• Мое избранное
«Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім нұсқаулығын және оның тіркеу тәртібін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім нұсқаулығын және оның тіркеу тәртібін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім нұсқаулығын және оның тіркеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабы 1-1-тармағына сәйкес]] БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім нұсқаулығы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінімдерді тіркеу тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
201_ жылғы «____» _________
№ ___ бұйрығына 1-қосымша
нұсқаулық
Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім
(2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген арнайы экономикалық аймақ қатысушысы, немесе Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген еркін қойма иесі, немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан заңды тұлға) болып табылатын
 _______________________________________________________________,  
(Заңды тұлғаның атауы)
арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға осы өтінімді жолдайды.
Қосымша:
______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы)
 ______________________
 (қолы және мөр)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің 2017 жылғы « »
№ бұйрығына 2-қосымша
Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу ережесі
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленген және арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережелерде келесі түсініктер қолданылады:
1) Өтінім беруші – арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім беретін арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, немесе еркін қойма иесі ретінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
2) Уәкілетті орган – инвестициялар саласындағы уәкілетті орган.
2-тарау. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібі
3. Өтінім беруші осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нұсқаулық бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға Уәкілетті органға Өтінім береді (бұдан әрі – Өтінім).
4. Өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) арнайы экономикалық аймақтар қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімшар көшірмесі;
4) іске асырылған жобалар үшін – анықталған активтердің қолданысқа енгізілгенін растайтын құжаттар көшірмелері;
5) іске асырылатын жобалар үшін – инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;
5. Өтінім енгізген күні уәкілетті орган кеңсесінде тіркеу нөмірі және мерзімі қойылып тіркеледі, тіркелгеннен кейін уәкілетті органның бірінші басшысына немесе оның орынбасарына беріледі;
6. Өтінім тіркелген күні уәкiлеттi органның басшысы не оның орынбасары Өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесіне Өтінімді береді.