• Мое избранное
«Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13306 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96) тармақшалармен толықтырылсын:
«78) осы бұйрыққа 78-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне) арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «М. Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесін басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
79) осы бұйрыққа 79-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне) арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын бағалау технологиясы ретінде педагогикалық квалиметрияны пайдалану» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
80) осы бұйрыққа 80-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымдардағы апатты жағдайлар қаупін төмендету» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
81) осы бұйрыққа 81-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
82) осы бұйрыққа 82-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
83) осы бұйрыққа 83-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары тәрбиешісінің іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
84) осы бұйрыққа 84-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Көшбасшылық – педагогикалық ұжымды табысты басқарудың негізгі факторы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
85) осы бұйрыққа 85-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
86) осы бұйрыққа 86-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру сапасын басқаруда корпоративтік орта құру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
87) осы бұйрыққа 87-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру мазмұнын реформалау жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
88) осы бұйрыққа 88-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Педагог-тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
89) осы бұйрыққа 89-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
90) осы бұйрыққа 90-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Орта білім беру ұйымдарында апатты жағдайлар қаупін төмендету» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
91) осы бұйрыққа 91-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын арнайы (түзету) білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Арнайы мектеп жағдайында педагогикалық түзету жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
93) осы бұйрыққа 93-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, директорларының орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметін басқарудың қазіргі үрдістері» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, директорларының орынбасарларына, педагогтеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Сыныптан тыс жұмыс аясында балалармен туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
95) осы бұйрыққа 95-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің бейнелеу өнері және технология пәндерінің мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
96) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы оқу ортасының мазмұны» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы»;
осы бұйрыққа 3), 5), 17), 19), 28), 64), 72), 75) қосымшалар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-қосымшаларға сәйкес 78, 79, 80 ,81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы «____»_________
№___ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92
бұйрығына 3-қосымша
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйым басшыларына (меңгерушілеріне), тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйым басшыларына (меңгерушілеріне), тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйым басшыларын (меңгерушілерін), тәрбиешілерін оқытуды реттейді.
2. Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар басшыларын (меңгерушілерін), тәрбиешілерін заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы менеджменттің ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы қажетті білім көлемін меңгеруге, стратегиялық жобалау бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға; мектепке дейінгі ұйымындағы болып жатқан үдерістерді жүйелі модельдеуге; педагогикалық ұжымдағы тұлға аралық және кәсіби қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға үйретуге бағытталған.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер
3. Бағдарламаның мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңарту аясында педагогикалық менеджмент мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйым басшыларының (меңгерушілерінің), тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
4. Бағдарламаның міндеттері:
1) мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыру тетіктері туралы білімдерін жүйелеу;
2) менеджмент тұрғысынан нәтижеге бағытталған мектепке дейінгі ұйым қызметін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырудың тетіктері мен жолдары туралы тұтас түсінікті қалыптастыру;
3) балаларды ерте дамыту бойынша басқарушылық қызметтің психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білім деңгейлерін арттыру;
4) менеджмент, мектепке дейінгі ұйым қызметін талдау және басқарушылық шешімдер қабылдау тұрғысынан мектепке дейінгі ұйымды дамытуды басқару; инновациялық үдерістерді енгізуді басқару дағдыларын дамыту;
5) әлеуметтік серіктестермен сындарлы қарым-қатынас құру дағдысын дамыту;
6) кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту;