• Мое избранное
«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы  телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89259 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 19-18) тармақшасына сәйкес жасалынды және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарын анықтайды».
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З. К. Құдайбергенова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_____________ С. Жасұзаков
20___ жылғы «____» _______

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_______________ Қ. Қасымов
20___ жылғы «____» _______

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің
төрағасы___________ К. Мәсімов
20___ жылғы «____» __________
«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығына өзгеріст енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрық жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 

Қ ұрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығы

1

1-тармақ Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар мынадай редакцияда жазылсын

1. Осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес жасалынды және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарын анықтайды.

1. Осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 19-18) тармақшасына сәйкес жасалынды және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарын анықтайды.

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес

 «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы « » _______ №____бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

р / н

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның Ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган



Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіз демесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылдан ған актіге сілтеме )

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескер іле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсет іле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығы

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет тер шығыстарының көбеюін немесе түсімдер ін ің қысқаруын көздейме

Жоқ

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет тер

Қажет етеді

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда , б ұқаралық ақпарат құралдарында ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларыны ң жарияла нуы туралы мәліметтер

«Ашық НҚА» e-gov сайтқа жарияланған

7.

« Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын д а т ауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобалары ның орналастыр ылуы туралы м әліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ның ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық акт інің жобасы бойынша с араптамалық қорытынды ны ұсынуы (ұсын бауы ) туралы мәліметтер

201 7 жыл ғы ___ ________________ ҰКП №____ хаты

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер



12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталын д а орналастырылған нормативт і к құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылау ы туралы мәліметтер

2017 жылғы ___ __________ жарияланған, 2017 жылғы ___ __________ есеп қалыптастырылды

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Заң департаментінің директоры С. Жукенов