• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
15-1) мемлекеттік меншіктің ірі объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстарды дайындау және теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін орталық уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«ұйымдастырушы – сатушы не делдал;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) делдал – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен анықталған тәртіпте тартылатын, сату түрі, насына, шарттары, акциялардың (қатысу үлестерінің)пакеттерінің мөлшері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектілерінің сатып алушыларына қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды әзірлеу бөлігінде жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын, сондай-ақ әлеуетті тәуелсіз консультанттарды іріктеу үшін ұсыныстарды әзірлейтін заңды немесе жеке тұлға, оның ішінде, шетелдік, бағалау және (немесе) инвестициялық қызмет, және (немесе) қаржы және (немесе) заңды кеңес беру қатысушысы;»;
25-2) жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) – сату түрі, нысаны, шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектілерін сатып алушыларға қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және (немесе) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі мәмілелерді сүйемелдеу бойынша ұсыныстарды, оның ішінде қызметтердің осы түрлерін біріктіру немесе бөлу бойынша уәжді ұсыныстарды пысықтау үшін делдалды тарта отырып сатушы қалыптастыратын комиссия жанындағы жұмыс тобы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4 тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Егер жекешелендіру объектісінің теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болса, онда жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) құрылады.
Жұмыс тобының (жобалау кеңсесінің) ұсыныстары комиссия қарауына енгізіледі.
Комиссия жұмыс тобының ұсыныстарын қарайды және сатушыға жекешелендіру түрі, нысаны, сату шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді.
Сатушы комиссия ұсынымдары негізінде түрі, нысаны, сату шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, жекешелендіру объектісінің сату мерзімдері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия қарауына енгізеді.
3.2. Әлеуетті тәуелсіз консультантқа ұсыныстар сұратуды сатушы:
1) теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын барлық жекешелендіру объектілері бойынша нарықтық құнын бағалау;
2) жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін көрсетілетін қызметтердің түріне қарай комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді.
3-3. Ұсыныстар сұрату мыналарды қамтиды:
1) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнына бағалау жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша мәмілені сүйемелдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, талап етілетін көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік;
2) жұмыс тәжірибесіне, тиісті лицензияларының және (немесе) сертификаттарының болуына, әлеуетті тәуелсіз консультант қызметкерлерінің біліміне, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігіне қойылатын талаптарды қамтитын әлеуетті тәуелсіз консультантқа және қажет болған жағдайда, заңды тұлғалар бірлестігіне (консорциум) және (немесе) әлеуетті тәуелсіз консультанттың қосалқы мердігерлеріне қойылатын талаптар;
3) жекешелендіру объектісі болып табылатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері;
4) қызметтерді көрсету мерзімдері;
5) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген шекті сома және қажет болған жағдайда, жекешелендіру объектісін сату бойынша мәмілені сүйемелдеу кезінде жекешелендіру объектісін сатқаны үшін сыйақының ең көп пайызы;
6) осы Қағидалардың 3-4 тармақтарына сәйкес айқындалатын ұсынысқа қоса берілетін құжаттар тізбесі;
7) өтінім берудің тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және өтінімнің талап етілетін қолданылу мерзімі;
8) ұсынысты және оған қоса берілетін құжаттарды қалыптастыру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
9) әлеуетті тәуелсіз консультанттың өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;
10) әлеуетті тәуелсіз консультанттардың өтінімдерін ашу күні, уақыты және орны;
11) шарттың маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы;
12) жекешелендіру объектісін жекешелендіру түрі, сату шарттары және жекешелендіру объектісінің сатып алушысына қойылатын талаптар, сату және (немесе) сату алдындағы жекешелендіру объектісін дайындау мерзімдері;
13) егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарт жобасында көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, сомасы, көлемі және енгізу тәсілі;
14) жекешелендіру объектісі жөніндегі ақпарат және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша жалпыға қолжетімді ақпарат көздеріне сілтеме;
15) әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстар сұратудың мазмұны бойынша түсіндірмелерді сұратуына және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша қосымша ақпарат алуына көмектесетін тәсілдер.
3.4. Әлеуетті тәуелсіз консультант ретінде заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) қатысқан жағдайда ұсыныстарды сұрату өтінімінің құрамында мынадай құжаттарды:
1) әлеуетті тәуелсіз консультанттың мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген сенімхаттың көшірмесін;
2) әлеуетті тәуелсіз консультанттың, заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) және (немесе) әлеуетті тәуелсіз консультанттың қосалқы мердігерлерінің ұсыныстарды сұрату талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) өтінім берген жағдайда бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың (консорциялық келісім) көшірмесін;
4) тәуелсіз консультантты таңдау үшін маңызы бар өзге де құжаттарды ұсыну туралы талапты көздейді.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде осы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаратын мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ жекешелендіру объектісінің ауыртпалықтары немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары жоқ екендігі туралы анықтаманы беру қажет.»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан артық болса, онда жеңімпазға айырмасы сатушыға және (немесе) бірыңғай операторға жазбаша өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірместен қайтарылады.»;
26-тармақ мынадай редакецияда жазылсын:
«26. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;
2) техникалық жағдайы туралы көріністі қамтамасыз ететін, кемінде 5 дана жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін) электрондық көшiрмелерінің тізілімге енгізілуін қамтамасыз етеді.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Тендерге және жабық тендерге қатысушылар сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін сауда-саттық шартымен келісуді және баға ұсынысын қамтитын өтінімді тіркейді.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.
Бағаны көтеру аукционын өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады, ал бағаны төмендету аукционын өткізген жағдайда бастапқы баға алғашқы бағаны 3-ке тең болатын жоғарылату коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.
Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнының негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді.»;  
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық пішінде тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.»;
52-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағиданың 96-тармағымен белгіленген мерзімде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке аударады;»;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің немесе жабық тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер немесе жабық тендердің нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық пішінде тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 90-1 тармақпен толықтырылсын:
«90-1. Осы Қағиданың 51, 69, 90-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мүлік күшін жойған сауда-саттық шарттарымен қайта сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
91-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.».
2) «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:  
«Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі негізінде тәуелсіз консультанттарды тартатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтердің тәуелсіз консультанттарды тартуына қолданылмайды.».
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) – сату түрі, нысаны, шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектілерін сатып алушыларға қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және (немесе) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі мәмілелерді сүйемелдеу бойынша ұсыныстарды, оның ішінде қызметтердің осы түрлерін біріктіру немесе бөлу бойынша уәжді ұсыныстарды пысықтау үшін делдалды тарта отырып сатушы қалыптастыратын комиссия жанындағы жұмыс тобы;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік меншіктің ірі объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстарды дайындау және теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін орталық уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган;»;
7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Комиссия шешімі негізінде сатушы жеңімпазбен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсыныстар сұратуда көрсетілген шартқа қол қояды.
Жеңімпазбен шартты тәуелсіз консультанттар ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатушы немесе жергілікті атқарушы орган немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға жасасады.».  
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 
Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция сы

Ұсынылатын редакция сы

Негіздеме

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында

1.

2-тармақтың 15-1) тармақшасы

жоқ

15-1) мемлекеттік меншіктің ірі объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстарды дайындау және т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін орталық уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган ;

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында.

2.

2-тармақтың 25 тармақшасы

25) ұйымдастырушы – жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын заңды немесе жеке тұлға;

25) ұйымдастырушы – сатушы не делдал;

«Делдал» жаңа түсінігі енгізіледі.

3.

2-тармақтың 25-1) тармақшасы

жоқ

25-1) делдал – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен анықталған тәртіпте тартылатын, сату түрі, насына, шарттары, акциялардың (қатысу үлестерінің)пакеттерінің мөлшері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектілерінің сатып алушыларына қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды әзірлеу бөлігінде жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын, сондай-ақ әлеуетті тәуелсіз консультанттарды іріктеу үшін ұсыныстарды әзірлейтін заңды немесе жеке тұлға, оның ішінде, шетелдік, бағалау және (немесе) инвестициялық қызмет, және (немесе) қаржы және (немесе) заңды кеңес беру қатысушысы;

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

4.

2-тармақтың 25-2) тармақшасы

жоқ

25-2) жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) – сату түрі, нысаны, шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектілерін сатып алушыларға қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және (немесе) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі мәмілелерді сүйемелдеу бойынша ұсыныстарды, оның ішінде қызметтердің осы түрлерін біріктіру немесе бөлу бойынша уәжді ұсыныстарды пысықтау үшін делдалды тарта отырып сатушы қалыптастыратын комиссия жанындағы жұмыс тобы;

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

5.

3-1 тармақ

жоқ

3-1. Егер жекешелендіру объектісінің т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болса, онда жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) құрады.

Жұмыс тобының (жобалау кеңсесінің) ұсыныстары комиссия қарауына енгізіледі.

Комиссия жұмыс тобының ұсыныстарын қарайды және сатушыға жекешелендіру түрі, нысаны, сату шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді.

Сатушы комиссия ұсынымдары негізінде түрі, нысаны, сату шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, жекешелендіру объектісінің сату мерзімдері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия қарауына енгізеді.

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

6.

3-2 тармақ

жоқ

3.2. Әлеуетті тәуелсіз консультантқа ұсыныстар сұратуды сатушы:

1) т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын барлық жекешелендіру объектілері бойынша нарықтық құнын бағалау;

2) жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін көрсетілетін қызметтердің түріне қарай комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді.

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

7.

3-3 тармақ

жоқ

3-3. Ұсыныстар сұрату мыналарды қамтиды:

1) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнына бағалау жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша мәмілені сүйемелдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, талап етілетін көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік;

2) жұмыс тәжірибесіне, тиісті лицензияларының және (немесе) сертификаттарының болуына, әлеуетті тәуелсіз консультант қызметкерлерінің біліміне, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігіне қойылатын талаптарды қамтитын әлеуетті тәуелсіз консультантқа және қажет болған жағдайда, заңды тұлғалар бірлестігіне (консорциум) және (немесе) әлеуетті тәуелсіз консультанттың қосалқы мердігерлеріне қойылатын талаптар;

3) жекешелендіру объектісі болып табылатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері;

4) қызметтерді көрсету мерзімдері;

5) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген шекті сома және қажет болған жағдайда, жекешелендіру объектісін сату бойынша мәмілені сүйемелдеу кезінде жекешелендіру объектісін сатқаны үшін сыйақының ең көп пайызы;

6) осы Қағидалардың 3-4 тармақтарына сәйкес айқындалатын ұсынысқа қоса берілетін құжаттар тізбесі;

7) өтінім берудің тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және өтінімнің талап етілетін қолданылу мерзімі;

8) ұсынысты және оған қоса берілетін құжаттарды қалыптастыру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

9) әлеуетті тәуелсіз консультанттың өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;

10) әлеуетті тәуелсіз консультанттардың өтінімдерін ашу күні, уақыты және орны;

11) шарттың маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы;

12) жекешелендіру объектісін жекешелендіру түрі, сату шарттары және жекешелендіру объектісінің сатып алушысына қойылатын талаптар, сату және (немесе) сату алдындағы жекешелендіру объектісін дайындау мерзімдері;

13) егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарт жобасында көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, сомасы, көлемі және енгізу тәсілі;

14) жекешелендіру объектісі жөніндегі ақпарат және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша жалпыға қолжетімді ақпарат көздеріне сілтеме;

15) әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстар сұратудың мазмұны бойынша түсіндірмелерді сұратуына және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша қосымша ақпарат алуына көмектесетін тәсілдер.

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

8.

3-4 тармақ

жоқ

3.4. Әлеуетті тәуелсіз консультант ретінде заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) қатысқан жағдайда ұсыныстарды сұрату өтінімінің құрамында мынадай құжаттарды:

1) әлеуетті тәуелсіз консультанттың мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген сенімхаттың көшірмесін;

2) әлеуетті тәуелсіз консультанттың, заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) және (немесе) әлеуетті тәуелсіз консультанттың қосалқы мердігерлерінің ұсыныстарды сұрату талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

3) заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) өтінім берген жағдайда бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың (консорциялық келісім) көшірмесін;

4) тәуелсіз консультантты таңдау үшін маңызы бар өзге де құжаттарды ұсыну туралы талапты көздейді.

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

9.

9-тармақтың бірінші абзацы

9. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде осы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаратын мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды беру қажет.

9. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде осы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаратын мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ жекешелендіру объектісінің ауыртпалықтары немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары жоқ екендігі туралы анықтаманы беру қажет.

Ауыртпалықтары бар жекешелендіру объектілерін сатуды болдырмау үшін, өйткені, жекешелендірілетін объектілер негізгі бөлігі – автокөліктердің көпшілігінде әкімшілік айыппұлдар бар.

10.

22-тармақ

22. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

жоқ

22. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан артық болса, онда жеңімпазға айырмасы сатушыға және (немесе) бірыңғай операторға жазбаша өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірместен қайтарылады.

Кепілдік жарна мөлшері артық болған жағдайда кепілдік жарна мен сату бағасының айырмасын қайтаруды реттеу үшін

11.

26-тармақтың 3) тармақшасы

26. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;

2) техникалық жағдайы туралы көріністі қамтамасыз ететін, кемінде 5 дана жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін);

3) сатып алу-сату шарты жобасының электрондық көшiрмелерінің тізілімге енгізілуін қамтамасыз етеді.

26. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;

2) техникалық жағдайы туралы көріністі қамтамасыз ететін, кемінде 5 дана жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін) электрондық көшiрмелерінің тізілімге енгізілуін қамтамасыз етеді.

Сатып алу-сату шарты ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында қол қойылады, осыған байланысты сатып алу-сату шартының жобасы талап етілмейді.

12.

29-тармақ

29. Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге және жабық тендерге қатысушылар:

1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;

2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

29. Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге және жабық тендерге қатысушылар сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін сауда-саттық шартымен келісуді және баға ұсынысын қамтитын өтінімді тіркейді.

Редакциялық түзету.

Баға ұсынысы тізілімнің веб-порталының электрондық конвертіне жүктелетіндіктен қатысушылар баға ұсынысының сканерленген көшірмесін тіркемейді.

13.

40-тармақ

40. Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.

Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнының негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді.

40. Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.

Бағаны көтеру аукционын өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады, ал бағаны төмендету аукционын өткізген жағдайда бастапқы баға алғашқы бағаны 3-ке тең болатын жоғарылату коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.

Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнының негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді.

Бастапқы бағаны анықтау бойынша тәсілдердің өзгеруіне байланысты бағаны төмендету әдісімен аукционда іс жүзінде сауда-саттық болмайды, онда бірінші секундтың өзінде қатысушылар жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын растайды.

14.

50-тармақ

50. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

50. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық пішінде тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Сатушының шартты қалыптастыру және оны жеңімпазға келісуге жіберу мерзімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын тізілімнің веб-порталында электрондық пішінде өол қою және мазмұны бойынша электрондыққа ұқсас жазбаша нысанда шартты алуды ретке келтіру мақсатында.

Сонымен бірге, сатушының жеңімпазға шартты келісуге және қол қоюға уақтылы жібермеуі себеп болатын сот талқылаулары тәуекелін болдырмау мақсатында

15.

52-тармақтың 1) тармақшасы

1) сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушының шотына аударады;

1) осы Қағиданың 96-тармағымен белгіленген мерзімде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке аударады;

Сауда-саттық қатысушыларының кепілдік жарналарының сомасын жіберу рәсімдерін бекіту және оңтайландыру үшін, мұнда қатысушыларлың кепілдік жарналары жеке-жеке тиісті бюджетке жіберіледі (қазіргі уақытта мемлекеттік мүлік сатушылары қатысушылардың кепілдік жарналарын жалпы сомамен жібереді, бұл қатысушыны (кепілдік жарна иесін) анықтауға қиындық туғызады)

16.

68-тармақ

68. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің немесе жабық тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер немесе жабық тендердің нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

68. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің немесе жабық тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер немесе жабық тендердің нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық пішінде тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Сатушының шартты қалыптастыру және оны жеңімпазға келісуге жіберу мерзімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын тізілімнің веб-порталында электрондық пішінде өол қою және мазмұны бойынша электрондыққа ұқсас жазбаша нысанда шартты алуды ретке келтіру мақсатында.

Сонымен бірге, сатушының жеңімпазға шартты келісуге және қол қоюға уақтылы жібермеуі себеп болатын сот талқылаулары тәуекелін болдырмау мақсатында

17.

90-1 тармақ

жоқ

90-1. Осы Қағиданың 51, 69, 90-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мүлік кұшін жойған сауда-саттық шарттарымен қайта сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Қайта сауда-саттыққа шығару рәсімдерін ретке келтіру мақсатында, егер жеңімпаз жекешелендіру объектісін сатып алудан бас тартқан жағдайда.

Сонымен бірге, сауда-саттық қатысушылары сату бағасын мақсатты көтеріп, содан кейін жеңімпаз болып танылғанда объектіні сатып алудан бастарту жағдайларын болдырмау мақсатында. Барынша аз бағамен сатып алу мақсатында осы объект ең төменгі баға белгілене отырып шығарылады (төмендету сауда-саттығы кезінде), ал тендер жағдайында бастапқы баға алдыңғы сауда-саттықтан 50% мөлшерінде белгіленеді.

18.

91-тармақ

91. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, жекешелендіру объектiсiн беру осы Қағиданың 95-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдап алу-беру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.

Сатып алушының сатып алу-сату актісіне қол қою туралы мәліметтерін сатушы екі күн мерзімде тізілімнің веб-порталына енгізеді.

Қол қойылған қабылдап алу-беру актісі сатылған жекешелендіру объектісіне меншік иесінің өзгеруі туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін негіз болып табылады.

Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Нәтижелердің күшін жою және жаңа сауда-саттықты жүргізу рәсімдерін ретке келтіру мақсатында, өйткені, шартты сатып алушы шарт ережелерін тиісінше орындамағаны үшін бір жақты тәртіпте бұзады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында Новый

19.

1-тармақ

1. Осы Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай:

баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің (бұдан әрі – жекешелендіру объектісі) нарықтық құнын бағалау;

жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды.

Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі негізінде тәуелсіз консультанттарды тартатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтердің тәуелсіз консультанттарды тартуына қолданылмайды.

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

20.

2-тармақтың 3-тармақшасы

3) жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) (бұдан әрі – жұмыс тобы) – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын консультант қалыптастырған, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия жанындағы жұмыс тобы;

3) жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) – сату түрі, нысаны, шарттары, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) мөлшерлері, сату мерзімдері, жекешелендіру объектілерін сатып алушыларға қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және (немесе) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі мәмілелерді сүйемелдеу бойынша ұсыныстарды, оның ішінде қызметтердің осы түрлерін біріктіру немесе бөлу бойынша уәжді ұсыныстарды пысықтау үшін делдалды тарта отырып сатушы қалыптастыратын комиссия жанындағы жұмыс тобы;

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

21.

2-тармақтың 7-тармақшасы

7) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстар дайындау және жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган;

7) мемлекеттік меншіктің ірі объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстарды дайындау және т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін орталық уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган

Т еңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

22.

7-11 тармақтар

7. Жұмыс тобы комиссия үшін:

1) жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары және жекешелендіру объектісін сатып алушыға қойылатын талаптар туралы;

2) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және (немесе) жекешелендіру объектісін сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін әлеуетті тәуелсіз консультанттарға ұсыныстар сұратулар бойынша ұсыныстар, оның ішінде осы қызметтерді қосу немесе айыру туралы дәлелденген ұсыныстар әзірлейді.

8. Комиссия жұмыс тобының осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген ұсыныстарын қарайды және сатушыға жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары және жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді.

9. Әлеуетті тәуелсіз консультантқа ұсыныстар сұратуды сатушы:

1) құны осы Қағидалардың 1-тармағына сәйкес келетін барлық жекешелендіру объектілері бойынша жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау;

2) жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін көрсетілетін қызметтердің түріне қарай комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді.

10. Ұсыныстар сұрату мыналарды қамтуға тиіс:

1) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнына бағалау жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша мәмілені сүйемелдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, талап етілетін көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік;

2) жұмыс тәжірибесіне, тиісті лицензияларының және (немесе) сертификаттарының болуына, әлеуетті тәуелсіз консультант қызметкерлерінің біліміне, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігіне қойылатын талаптарды қамтитын әлеуетті тәуелсіз консультантқа және қажет болған жағдайда, заңды тұлғалар бірлестігіне (консорциум) және (немесе) әлеуетті тәуелсіз консультанттың қосалқы мердігерлеріне қойылатын талаптар;

3) жекешелендіру объектісі болып табылатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акциялар пакетінің (қатысу үлестерінің) мөлшері;

4) қызметтерді көрсету мерзімдері;

5) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген шекті сома және қажет болған жағдайда, жекешелендіру объектісін сату бойынша мәмілені сүйемелдеу кезінде жекешелендіру объектісін сатқаны үшін сыйақының ең көп пайызы;

6) осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес айқындалатын ұсынысқа қоса берілетін құжаттар тізбесі;

7) өтінім берудің тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және өтінімнің талап етілетін қолданылу мерзімі;

8) ұсынысты және оған қоса берілетін құжаттарды қалыптастыру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

9) әлеуетті тәуелсіз консультанттың өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;

10) әлеуетті тәуелсіз консультанттардың өтінімдерін ашу күні, уақыты және орны;

11) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шарттың маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы;

12) жекешелендіру объектісін жекешелендіру түрі, сату шарттары және жекешелендіру объектісінің сатып алушысына қойылатын талаптар, сату және (немесе) сату алдындағы жекешелендіру объектісін дайындау мерзімдері;

13) егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарт жобасында көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, сомасы, көлемі және енгізу тәсілі;

14) жекешелендіру объектісі жөніндегі ақпарат және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша жалпыға қолжетімді ақпарат көздеріне сілтеме;

15) әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстар сұратудың мазмұны бойынша түсіндірмелерді сұратуына және (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша қосымша ақпарат алуына көмектесетін тәсілдер.

11. Әлеуетті тәуелсіз консультант ретінде заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) қатысқан жағдайда ұсыныстарды сұрату өтінімінің құрамында мынадай құжаттарды:

1) әлеуетті тәуелсіз консультанттың мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген сенімхаттың көшірмесін;

2) әлеуетті тәуелсіз консультанттың, заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) және (немесе) әлеуетті тәуелсіз консультанттың қосалқы мердігерлерінің ұсыныстарды сұрату талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

3) заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) өтінім берген жағдайда бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың (консорциялық келісім) көшірмесін;

4) тәуелсіз консультантты таңдау үшін маңызы бар өзге де құжаттарды ұсыну туралы талапты көздейді.

алынып тасталды

Осы тармақтарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына енгізу ұсынылады, өйткені, ірі объектілерді жекешелендіру мәселелері бойынша жұмыс тобы мен комиссия қызметін реттейді.

24.

29-тармақ

29. Комиссия шешімі негізінде сатушы жеңімпазбен ұсыныстар сұратуда көрсетілген шартқа қол қояды.

Жеңімпазбен шартты тәуелсіз консультанттар ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатушы немесе жергілікті атқарушы орган немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға жасасады.

29. Комиссия шешімі негізінде сатушы жеңімпазбен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсыныстар сұратуда көрсетілген шартқа қол қояды.

Жеңімпазбен шартты тәуелсіз консультанттар ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатушы немесе жергілікті атқарушы орган немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға жасасады.

Нақтылаушы редакция

Қазақстан Республикасы
Қаржы Вице-министрі Б. Шолпанқұлов
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
  
р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын ірі объектілерді сатуды ұйымдастыру мақсатында

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру қаржы шығындарын талап етпейді.

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысы;

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 374 қаулысы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысы; «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 813 қаулысы; «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 46 қаулысы; «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 қаулысы; «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысы.

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етілмейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfіn.gov.kz интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (17.01.2017 ж., 469 068 байт)

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
« » 2017 жыл