• Мое избранное
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес әзірленген жоспарланған кезеңге арналған сұйытылған мұнай газының шекті бағасының денгейі жөніндегі ұсыныстары 2017 жылғы 1 тоқсанға бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан төмен болмауы қажет және 2014 жылғы бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің ең максималды мәнінен артық болмауы қажет.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
«____» __________2017 жыл
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы « » ________№ ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсын ған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негі здемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме )

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6- бабының 7) тармақшасына сәйкес.

Жоспарланған кезеңге сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейі төменгі мөлшері 2017 жылғы 1 тоқсанға бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан төмен емес белгіленуге ұсынылады өйткені 2016ж.29.11. ҚР Ұлттық экономика министрінің хатымен берілген ұсыныстарына сәйкес осы деңгей оның өндірісінің шығынсыз болуын қамтамасыз ететін өзіндік көрсеткіш болып табылады.



3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қ ырк ү йектег і 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескер іле отырып, күші жойылған туралы актілердің деректемелері көрсет іле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдер ін ің қысқаруын көздейме

Көзделмеген

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жарияла нуы туралы мәліметтер



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz ресми сайтында орналастырылды.

2017 жылғы _____ ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылған.

7.

« Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын д а т ауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобалары ның орналастыр ыл у ы туралы м әліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9.

Заңның 19 бабына сәйкес ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша с араптамалық қорытындылар ды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктер і туралы мәліметтер

Жоқ

10. **

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ның ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша с араптамалық қорытынды ны ұсын уы (ұсынбауы ) туралы мәліметтер

Жоқ

11.

Заңның 20 бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

2017 жылғы ___ ақпанның № ______ хатымен қоғамдық кеңесін оң қорытындысы алынды

1 2 .

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталын д а орналыстырылған нормативт і к құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылау туралы мәліметтер

2017 жылғы _____ ақпанда нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналыстырылған

Заң қызметі
департаментінің директоры М.Хайруллин