• Мое избранное
«Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына, 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға сәйкес және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерді орындауы мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына (2015 жылғы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы сауда қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы сауда қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Т. С үлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2017 жылғы «____» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «____» _________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
201_ жылғы «____» ______
№______ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы сауда қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы сауда қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Қазақстан Республикасының «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 12 қазандағы Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) алдындағы кезең – тiкелей тарифтiк квота қолданған жылдың алдындағы екi жыл;
3) жаңа өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, заңды немесе жеке тұлға;
4) жоғары сапалы сиыр еті - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті ұлттық стандарттар талаптарына сәй келетін, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 0201 және 0202 тауар позицияларына енгізілген жас, тоңазытылған немесе мұздатылған ірі қара малдың еті немесе нетто-салмағы 1 000 килограмының құны кемінде 8 000 евро кем болмайтын сиыр еті;
5) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
6) өнiм берушi елдер – кедендік әкелу баждарын төлеуден тауарлардың әкелуін босатуды көздейтін Қазақстан Республикасы екі жақты немесе көп жақты келiсiм жасаспаған елдер;
7) өңдеуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемшартқа сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішінің келесі кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін квота қолданған жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асырады:
1013 14 – еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе жануарлардың қанынан жасалған шұжық және ұқсас өнімдер;
1013 15 – еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен қосымша ет 
өнімдерінен басқа, еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе жануарлардың қанынан жасалған дайын және консервіленген өзге өнімдер;  
8) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
9) сыртқы сауда қызметке қатысушылар –жаңа өнiм берушiлер, тарихи өнiм берушiлер және өңдеушілер;
10) тарифтiк квота көлемi –Қазақстан Республикасының «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 12 қазандағы Заңына сәйкес квотаішілік мөлшерлемелермен кедендік әкелу баждары салынатын заттай мәндегі тауарлар саны;  
11) тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
алдындағы кезеңде немесе тарифтiк квота қолданған жылдың тiкелей алдындағы жыл ішінде өнiм берушi елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асырады;
тарифтiк квота қолданған жылдың тiкелей алдындағы жыл iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы тауар санынан кем болмауы тиiс;
12) тарихи өнiм берушiмен тиісті түрін тауарды әкелу көлемi –алдындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде осы тарихи өнім берушімен әкелінген заттай мәндегі тиісті түрін тауарлар саны;
13) тауар – өнім беруші елдерден әкелінетін, оларға қатысты тарифтiк квота белгiленген еттің жекелеген түрлері, атап айтқанда:  
ІҚМ еті – ет, «Ірі қара мал еті, жас немесе тоңазытылған» 0201 ЕАЭО СЭҚ ТН және «Ірі қара мал еті мұздатылған» (бұдан әрі – мұздатылған сиыр еті) 0202 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясына енгізілген, жоғары сапалы сиыр етін қоспағанда;  
құстың аяқтары – ет, «Мұздатылған сүйегі сылынбаған жартылары немесе ширегі және аяқтары және үй тауықтары мен олардың кесектері (Gallus domesticus)» 0207 14 200 1 және 0207 14 600 1 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен жіктелген;
өзге құс еті – ет, «0105 тауар позициясында көрсетілген ет және үй құсының тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған» 0207 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясына енгізілген, 0207 14 200 1 және 0207 14 600 1 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын қоспағанда;
14) тауардың коммерциялық пайдалы сан – жиырма бес килограмнан астам тауар көлемі;
2. Тарифтiк квоталардың көлемдерiн бөлу тәртiбi
3. Кеден ісі саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесінші күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға 0201, 0202, 0207-позициялары бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН 10 белгілері деңгейінде заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
Ақпарат әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметке қатысушылары, тауарлардың шығарған ел және тауар декларацияланған кедендік рәсімді көрсете отырып өсу қорытындысымен ұсынады.  Көрсетілген ақпарат тауарды шығару күні бойынша қалыптастырылады.
Ұсынылған ақпараттың әр парағына уәкiлеттi органның кеден ісі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ақпарат алмасуды жүзеге асыруға уәкiлеттi ведомствоның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
4. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган: 
сыртқы сауда қызметке қатысушылардың санат әрбір үшін тауардың әрбір түріне әкелуіне тарифтік квоталар көлемдерін бекітеді;  
жыл сайын тарифтік квоталар қолдаған жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін интернет ресурсында тарифтік квота туралы ақпаратты орналастырады: түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, оның қолданылу мерзімі және тауардың әрбір түрі бойынша көлемі, сондай-ақ тарифтік квотаның көлемі шегінде әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждар мөлшерлемелері туралы;
жыл сайын осы Қағидаларға сәйкес тарихи өнім берушілерге және жаңа өнім берушілерге бөленген ІҚМ етiн, құстың аяқтарын және өзге құс етін әкелуге тарихи өнім берушілер мен жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөледі;
тарифтік квота қолданған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін бекітеді;
тарифтік квота қолданған жылдың 1 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің екінші кезеңінт бекітеді;
жыл сайын тарифтiк квота қолданған жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін осы Қағидаларға сәйкес айқындалған көлемдерде тарифтік квота қолданылатын тауарлардың импортына сыртқы сауда қызметке қатысушыларға Лицензиялар беруді жүзеге асырады.
5. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:
өңдеушілер арасында мұздатылған сиыр етiн әкелуіне тарифтік квоталар көлемдерін бөледі;  
тікелей тарифтiк квоталар қолданған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, интернет ресурста қайта өңдеушілер арасында бөлінетін тарифтік квотаның көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер (бұдан әрі – Өтінім) қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
тікелей тарифтік квоталар қолданған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемін бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
тікелей тарифтік квоталар қолданған жылдың алдындағы жылдың 20 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға түскен өтінімдерге сәйкес тарифтік квотаны бөлу жоспарланған өңдеушілердің тізбесін ұсынады;
тікелей тарифтік квоталар қолданған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлуді бекітеді;
тарифтiк квота қолданған жылдың 1 мамырына дейін түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, интернет ресурста өңдеушілер арасында қалған талап етілмеген бөлінетін тарифтік квотаның көлемін көрсете отырып, қалған талап етілмеген тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ Өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
тарифтiк квота қолданған жылдың 1 маусымына дейін (қоса алғанда) қалған талап етілмеген тарифтік квоталар көлемін бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
тарифтiк квота қолданған жылдың 1 шілдесіне дейін, қалған талап етілмеген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлуді бекітеді.
6. Сыртқы сауда қызметке қатысушылардың санат арасында тарифтік квоталардың жылдық көлемдерін бөлу мынадай:
тарихи өнім берушілерге: ІҚМ етiн әкелуге тарифтік квотаның жылдық көлемінің 54%-ы, құстың аяқтарына- 90%-н және өзге құс етіне - 90%-н;
өңдеушілерге: ІҚМ етiн әкелуге тарифтік квотаның жылдық көлемінің 44%-ы;
жаңа өнім берушілерге: ІҚМ етін әкелуге тарифтік квотаның жылдық көлемінің 2%-ы, құстың аяқтарына - 10%-н және өзге құс етіне - 10%-н;
7. Тарифтiк квоталар көлемдері өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша алдыңғы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне барабар бөлінуі мүмкін.
3. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсі
 8. Тарихи өнім берушілер арасында ІҚМ етiн, құстың аяқтарын және өзге құс етін әкелуге тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады. 
9. Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тауардың әрбір түрі бойынша тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар жылдық көлемінің жиырма бес пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiлердің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:
 

q 9 =

V I + V II-9

* 0,25 * Q

V’ I+ V’ II-9

мұндағы:
q9  – бірінші кезең шеңберiнде есептелген тарихи өнім берушiнiң тауардың әрбір түрі әкелу үшін тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тауардың әрбір түрі бойынша тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
VI  – алдыңғы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауардың тиісті түрі әкелу көлемi, килограммен;
VII-9  – тарифтiк квота қолданған жылдың алдындағы жылдың тоғыз айы бойынша тарихи өнiм берушiнiң тауардың тиісті түрі әкелу көлемi, килограммен;
V’I  –тарифтік квота қолданған жылдың тікелей алдындағы жылдың тоғыз айы ішінде тауардың тиісті түрі әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңнің бірінші жылында тауардың тиісті түрі әкелу көлемi, килограммен;
V’II-9 –тарифтiк квоталар қолдану жылдың тікелей алдындағы жылдың тоғыз айы бойынша осы кезеңде ішінде тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердің тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен.
10. Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тауардың әрбір түрі бойынша тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар жылдық көлемдерінің жүз пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушi үшін тарифтiк квотасының көлемiн есептеу тауардың әрбір түрі бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
 

q 12 =

V

* Q

q 9

V’

мұндағы:
q12  – екінші кезең шеңберiнде есептелген тарихи өнiм берушi тауардың әрбір түрін әкелу үшін тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тауардың әрбір түрі бойынша тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
q9  – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тауардың тиісті түрін әкелу тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
V – алдыңғы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;
V’–тарифтік квота қолданған жылдың тікелей алдындағы жылы тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңде тауардың тиісті түрін әкелу көлемі, килограммен.
11. Әкелу көлемі әрбір тарихи өнім беруші үшін ІҚМ етiн тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде онымен әкелінген жоғары сапалы сиыр етін көлемі қосылмайды.  
Жоғары сапалы сиыр етін әкелінген көлемі алдыңғы кезеңде ІҚМ етi тарихи өнім берушілердің әкелу көлемінде есепке алынбайды.  
12. Осы Қағиданың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген формалар бойынша жүргiзiлген есептеулердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
13. Егер осы Қағиданың 9 және 10-тармақтарына сәйкес есептелген тарихи өнім берушінің тауардың деректі түрін әкелуге тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осындай тарихи өнім берушіге тарифтік квота бөлінбейді, ал қалған тарихи өнім берушілерге тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде онымен әкелінген тауардың тиісті түрін көлемі алдыңғы кезеңде тауардың осы турін әкелу жалпы көлемінде есепке алынбайды.
14. Егер ол тауардың осы түрін өңдеуші болып табылса, ІҚМ етін әкелуге тарифтік квота тарихи өнім берушіге бөлінбейді.
Осындай тарихи өнім берушілер әкелген ІҚМ ет көлемі тарихи өнім берушілерге тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде алдыңғы кезеңде әкелінген тауардың осы түрінің жалпы көлемінде есепке алынбайды.
4. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісі
 15. Жаңа өнім берушілер тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органға ұлттық заңнамасына сәйкес тауардың әрбір түрі бойынша етін жекелеген түрін импортқа арналған Лицензияны беруді Өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді.
Өтініштер тарифтік квота қолданған жылдың бірінші науырыздан бастап беріледі.
Өтініштер көрсетілген күнінен алдында ұсынылған қараусыз қайтарып беріледі.
Өтініште көрсетілген тауардың саны тауардың әрбір түрі бойынша жаңа өнім берушілерге үшін айқындалған тарифтік квотаның жылдық көлемінен он бес пайыздан аспайтын болу керек.
16. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Өтініштерді қарайды және өтініштер беруінің кезектілік тәртіппен етін жекелеген түрін импортқа арналған лицензияларді береді.  
Етін жекелеген түрін импортқа арналған лицензияны жаңа өнім берушілер үшін көзделген тауардың тиісті түрі тарифтік квоталар көлемдері таусылғанға дейін беріледі.
17. ІҚМ етін өңдеуші тауардың осы түріне жаңа өнім беруші ретінде тұра алмайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар тауардың жаңа өнім беруші ретінде тұра алмайды, егер олар тауардың осы түрін тарихи өнiм берушi болып табылса.
18. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган апта сайын тарифтiк квота қолданған жылдың наурыз айыннан бастап аптаның соңғы жұмыс күнінде тауарларды әкелуге Лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі және квота тауысылмаған кезге дейін тауардың әрбір түрі бойынша бөлінбей қалған көлемі туралы мәліметтерді интернет ресурсында жариялайды.  
19. Лицензияның қолдануын мерзімі өткен соң күнтізбелік он бес күн ішінде жаңа өнім берушілер сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық одақ заңнамамен бекітілген нысан бойынша кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органымен берілген лицензияның орындауын туралы анықтама ұсынуды қажет.
20. Егер жаңа өнім беруші берілген Лицензия бойынша тауардың әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, ол тауардың осы түрі бойынша келесі екі жылда жаңа өнім беруші ретінде тарифтік квоталар көлемдері бөлуіне қатысу құқығынан айырылады. Осындай жаңа өнім берушінің Өтініштері қараусыз қайтарып беріледі.
21. Жаңа өнім беруші Лицензияның қолдануын мерзімі өткенге дейін етін жекелеген түрі импортқа арналған оған берілген Лицензияны қайтарған жағдайда, жаңа өнім беруші пайдаланбаған тарифтік квотаның көлемі қайта бөлуге жатады.
Лицензияның қолдануын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган өз интернет ресурсында тауардың тиісті түрі әкелуге пайдаланылмаған тарифтік квоталардың көлемдері туралы хабарландыру орналастырады.  
Тарифтік квоталардың пайдаланылмаған көлемдерін шеңберінде тауарлардың әкелуге Лицензия алу үшін жаңа өнім берушілердің өтініштері хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн өткен соң қабылданады. Осы көлемдер осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында белгіленген ережеге сәйкес бөлінеді.
5. Өңдеушілер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсі
22. Өңдеушілер арасында ІҚМ етiн әкелу үшін тарифтік квоталар көлемдерін бөлу агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органымен жүзеге асырылады.
23. Өңдеушілер тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
әкелуге жоспарланған мұздатылған сиыр етін, өтінім берілген жылдың алдындағы толық жылда және өтінім берілген жылдың тоғыз айында дайын тауардың әрбір түрінде дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде мұздатылған сиыр етінің үлесін көрсете отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы (растау) анықтамасын) өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда және өтінім берілген жылдың тоғыз айында құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариат растаған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.
24. Егер барлық өңдеушілер өтінімдерінде көрсетілген мұздатылған сиыр етін көлемі өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квота өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.
25. Егер барлық өңдеушілер өтінімдерінде көрсетілген мұздатылған сиыр ет көлемі өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі өңдеушілер арасында мынадай формулалар бойынша бөлінеді:
1)
  



V тұтыну =

P * K * S



;

100%

мұндағы:
Vтұтыну  – өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда ет өнімдерін өндіру үшін өңдеуші пайдаланылған мұздатылған сиыр ет көлемі, килограммен;
Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінде (дара кәсіпкерлер үшін – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы (растау) анықтамасында) өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда көрсетілген өңдеушінің өндірілген ет өнімдерінің көлемі, килограммен;
К – осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;
S – өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізаттың жалпы көлеміндегі ет өнімдерін өндіру кезінде және өнім беруші елдерден әкелінген мұздатылған сиыр етінің үлесі, пайыздық мәнде;  
2)
  



D =



V тұтыну



* 100%



;



V тұтыну

мұндағы:
D – Өтінім берген барлық өңдеушілердің мұздатылған сиыр етін тұтынуының жалпы көлемінде әрбір өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
 Vтұтыну  – Өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда барлық Өтінім берген өңдеушілер тұтынған мұздатылған сиыр етінің жиынтық көлемі, килограммен;  
3)
  



V’ trq =



V trq * D



;

100%

мұндағы:
V’trq  – әрбір нақты өңдеуші үшін есептелген мұздатылған сиыр етін әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
Vtrq  – өңдеушілер үшін ІҚМ етін әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі;
26. Егер өңдеуші өтінім берген мұздатылған сиыр етін әкелуге тарифтік квотаның көлемі жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша осы кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі бөлінеді, қалған тарифтік квотаның көлемі қалған өңдеушілер арасында мұздатылған сиыр етін тұтынудың жалпы көлеміндегі олардың үлестеріне барабар бөлінеді.
27. Осы Қағидалардың жиырма бесінші тармағында көрсетілген формулалар бойынша жүргiзiлген есептеулердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
28. Егер есептеу нәтижелері бойынша өңдеушіге бөлінген тарифтік квотаның көлемі тауардың коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда тарифтік квота осындай өңдеушіге бөлінбейді, ал оның тұтынған мұздатылған сиыр еті көлемі қалған өңдеушілерге тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде ет өнімдерін өндіру үшін пайдаланылған мұздатылған сиыр етін жалпы көлеміндегі есепке алынбайды.
29. Кедендік әкелу баждарын төлеуден босатылуы болжанатын кедендік рәсімдерде мұздатылған сиыр етін әкелуді жүзеге асыратын өңдеушілерге тарифтік квота бөлінбейді.
Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда осындай өңдеушілер тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге жалпы негіздерде қатысады.
30. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:
1) 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін іс жүзінде әкелінген мұздатылған сиыр еті туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырып тексереді;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін іс жүзінде әкелінген мұздатылған сиыр еті туралы деректерді толық өткен жылы өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.
Егер өңдеушінің мұздатылған сиыр етін әкелу көлемі мұздатылған сиыр етіне қайта есептеуде ет өнімі өндірісінің көлемінен асып кетсе, осы өңдеуші келесі жылға тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
Қазақстан Республикасына
еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін сыртқы сауда қызметке
қатысушылар арасында бөлу
қағидаларына 1-қосымша
нысан
Өтінім
  ____________________________________________________________________
 (өңдеушінің толық атауы)
Мыналарды мұздатылған сиыр етінің (коды ЕАЭО СЭҚ ТН 0202)
  ________ тонна көлемінде) импортына квота бөлуді сұрайды.
Біздің кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде ет шикізаты түрлерінің қатынасы мынадай:
 

Дайын өнімнің атауы

Өндірістің көлемі (өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда және өтінім берілген жылдың тоғыз айында)

Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын мұздатылған сиыр етінің үлесі, %



















Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.
  Бірінші басшы _______________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Мөр орны (күні)
Қазақстан Республикасына
еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін сыртқы сауда қызметке
қатысушылар арасында бөлу
қағидаларына 2-қосымша
Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері  
 

Өнім

Коэффициент

Шұжық өнімдері (орташа коэффицент)

1,37

Пісірелген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельдер

1,2

Жартылай ысталған шұжықтар

1,7

Пісіріліп ысталған шұжықтар

2,0

Шикілей ысталған шұжықтар

2,5

Ет консервілері:



Шартты банкілерден қайта есептеу үшін

0,5

Салмағынан (тонна) қайта есептеу үшін

1,4

Ет-өсімдік консервілері

0,43