• Мое избранное
«Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9718 тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.  
3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары O.A. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
201_ жылғы ___ ________
№ ___ қаулысымен бекітілген
Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген және актуарийлік қызметті жүзеге асыру тәртібін, мерзімдерін және лицензия беру (бұдан әрі – Лицензия), оның ішінде тест жүргізу тәртібін, сондай-ақ актуарийлік қызметті жүзеге асыру тәртібін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту тәртібі және мерзімдерін, тәуелсіз актуарийдің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберуді, міндетті актуарийлік қорытындының мазмұнына және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібін, сондай-ақ актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының тізбесін және талаптарын анықтайды.
2. Актуарийлік қызмет актуарийлік қызметтi жүзеге асырудың халықаралық қағидаттары (стандарттары) ескеріле отырып, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті орган берген Лицензиясы бар жеке тұлға актуарий ретiнде қызмет етеді.
2-тарау. Актуарийлік қызметті жүзеге асыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу тәртібі
4. Актуарийлік қызметтiң мiндетi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгiнiң қажеттi деңгейi мен қаржылық орнықтылығы қамтамасыз ету мақсатында мiндеттемелер мөлшерiн, сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерің мөлшерлемелерін, өмірді сақтандыру шарттары бойынша сыйлықақыларын және (немесе) ануиттеттік сақтандыру шарттары бойынша төлемдер шарттары бойынша экономикалық-математикалық есептеудi жүзеге асыру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жүргізіп және жүргізуін жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы және кірістілігін бағалау болып табылады.
5. Актуарлық қызметке:
1) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi мен көздерi жөнiнде консультациялар және ұсынымдар;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн бағалауға байланысты мәселелер;
3) сақтандыру тарифтерiн есептеу методологиясын және экономикалық негiздеуді әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қабылданған сақтандыруды жiктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерін зерттеу және жүйелеу;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің сақтандыру қағидаларында айқындаған сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын экономикалық негiздеудi бағалау;
6) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берiлетiн қарыздар мөлшерiн айқындау;
7) актуарийлік есептеулер мәселелерi бойынша консультациялық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету кiредi.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі үшін актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтерi болады.
7. Актуарийлік есептеулер, бағалау мен талдау мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) толықтығы;  
2) шынайылығы;  
3) анықтығы;  
4) тәуелсіздігі;  
5) негізділігі.  
8. Актуарийлік есептеулер мыналарға бөлінеді:
1) негізі бойынша
бастамашыл - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша жүзеге асырылатындар;  
міндетті - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын;
2) сақтандыру саласына (сыныбына) тиістілігі бойынша:
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылатын;  
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылатын;  
Заңның 6-бабымен белгіленген жіктеуге сәйкес қайта сақтандыру немесе сыныптар бойынша жүзеге асырылатын;
3) жасалу мақсаты бойынша: