• Мое избранное
«Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 13]]) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2. «Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай – күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10956 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымда № 106 (28232) «Казахстанская правда», № 106 (28834) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
___________ Д. Ақышев
2017 жылғы «___»___________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы «___»___________
№ _______-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 13) тармақшасында көзделген негізгі ережелерді іске асыру мақсатында әзірленді, қаржы ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері (бұдан әрі – Көрсетілетін қаржы қызметтері) нарығындағы бәсекелес ортаға талдау және бағалау жүргізу рәсімін айқындайды.
2. Қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау бәсекелестіктің деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның ішінде мынадай:
1) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін қарау кезінде қаржы нарығы субъектісінің үстем үлесін айқындау;
3) мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын белгілеу жағдайларында жүргізіледі.
Қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мерзімі он екі айдан аспайды.  
3. Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген жалпы және ерекше өлшемшарттарға сәйкес жүргізіледі.  
4. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тауарлардың бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау;
2) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекараларын айқындау;
3) көрсетілетін қаржы қызметтерін зерттеудің уақыт аралығын айқындау;
4) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;
5) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлесін есептеу;
6) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;
7) бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, қаржы қызметтері нарығы субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын растайтын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;
8) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілетін тұжырымдар.
Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдері мен келісілген іс-қимылдар, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.  
Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдерінің белгілерін қарау кезінде көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу талап етілмейді.  
2. Көрсетілетін қаржы қызметтерінің өзара алмастырылу өлшемшарттарын айқындау
5. Нақ сол бір нарықта көрсетілетін, алмастырушысы немесе өзара алмастырылатын қызметтері жоқ көрсетілетін қаржы қызметінің өзара алмастырылу өлшемшарттарын айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:
1) көрсетілетін қаржы қызметін алдын ала айқындау;
2) тұтынушының таңдауын айқындайтын көрсетілетін қаржы қызметінің тұтынушылық қасиеттерін және осы көрсетілетін қаржы қызметі үшін әлеуетті өзара алмастырылатын болып табылатын көрсетілетін қызметтерді айқындау;
3) өзара алмастырылатын көрсетілетін қызметтерді айқындау.
6. Көрсетілетін қаржы қызметін алдын ала айқындау мына өлшемшарттардың бірінің:
1) қаралатын көрсетілетін қызмет нысанасы болып табылатын көрсетілетін қаржы қызметін көрсету шарттарының;
2) лицензиялар беру туралы шешімнің және лицензияның болуын растайтын құжаттардың;
3) тиісті қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің;
4) өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық жіктеуіштерінің;
5) қаржы сөздіктерінің және осы бағытқа сәйкес келетін өзге де анықтамалық әдебиеттің;
6) қаржы ұйымдарының қауымдастықтары (қоғамдық бірлестіктері) тұжырымдарының негізінде жүргізіледі.
7. Тұтынушының таңдауын айқындайтын көрсетілетін қаржы қызметінің тұтынушылық қасиеттерін анықтау кезінде:
1) функционалдық мақсаты мен қолданылуы, оның ішінде көрсетілетін қаржы қызметін тұтынудың мақсаты және оның негізгі тұтынушылық қасиеттері;