• Мое избранное
«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
«Шағын әлеуметтік кепілдіктер мен стандарттар туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12113 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанда «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) «Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 657 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14538 болып тіркелген).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:
«1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдаушы отбасына) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру;
2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдаушы отбасына) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдаушы отбасына) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттарды айқындау»;
көрсетілген ең төмен әлеуметтік стандартқа қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
 

8

Баланы қабылдаушы алған ата-аналарға берілген баланы (балаларды) баланы асырап-бағуға

арналған ақшалай қаражат төлемі

« Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның молшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 657 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14538 болып тіркелген)

Баланы қабылдайтын ата-аналар

Баланы қабылдаушы ата-аналарға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың берілуіне байланысты ай сайынғы ақшалай төлем мөлшері он айлық есептік көрсеткішті құрайды



2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е. Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев