• Мое избранное
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды; 
3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) Кредит мөлшері «Қазақстанның Даму Банкі – Лизинг» акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен 219 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген 18 600 000 000 (он сегіз миллиард алты жүз миллион) теңгені құрайды;  
2) кредит қарыз алушыға жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге, жылдық 0,05 %-ға пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына біржолғы кредиттің барлық сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады;
4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күнінен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күнінен бастап 1 (бір) жыл өткен соң жүргізіледі);
6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 2023 жылдан бастап тең үлестермен жеңілдік кезеңінің мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырады, ол 6 (алты) жылды құрайды;
7) кредит берудің мақсаты қарыз алушының жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1% сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі – Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен, жылдық 0,08 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кредит беруі болып табылады.  
2. Кредиттерді беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлі гі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен 18 600 000 000 (он сегіз миллиард алты жүз миллион) теңге мөлшерінде қаражатты бөлуді талап етеді. Осы сома республикалық бюджет комиссиясының 2016 жылғы 29 қарашадағы шешімімен қолдау тапты.

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдарға әкелмейді





5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Осы жобаның мақсаты «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту болып табылады. Жобаға қол қою отандық өндірістің теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамы паркін жаңартуға мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Бәйтерек » ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы 602 қаулысы.

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жоқ

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Жоба халықаралық шарт болып табылмайды

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат беріледі





















12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://www.mid@mid.gov.kz интернет-ресурсында, 2017 жылғы «__» ________ ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат



Жоба халықаралық шарт болып табылмайды

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
2017 жылғы «_____» ______________
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы»
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
 

Алған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар

Кіммен жеке келісілген ( Т.А.Ә. )

Келісу нәтижелері ( қолы , күні )

Қайтару күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі









Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі









Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика м инист рлігі









Қазақстан Республикасы Әділет м инист рлігі



















Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса белетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

р / с



Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі мен күні

Парақ саны

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы





2

Қазақстан Республикасы ның Үкіметі қаулы сының жобасы на түсіндірме жазба





3

Жіберу көрсеткіші





4

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертпелері





5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қол қойылған қаулы сының көшірмесі





6

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі





7







8









9







  Қол қойылғаннан кейін үкіметтің шешімдерін шығару бойынша секторға барлық түскен құжаттар , оларда____________ парақ
 Қолы ________күні_______
   __________________