• Мое избранное
«Арнайы инвестициялық келісім-шарт үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Арнайы инвестициялық келісім-шарт үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Арнайы инвестициялық келісім-шарт үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 295-1 бабы 3 тармағына сәйкес]] БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған арнайы инвестициялық келісім-шарт үлгілік шарты бекітілсін:
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2017 жылғы « »  

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б.Сұлтанов
2017 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму
Министрінің 2017 жылғы « » №
Бұйрығымен Бекітілген
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт
 Астана қаласы_________________ (күні, айы, жылы)
 Осы арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын, ___________________________________________________ негізінде  
(ереже немесе бұйрық)
_______________________________(бұдан әрі — уәкілетті орган) әрекет ететін
(уәкілетті органның атауы)
 ____________________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты)
және _______________________________________________________ негізінде
(Жарғы немесе сенімхат)
________________________________________________арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе еркін қойма иелері немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімін жасасқан заңды тұлғамен
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні)
(бұдан әрі – инвестор) атынан әрекет ететін
_________________________________________________________ мыналарды:
(басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
1) уәкілетті органға тікелей арнайы инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін;  
 2) уәкілетті орган және инвестор ___________________________________
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)
 іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, _________________ уәкілетті орган және инвестор төменде көрсетілгендер туралы осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы инвестициялық жоба – арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын арнайы экономикалық аймақтың 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген қатысушысы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес еркін қойма иелері немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімін заңды тұлғамен жасасқан инвестициялық жоба;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт – инвестициялық преференциялар беруді көздейтін арнайы инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
3) технологиялық жабдық – арнайы инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі;
4) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі;
5) шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек немесе бұл шикізаттың және (немесе) материалдың технологиялық процесі арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі;
6) форс-мажор – арнайы инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);
7) үшінші тұлға – арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
2. Арнайы инвестициялық келісімшарттың нысанасы
2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың нысанасы инвесторға арнайы инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
3. Инвесторға арнайы инвестициялық жоба бойынша технологиялық жабдықты және олардың жинақтауыштарын, шикізат және (немесе) материалдар, және дайын өнім құрамындағы шикізат және (немесе) материал импорттау кезінде кедендік баждар салудан босату:
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген қатысушысы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес еркін қойма иелеріне;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімін заңды тұлғамен жасасқан заңды тұлғаларға беріледі.
3. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мақсаты
4. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт  
________________________________ (арнайы инвестициялық жоба) іске асыру кезінде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес уәкілетті орган мен инвестор арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберін белгілейді.
4. Инвестициялық қызмет объектісі
 5. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық қызмет объектісі, ________________________________________ орналасқан
(мекенжайы)
  ____________________________________________________болып табылады.  
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)
5. Тараптардың құқықтары
6. Уәкілетті органның:
1) өкілеттіктерді табыстау шегінде инвесторлармен тікелей келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
2) арнайы инвестициялық келісімшарттардың талаптарын және оны жасасу мен бұзу тәртібін айқындауға, арнайы инвестициялық келісімшарт жасасуға және тіркеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
7. Инвестордың инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекет жасауға құқығы бар.
6. Тараптардың міндеттері
8. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу арқылы инвестициялық преференциялар беруге;
2) инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуде көмек көрсетуге міндеттенеді.
Инвестор арнайы инвестициялық жобаны іске асыру кезінде осы арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін сақтауға міндеттенеді.
7. Салықтар және төлемдер
10. Инвестор Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндеттенеді.
8. Форс-мажор
11. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындалмаған міндеттемелер үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідірту еңсерілмейтін күш (бұдан әрі – форс-мажор) мән-жайынан туған болса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және т.б.) және осы жағдайлардағы өзге де төтенше және тежеусіз мән-жайлар жатады.
13. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың форс-мажор мән-жайларынан туындаған толық немесе ішінара тоқтауы кезінде жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен осы жұмыстардың жүргізілу мерзімі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады.
14. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күнді және сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екінші Тарапты хабардар етеді.
15. Форс-мажор мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуін іздеу үшін дереу келіссөздер өткізеді және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
9. Құпиялылық
16. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын (осы инвестициялық келісімшарттың 17-тармағына сәйкес) сақтайды.
17. Мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылатын;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгіленген мақсаттарда және Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап қаржы қаражатын алатын банк немесе басқа қаржы ұйымы бұл ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтауға міндеттеме алуы шартымен ақпарат осындай банкке немесе басқа қаржылық ұйымына берілген;
4) кез келген, оның iшiнде инвестордың, оның ішiнде Қазақстан Республикасынан тысқары шетелдiк банктерде ашылған кез келген шоттарына қатысты банктік құпия болып табылатын ақпаратқа қол жетімділігі бар салық немесе өзге де Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкiлеттi органдарына берілген;
5) егер жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған жағдайлардан басқа, екінші Тараптан жазбаша келісім алмайынша, Тараптардың ешқайсысының арнайы инвестициялық келісімшарттың мазмұнына қатысты ақпаратты немесе арнайы инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты және құпия деп есептелетін өзге де ақпаратты ашуға құқығы жоқ. Бұл ретте уәкілетті орган инвестициялардың сомасы мен іске асырылатын өңірлердің құрылатын жұмыс орындарының саны және арнайы инвестициялық жобаның атауы туралы ақпаратты ғана жариялауға құқылы.
10. Дауларды шешу
18. Тараптар арнайы инвестициялық келісімшарттың кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді өзара келіссөздер жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады.
19. Тараптар кез келген Тараптың екінші Тарапқа жазбаша өтінімін алған күннен бастап екі ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімімен айқындалатын халықаралық төрелiктерде жүргiзiледi.
20. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктер толықтай шешілгенге дейін арнайы инвестициялық келісімшартта белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
11. Арнайы инвестициялық келісімшарттың тұрақтылығына кепілдемелер
21. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.  
22. Инвестордың мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
23. Шарттарға тараптардың келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепiлдiктер:  
1) акцизделетiн тауарлар импортының, өндiрiсінiң, оларды өткiзу тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2) ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.  
12. Қолданылатын құқық
24. Арнайы инвестициялық келісімшарт үшін Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
13. Арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі және күшіне енуі
25. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
26. Арнайы инвестициялық келісімшарт:  
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына арнайы экономикалық аймақтың қызмет ету мерзімінен аспайтын, он бес жылдық мерзім;
2) еркін қойма иелеріне арнайы инвестициялық келісімшарттың тіркелу сәтінен бастап он бес жылдық мерзім;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімін заңды тұлғамен жасасқан заңды тұлғаларға арнайы инвестициялық келісімшарттың тіркелу сәтінен бастап он бес жылдық мерзім өткен соң тоқтатылады.
14. Инвестициялық келісімшартты бұзу талаптары
28. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм өткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
15. Инвестициялық келісімшарт тілі
30. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мәтіні, осы арнайы инвестициялық келісімшартқа қоса берілетін өзгерістер, қосымшалар, қосымша құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасақталады. Барлық даналар егер, арнайы инвестициялық келісімшартта өзге жағдайлар көзделмеген болса, тең түпнұсқалы болып табылады және бірдей заңды күшке ие.
31. Тараптар ___________ тілі қатынас тілі ретінде қолданылатындығына уағдаласады.
16. Қосымша ережелер
32. Заңды тұлға – инвесторды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
33. Хабарламалар мен есептер тікелей қолға немесе төменде көрсетілген мекенжайға хабарламалы поштамен жіберіледі:
уәкілетті орган:_______________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, телефондары)
уәкілетті органның басшысы ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
инвестор: ___________________________________________________________
(атауы, заңды және іс жүзіндегі нақты мекенжайы, телефондары, электрондық поштасы)
инвестордың басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
34. Арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша мекенжайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екі апта мерзімде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруге тиіс.
35. Осы арнайы инвестициялық келісімшартқа_______жылғы _____________ Қазақстан Республикасының Астана қаласында Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған.
Уәкілетті орган: Инвестор:
Қолы_________М.О. Қолы __________М.О.