• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-1 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Субъектіге жолдайды.
Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.
Табиғи монополия субъектісінің реттелеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы шешім табиғи монополия субъектісіне олар қолданысқа енгізілген сәтке дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне – оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жолдануы тиіс.
Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы шешіммен уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларын бекітуге берген өтініммен табиғи монополия субъектісі ұсынған шығындар мен пайда құжаттарын өзгерту мен нақтылау негіздемесін жолдайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төтенше реттеуші шара ретінде енгізу уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын күннен бастап жүзеге асырылады.»;
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгізу тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіткен айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Субъект тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына өз интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында уәкілетті органның интернет-ресурсында олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен бастап кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген жағдайда, олардың өзгергені туралы ақпаратты табиғи монополия субъектісі тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жеткізеді.»;
2) «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашадағы № 14 (28238) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26.Табиғи монополия субъектісі тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына өз интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.»;
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шаралар ретінде өзгертілген жағдайда, табиғи монополия субъектісі олардың өзгергені туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жеткізеді.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов