• Мое избранное
«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.  
2. «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі сондай-ақ ауыл шаруашлығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 232 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13816 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.  
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________  Б.Сұлтанов
2016 жылғы «__» ______________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________  Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «__ » ____________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы «___» _________
№ ______ бұйрығымен 1-қосымша
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі , сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (бұдан әрі – субсидия) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімдігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлар (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе және шошқа).
2) кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты қаражаттарды аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес жұмыс органы қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
3) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
4) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке немесе заңды тұлға, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін қаржы институттарымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
5) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
6) лизинг – қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен, ауыл шаруашылығы техникаларын, технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы малдарын уақытша иеленуге және пайдалануға тапсыруы;
7) субсидия қаражатын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – жұмыс органдарының, қаржы институттары мен мүдделі салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің орынбасарларымен басқаратын консультациялық-кеңесші орган.
Управления сельского хозяйства акиматов областей, городов республиканского значения и столицы являются рабочими органами при комиссиях по распределению средств субсидий (далее – рабочий орган);
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары субсидия қаражаттарын бөлу жөніндегі комиссия жанындағы жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – жұмыс органы);
8) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, оларды қолданбаусыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеу жөніндегі жабдықтар.
9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2 - Тарау. Субсидия алу шарттары
4. субсидия бөлу жөніндегі комиссиясымен мақұлдаған субсидиялауға арналған өтінімдерінің субсидия алушылары қарыз алушылар болып табылады.  
5. Субсидия мынадай шарттарды сақтаған жағдайда төленеді:  
1) қаржы институттары/ қарыз алушы жұмысшы органға кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса ұсынғанда: қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі, қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/субсидияланбайтын есептеулері қоса берілген жаңартылған өтеу кестенің жобасы, сондай-ақ кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжаттан үзінді-көшірмелер;
2) қарыз шарты мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
теңгемен жылдық 19 %-дан (он тоғыз) артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған;
нысаналы мақсаты айналым қаражаттарын толықтыруға, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған тартылған қаражатты мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу;
қарыз шартының қолдану мерзімі бір жылдан көп емес;
сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияландырылмау керек;
кредит/лизингтің қаржыландыру көздері бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болмауы қажет;
қарыз алушы қаржы институтына өтінімді берген күнге негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы керек.
6. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
7. Жұмысшы органның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған қарыз шарты қайтадан бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.
8. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған кредитті/лизингті қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары жіберілмейді.
9. Қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуды субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен қатар жүреді.
3 - Тарау. Субсидияны есептеу тәртібі
10. Мақұлдаған қарыз шарттары бойынша субсидия көлемін есептеу:
1) шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін;
2) қаржы институттары бұрын берген қарыз шарттары бойынша субсидияны есептеу субсидиялауға арналған өтінім жұмыс органға берілген жылдың 1 қаңтарынан басталады;