзетілуі қажет» деп жазылған.  
Алайда, қолданыстағы статистика туралы заңнама бұдан бұрын жарияланған статистикалық ақпаратты түзетуге мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн.  
Бұл бұдан бұрын жарияланған статистикалық ақпарат анық емес деректер негізінде қалыптастырылғаны анықталған жағдайларда бірқатар қолайсыздықтарды туындатады.  
Статистика комитетінің интернет ресурсында орналастырылған түзетілген, қайта оқылған ресми статистикалық ақпарат сотта пайдаланушымен дау айтылған сот тәжірибесі бар.  
Яғни «Дженгиз ИНШААТ Санайии Ве Тиджарет Аноним Ширкети» Компаниясы «Ақтөбе облысы Статистика департаменті» ММ мен «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі» ММ (қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті) Ақтөбе облысы бойынша құрылыс материалдарының жекелеген түрлеріне (қиыршық тас, битум, портландцемент, дизельдік жанармай) бағаларын, машина және құрал жабдықтардың баға индексін, сонымен қатар 2011 жылдан бастап 2013 жыл мерзімі аралығында құрылыстағы біліктілігі жоқ жұмысшының орташа айлық жалақысы жөнінде деректерді қайта қарау бойынша іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы, Агенттіктің ресми интернет сайтында орналастырылған Қазақстан Республикасындағы құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы бағалардың статистикалық жинағында көрсетілген деректер қайта қарастыруға жатпайды деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінді.  
Сонымен қатар, бағаларды қайта қарауға респонденттермен қосымша ұсынылған мәліметтер негізінде жүргізілген статистикалық деректерге талдау негіздеме болды.  
Алайда, ресми статистикалық ақпарат респонденттер (құрылыс компаниялары) ұсынған анық емес алғашқы статистикалық деректер негізінде алғашында қалыптастырылған және бұл қозғалған қылмыстық іс шеңберінде ғана белгіленген болатын. Сапалы жоспарлауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік статистиканың анықтығын қамтамасыз ету қажет.
Бұл ретте ресми статистикалық ақпарат ұзақ мерзімді болжамдау және жоспарлау үшін, соның ішінде мемлекеттік органдар пайдаланатынын ескере отырып, статисткалық әдіснаманың әр түріне байланысты, бұдан бұрын жарияланған ресми статистикалық ақпарат жаңартылған құжаттамалық түрде расталған ақпарат негізінде мемлекеттік статистика органдарымен түзетуге жататынын белгілеу ұсынылады.  
3. Мемлекеттік статистика туралы заңға сәйкес мемлекеттік статистика органдарына уәкілетті орган, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады. Статистика туралы заңның 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес Министрлікте мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу және қалыптастыруға қатысу қағидасы бекітіліп тіркелген, онда статистикалық әдіснаманы әзірлеуді немесе қалыптастыруды уәкілетті орган жүзеге асыратыны белгіленген. Статистикалық әдіснаманы әзірлеуші мемлекеттік орган келісу үшін статистикалық әдіснама жобасын уәкілетті органға жолдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ведомостволық статистикалық байқаулар бойынша және оларға сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснама келісу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Уәкілетті орган ведомостволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы келісетіндігін және сараптама, яғни зерттеу жүргізу үшін нақты мамандарды тарту талап етілетіндігін, бұл өз кезегінде қосымша қаражатты талап ететіндігін ескере отырып, сондай-ақ заңнамамен сараптама жүргізу мәселелері, соның ішінде:
- сараптама жүргізу мерзімдері;
- сұратылатын ақпаратты мемлекеттік статистика органдарының ұсыну меозімдері;
- сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін мемлекеттік статистика органдарының жауаптылығы;
- сарапатама нәтижелерін ресімдеу;
- сараптама нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар және т.б. реттелмегендігін назарға ала отырып, статистика туралы қолданыстағы заңның 12-бабының 23) тармақшасында статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін сараптаманың орнына уәкілетті орган бекіткен ведомостволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкестік мәніне мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметіне талдау жүргізу және талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату, сондай-ақ статистикалық ақпараттың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау құқығын көздеу ұсынылады.
4. Статистика туралы заңның 12-бабының 6) тармақшасымен уәкілетті орган статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыратындығы және жүргізетіндігі белгіленген.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп статистикасы бойынша, қызмет көрсету саласының статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар (зерттеулер), халықтың жұмыспен қамтылуы және тұрмыс деңгейі (еңбек және тұрмыс деңгейі) бойынша іріктемелі зерттеулер жүргізу кезінде интервьюерлер Ақылы қызмет көрсету шарты негізінде алғашқы статистикалық деректерді жинақтауды жүзеге асырады.
Мұнымен қоса қазіргі уақытта интервьюерлердің тиістілік нормативтері, оларды тарту және олардың қызметінің құнын есептеу тәртібі қарастырылмаған.
Осыған байланысты уәкілетті органға ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу кезінде интервьюерлердің тиістілік нормативтерін, олардың қызметінің құнын есептеу бойынша құзыреттілікті, сондай-ақ статистикалық байқаулар жүргізу кезінде интервьюерлер ретінде жеке тұлғаларды тарту тәртібін бекіту ұсынылады.  
5. Сыртқы тұтынушылардың ресми статистикалық ақпаратқа қатысы бойынша қажеттіліктері мен тілектері туралы ақпаратты жинау мақсатында, тұтынушылардың (ресми статистикалық ақпаратқа қатысы бойынша сыртқы және ішкі) қанағаттанушылығын зерделеуге бағытталған жұмысты ISO 9001:2008 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» 9001.2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес жүргізу және талдау, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның сапаны басқару жүйесі жұмысын жақсарту үшін басымдықтарды анықтау, оның қызметі туралы жыл сайынғы есепке арналған тиісті ақпаратты ұсыну үшін статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін ақпарат алу мақсатында уәкілетті органға респонденттер мен пайдаланушыларға пікіртерім жүргізу бойынша құзыреттілікті бекіту ұсынылады.
6. Деректердің сапасын тұрақты жақсарту мемлекеттік статистиканың негізгі қағидаттарының бірі және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Дамыған елдердің статистика кеңселерінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, сондай-ақ Еуропа статикасының норма кодексіне (Code of Practice) сәйкес деректерді жинауға арналған барлық құжаттар жұмыста пайдаланбас бұрын жүйелі түрде тестілеуден өтуі көзделеді. Статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды жүйелі түрде және тиісінше тестілеуден өткізу үшін алдын ала тестілеуден өткізу бөлмесін құру бойынша жұмыс жүргізіледі. Алдын ала тестілеу бөлмесі әңгімені және жекелеген сұхбаттарды аудио және бейнекомпьютерлік тіркеу, сақтау және талдау мақсатында құрылатын болады, онда тестіленетін сауалнама әлеуетті пікіртерім жүргізілетін респонденттермен талқыланады және мамандармен тексеріледі. Осыған байланысты баяндалған сұрақтардың дұрыстығын, олардың қолжетімділігін айқындау мақсатында уәкілетті органға респонденттермен статистикалық нысандар мен олардың нұсқаулықтары жобаларына тестілеу жүргізу бойынша құзыреттілікті бекіту ұсынылады.
7. Заңға сәйкес,ұлттық санақ– бұл статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетінарнайы ұйымдастырылғанстатистикалыққадағалау.
Бұл орайда Заңұлттық санақ түрлерін айқындамайды, осының салдарынан бұл ұғымды толық ашпайды.  
Ұлттық санақтардың түрлері заңға тәуелді акт –2010 жылдың 11 қазанындағы №1049 Үкімет Қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтар жүргізу ережелері мен мерзімдерінде ашылады.
Сонымен, аталмыш Ережелердің 3-тармағына сәйкес, ұлттық санақтархалық санағын жәнеауыл шаруашылықсанағын қамтиды.