• Мое избранное
«Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім жән ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақты 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтымасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі Е. Сағадиев
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
________Б. C ұлтанов

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
________ А. Мұхамедиұлы

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
________Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
20___ жылғы ___ _______№_____
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі
1. Осы мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 70 бабының 2 тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін анықтайды.
2. Өнер мамандығы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.  
3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;
8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы.  
4. Мемлекеттік білім беру мекемелері мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы тағайындалған жерде мынадай ақпаратты орналастырады:  
1) толық баяндалған осы Ереже (қысқартуларсыз);  
2) ұсынылатын ақылы қызметтердің тізбесі;  
3) усынылатын тауарларға (жұмыстарды, қызметтерді);
4) үлгілік шарт нысаны.  
5. Ақылы білім беру қызметтері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен мемлекеттік (аудандық, қалалық және облыстық) білім беру органдарымен келісілген жұмыс оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.  
6. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге ақылы білім беру қызметтері ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің тілегі бойынша жеке кесте бойынша ұсынылады.  
7. Ақылы негізде қызмет көрсететін мемлекеттік білім беру мекемелерінің және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.  
Интернет-байланыстың қосымша қызметтері түбіртек (шот-фактура) төлеу жолымен шарт жасаспай-ақ ұсынылуы мүмкін.  
8. Білім алушы шарт жасасу сәтінде бүкіл оқу кезеңі үшін бір мезгілде ақы төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.  
Оқуға төлемді кезең-кезеңімен төлеген кезде төлем сомасы жалақы ұлғайтылған жағдайда және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен асырылмай ұлғайту жағына өзгертілуі мүмкін.  
9. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тараптардың қол жеткізген уағдаластықтары негізінде жүргізіледі.  
10. Осы Ережеде көзделмеген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге рұқсат етілмейді.  
11. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
12. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін мемлекеттік білім беру мекемесінің өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелген) тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
13. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін түсімдерді пайдалану бағыттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражаты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа есептеледі және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелген) тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде жұмсалады.
14. Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.