• Мое избранное

Отправить по почте

«2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімді іске асыратын уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Рсепубликасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосылғаны туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, Ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық шарттарды басшылыққа ала отырып және 2014 жылғы 21 қарашадағы ТМД үкіметтері басшылары Кеңесінің Шешімімен бекітілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұжырымдамасын назарға ала отырып, халық пен қоршаған ортаны ықтимал апаттардың және радиоактивті көздермен байланысты қасақана жасалған құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде болған зиянды әсерден қорғау қажеттілігін мойындай отырып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) IAEA/CODEOC/2004 «Радиоактивті көздердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тәртіп кодексінің» және IAEA/CODEOC/IMО-ЕХР/2005 «Радиоактивті көздердің импорты мен экспорты бойынша басшылық материалдар» принциптері мен ережелеріне бейілдігін растай отырып, радиоактивті көздермен жұмыс істеген кезде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесе отырып, өз мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұлттық мүдделерін, оның ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл мен радиоактивті көздердің заңсыз айналымын қорғау қажеттілігіне сүйене отырып, радиоактивті көздерді оларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасында орнын ауыстырған кезде үздіксіз реттелетін бақылау үшін тиімді өзара іс-қимыл жасау қажеттілігін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мәні осы Келісімге, оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаға сәйкес радиоактивті көздерді, 1 және 2 санатты шекті мәні көрсеткіштеріне тең немесе асатын белсенділігі бар радионуклидтерді бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына орнын ауыстырған кезде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады. Тараптар осы Келісім негізінде алмасатын ақпараттың мазмұнын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ынтымақтастық комиссиясы қалыптастырады (бұдан әрі – Комиссия).
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы келісім бойынша осы Келісімнің жекелеген ережелері басқа санаттардағы радиоактивті көздерге қолданылуы мүмкін.  
Тараптар радиоактивті көздердің орнын ауыстыру тәртібін бұзушылықтарды анықтауда және олардың жолын кесуде бір-біріне жәрдем көрсетеді.  
Тараптар өз мемлекеттерінде АЭХА ұсынған радиоактивті көздерді санаттауға сәйкес радиоактивті көздердің санаттарын анықтау рәсімдерін белгілеуді ұйымдастырады.
Тараптар өз мемлекеттерінде қауіпсіз жұмыс істеу мен сақталуын, шығынға ұшырауды, рұқсатсыз пайдалануды немесе ұрлықты болдырмауды қамтамасыз ететін 1 және 2-санатты радиоактивті көздердің есебін анықтауды қамтамасыз етеді.
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары 1 және 2–санатты радиоактивті көздер туралы мәліметтерді қамтитын радиоактивті көздердің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. Тізілімнің құрылымы мен радиоактивті көздер бойынша деректердің көлемін Тараптар Комиссия мақұлдаған, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің иондаушы сәулелену көздерінің тізіліміне қойылатын үлгілік талаптарды ескере отырып өздерінің ұлттық мүдделеріне сүйеніп анықтайды.  
Осы Келісімнің күші әскери мақсатқа пайдаланылатын радиоактивті көздерге қолданылмайды.
2-бап
Әрбір Тарап осы Келісімді іске асыру жүктелетін уәкілетті (құзыретті) органды айқындайды, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабардар етумен бір уақытта ол туралы осы Келісімнің депозитарийін хабардар етеді.  
Уәкілетті (құзыретті) органның функцияларын Тараптардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін министрлік, ведомство, мемлекеттік корпорация немесе өзге ұйым орындауы мүмкін.  
Уәкілетті (құзыретті) орган өзгерген жағдайда тиісті Тарап 30 күнтізбелік күн ішінде бұл жөнінде осы Келісімнің депозитарийін хабардар етеді.
Тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары байланыстағы адамдарды тағайындайды.
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы байланыс жасайтын адамдарды тағайындау жөнінде ақпарат алмасу Комиссияның Хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.
3-бап
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Осы Келісімнің шеңберінде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік құпиясын қамтитын ақпарат алмасу жүзеге асырылмайды.
Осы Келісімнің шеңберінде берілетін және Тарап таратылуы және (немесе) берілуі өз мемлекетінің заңнамасымен шектелген ақпарат ретінде қарастыратын ақпарат анықтауы және егер осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамаларында өзгеше белгіленбесе, «құпия» деген белгісі болуы тиіс.
Мұндай ақпарат жарияланбайды және ақпаратты қабылдайтын Тарап осындай ақпаратты беруші Тараптың уәкілетті (құзыретті) органының жазбаша рұқсатынсыз үшінші тарапқа бермейді.
Мұндай ақпарат ұлттық заңнамаға сәйкес қорғаумен қамтамасыз етіледі.  
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып жүзеге асырылады.  
4-бап
Осы Келісімге сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін қажет техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануды Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары оларды рұқсатсыз қол жеткізуден немесе ақпаратты таралып кетуден қорғауды алдын ала ескеріп, дербес қамтамасыз етеді.  
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары Комиссия шешімімен мақұлданатын радиоактивті көздердің орнын ауыстыру туралы ақпаратпен алмасудың бірыңғай тәртібі мен нысанын әзірлейді.
Әрбір Тараптың уәкілетті (құзыретті) органы осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстарды дербес көтереді.  
5-бап
Тараптар өз мемлекеттерінде бұрын берілген ақпаратқа түзетулерді қоса алғанда, 1 және 2-санатты радиоактивті көздердің алдағы орын ауыстыруы туралы уәкілетті (құзыретті) органдардың сыртқы экономикалық қызметіне қатысушыларға алдын ала хабарлау тәртібін орнатуды қамтамасыз етеді.
6-бап
Осы келісімге қатысушы мемлекеттерде 1 және 2-санатты радиоактивті көздердің орнын ауыстырған кезде радиоактивті көздерді алуға және оларды иеленуге (олармен жұмыс істеуге) рұқсаты бар алушы оларды қабылдаушы Тараптың уәкілетті (құзыретті) органынан олардың орын ауыстыру мүмкіндігіне растама алғаннан кейін жүзеге асырылатын тәртіп орнатылады.
7-бап
Комиссия осы Келісімді іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және қажет болған жағдайда радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты консультациялар ұйымдастырады.
8-бап
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары ақпарат алмасудың бірыңғай тәртібіне сәйкес радиоактивті көздермен жұмыс істеген және олардың орнын аустырған кезде қауіпсіздік пен физикалық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша байланыс құралдарын немесе ресми сұрау салуларды пайдалана отырып, ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде:
ақпараттық өзара іс-қимылға әсер ететін бағдарламалық және техникалық шешімдер туралы тұрақты өзара хабардар етуді;
берілетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын;
бұрын берілген ақпаратқа түзетулер мен нақтылауларды жедел енгізуді;
қандай да бір күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда ақпаратты беру немесе қабылдау (ресми сұрау салу) мүмкін еместігі туралы өзара ескертудің уақтылылығын;
Алынған ақпаратты тек осы Келісім мақсаттарында ғана пайдалануды;
өзара алмасу нәтижесінде алынатын, таралуы және (немесе берілуі шектелген ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалардың шеңберін шектеуді, ал құпия деректерді беру кезінде – ұлттық заңнамаға сәйкес ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің бағдарламалық және техникалық құралдарын пайдалануды қамтамасыз етеді.
9-бап
Тараптардың келісім бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделетін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
10-бап
Тараптар арасындағы осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен немесе Тараптар келіскен басқа да рәсімдер арқылы шешіледі.
11-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетшілік рәсімдерді кейін орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
12-бап
Осы Келісім өз күшіне енген соң депозитарийге қосылу туралы құжатты беру арқылы ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуына үшін ашық.  
Қосылушы мемлекеттер үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
13-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы шыққанға дейін алты айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп және осы Келісім қолданылған кезде туындаған міндеттемелерді реттеп, осы Келісімнен шығуға құқылы.  
Осы Келісімді іске асыру барысында бір Тараптың басқа тараптан алған ақпаратты пайдалануы ақпаратты алған Тарап үшін оның қолданылуы тоқтағаннан кейін осы Келісімнің ережелерімен реттелу жалғасатын болады.
2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түрікменстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін

Украинаның
Үкіметі үшін
2016 жылғы 7 маусымдағы ТМД-ға
қатысушы мемлекеттердің
радиоактивті көздердің орнын
ауыстыру мәселелері бойынша
ақпараттық өзара іс-қимылы туралы
келісімге қосымша
Осы Келісімнің мәні болып табылатын радиоактивті көздердің (радионуклидтердің) санаттары мен белсенділігінің шекті мәндері
  

Радиоактив ті көз

(радионуклид)

1-санат

2 -санат

Белсенділігі , ТБк



Белсенділігі , ТБк



Am-241/Be

6.E+01

6.E-01

Cf-252

2.E+01

2.E-01

Cm-244

5.E+01

5.E-01

Co-60

3.E+01

3.E-01

Cs-137

1.E+02

1.E+00

Gd-153

1.E+03

1.E+01

Ir-192

8.E+01

8.E-01

Pm-147

4.E+04

4.E+02

Pu-238

6.E+01

6.E-01

Pu-239/Be

6.E+01

6.E-01

Ra-226

4.E+01

4.E-01

Se-75

2.E+02

2.E+00

Sr-90 (Y-90)

1.E+03

1.E+01

Tm-170

2.E+04

2.E+02

Yb-169

3.E+02

3.E+00

Au-198 *

2.E+02

2.E+00

Cd-109 *

2.E+04

2.E+02

Co-57 *

7.E+02

7.E+00

Fe-55 *

8.E+05

8.E+03

Ge-68 *

7.E+02

7.E+00

Ni-63 *

6.E+04

6.E+02

Pd-103 *

9.E+04

9.E+02

Po-210 *

6.E+01

6.E-01

Ru-106 (Rh-106) *

3.E+02

3.E+00

Tl-204 *

2.E+04

2.E+02

«2016 жылғы 7 маусымдағы Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Отырыста 1 және 2 қауіпсіздік санатты радионуклидтердің шекті мәні радиоактивті көздері көрсеткіштеріне тең немесе асатын белсенділігі бар радионуклидтерді бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына орнын ауыстырған кезде Келісімге қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімді» (бұдан әрі - Келісім) қоса алғанда, 22 құжат қарастырды және қабылданды.
Жобада Қазақстан Республикасы бекітпеген құжатқа сілтеме болғандықтан келісудің мемлекетішілік рәсімдері аяқталмағандықтан Келісімге Қазақстан Республикасы қол қойған жоқ. Келісімнің қол қойылған мәтіні 2016 жылғы 2 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Келісу комиссиясының жұмысы кезінде Қазақстан Республикасының ұсыныстарын ескере отырып редакцияланды. Келісімнің қорытынды мәтінінде күшіне енгеннен кейін оған Қазақстан Республикасының қосылуына бөгет болатын ережелер жоқ.  
Келісім әрбір тарап - мемлекеттерін әрқайсысында қолданыстағы заңдар мен қағидаларға және Тараптардың халықаралық міндеттемелері мен құқықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсаттағы пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жағдай жасайтын құжат болып табылады. Мұндай үкіметаралық Келісімдер ынтымақтастықтың барлық тетіктілері көрсетілген Тараптар арасында нақты құжаттар жасау үшін құқықтық өріс тудыратын негіздемелік және базалық құжаттар болып табылады.  
Радиоактивті көздердің орнын ауыстыруы туралы ақпарат алмасу тәртібі мен нысаны Келісімнің 4-бабының 2-абзацына сәйкес Тараптардың уәкілетті органдары әзірленген техникалық құжатпен айқындалады. Осы құжатты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі Комиссиясы бекітеді (бұдан әрі - Комиссия) және оны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамалық актілерімен оның бекіту жоспарланып отырған жоқ.
2016 жылғы 12 қазанда Ереван қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының оң жетінші отырысының хаттамасына сәйкес Келісімді имплементациялау бойынша Комиссияның жұмыс тобы құрылатынын атап өту керек. й Жұмыс тобының бірінші отырысын2017 жылғы 1 ақпаннан кешіктірме өткізу жоспарланып отыр.
Келісімнің ережелерін жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді және жаңа заңдарды немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерін қабылдауды қажет етпейді, себебі:
«Атом энергиясын пайдалану туралы» ҚР 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V Заңының 6 және 14 баптарына сәйкес қауіптігі 1 және 2 санатты радионуклидті көздерді қоса алғанда иондаушы сәулелену көздерінің (бұдан әрі - ИСК) уәкілетті орган мемлекеттік есебін жүргізеді және олардың бар-жоғы, орнын ауыстыруы және орналасқан жері туралы ақпаратты ИСК тізіліміне енгізеді. ИСК есепке алу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген «Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларында» белгіленген.  
Жеке және заңды тұлғалар атом энергиясын пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын және деректердің құрылымы мен көлемі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай және ИСК тізіліміне енгізілетін тізілімдерге қойылатын үлгілік талаптардың ережелеріне сәйкес келеді.  
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің ұсынымдарына сәйкес келетін радиоактивті көздердің қауіптілік санатты көрсетілген Заңның 11-бабында белгіленген.
Келісімнің 5-бабымен келісетін, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға қауіптілігі 1 және 2 санатты жабық радионуклидті көздерді жоспарланған алуы (импорт) туралы алдын ала хабарламаны жіберуі ИСК есеп алу қағидаларында белгіленген. Осы талап Келісімнің 4-бабының 2-абзацында айтылатын радиоактивті көздердің орнын ауыстыру туралы ақпарат алмасудың бірыңғай тәртібінің ережелерін орындау мақсатында әзірленді.
Радионуклидті көздерді алуға рұқсаттар олардың импортына немесе экспортына лицензиялар болып табылады. Осындай лицензияларды алу тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 26 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңында (бұдан әрі - № 202-V ҚРЗ) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. «Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығындабелгіленген.
Радионуклидті көздерді иеленуге (олармен жұмыс істеуге) рұқсат «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу» қызмет түріне лицензия болып табылады. Осындай лицензияларды алу тәртібі №202-V ҚРЗ, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде» белгіленген.
2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірмеде жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік -экономи калық және / немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қажет емес

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Қауіптілей 1 және 2-санатты шектерге сәйкес келетін радионуклидтерді белсенділігі радиоактивті көздерді бір мемлекетмің аумағынан басқа мемлекеттің аумағына орын ауыстыру кезінде осы келісімге қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылнын қамтамасыз ету

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Министрліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» ________
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Жобаның атауы: «2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздердің орнын ауыстыру мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
Әзiрлеушi мемлекеттiк органның атауы: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгi
  

Алы нған

күні

М емлекеттік органдар, басшылар

Нақты кiммен келiсiлдi (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Келісу н ә тижелері (қол ы , к ү н і )

Қайтарылған күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Р еспубликасы Э нергетика министрлiгi









Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі









Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі









Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі



Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті