• Мое избранное

Отправить по почте

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына:
4-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және офис регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
Техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы жеке оқу жоспарын, оқыту курсын басшының оқу жөніндегі орынбасарының келісімімен бекітеді.  
Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.
11. Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады;
техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушысы ағымдағы оқу сабақтармен қатар, жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындайды, жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, аралық аттестаттауға рұқсат алады.
12. Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, белгілі бір модульдің барлық оқу тапсырмаларын орындайды (модульдік оқыту кезінде), сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.».
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Е.Ғ. Жүнісов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі Е. Сағадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
201__ жылғы «__»______
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2014 жылғы
4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы 1-қосымша
нысан
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама
 ___________________________________________________________ берілді.
(тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)
Ол 20__жылғы "___"_________ 20___ жылға "___"__________________ дейін
_____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері)
____________________________________________________________________-
(мамандығы, оқу түрі)
_______________________________________________________________оқыды.
_________________________________________________ білім алған кезінде
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
төменде көрсетілген сәйкес мынадай пәндерді (оқу пәндері) оқыды,
сынақтар мен емтихандар тапсырды
 



р/с

Оқу пәндерінің атауы және оқу жоспары бойынша жұмыс түрлері

Оқу уақыттарының (сағатта) көлемі

Оқу жетістіктерінің бағасы

оқу жоспары бойынша

білім алушылармен оқылғаны

сынақтар

емтихандар (бағаларды санмен және)

қорытынды (бағаларды санмен және жазумен көрсету)

1

2

3

4

5

6

7















Білім беру ұйымының басшысы ____________________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы) 
М.О.
Тіркеу нөмірі ________ Берілген күні 20 __ ж. _________
Білім беру ұйымдарында білім
алушыларға академиялық демалыстар
беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2014 жылғы
4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы 2-қосымша
_____________________________________
_____________________________________
оқу орны басшысының Т.А.Ә.
(әкесінің аты - бар болса/
______________________________курстың
_________________________мамандығының
______________________________тобының
_____________________________студенті
(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә. /әкесінің аты - бар болса/
Өтініш
Маған________________________________________________________________/себебін көрсету/________________________________________________________________________________________байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама беруіңізді сұраймын.
«____»_______________20__ ж. _____________________
/қолы/