• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күніненбастап күнтізбелік он күн ішіндеқазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі оның көшірмесінҚазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінеқосу және ресми жариялау үшін«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ақпаратжәнекоммуникациялар
министрі_______________ Д. Абаев
2017 жылғы___________  

«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы ___________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 ж «__» ____________ _
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы «23» сәуірдегі
№ 301 бұйрығымен бекітілді
«Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн;
мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 20 (жиырма) күнтізбелік күн аралығында.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзіміне кірмейді;  
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда –15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: экологиялық ақпарат.  
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.  
көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.  
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіге дейін қоса алғанда бекітілген жұмыс тәртібіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.  
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті жолдайды.  
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті тапсырған кезде, кеңседе қабылдап алған құжаттың көшірмесіне күні және уақытын көрсетіп, қойылған белгі қабылданғанының дәлелі болып табылады.  
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның уәкілетті өкілі: заңды тұлға өкілеттігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаға-нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде:  
1) құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімін алады.  
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын болған құжаттарды беру, жеке басын куәландыратын құжат көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат (немесе оның сенімхат бойынша нотариалды куәландырылған өкілі ) негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды жүзеге асырады, содан кейін әрі қарай оларды сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.  
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң бір айдан кейін Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша бір жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті беруші дайын болған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
1) көрсетілетін қызметті берушіде сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмауы;
2) өтініш айқын негізсіз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;
3) өтініш әзірлеудің ақырғы кезеңінде немесе мемлекеттік органдардың ішкі хат жазысуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңнамада немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтініштен бас тартылуы мүмкін, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделілігі ескеріледі;
халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттік
сот әділдігін жасауға, адамдарға әділетті сот тергеуін жүргізу мүмкіндігіне немесе органдардың қылмыстық немесе тәртіптік сипаттағы тергеу жүргізу қабілетіне;
заңды экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың жасырылуына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарындылар туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;
5) ұлттық заңнама ережелеріне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге тиісті адам келісім бермеген кезде жеке адамға қатысты жеке деректердің және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;
6) егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық міндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай міндеттеме жүктелуі мүмкін болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келісім бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшінші тараптың мүдделеріне;
7) осы ақпартат қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетін түрлердің өсіп-өнетін орындарына теріс ықпал ететін болса, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
11. Осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар жиынтығын толық ұсынбағаны мемлекеттік қызмет алушының өтінішіне Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады, осы жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік қызмет стандартының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі, күні мен байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.  
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.  
Мемлекеттік корпорацияда пошта немесе қолма-қол келіп түскен шағымды қабылдауды растау, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.  
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағым қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.  
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету,оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
14. Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.  
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет сайты - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) Қызмет берушінің интернет-ресурсы: www.ecogosfond.kz, бөлім «Мемлекеттік қызмет»;
3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
16. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 00 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Экологиялық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
«Қоршаған ортаны қорғаудың
ақпараттық-талдау орталығы»
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының Бас директорына
______________________
(Аты-жөні)
______________________
(тегі мен аты-жөні (бар болса),
заңды тұлға берген жағдайда
атауын көрсету қажет)
ЖСН/БСН______________________
Мекенжайы___________________
Телефоны______________________
  __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Экологиялық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
______________________
(Аты-жөні)
______________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда),
заңды тұлға берген жағдайда
атауын көрсету қажет)
Мен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келісемін.  
«Экологиялық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету), Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес, ________________________құжаттардың толық пакетінің болмауына байланысты, Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығынаөзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 

р/с



Бөлім

Бұрынғы редакцияда



Жаңа редакция да

Негіздеме

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1

















1 Бөлімнің

3тармағы

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.





Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ;

  2. 2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2































2 Бөлімнің

4 тармағы

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Өтінішті қызмет берушіге тапсырғаннан – 15 (он бес) күнтізбелік күн аралығында ;

Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына – 15 (он бес) күнтізбелік күн аралығында ;



4.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Өтінішті қызмет берушіге тапсырғаннан – 15 (он бес) күнтізбелік күн аралығында ;

Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына – 15 (он бес) күнтізбелік күн аралығында ;

Мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 20 (жиырма) күнтізбелік күн аралығында ;

Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімінекірмейді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн ;

мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына – 15 (он бес) күнтізбелік күн ;

мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 20 (жиырма) күнтізбелік күн аралығында .

Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзіміне кірмейді.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2016 ж қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.



2 Бөлімнің

8 тармағы

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.



8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіге дейін қоса алғанда бекітілген жұмыс тәртібіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2016 ж қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

4

2 Бөлімнің

9 тармағы

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін еркін нысандағы өтінішті қызмет берушіге жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушіге өтінішті тапсырғанда - қабылданғанының дәлелі ретінде, кеңседе қабылдап алған құжаттың көшірмесіне күні және уақыты көрсетіп тіркелгендігі болып табылады.



9. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушіге мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті тапсырғанда қабылданғанының дәлелі ретінде, кеңседе қабылдап алған құжаттың көшірмесіне күні және уақытын көрсетіп тіркелгендігі болып табылады.

Мемлекеттік корпорациядамемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның уәкілетті өкілі: құжат бойынша заңды тұлға, өкілеттігін растайтын, жеке тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде:

1) құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

2) егер басқасы Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмесе, мемлекетік қызметті көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға қызметті алушыдан осы мемлекеттік қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша келісімін алады.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы дайын болған құжаттарды беру, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат, жеке басын куәландыратын құжаттың (немесе оның сенімхат бойынша нотариалды куәландырылған өкілі) негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды жүзеге асырады, содан кейін әрі қарай оларды сақтау үшін қызмет берушіге тапсырады.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген соң бір айдан кейін Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша бір жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті беруші дайын болған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2016 ж қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

5

2 Бөлімнің 10 тармағының 1) тармақшасы және 11 тармағы

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі, ҚР 2000 жылғы 23 қазандағы №92-ІІ ҚРЗ Заңы 4-бабының 3- тармағы болып табылады:

1) өтiнiш жiберiлген мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмауы

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуші мемлекеттік қызметті алушының өтінішіне мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті берушіде сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмауы.

11. Осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар жиынтығын толық ұсынбағаны мемлекеттік қызмет алушының өтінішіне Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады, осы жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік қызмет стандартының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2016 ж қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

6

3 Бөлімнің

12 тармағы

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-08-44.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Қызмет берушінің, Министрлікте шағымды қабылдап алғанының дәлелі ретінде оны тіркеу болып табылады (шығымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына мөртабан, тіркелген кіріс нөмірі және күні қойылады).





3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорациялардың лауазымды тұлғалары және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымда:

1) Жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

2) Заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі, күні мен байланыс телефоны көрсетіледі.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.

Шағымның қабылдануын растау, оны қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда пошта немесе қолма-қол келіп түскен шағымды қабылдауды растау, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.Шағым қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2016 ж қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

7

4 Бөлімнің

13,14,15 тармақтары

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі–
www.energo.gov.kz , «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі;

2) Көрсетілетін қызметті беруші
www.aarhus.kz/ru , «Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу» бөлімі, www.ecogosfond.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет беру мәселелері жөнінде біріңғай байланыс орталығы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтің тәртібі және статусы туралы ақпарат алуға құқылы.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы

14. Өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 көмегімен өтініш арқылы жүргізеді.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет сайты - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) Қызмет берушінің интернет-ресурсы: www.ecogosfond.kz, бөлім «Мемлекеттік қызмет»;

3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

16. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 00 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2016 ж қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Қазақстан Республикасының
Энергетика Вице-министрі Ғ. Сәдібеков
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына –өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы жобасына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуітиісмәліметтердіңтізбесі

Мемлекеттікорганның

ақпараты

1.

Нормативтікқұқықтықактініұсын ған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтікқұқықтықактініқабылдауқажеттігініңнегіз демесі (нақтымақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылдан ған актіге сілтеме )

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет тер шығыстарының көбеюін немесе түсімдер ін ің қысқаруын көздейме

Қарастырмайды

5.

Нормативтікқұқықтықактінімүдделімемлекеттікоргандарменкелісутуралымәлімет тер

Жоқ

6.

Интернет-ресурстардықосаалғанда , б ұқаралықақпаратқұралдарында ж екекәсіпкерліксубъектілерініңмүдделерінқозғайтыннормативтікқұқықтықактілержобаларыны ң жарияла нуы туралымәліметтер

2017 жылды ң25 қаңтарында www.energo.gov.kz сайтында орналастырылды .

7.

« Құқықтықактілертуралы »2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілеттімемлекеттікоргандардың интернет-ресурстарын д а т ауарлардың, көрсетілетінқызметтердіңсаудасынанемесезияткерлікменшікқұқықтарынақатыстынормативтікқұқықтықактілержобалары ның орналастыр ылуы туралы м әліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес ж екекәсіпкерліксубъектілерініңмүдделерінқозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша с араптамалыққорытындылар ды ұсын баған ж екекәсіпкерліксубъектілерініңаккредиттелгенбірлестіктер і туралы мәліметтер

Жұмыс барысында

10.

ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықкәсіпкерлерпалатасы ның ж екекәсіпкерліксубъектілерініңмүдделерінқозғайтын нормативтік құқықтық акт інің жобасы бойынша с араптамалыққорытынды ны ұсынуы (ұсын бауы ) туралы мәліметтер

Жұмыс барысында

11.

Заңның 20-бабына сәйкесқоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Жұмыс барысында

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердіңинтернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілікталқылауы туралы мәліметтер

2017 жылдың 20 қаңтарында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.