• Мое избранное
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149, 2016 жылғы 20 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландыған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16.Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз түрінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Анықтама береді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға жазбаша хабарлайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Анықтама беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Уәкілетті орган шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы болған жағдайда қолданыстағы Анықтама кері қайтарып алады, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға жазбаша хабарлайды.»;
осы бұйрыққа қосымшаға 3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдарның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдарның жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі»;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
 



4.



Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну

Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет

1. Бутафор

2. Жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер (аудио-, бейне-)

3. Дыбысты жазу жөніндегі инженер (Dolby дыбыс жүйелері)

4. Өнертанушы

5. Таспаны сынау және өңдеу жөніндегі инженер (кинотаспаны дайындау жөніндегі инженер)

6. Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері бар заңгер, экономист, инженер (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалық шығармашылық)























».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындығы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін
шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама
беру қағидаларын, шетелдіктің немесе
азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа
орналасуы үшін басым салалардың
(экономикалық қызмет түрлерінің) және
олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы « » № бұйрығына қосымша
Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдікке немесе азаматтығы
жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі
туралы анықтама беру қағидаларына
3-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы беру/бас тарту/кері қайтарып алу туралы ХАБАРЛАМА
Хабарлама №___________ 20__ ж. «__» __________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы беру/бас тарту/кері қайтарып алу туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабарлайды.
Беру/бас тарту/кері қайтарып алуға негіздеме______________________
Бас тарту себебі___________________________________
Беру/бас тарту/кері қайтарып алу күні__________________________
М.О.________________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)