• Мое избранное
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, 1-бабаның 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.  
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі:
17 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы»;
43 реттік нөмірінің жолы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«43. KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы».
2. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлім:
42 реттік нөмірінің жолы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«42. KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы».
3. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 41-42-43, 258-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:
5-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:  
«KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы».».
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте
 

Р/с№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысы

Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінің 17 реттік нөмірінің жолы

17. «Стрессті активтер қоры» АҚ

17. «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы»

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционерінің шешіміне сәйкес «Стрестік активтер қоры» акционерлік қоғамы «Бәйтерек девелопмент» АҚ қайта аталды (2014 жылғы 9 сәуірдегі № 09/14 хаттама)



Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінің 43 реттік нөмірінің жолы

жоқ

43. «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бабының 4) тармақшасына,

сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 17-17/04-244//01-7.10 (2-т.), 3781//61-7.134 тапсырмасына сәйкес

«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысы



Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінің «Ұлттық компаниялар» деген бөлімнің

реттік нөмірінің

42-жолы

жоқ

42. «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бабының 4) тармақшасына,

сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 17-17/04-244//01-7.10 (2-т.), 3781//61-7.134 тапсырмасына сәйкес

«Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)

елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысы

Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар тізбесінің

5-тармағының екінші абзацы

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы;

«KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бабының 4) тармақшасына,

сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 17-17/04-244//01-7.10 (2-т.), 3781//61-7.134 тапсырмасына сәйкес

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі Ж. Қасымбек
2017 жылғы «___» ________
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне , Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 17-17/04-244//01-7.10 (2-т.), 3781//61-7.134 тапсырмасына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатты талап етпейді

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

Отандық экспортты қолдаудың бірыңғай орталығын құру. Шикізат емес экспортты ұлғайту

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын қайта атау және бір терезе қағидаты бойынша экспортты дамыту және жылжыту саласында бірыңғай экспортты сақтандыру компаниясын құру мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етілмейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында www.mid.gov.kz және «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (2017 жылғы 9 ақпан)

1 3 .

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында www.mid.gov.kz (2017 жылғы 9 ақпан), баспасөз релизі (2017 жылғы 9 ақпан)



14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға жатпайды

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі Ж. Қасымбек
2017 жылғы «__» ________