• Мое избранное
«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12197 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi (не оның сенімхат арқылы өкілі) мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің транзитіне рұқсат алуға арналған өтiнiшті;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжатты – шетелдік заңды тұлға үшін;
3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжатты – шетелдік жеке тұлға үшін;
4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжатты;
егер экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан тиісті растаушы хатты ұсынылады;
5) оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде міндетті түрде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылардың арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
6) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;  
7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) өтiнiш берушiнің хаты;
8) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайтадан қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (уәкілетті органға бағытталған) жүк жөнелтушiнiң хаты;  
9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруы кезінде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
10) әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін тұлғалардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары бекіткен әскери қарауыл тұлғаларының атаулы тізімін және әскери қараулдың тиісті ілеспе құжаттары (жазба бұйрық, наряд, қорытынды) ұсынады.
2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
5. Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болып шығатын жағдайда:  
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;  
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде тараптардың ниеттерін растайтын құжаттар ұсынылады;
3) осы Қағидалардың 4-тармағы 4) тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетiлген құжатты экспорттаушы елдің заңнамасында беру көзделмесе, растаушы хат ұсынылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Рұқсат өнiмнiң саны мен номенклатурасына қарамастан, кемiнде он белгiден тұратын деңгейдегi кодты көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық кеңестің Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодына сәйкес тауардың бiр түрiне берiледi.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Уәкiлеттi орган өнімнің транзитіне рұқсат беруді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
16. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өту кезінде өнімнің ұрлануын және заңсыз айналымын болдырмау және оның жолын кесу мақсатында мүдделі органдар оларды қызықтырған ақпаратты «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы алады.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларына 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі__________________ Д. Абаев
2017 жылғы «___» _________ 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ауыл
шаруашылығы министрі
__________________ А. Мырзахметов
2017 жылғы «___» _________ 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2017 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________________ Е. Біртанов
2017 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
__________________ Б. Атамқұлов
2017 жылғы «___» _________ 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________________ С. Жасұзақов
2017 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы__________________К. Мәсімов
2017 жылғы «___» _________ 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сулейменов
2017 жылғы «___» _________ 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________ Қ. Қасымов
2017 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы __ _________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Өнiмнiң транзитiне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өнім транзитіне берілетін рұқсат
 

1. Рұқсат №

2. Өтiнiш берушi (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны):



3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

4. Жүк алушы (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті

кіру:

шығу:

7. Көлiк түрi:

8. Келiсiмшарттың валютасы:

9. Өнімнің атауы:

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды:



12. Өлшем бiрлiгi:

14. Өнімнің жалпы құны:

- төлем

валютасымен:

- теңгемен:

- доллармен (USD):

11. Тауардың бақылау тiзiмдерi

бойынша коды:

13. Саны:

15. Сыртқы сауда келiсiмшартының нөмірі, және күнi):

16. Келiсiлдi:

17. Сақтандыру шартының нөмiрi мен күні, сақтандыру компаниясының атауы:



18. Рұқсаттың ерекше шарттары:



19. Уәкiлеттi орган _________________________________________________

(уәкiлеттi органның толық атауы)

Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болса)

Қолы, мөрдің орны ______________ (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)

Берілген күні: _____ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы __ _________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Өнiмнiң транзитiне
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
__ өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш  
  1. _________________________________________________________________________________________

(уәкiлеттi органның толық атауы)

2. Өтiнiшберушi ______________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда; елі, заңды мекенжайы, телефондар, электрондық мекенжайы).

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы , елi , заңды мекенжайы, телефоны)

4. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті

- кіру:

- шығу:

7. Көлiк түрi:

8. Келісімшарттың валютасы:

9. Өнімнің атауы:

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды:



12. Өлшем

бiрлiгi:

14. Өнімнің жалпы құны:

- төлем

валютасымен:

- теңгемен:

- доллармен (USD):

11. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

13. Саны:

15. Сыртқы келiсiмшарттың нөмірі, және күнi):

16. Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің өтініш берілетін түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

17. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

18. Рұқсаттың ерекше шарттары:

19. Өтініш беруші ________ __________________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөрдің орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20___ жылғы «___» _______________

20. Уәкілетті орган _________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

Өтініш қарауға қабылданды 20___жылғы «____»
_________________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы __ _________
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
Өнiмнiң транзитiне
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер
 

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

1

Жүктің толық атауы





2

Өлшем бірлігі





3

Саны





4

Қауіптілік сыныбы





5

БҰҰ коды





6

ҮЖН коды





7

ЕЭК СЭҚ ТН коды





8

Өтініш беруші

ұйымның толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны









9

ҚР аумағы бойынша экспедитор

ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны

су көлігімен тасымалданған жағдайда талап етілмейді)

шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

10

Тасымалдаушының ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензиясы

лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау кезінде

11

Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, шарттың нөмірі және күні

(теміржол және су көлігімен тасымалдаған жағдайда талап етілмейді)

күзетілетін өнімнің номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

12

Жүкті физикалық қорғау жөніндегі ұйымының күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат

күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмiрi, берген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы



13

Көлік түрі



теміржол, автомобиль немесе су

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде, көлік құралының деректері қосымша көрсетіледі

14

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың нөмірі

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде

рұқсаттың көшірмесі қоса беріледі

15

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) нөмірі

1.4 көлік қауіптілігінің кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде



16

Жүк жөнелтуші

толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны









17

Жүк қабылдаушы

толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны











Тасымалдау бағыты:





18

Жөнелтуші өткізу бекетінің атауы, елі









19

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу бекетінің атауы









20

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты

темір жол көлігімен тасымалдау кезде толтырылмайды





1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде қозғалу бағыты арнайы рұқсатқа сәйкес көрсетіледі

21

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу бекетінің атауы









22

Жеткізілу өткізу бекетінің атауы, елі









23

Тасымалдау мерзімі

күні, айы, жылы - күні, айы, жылы



өтініштің 8-бағанына сәйкес

24

Үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының атауы, заңды мекенжайы, телефондары, шартты жасау нөмірі және күні





25

Авариялық карточканың нөмірі

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат бар болған кезінде талап етілмейді

(1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүктің тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде)

өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған авариялық карточканың көшірмесі қоса беріледі

26

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты);

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты

өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

Өтініш беруші ___________ ______________________________________________
лауазымы, қолы (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Күні ______________
 «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы «___» __________ № _______ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме )

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес





3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің азаюын көздеймейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

10) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Бұйрықтың жобасы 2016 жылғы 26 маусымда «e-gov» нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында т ауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9. .

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

04.11.2016 ж. шығ.№ 03-25/8400

  1. «IT-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі, 09.11.2016 ж. кіріс № 0421;

  2. «Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтар кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  3. «Қазақстан Республикасы автобустық тасымалдаушылар және автобекеттер одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  4. Заңды тұлғалардың бірлестегі түрендегі Қазақстанның Қонақ үйлер және Мейрамханалар қауымдастығы;

  5. «Қазақстанның көлік жүргізушілер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  6. «Қазақстандық радиоәуесқойлар қызметтер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  7. «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі, 07.11.2016 ж. кіріс № 637-1/2016

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Ұсынылды (02.12.2016 ж. кіріс № 41042)

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

2016 жылғы 3 қазандағы Қоғамдық кеңестің ұсынысы

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Бұйрықтың жобасы (16,3 КБайт) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2017 жылғы __ _________ орналастырылған

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаментінің директоры А. Алиакпаров