• Мое избранное
«Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.  
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы «_____»____________
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы «26» маусымдағы
№ 841 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды.  
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:  
1) жоба – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жоба;
2) жобалық кезең – тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес айқындалатын, көміртегі бірліктерінің жобалық шығарылымы жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін болатын мерзім;
3) жобаның мониторинг жоспары – оның негізінде парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруінің үздіксіз немесе мерзімді мониторингін жоспарлау немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге байланысты қызмет бойынша басқа да ілеспе деректер жүзеге асырылатын құжат;
4) жобаның өтініш берушісі – жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
5) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы – көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
6) мүдделі тарап – мүдделері жобаны әзірлеуді немесе іске асыруды қозғайтын немесе оны талқылауға қызығушылық танытқан жеке немесе заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.  
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) шағын масштабты жоба – қуаты 15 мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерімен байланысты немесе жылына шартты отынның 7380 тоннасына дейінгі көлемде энергия тұтынуды төмендету арқылы энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған немесе жобалық кезең ішінде көміртегі қостотығы баламасының 60 метрикалық килотоннасына дейінгі шекте парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін жоба;
2) әдеттегі жоба – шағын масштабты, байланысқан жоба болып табылмайтын, жер пайдаланудың өзгеруіне немесе орманды өңірді ұлғайтуға қатысы жоқ жоба;
3) жер пайдаланудың өзгеруіне немесе орманды өңірді ұлғайтуға қатысты жоба – жер пайдалану тәжірибесін өзгерту немесе орманды өңірді ұлғайту арқылы іске асырылатын, парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаның түрі;
4) байланысқан жоба – басқа анағұрлым масштабты жобаның компоненттері болып табылмайтын бірнеше шағын масштабты жобаларды біріктіретін жоба.
4. Экологиялық кодекстің 94-10-бабының 2-тармағына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығында;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
5) жердің тозуының алдын алуда;
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
8) көлікте;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.
2-тарау. Жобаларды қарау және мақұлдау тәртібі
5. Жобаларды қарау және мақұлдау тәртібі:
1) жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) қарау және мақұлдау;
2) валидацияланған жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын қарау және мақұлдауды қамтиды.
6. Жобаның өтініш берушісі уәкілетті органмен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесіне (бұдан әрі – Ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) уәкілетті органға ұсынады.  
7. Парниктік газдар шығарындыларын есептеудің бекітілген әдістемесі болмаған жағдайда, қондырғы операторы уәкілетті органның келісуіне жататын жеке өзінің әдістемесін әзірлейді.
8. Жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган:
1) жоспарланған жоба бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңірулерін ұлғайту;
2) уәкілетті органмен бекітілген немесе келісілген парниктік газдар шығарындыларын азайтуды немесе сіңірулерін ұлғайтуды анықтауға арналған әдістемелер бар болған жағдайда қабылданады.
9. Уәкілетті орган жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдау туралы, немесе жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдамау жағдайындағы дәлелді бас тарту туралы шешім қабалдаған жағдайда, жобаның өтініш берушісіне 5 жұмыс күннің ішінде тиісті хабарламаларды жолдайды.  
10. Жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдау туралы шешім жобаның өтініш берушісінің жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын әзірлеуі үшін негіздеме болып табылады.  
11. Жобаның өтініш берушісі Ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын әзірлейді.  
12. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын уәкілетті органның қарауына бергенге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей мүдделі тараптарға жобаны талқылау мүмкіндігін беру мақсатында жобалық құжаттамаға, сондай-ақ жобаның мониторинг жоспарына қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
13. Жобалық құжаттама және жобаның мониторинг жоспары уәкілетті органға берілгенге дейін верификациялау және валидациялау жөніндегі аккредиттелген органда валидациялауға жатады.  
14. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын олар валидацияланғаннан кейін уәкілетті органға ұсынады.  
15. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жобаның өтініш берушісінен құжаттардың толық топтамасын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде жоба бойынша шешімді қабылдайды.
16. Жобаны мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қабылдайды.  
17. Жоба бойынша теріс шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) жобаның өтініш берушісі ұсынған құжаттардағы мәліметтер толық болмаған, тиісінше дайындалмаған;
2) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның растауы болмаған жағдайларда қабылдайды.
18. Уәкілетті орган жобаны мақұлдау туралы, немесе жобаны мақұлдамау жағдайындағы дәлелді бас тарту туралы шешім қабалдаған жағдайда, жобаның өтініш берушісіне 5 жұмыс күннің ішінде тиісті хабарламаларды жолдайды.
19. Уәкілетті орган мақұлданған жобаларды есепке алуды жүзеге асырады.
20. Мақұлданған жобалар туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мәліметтерді:  
1) жобаның атауын;
2) жобаның өтініш берушісі туралы мәліметті;
3) жобаның іске асырылуы болжамдалған орналасу орны туралы;
4) жоба бойынша мәлімделген парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулері көлемін көрсете отырып, орналастырылады.
21. Уәкілетті орган жобаның өтініш берушісінің келісімі бойынша жобалық құжаттама мен жобаның мониторинг жоспарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3-тарау. Жобаларды іске асыру тәртібі
22. Жобаның өтініш берушісі осы Қағидаларда және уәкілетті органмен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларында белгіленген жобаның нәтижелері бойынша мониторинг, жазбаны жүргізу талаптарын сақтауды және оның іске асырылуы туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) берілуін қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды жүзеге асырады.  
23. Жобаның өтініш берушісі уәкілетті орган жобаны мақұлдаған соң мынадай іс-шараларды:  
1) парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірулерінің мониторингі;
2) есепті дайындау, уәкілетті орган бекітуі үшін оны верификациялауды қамтамасыз ету және шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін шығару арқылы жобаны іске асыруды жүзеге асырады.
24. Жобаның өтініш берушісі жобаның мониторинг жоспары негізінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерінің мониторингін бүкіл жобалық кезең ішінде жүргізеді.  
25. Жобалық парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерінің мониторингі осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әдістемелер негізінде жүзеге асырылады.
26. Жобаны іске асыру кезінде ұсынылған жобалық құжаттама мен жобаның мониторинг жоспарындағы кез келген елеулі ауытқушылықтар туралы ақпарат есепте көрсетіледі.  
«Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

НҚА құрылымы

Қолданыстағы редакция



Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

1- тармақ

1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды..

1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды.

Заң түзету

2

2 -тармақ

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

Заң түзету





3

2 -тармақтың 1) тарма қшасы

1) мүдделі тарап – мүддесі жобаны әзірлеуді және енгізуді қозғайтын не оны талқылауға қызығушылық білдірген жеке немесе заңды тұлға;

6) мүдделі тарап – мүдделері жобаны әзірлеуді немесе іске асыруды қозғайтын немесе оны талқылауға қызығушылық танытқан жеке немесе заңды тұлға.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ



4

2 -тармақтың 2) тарма қшасы

2) жобаға өтініш беруші – парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаға қатысушы, оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына және мақұлдауына ұсынушы;

4) жобаның өтініш берушісі - жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган ) қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;









Заң түзету





Осы Қағидаларды жетілдіру мақсатында



5

2 - тармақтың 3) тарма қшасы

3) жобаның инвесторы – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаға қатысушы, жобаның операторымен жасалған шарттың негізінде оны нысаналы қаржыландыруды жүзеге асырушы;

Алып тастау

Жобаға қатысушыларды оңтайландыру мақсатында «жоба инвесторы» деген ұғымды алып тастау ұсынылады, өйткені жоба инвесторы жобаның өтініш берушісі ретінде де, жоба операторы ретінде де қатыса алады.

6

2 - тармақтың 4) тарма қшасы

4) жобалық кезең – парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі бойынша жобаның нәтижелерін кезеңдік бағалау және бекіту негізінде жобалық көміртегі бірліктерін шығаратын немесе шығарылуы тиіс мерзім;

2) жобалық кезең – тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес айқындалатын, көміртегі бірліктерінің жобалық шығарылымы жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін болатын мерзім;

Жобалық көміртегі бірліктерін қолданыстағы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарымен тіркеу үшін



7

2 - тармағының 5) тарма қшасы

5) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы – көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

5) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ



8

2 - тармақтың 6) тарма қшасы

6) жобаның операторы – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаға қатысушы, оның іске асырылу процесін басқаруды жүзеге асырушы;

Алып тастау

Жобаға қатысушыларды оңтайландыру мақсатында «жобаның операторы» деген ұғымды алып тастау ұсынылады, өйткені жоба операторы жобаның өтініш берушісі ретінде қатыса алады.

9

2 - тармақтың 7) тарма қшасы

7) мониторинг жоспары – жобаға қатысушылардың парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін немесе парниктік газдар шығарындыларымен және/немесе сіңірулерімен байланысты қызмет бойынша басқа да қосымша деректерді үздіксіз немесе кезеңдік бағалауды жүзеге асыруына негіз болатын құжат;

3) жобаның мониторинг жоспары – оның негізінде парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруінің үздіксіз немесе мерзімді мониторингін жоспарлау немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге байланысты қызмет бойынша басқа да ілеспе деректер жүзеге асырылатын құжат ;

Мониторингке жататын объект іні нақтылау мақсатында



10

2 - тармақтың 8) тарма қшасы

8) жоба – парниктік газдар шығарындыларын азайтуға не олардың сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған жоба.

1) жоба – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жоба;

Қағидалармен сәйкес келтіру мақсатында

11

3 -тармақ

3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтуға бағытталған жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) ауқымы аз жоба – қуаты 15 мегаваттқа дейін жаңартылатын энергия көздерімен байланысты не энергия тұтынуды жылына 60 гигаватт сағатқа дейін төмендете отырып, энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған не жобалық кезең ішінде парниктік газдар шығарындыларын көміртегі диоксиді эквивалентінің 60 метрлік килотоннасына дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жоба;

2) кәдімгі жоба – ауқымы аз, жер пайдаланудың өзгеруіне не ормандылықтың артуына жататын, байланысты болып табылмайтын жоба;



3) жер пайдаланудың өзгеруіне не ормандылықтың артуына жататын жоба – жер пайдалану тәжірибесін өзгерту не ормандылықты арттыру арқылы іске асырылатын парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған жоба түрі;

4) байланысқан жоба – неғұрлым ауқымдырақ басқа жобаның құрауышы болып табылмайтын ауқымы аз бірнеше жобаны біріктіретін жоба.

3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) шағын масштабты жоба – қуаты 15 мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерімен байланысты немесе жылына шартты отынның 7380 тоннасына дейінгі көлемде энергия тұтынуды төмендету арқылы энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған немесе жобалық кезең ішінде көміртегі қостотығы баламасының 60 метрикалық килотоннасына дейінгі шекте парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін жоба ;

2) әдеттегі жоба – шағын масштабты, байланысқан жоба болып табылмайтын, жер пайдаланудың өзгеруіне немесе орманды өңірді ұлғайтуға жататын жоба;

3) жер пайдаланудың өзгеруіне немесе орманды өңірді ұлғайтуға жататын жоба – жер пайдалану тәжірибесін өзгерту немесе орманды өңірді ұлғайту арқылы іске асырылатын, парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаның түрі;

4) байланысқан жоба – басқа анағұрлым масштабты жобаның компоненттері болып табылмайтын бірнеше шағын масштабты жобаларды біріктіретін жоба.









« Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы » ҚР Заңына сәйкес энергия тұтынуды шартты отын тоннасында ескеру қажет. Осыған байланысты Қағидалардағы 3-тармақтың. 1) тармақшасындағы «сағатына 60 гигаватт» деген сөздерді шартты отынның 7380 тоннаға тең баламасына ауыстыруды ұсынамыз.

Есептеу: 60 гигаватт/сағат122 835.033 (коэффициент) ≈ шартты отынның 7380 тоннасы.



12

4 -тармақ

4. Парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі жөніндегі жобалар Қазақстан Республикасында экономиканың мынадай салаларында іске асырылады:

1) тау-металлургиялық (шахта метанын кәдеге жарату жобалары бөлігінде);

2) ауыл шаруашылығы;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

4) орман шаруашылығы және көгалдандыру;

5) жерлердің тозуын болдырмау;

6) жаңғыртылатын энергия көздері;

7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;

8) көлік;

9) энерготиімді құрылыс.

4. Экологиялық кодекстің 94-10-бабының 2-тармағына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:

1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);

2) ауыл шаруашылығында;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта ;

4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;

5) жердің тозуының алдын алуда;

6) жаңартылатын энергия көздерінде;

7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;

8) көлікте;

9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;

10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 491-V Қазақстан Республикасы Заңымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-10 -бабының 2-тармағымен сәйкес келтіру



13

5 -тармақ

5. Жобаларды қарау рәсімін жеңілдету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экономиканың тиісті салалары бойынша уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен жобалардың басым түрлерінің тізбесін анықтайды.

Алып тастау

Экологиялық кодексте парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобалардың басым түрлері бойынша нормалар жоқ.

Бұдан басқа, осы норма тәжірибеде қолданылмайды.

Осыған байланысты, Қағидалардан осы тармақты алып тастау қажет деп санаймыз.

14

6 - тарма қ

6. Жобалардың басым түрлерінің тізбесі, жобалық құжаттаманың нысандары және парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі шарттарында жобаларды әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік туғызатын өзге ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның веб-сайтына орналастырылады.

Алып тастау

Экологиялық кодексте парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобалардың басым түрлері бойынша нормалар жоқ.

Бұдан басқа, осы норма тәжірибеде қолданылмайды.

Осыған байланысты, Қағидалардан осы тармақты алып тастау қажет деп санаймыз.

15

7 - тарма қ

7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін мақұлдаған барлық жобалардың жобалық кезеңі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кейін мақұлдаған барлық жобалар үшін жобалық кезең тиісті кезеңге квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес анықталады.

Алып тастау

Жобалық кезең Ұлттық жоспарға сәйкес анықталады, өйткені көміртегі бірліктерінің шығарылымы Ұлттық жоспар резервінен жүзеге асырылады

16

8 - тарма қ

8. Жобаға өтініш беруші ретінде жоба инвесторы не операторы қатыса алады.

Алып тастау

Жобаға қатысушыларды оңтайландыру мақсатында «жоба инвесторы» деген ұғымды алып тастау ұсынылады, өйткені жоба инвесторы жобаның өтініш берушісі ретінде, сонымен қатар жоба операторы ретінде де қатыса алады.

17

9 - тарма қ

9. Егер жоба қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалардың басым түрлерінің тізбесіне жатқызылған жағдайда, өтініш беруші оның жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын беру арқылы қаралуына бастама жасайды. Өзге жағдайларда өтініш беруші жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын тек қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоба тұжырымдамасын (жоба идеясын) қарап, алдын ала мақұлдағаннан соң ғана ұсынады.

Алып тастау

Экологиялық кодексте парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобалардың басым түрлері бойынша нормалар жоқ

ҚР Экологиялық Кодексінің 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттама валидациялауға жатады

18



Жоқ

5. Жобаларды қарау және мақұлдау тәртібі:

1) жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) қарау және мақұлдау;

2) валидацияланған жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын қарау және мақұлдауды қамтиды.

Экологиялық кодекстің 16-бабының 36-3-тармақшасына сәйкес уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдау бойынша құзыреті жазылады

19

10 - тарма қ

10. Жобаның тұжырымдамасында мыналар қамтылады:

1) жобаның қысқаша сипаттамасы (жобаның атауы, мақсаты, түрі, болжамды іске асыру орны);

2) жобаға өтініш беруші туралы ақпарат;

3) жобаның базалық жағдайы (ұсынылып отырған жоба болмаған жағдайда орын алуы мүмкін неғұрлым ықтимал технология және шығарындылардың деңгейі; оны іске асырудың қазіргі заңнамалық, экономикалық және өзге де жағдайлары);

4) парниктік газдар шығарындыларын азайту не сіңірілуін ұлғайту үшін болжанып отырған шаралар мен тәсілдер;

5) парниктік газдар шығарындыларын азайтудың немесе сіңірілуін ұлғайтудың болжанған көлемі;

6) жобаны іске асырумен байланысты тәуекелдер;

7) жобаның межеленген ұзақтығы.

Алып тастау

Жоба тұжырымдамасының мазмұны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесінде жазылған

20

11 - тарма қ

11. Өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жобаның тұжырымдамасын ұсынады.

7. Жобаның өтініш берушісі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесіне (бұдан әрі – Ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) уәкілетті органға ұсынады.

Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес



Жоба тұжырымдамасының (жобалық идеяның) мазмұны қарастырылған құжатты нақтылау мақсатында





21



Жоқ

7. Парниктік газдар шығарындыларын есептеудің бекітілген әдістемесі болмаған жағдайда, қондырғы операторы уәкілетті органның келісуіне жататын жеке өзінің әдістемесін әзірлейді .

ҚР Экологиялық кодексі 94-11-бабының 3-тармағымен сәйкес келтіру

2 2

12 - тарма қ

12. Жоба тұжырымдамасын мақұлдау туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мыналар болған жағдайда қабылдайды:

1) жоспарланып отырған жобалар бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайту;

2) парниктік газдар шығарындыларын азайтуды немесе олардың сіңірілуін ұлғайтуды анықтауға арналған әдістеме.

8. Жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган:

1) жоспарланған жоба бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңірулерін ұлғайту;

2) уәкілетті органмен бекітілген немесе келісілген парниктік газдар шығарындыларын азайтуды немесе сіңірулерін ұлғайтуды анықтауға арналған әдістеме.

















ҚР Экологиялық Кодексі 94-11-бабының 3 - тармағына сәйкес













2 3



Жоқ

9. Уәкілетті орган жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдау туралы, немесе жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдамау жағдайындағы дәлелді бас тарту туралы шешім қабалдаған жағдайда, жобаның өтініш берушісіне 5 жұмыс күннің ішінде тиісті хабарламаларды жолдайды.

Жобаларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты өтініш берушілерге «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдардың талаптарын қамтамасыз ету мақсатында

24

13 - тармақ

13. Жоба тұжырымдамасын мақұлдау туралы шешім өтініш берушінің жобалау құжаттамасы мен мониторинг жоспарының тиісті жобасын әзірлеуі үшін негіз бола алады.

10. Жобаның тұжырымдамасын (жобалық идеяны) мақұлдау туралы шешім жобаның өтініш берушісінің жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын әзірлеуі үшін негіздеме болып табылады .

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесіне (бұдан әрі – Ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес

25

14 - тарма қ

14. Өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жобалау құжаттамасын және мониторинг жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады.

11. Жобаның өтініш берушісі Ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын әзірлейді .



Осы Қағидалардың 2 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес



Жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарының мазмұны қарастырылған құжатты нақтылау мақсатында



26

15- тарма қ

15. Жобалық құжаттама мен мониторинг жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарау үшін берілгенге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей, жобаға өтініш беруші жобалық құжаттамаға не жобалық құжаттама түйіндемесіне, сондай-ақ жобаны мүдделі тараптармен талқылау мүмкіндігін ұсыну мақсатында мониторинг жоспарына қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

12. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын уәкілетті органның қарауына бергенге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей мүдделі тараптарға жобаны талқылау мүмкіндігін беру мақсатында жобалық құжаттамаға, сондай-ақ жобаның мониторинг жоспарына қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді .



Қолданыстағы заңнамада жобалық құжаттама түйіндемесіне қатысты норма кезделмеген.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесіне (бұдан әрі – Ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары) 2 және 3-қосымшаларда жобалық құжаттама нысандары көрсетілген

27



19. Жобалық құжаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген кезде жобаға өтініш беруші оған мониторинг жоспарын, сондай-ақ ұсынылған жобалық құжаттама мен мониторинг жоспары бойынша сараптамалық қорытындыны қоса береді. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобалар бойынша сараптамалық қорытынды жобаға өтініш берушіге берілмейді.

13. Жобалық құжаттама және жобаның мониторинг жоспары уәкілетті органға берілгенге дейін верификациялау және валидациялау жөніндегі аккредиттелген органда валидациялауға жатады.

14. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын олар валидацияланғаннан кейін уәкілетті органға ұсынады .

ҚР Экологиялық Кодексі 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес аккредиттелген органның парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттама валидациялауға жатады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен өзгерістер енгізілген ҚР Экологиялық Кодексінің 158-4-бабына сәйкес келтіру

28

16 - тарма қ

16. Жобаға өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларында белгіленген нысан бойынша жобалық құжаттамаларын әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

11. Жобаның өтініш берушісі Ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын әзірлейді .



Жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарының мазмұны қарастырылған құжатты нақтылау мақсатында



29

17 - тарма қ

17. Жобалық құжаттама мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

1) жобаның атауы;

2) жобаның типі;

3) жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономика аясы, саласы мен секторы;

4) жобаны іске асыру орны;

5) жобаны қаржыландыру кезеңін қоса алғанда, жобаны іске асыру кезеңі;

6) жобаның жалпы сипаттамасы;

7) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаның базалық сценарийі, бекітілген әдістемеге сәйкес анықталған парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгейі немесе парниктік газдар шығарындыларын сіңірудің базалық деңгейі;

8) бекітілген әдістемеге сәйкес анықталған жобалық кезең ішінде жоба нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын көздерден азайтудың немесе олардың сіңірілуін ұлғайтудың жоспарланып отырған көлемі;

9) жоба мақсаттарының жетістіктерін және міндеттерінің шешімдерін қамтамасыз етуі тиіс іс-әрекеттердің сипаттамасы;

10) жобада көзделген технологиялардың, өнімдердің, сондай-ақіс-шаралардың сипаттамасы;

11) парниктік газдар шығарындыларын жоспарланып отырған азайтуға немесе олардың сіңірілу деңгейіне айтарлықтай септігін тигізетін тәуекелдерді бағалау;

12) жобаның мүдделі тараптарымен жобаны талқылау нәтижелері;

13) өтініш берушінің және жобаның басқа да қатысушыларының байланыс ақпараты.

Алып тастау

Жоба тұжырымдамасының мазмұны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесінде жазылған



30

18 - тармақ

18. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ауқымы аз жобалар үшін құжаттаманың жеңілдетілген нысанын қамтамасыз ете отырып, жоба типтері бойынша жобалық құжаттаманың бөлек нысандарын әзірлейді және бекітеді.

Алып тастау

Жоба тұжырымдамасының мазмұны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесінде жазылған

31

19 - тармақ

19. Жобалық құжаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген кезде жобаға өтініш беруші оған мониторинг жоспарын, сондай-ақ ұсынылған жобалық құжаттама мен мониторинг жоспары бойынша сараптамалық қорытындыны қоса береді. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобалар бойынша сараптамалық қорытынды жобаға өтініш берушіге берілмейді.

Алып тастау

Осы тармақ осы Қағидалардың 12 және 13 тармақтарында көзделген

32

20 - тармақ

20. Мониторинг жоспарын жобаға өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес базалық сценарийге қатысты парниктік газдар шығарындыларын азайтуды немесе олардың сіңірілуін ұлғайтуды анықтау бойынша тәсілдер мен әдістерді анықтау мақсатында әзірлейді.

Алып тастау

Осы Қағидалар 2-тармағының 3) тармақшасында «жобаның мониторинг жоспары» деген ұғым жазылған. Мониторинг жоспарының нысаны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесінде (бұдан әрі – Ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары) 4-қосымшада көрсетілген

33

21 - тармақ

21. Мониторинг жоспары мониторингтің жалпы сипаттау рәсімін, мониторинг үшін пайдаланылатын деректер мен формулаларын, басқару жүйесін және мониторингті жүзеге асыру жөніндегі қызметтің сипатын қамтиды.

Алып тастау

Осы Қағидалар 2-тармағының 3) тармақшасында «жобаның мониторинг жоспары» деген ұғым жазылған. Мониторинг жоспарының нысаны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесінде (бұдан әрі – Ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары) 4-қосымшада көрсетілген

34

22 - тармақ

22. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш беруші берген мониторинг жоспары мен сараптама қорытындысының белгіленген нысаны бойынша әзірленген жобалық құжаттама қоса берілген барлық жобаларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады.

18. Уәкілетті орган мақұлданған жобаларды есепке алуды жүзеге асырады .

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобаларды есепке алуды жүргізеді. Бұл ретте, жобаларды есепке алуға сондай-ақ «жобаларды тіркеу» ұғымы кіреді. Қағидалардағы мәтіннің жеңіл қабылдануы мақсатында «өтініш берушілердің белгіленген нысан бойынша жобалық құжаттамамен, мониторинг жоспарымен және сараптама қорытындысымен бірге берген» деген сөздер «мақұлданған» деген сөзбен ауыстырылды.

35

23 - тармақ

23. Жобалар бойынша шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды.

15. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жобаның өтініш берушісінен құжаттардың толық топтамасын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде жоба бойынша шешімді қабылдайды .

Заң түзету

36

24 - тармақ

24. Жобаны мақұлдау туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына және оларды жүзеге асыруға болатын экономика салалары мен секторларының тізбесіне сәйкес дайындалған жобалық құжаттамалар мен мониторинг жоспарында ұсынылған мәліметтердің;

2) тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау негізінде қабылдайды.

16. Жобаны мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қабылдайды .

Заң түзету





37

25 - тармақ

25. Жоба мақұлданған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын одан әрі іске асыру үшін бекітеді.

Алып тастау

Жобалық құжаттаманы және мониторинг жоспарын бекіту бойынша уәкілетті органның құзыреті ҚР заңнамалық актілерінде қарастырылмаған. Осыған орай, Қағидалардағы осы норманы алып тастау ұсынылады.

38

26 - тарма қ

26. Мынадай:

1) өтініш беруші ұсынған құжаттар толық емес, тиісті түрде орындалмаған немесе жалған мәліметтер болса;

2) ұсынылып отырған жоба шығарындыларды ішкі азайту тетіктері жағдайында іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келмесе;

3) жобаны жобалық құжаттамада көрсетілген жерде іске асыру мүмкіндігі болмаған жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоба бойынша теріс шешім қабылдайды.

17. Жоба бойынша теріс шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

1) жобаның өтініш берушісі ұсынған құжаттар толық болмаған, тиісінше дайындалмаған;

2) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органмен растау болмаған жағдайларда қабылдайды .

Осы ҚР Үкіметінің қаулы жобасының 2-тармағының 4) тармақшасында уәкілетті органның атауын қысқарту қарастырылған.











« KAZENERGY » ЗТБ ұсынысы















39



Жоқ

18. Уәкілетті орган жобаны мақұлдау туралы, немесе жобаны мақұлдамау жағдайындағы дәлелді бас тарту туралы шешім қабалдаған жағдайда, жобаның өтініш берушісіне 5 жұмыс күннің ішінде тиісті хабарламаларды жолдайды

Жобаларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты өтініш берушілерге «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдардың талаптарын қамтамасыз ету мақсатында

40

27 - тармақ

27. Барлық тіркелген жобалар туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында мына мәліметтерді қамти отырып орналастырылады:

1) жобаның атауы;

2) жобаға өтініш беруші мен инвесторы туралы мәліметтер;

3) жобаны мақұлдауға байланысты қабылданған шешімдер;

4) жобаны іске асыру болжанған орын туралы;

5) жоба бойынша мәлімделген парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайту көлемі.

19. Мақұлданған жобалар туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мәліметтерді:

1) жобаның атауын;

2) жобаның өтініш берушісі туралы мәліметтерді;

3 ) жобаның іске асырылуы болжамдалған орналасу орны туралы ;

4 ) жоба бойынша мәлімделген парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулері көлемін көрсете отырып, орналастырылады .

Уәкілетті орган жобаның өтініш берушісімен ұсынылған құжаттар негізінде мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Заң түзету

Заң түзету

41

28 - тарма қ

28. Жобаға өтініш берушінің келісімі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз веб-сайтына жобаның жобалық құжаттамасы мен мониторинг жоспарын орналастырады.

20. Уәкілетті орган жобаның өтініш берушісінің келісімі бойынша өзінің интернет-ресурсына жобалық құжаттама мен жобаның мониторинг жоспарын орналастырады .

Осы ҚР Үкіметінің қаулы жобасының 2-тармағының 4) тармақшасында уәкілетті органның атауын қысқарту қарастырылған.



42

29 - тарма қ

29. Парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі шарттарында жобаларды іске асыруды осы Қағидаларда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларында белгіленген мониторинг, жобалардың нәтижелері бойынша жазба жүргізу, олардың іске асырылуы туралы есептерді ұсыну жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отырып, жобаға өтініш беруші жүзеге асырады.

2 1 . Жобаның өтініш берушісі осы Қағидаларда және уәкілетті органмен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары нда белгіленген жобаның нәтижелері бойынша мониторинг, жазбаны жүргізу талаптарын сақтауды және оның іске асырылуы туралы есептердің берілуін қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды жүзеге асырады.



Қағидалар жобасын жетілдіру мақсатында

















































Заң түзету







Қабылданған нормативтік құқықтық актіні нақтылау мақсатында

43

30 - тарма қ

30. Жобаға қатысушылар жобаларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мақұлдағаннан кейін іске асыруды мыналар:

1) парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және оның сіңірулерін ұлғайтуды мониторингілеу;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның олардың іске асырылуы туралы есепті дайындауы, верификациялауы және бекітуі;

3) жобаны іске асыру туралы бекітілген есеп бойынша шығарындыларды ішкі азайту бірлігін шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.

22. Жобаның өтініш берушісі уәкілетті орган жобаны мақұлдаған соң мынадай іс-шараларды:

1) парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірулерінің мониторингі;

2) есепті дайындау, уәкілетті орган бекітуі үшін оны верификациялауды қамтамасыз ету және шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін шығару арқылы жобаны іске асыруды жүзеге асырады .

Осы ҚР Үкіметі қаулысы жобасының 2-тармағының 2) тармақшасымен сәйкес келтіру .



Қағидалармен сәйкес келтіру мақсатында



44

31 - тарма қ

31. Жобаға өтініш беруші парниктік газдар шығарындыларын азайту мен олардың сіңірілуін ұлғайтуға мониторингті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мониторинг жоспары негізінде барлық жобалық кезең ішінде жүзеге асырады.

23. Жобаның өтініш берушісі жобаның мониторинг жоспары негізінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерінің мониторингін бүкіл жобалық кезең ішінде жүргізеді.

Қағидалармен сәйкес келтіру мақсатында Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келтіру.

45

32 - тарма қ

32. Парниктік газдар шығарындыларын жобалық азайтуды не сіңірілуін ұлғайтуды мониторингілеу, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы бекіткен әдістемелерді пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

24. Жобалық парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерінің мониторингі осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әдістемелер негізінде жүзеге асырылады.

Қағидалармен сәйкес келтіру мақсатында



Заң түзету



46

33 - тарма қ

33. Мониторингті өткізу үшін қолданыстағы бекітілген әдістеме болмаған жағдайда өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан тиісті әдістемені әзірлеуді қамтамасыз етуді не осы жағдайда қолдануға болатын әдістемені анықтауды сұрауға құқылы.

Алып тастау

Осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарындағы қайталануға жол бермеу мақсатында

47

34 - тарма қ

34. Бекітілген жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарындағы жобаларды іске асыру кезінде кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпарат жобаларды іске асыру туралы есепте ұсынылады.

26. Жобаны іске асыру кезінде ұсынылған жобалық құжаттама мен жобаның мониторинг жоспарындағы кез келген елеулі ауытқушылықтар туралы ақпарат есепте көрсетіледі .



Уәкілетті орган жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын мақұлдайды

48

35 - тарма қ

35. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға шығарындыларды ішкі азайту тетігі шарттарында іске асыру туралы есепті әзірлеуді және ұсынуды өтініш беруші жыл сайын жүзеге асырады.

Алып тастау



Осы ереже Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары нда бекітілген



49

36 - тарма қ

36. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға шығарындыларды ішкі азайтылу тетігі шарттарында іске асыру туралы есепті өтініш беруші келесі есепті кезеңдегі айдың 1 маусымынан 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде ұсынады.

Алып тастау

Қағидалар жобасының мәтінін жетілдіру мақсатында



50

37 - тарма қ

37. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылғанға дейін жобаны іске асыру туралы есепті парниктік газдар шығарындыларын азайту не олардың сіңірілуін ұлғайту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізген жетістігі туралы ұсынылған деректерді растау, сондай-ақ шығарындыларды ішкі азайтудың жобалық тетігі шарттарында іске асыру үшін жобаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен критерийлерге сәйкес келтіру мақсатында тәуелсіз аккредиттелген ұйым верификациялауға тиіс.

Алып тастау



Осы ереже Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары нда бекітілген



51

38 - тарма қ

38. Есепті верификациялау туралы қорытындыны жобаға өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есеппен бірге ұсынады.

Алып тастау

Осы Қағидалардың 27-тармағындағы норманың қайталануын болдырмау мақсатында

52

39 - тарма қ

39. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобаны іске асыру туралы есепті бекіту жөнінде не бекітпеу туралы шешімді оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды.

Алып тастау



Осы ҚР Үкіметінің қаулы жобасының 2-тармағының 4) тармақшасында уәкілетті органның атауының қысқартуы қарастырылған.

53

40 - тарма қ

40. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мынадай:

1) есепте бұрыс ақпаратты ұсыну;

2) жобаға өтініш берушінің шығарындыларды ішкі азайту тетігі шарттарында іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен критерийлердің сақтамауының анықталуы;

3) парниктік газдар шығарындыларын азайту не олардың сіңірілуін ұлғайту көлемінің мәлімделген есепте расталмауы негіздері бойынша жобаны іске асыру туралы есепті бекітпеу туралы шешім қабылдайды.

Алып тастау

Осы ереже Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары нда бекітілген



54

41 - тарма қ

41. Өтініш берушінің шотындағы жобаны іске асыру туралы есеп бекітілген жағдайда мемлекеттік тізілім операторы парниктік газдар шығарындыларын азайту не олардың сіңірілуін ұлғайту есебінде мәлімделген көлемде шығарындыларды ішкі азайту бірлігін шығаруды жүзеге асырады.

Алып тастау



Осы ереже Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары нда бекітілген



55

42 - тарма қ

42. Шығарындыларды ішкі азайту бірлігін шығаруға жобаны іске асыру туралы есепті бекіту туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы бастамашылық жасайды.

Алып тастау



Уәкілетті орган мемлекеттік тізілім операторын жобалық бірліктерді шығарады

56

43 - тарма қ

43. Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша шығарындыларды ішкі азайту бірлігін беруді жобаға өтініш берушінің сұрауы бойынша Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы жоба операторының не инвесторының шотына жүзеге асырады.

Алып тастау

Осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес келтіру

57

44 - тарма қ

44. Жобаға қатысушылар осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізуге қатысты жобалық кезең ішінде оны іске асыруды аяқтайды.

Алып тастау

Жобалық кезең жобаның тұжырымдамасында (жобалық идея) және жобалық құжаттамада қарастырылады.
Қазақстан Республикасының
Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібеков